«Qq» әріпі бұл жолы әрдайым ағылшынның «u» әріпінің (былайша айтқанда кирилицадағы
«в» әріпінің) алдында орналасады.
Енді ұсынылмақ жаңа қазақ алфавитін кесте түрінде көрсетейік.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Қазақ тілі фонемалары
Аа Бб Гг Дд Ее Лл Мм Нн Оо Пп Рр Латын графикасындағы қазақ алфавиті Aa Bb Gg Dd Ee Ll Mm Nn Oo Pp Rr
12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 Тт Ққ Кк Ии,й Зз Сс Жж Уу Вв Фф Цц Ыы Ұұ Хх [кс] Tt Kk Kk(Cc,Qq) Ii (Yy) Zz Ss Jj Uu Vv Ff Cc Yy Ww Hh Хx
Бұл кестеде ә, ө, ү, і әріптері келтірілмеген. Себебі олар жоғарыда айтылғандай a, o, w, y әріптері және апостроф арқылы берілмек. Сол сияқты ғ, ч, ш, щ, ң әріптері де жаңа
алфавитке кірмейді. Бұл фонемалар үндестігіне сәйкес g, c, s, sc, n әріптері және
жуандатқыш h белгісі арқылы беріледі. Олар, айта кету керек, ағылшын жазу үлгілеріне
сәйкес келеді. Бұл олардың тәжірибе жүзінде қолданысын анағұрлым тиімді және жеңіл
етеді. Ал ю, я, ё, э, һ әріптері де жаңа алфавитке енгізілмейді. Олардың жоғарыда көрсетілген
жаңа таңбалану үлгілері кириллица негізінде жазылған мәтіндерді ұсынылмақ алфавитке
көшіру кезінде ғана пайдаланылады да, басқа қолданыстан шығарылып тасталады. Осы
кестеге кірмеген келесі белгілер ь, ъ қолданыстан мүлдем алынып тасталады.
Ал «c», «y», «x»,«q» әріптеріне келсек, онда олар жоғарыда айтылған ережелерге сәйкес
кейбір кездерде қазақ тіліне енген терминдер үшін