Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет75/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   326
«с»  және  «ц»  дыбыстарына  ұқсас  үн  береді.  Ал  осы  «с»  әріпі  басқа  кезкелген  әріптердің 
алдында  орналасса,  онда  ол  қазақтың    «к»  дыбысындай  дыбыс  береді.  Егер  осы  қағиданы 
қабылдасақ, онда біздің ұсынып отырған алфавитіміз әлемдік жүйеге сайма сай болмақ. Онда 
«кафе=café»,  «камера=camera»,  «класс=class»,  «клуб=club»,  «компьютер=computer», 
«консультант=consultant»,  «контакт=contact»  тағы  сол  сияқты.  Демек  бұл  жолы  жаңа 
алфавит бойынша  «с»  әріпі    «к» дыбысы болып оқылады. Бұл қағида тек қана қазақ тіліне 
енген териминдер үшін ғана қолданылады. Ал қазақи сөздер үшін «к» дыбысы «q» әріпімен 
белгілену керек. 
Оқырмандар  тарапынан  тағы  да  «Оксфорд»,  «такси»,    «максимум»,  «ксерокс»  сияқты 
қазақ  тіліне  еніп  етене  болып  кеткен  териминдердің  жазылуы  туралы  бір  сауал  туындауы 
мүмкін. Әрине біз оларды елден ерекше етіп «Oqsford»,  «taqsi» деп жазбаймыз. Сондықтан 
бұл  жерде ағылшын әріпінің ішінен әлі  біздің алфавитке енбеген  «х» әріпін пайданаланып, 
оны  «кс»  дыбысы  үшін  қолданамыз.  Сонда  әлемдік  үйлесім  де,  жазба  көркемділік  те  орын 


80 
 
орнына  келе  қалады.  Онда  «Oxford»,  «taxi»,  «maximum»,  «Xerox»    тағы  сол  сияқты.  Бұл 
қағида  тағы  қайталап  пысықтайық,  тек  қана  қазақ  тіліне  енген  терминдер  үшін  ғана 
қолданылмақ. 
Енді жаңа алфавит бойынша «тойота», «символ», «камри», «дисплей», «Йорк», «Йемен», 
«йога»,  «йогурт»  тәріздес  термин-сөздерінің  жазылуын  қарастырайық.  Әрине  бұл  жолы  да 
ерекше  етіп  «toiota»,    «simvol»      «camri»  деп  жазбаймыз.  Мүмкіншілігінше  әлемдік  жүйеге 
сәйкестікті  қарастырамыз.  Сол  үшін  тағы  да  бір  ереже  ұсынамыз.  Ағылшын  үндестігінде 
қазақы «ы» және «і» дыбыстары мүлдем кездеспейді. Сондықтан осы дыбыстарды белгілеу 
үшін ұсынылған  «у» әріпіне қосымша мүмкіндік берейік  – егер осы әріп қазақ тіліне енген 
териминдерде  кездессе,  онда  ол  «и»  немесе  «й»  болып  оқылсын.  Егер  осы  қағиданы 
қабылдасақ бәрі орнына келеді де, жоғарыда келтірілген сөздер «toyota», «symvol», «camry», 
«displey»,  «York»,  «Yemen»,  «yoga»,  «yogurt»  болып  жазылар  еді.  Бұл  қағида  тек  қана  шет 
тілдерден ауысқан терминдер үшін қолданылмақ. 
Тағы  да  әлемдік  жүйеге  сәйкес  әрі  үйлесімді  болу  үшін  қазақ  тіліне  еніп      үйреншікті 
болып  кеткен    «квота,  кварц,    квант,  квалификация,  квартет»  және  осы  сияқты  көптеген 
сөздерді  қарастырайық.  Бұл  сөздердің  алғашқы  әріпі  ағылшын  тілінде  «q»  әріпі  арқылы 
жазылатынын  ескере  отырып  және  халықаралық    мәтінге  сәйкес  болу  үшін  оларды  «quota, 
quartz,  quant,  qualification,  quartet»  деп  жазсақ  және  оны  қабылдасақ,  онда  шет  тілінен 
ауысқан кірме териминдер үшін  Qq=Кк. Осы жерде тағы да аңғаратын жағдай: ағылшынның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет