Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет104/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   204
aigera_k.e@mail.ru
 
 
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ ФОНЕТИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ 
ӨЗГЕРІСТЕРІ 
  
Аннотация:  қазіргі  тілдік  жүйеміздің  негізі  болып  табылатын  дыбыс  талай 
кезеңдерді басынан өткізіп, дами отырып бізге жеткен. Дыбысқа қатысты жүзеге асатын 
әрбір  өзгерістер,  құбылыстар  заңдылыққа  айнала  отырып,  қазіргі  түркі  тілдерін 
дамытты.  Тіліміздің  фонологиялық  жүйесі  ұзақ  уақыт  бойында    дами  отырып 
қалыптасқандықтан  дыбыстарға  байланысты  өзгерістер  де  сан  алуан  дамуды  басынан 
кешірді.  Сондықтан  олардың  негізгі  себебін  анықтау  қиынға  соғады.  Дыбыстар 
сәйкестігінің  бір  буынды  сөздерден  бастап  көп  буынды  сөздерде  де,  афикстер  құрамында 
да кездесуі оның көнеден келе жатқан заңдылық екендігін дәлелдейді. Түркі тілдерінің түбі 


221 
 
бір  болғандықтан,  оның  сөздік  құрамында  айырмашылықтардан  гөрі,  әлбетте, 
ұқсастықтар көп. 
Тірек  сөздер:  түркі  тілі,  грамматика,  фонология,  түркітанушы,  қазақ  тілі,  семантика, 
аффикстер 
 
Тіл  бір  ғана  дәуірдің  жемісі  емес,  ол  –  талай  ғасырдың,  талай  дәуірдің  жемісі.  Тілді 
және  оның  даму  заңдылықтарын  тек  қоғамның  тарихымен,  оны  пайдаланушы  халықтың 
тарихымен  тығыз  байланысты  зерттегенде  ғана  түсінуге  болады.  Қазіргі  кезде  біз  қарым-
қатынас  жасап,  бір-бірімізбен  пікір  алмасып  жүрген  тілдердің  шығу  тегі  өте  ерте  кездерге 
барып  тіреледі.  Тілдің  негізі  болып  есептелетін  сөздердің  қоры  мен  олардың  бір-бірімен 
байланысқа  түсетін  грамматикалық  құрылысы  өте  тұрақты  болғандықтан,  біздің 
заманымызға дейін көп өзгеріске ұшырамай келіп жеткен. Қазіргі кездегі тілдердің қайсысын 
алсақ  та,  оның  негізгі  сөздік  қоры  мен  грамматикалық  құрылысынан  баяғы  заманнан  келе 
жатқан  көптеген  ерекшеліктерді  кездестіреміз.  Осындай  ерекшеліктер  қазіргі  қазақ  халқы 
мен түрік халықтарының әдеби тілде де, ауыз екі сөйлеу тілінде де ұшырасады.  
Тіл  үнемі  жетілу  үстінде  болғандықтан,  сапалық  өзгерістерге  ұшырайды.  Бұл  оның 
дыбыстық,  мағынылық  жүйелерін  де  қамтиды.  Тіл  дыбыстары  үйлесімділік,  әуезділік, 
мәнерлік принципіне негізделе отырып өзгеру барысында сәйкестер түзеді.  
Тіл  тарихы  тіл  құрамыңдағы  жеке  элементтердің  тарихы  ғана  емес  тілдік  құралдар 
жүйесінің,  солардың  өзгеріп,  дамуының  тарихы.  Тілдің  фонетикалық  жүйесінің  тарихы 
немесе  тарихи  фонетика  жеке  дыбыстардың  немесе  жеке  фонетикалық  құбылыстардың 
өзгеру,  даму  тарихы  ғана  емес,  ең  алдымен  фонетикалық  заңдылықтар,  фонетикалық 
құбылыстар  жүйесінің  тарихы  болып  табылады.  Тарихи  фонетика  бүгінгі  тіліміздің 
фонетикалық  жүйесінің  құрылымы  мен  жүйелік  зандылықтарының  қалыптасуын,  даму 
ерекшеліктерін  түсіндіруі  қажет.  "Даму  ерекшеліктері"  дегенде  бір  тілдің  өзімен  ұялас, 
өзімен  түбірлес  жеке  тілдерден,  тілдер  тобынан  ерекшелену,  айрықшалану,  соның 
нәтижесінде дербестену жоддары еске алынады. 
Қазіргі  таңда  түркі  тілдерін  зерттеушілер  түркі  тілдерінің  үндіеуропа  тілдеріне 
ықпалына  жиі  назар  аудара  бастады.  Мәселен,  белгілі  түркітанушы  К.Мұсаев  түркі-иран 
мәдени-тілдік  байланыстары  жөнінде  көлемді  мақаласында  көптеген  ирандық, 
үндіеуропалық  сөздердің  реконстркуцияланған  түбірлері  түркі  тілдерінде  тірі  екенін  айта 
келіп:  «Түркі  тілдерінің  иран  тілдеріне  ықпалы  ғасырлар  бойы  үнемі  болып  отырды.  Түркі 
тілдерінің  иран  тілдеріне  әсері  өте  аз  зерттелген.  Бұл,  бір  жағынан,  түркологияның 
жастығымен  түсіндіріледі,  екінші  жағынан  –  ұзақ  уақыт  бойы  түркілердің  санасына  парсы 
тілдерінің  түркі  тілдерінің  қарағанда  сапасы  жоғары,  ал  түркі  тілдері  -  сапасы  төмен  тіл 
дегенді сіңіруден»,- дейді. Қазіргі түркі тілдерін тарихи-салғастырмалы тұрғыдан қарастыру 
қажеттілігін  де  білдірсе  керек.  Демек,  түркітанудың  келешегі  түркілердің  өткен  заманын 
«бізге кім ықпал етті» деген біржақты принциппен емес, керісінше, «біз кімге ықпал еттік» 
деген  принциппен  де  жүргізілетін  зерттеу  нәтижелеріне  байланысты  болу  керек.  Бұл 
проблеманы  кезінде  көрнекті  ақын,  тілтанушы  О.Сүлейменов  «АЗ  и  Я»  (1975)  кітабында 
алғаш рет көтерген [1, 34-35].  
Қазан  төңкерісінен  кейін  түркі  тілін  зерттеу  Мәскеу  мен  Ленинградта  (Санкт-
Петербург)  кеңінен  етек  алды.  Республикаларда  институттар,  академиялар  ашылып,  үлкен 
қалаларға  шоғарланды.  Мәскеу  мен  Ленинградта  шоғырланған  тілшілер  жалпы  және 
теориялық  түркітанымға  қатысты  мәселелерді  зерттеді.  В.А.Богородицкий  (1879-1941) 
көрнекті орыс тіл білімінің, Қазан мектебінің өкілі, түркі тілдерінің фонетикасын салыстыра 
зерттеген  және  олардың  генеологиялық  жақтан  классификациясын  жасаған  ғалым. 
Е.Д.Поливанов  (1891-1938)  жалпы  тіл  біліміне  байланысты  көптеген  құнды  пікір  айтқан 
ғалым.  Ол  алтай  тіл  бірлігін  талдап,  түркі,  монғол,  корей  және    жапон  тілдерін  зерттеген, 
өзбек тілі диалектологиясының  негізін жасаған. Н.К.Дмитриев (1898-1954) – түркі тілдерінің 
тарихына байланысты түрік және башқұрт тілдерін жан-жақты зерттеген және жалпы түркі 
тілдерін  салыстырмалы-тарихи  зерттеулерге  басшылық  жасаған,  құнды  пікірлер  айтқан. 


222 
 
Көрнекті орыс түркітанушысы. Н.К.Баскаков (1905-1993) бүкіл түркі тілдері бойынша құнды 
еңбектер  жазған,  қарақалпақ,  ноғай,  үйғыр,  алтай,  тува  т.б.  тілдерді  жан-жақты  зерттеп, 
теориялық  еңбек  жазған,  бірнеше  тілдердің  диалектілік  ерекшелігін  тексеріп,  сөздігін 
жасаған көрнекті ғалым. Орыс ғалымдарымен қатар жеке-жеке ұлт тілдерін зерттеуде өндіре 
еңбек еткен және еңбек етіп жатқан жергілікті ұлт ғалымдары да аз емес. Олардың біразын 
біз  тек  өздері  зерттеп  жүрген    түркі    тілдері    бойынша  ғана    атап    өтеміз.    Қазақ    тілі   
бойынша:  А.Байтұрсынұлы,  С.Аманжолов,  К.Аханов,  І.Кеңесбаев,    Н.Сауранбаев,  
М.Балақаев,    Т.Қордабаев,    Ө.Айтбаев  т.б.,  қырғыз  тілі  бойынша:    Б.Юнусалиев,  
Б.Орузбаева, Т.Ахатов,  Ә.Жапаров т.б.,  ноғай  тілі  бойынша:  Н.Баскаков,  М.Милых,  түрік   
тілі   бойынша: ДА.Магазаник, А.Н.Кононов, Р.А.Аганин т.б. 
Түркі тілдерін зерттеу  мәселелеріне тоқтала отырып, тілдің зерттелу тарихын білеміз. 
Тілдер  әр  кезең  сайын  өзеріске  ұшырап  отырады.  Осы  жайды,  жағдайларды  тіл  білімін 
зерттеушілердің  енбектерінен  көре  аламыз.  Жалпы  алғанда,  тарихи  даму  тұрғысынан  түркі 
тілдері  бір-бірінен  оқшаулануда.  Әрбір  тілдің  сөздік  қоры  үздіксіз  жаңа  ұғымдар  мен 
терминдермен сол тілдік қорда немесе кірме сөздермен толықтырылып отырады да арнайы 
лексиканы  бір-бірінен  ажырата  ,  айыра  түседі.  Түбі  бір  болғанымен,  қазіргі  кезде    түркі 
тілдеріндегі  сөздер  алшақтана  бастады.  Себебі  әдебиетінің,  ұлттық  мәдениет 
айырмашылығы,  адам  саны,  шекарасына  байланысты.  Мәдениет,  білім  беру  жоғары  оқу 
орындарында мамандықтардың көбеюіне байланысты да түркі тілі дами түсуде.  
Түркі  тілдерінің  түбі  бір  болғандықтан,  оның  сөздік  құрамында  айырмашылықтардан 
гөрі,  әлбетте,  ұқсастықтар  көп.  Бірақ  сол  ұқсас  деген  сөздің  өзінде  ең  алдымен  тарихи-
фонетикалық өзгерістер көзге ұрып тұрады. Алдымызға қойған мақсатымызға орай, XI ғасыр 
мұрасы  Құтадғу  билик  (Бақытты  болуға  бастайтын  білім)  пен  XII  ғасыр  мұрасы  һибат-ул 
хақайиқ (Ақиқат сыйы) ескерткіштер тіліндегі зат есімдерді толығынан іріктеп алып, оларды 
қазақ тіліндегі ортақ тұлғаларымен жан-жақты салыстырдық. Талдау нәтижесі көне зманағы 
және  жаңа  заманғы  зат  атауларының  арасындағы  фонетикалық  тұрғыдай  мынадай 
ерекшеліктер бар екендігін көрсетті [2, 55-64].   
Сөз  басындағы  Й-Ж  сәйкестігі.  Ескі  ескерткіш  тіліндегі  й  дыбысынан  басталатын  зат 
есімдер қазақ тілінде әрдайым ж дыбысынан басталып отырады. Қутадғу билиг пен һибат-ул 
хақайиқ  ескерткіштерінің  тіліне  ортақ  й  дыбысынан  басталатын  зат  есімдердің  бір  бөлігі 
мыналар:  йол  ҚБ,  һх(жол),  йүк  ҚБ,  һх(жүк),  йүз  ҚБ,  һх(жүз),  йигит  ҚБ,  һх(жігіт),  йел  ҚБ, 
һх(жел),  йалған  ҚБ,  һх(жалған),  йанут  ҚБ,  һх(жауап),  йер  ҚБ,  һх(жер),  йығач  ҚБ,  һх(ағаш) 
т.б. й дыбысынан басталатын зат есімдердің бір бөлігі (йула (шырақ), йүң (жүн), йурт (жұрт), 
йыпар (жұпар), йаш (жас), йай (жаз), йулдыз (жұлдыз), йашық (күн), йолчы (жол көрсетуші), 
йаруқ (жарық), т.б.) Құтадғу билиг ескерткіштерінде ғана ұшырасса, енді бір бөлігі (йугүрүк 
(жүйірік),  йылан  (жылан),  йигилик  (жілік),  йегу  (ас),  йазуғ  (жазық),  т.б.)  һибат-ул  хақайиқ 
ескерткіштерінде ғана ұшырасады.  
Й дыбысынан басталатын зат есімдер кей жағдайда қазақ тіліндегі баламаларынан й-ж  
сәйкестігі арқылы ерекшеленсе (мысалы, йүз-жүз, йол-жол, йел-жел, йалған-жалған, йер-жер, 
т..б.),  кей  жағдайда  екі,  одан  да  көп  дыбыстық  өзгерістер  арқылы  ерекшеленеді  (мысалы, 
йағы-жау, йай-жаз, йаш-жас т.б.).  
Қазақ тілінде ж ұяңнан басталатын сөздер өзге түркі тілдерінде й үндісімен ғана емес, 
басқа  да  дауыссыздармен  алмасып,  бірнеше  сәйкестік  түзе  алады.  Мысалы,  қазақ  тіліндегі 
жыл  сөзі  өзбек  тілінде  –  йил,    якут  тілінде  –  сыл,  тува  тілінде  –  чыл,  чуваш  тілінде  –  сул, 
қарашай-балқар  тілінде  –  дзыл.    Сонда  тіларалық  ж~й,  ж~с,  ж~ч,  ж~с,  ж~дз  сәйкестіктер 
түзіледі.  Түптеп  келгенде  негізі  бір,  сөзбасында  аса  көп  ұшырайтын  бұл  сәйкестіктерге 
түркологтар ерте  кезден назар аударған, архетипін табуға тырысқан.  
М.Томановтың  пікірі  бойынша,  фонетикалық  жүйе  бойынша  жеке  түркі  тілдерінде 
мынадай  жағдайларда  дыбыстық  өзгерістер  болады:  а)  сөздің  бірінші  буынында  кездесетін 
дауыстылар мен сөздің келесі буындарында ұшырайтын дауыстылар екі түрлі жүйе құрайды. 
Бірінші  буында  ашық-қысаң,  жуан-жіңішке,  еріндік-езулік  болып  жұптасатын  8  дауысты 
дыбыс жұмсалады. 


223 
 
Семантика  тіл  білімінің  барлық  салаларымен  тығыз  бірлікте  қаралатынын  дәлелдеп 
жатыу артық. Тіл – кешенді жүйе. Тілдің өзі, түптеп келгенде, ойды жеткізудің құралы. Ал 
саналы  ойды  нақты  таңбамен  бейнелегенде,  оның  мағынасы  айқын  көрініс  береді.  Сөз  – 
ойдың  таңбалық  бейнесі.  Сөз  мағынаға  ие  болмаса,  өзінің  қасиетін  жоғалтады.  Сөздің 
мағынасы  таңбалар  арқылы  бейнеленеді.  Сөз  –  лексикалық,  грамматикалық  мағынаға  ие 
болады.  Әртүрлі  тәсілдермен  жаңа  туынды  атау  жасалады.  Сөз  –  сөйлемде  өзінің  ерекше 
мағынасында  жұмсалады.  Сөз  мәтін  ішінде  қолданыс  тауып,  ойды  жеткізудің  құралына 
айналады. Яғни кешенді жүйенің негізгі салалары ретінде тіл білімінің барлық салалары бір-
бірімен тығыз бірлікте зерделенеді. 
Семантика  гнесеологиялық,  онтологиялық  аспектіден  зерттеле  алады.  Сөздің  терең 
мағыналық құрылымының қалыптасуының онтологиялық негізі бар, адамзаттық ізі бар. Сөз 
мағынасы генетика-семантикалық ілім арқылы анықталуы қажет.       
“Мағына” түсінігі ауқымды әрі кең. Сондықтан оны әртүрлі бағытта зерттеуге болады. 
Тілдегі  барлық  бірліктердің  өзіндік  мағынасы  бар.  Ең  кіші  тілдік  бөлшек  саналатын 
дыбыстардың  да  тарихи  тұрғыдан  зерделегенде,  өзіндік  мағынасы  болғанын  айқындауға 
болады. Қазіргі тілімізде қолданылып жүрген морфемалар мен сөздердің, сөз тіркестері мен 
сөйлемнің әрқайсысының өзіндік терең мағыналық құрылымы бар [3, 8-10]. 
Кез келген тілдегі сөз семантикасын айқындау  – күрделі іс. Өйткені сөз мағынасының 
құрылымын  құрайтын  көптеген  майда  мағыналық  бөлшектер  болады.  Жалпы  тіл  білімінде 
сөздің  мағыналық  бөлшектерін  шартты  түрде  макрожүйелі  сыңарлар  және  микрожүйелі 
сыңарлар  деп  бөлу  үрдісі  бар.  Ендеше,  келесі  кестеден  түркі  тілі  мен  қазақ  тіліндегі  
сөздердің мағынасын көре аламыз: 
 
Түркі 
тілінде 
кездесетін 
сөздер 
 
Мағынасы 
 
Мысал 
Қазақ 
тілінде 
кездесетін 
сөздер 
 
Мағынасы 
Көк 
Аспан, 
жер 
Йерки 
көкки йаратқан. 
Көк 
Аспан, 
жер 
Бодун 
Ел-жұрт 
Бодун һәм 
етилди ели. 
Халық 
Ел-жұрт 
Бөри 
 қасқыр 
Бори 
қошнысын 
йемес. 
Бөрі 
Қасқыр 
Түбір  сөздерде  өзгешеліктер  аз  болады.  Сөздердегі  өзгешеліктер,  ерекшеліктер 
бағзыбір әріптердің орнына басқа бір әріптер алмасып келгенде, яки түсіп қалғанда көрінеді. 
Мысалы  оғыздар  мен  қыпшақтар  есім  мен  етістіктің  басында  келген  «и»  әріпін  «І-әліпке», 
яки «ғ, ж» жыбысына алмастырады. Түріктер «жолаушыны» «jelkin – иелкін» десе, оғыздар 
мен қыпшақтар «elkin – елкін» дейді; түріктер «жылы суды»  «jыlығ suv  – ылығ сув» дейді; 
сол секілді түріктер jinжү – иінжү» десе, олар жіnжү – жінжү» дейді; түріктер «жүкті түйені» 
«juғdu  –  иуғды»  десе,  оғыздар  мен  қыпшақтар  «жuғdu  –  жұғдұ»  дейді.  Ал,  арғулар  сөз 
ортасында,  не  соңында  келген  «-и»  әрпін  «-н»  әрпіне  алмастырады.  Мысалы,  түріктер 
«қойды» «қoj – қой» десе, арғулар «қоn – қон» дейді. Түріктер кембағалды «шығаj – шығай» 
десе,  олар  «шығаn  –  шыған»  дейді.  Түріктер  «қаju  пәң  –  қайсы  нәрсе»  десе,  олар  «қanu... 
қану...» дейді. 
Сөздердегі  әріптердің  түсіп  қалуына  келсек,  есімдіктердің    және  іс-әрекеттің  жиі 
қайталанатындығын  білдіретін  етістіктердің  ортасында  келетін  «-ғ  (ғ)»  әрпін  оғыздар  мен 
қыпшақтар барлық жерде түсіріп тастайды.  
Есімдерге  мысал:  түріктер  «ала  қарғаны»  «чumғuқ  –  чұмғұқ»  десе,  олар  «чumuқ- 
чұмұқ» дейді; түріктер «тамақ», ауызды» «tаmғaқ – тамғақ» десе, олар «tamaқ – тамақ» дейді. 
Етістіктерге мысал: түріктерге «ол үйге барып жүретіғұн адам» деген мағынадағы «Ol 
әvige baraғan ol (ол евге бараған ол) – Ол үйге барған ол» десе, оғыздар сол мағыналы baraғan 


224 
 
ol  –  бараған  ол»  дегенді  «baran  ol  –  баран  ол»  дейді;  түріктер  «ол  құлын  ұра  беретін  адам» 
деген мағынада « Ol er қulыnы uraғan ol – ол ер құлына ұраған ол» десе, оғыздар сол мәндегі 
«uraғan – ұраған» сөзін «uran – ұран» дейді.  
Айтқанда  жеңіл  болсын  деп  оғыздар  есімдегі  «-r  (g)»  әрпін  түсіріп  айтады;  есім  мен 
етістіктердегі «ғ (ғ)» әрпінің орнындағы «-r (g)» әрпін де түсіріп тастайлы. 
Д.Х.Вебстер мен В.Зибелл және С.А.Якобсон құрастырған эскимос тілдің сөздіктерінен 
айтылуы жағынан да, мағынасы жағынан да түркі тілдерінің көпшілігіне, оның ішінде қазақ 
тіліне де ортақ дәл сондай сөздермен сәйкес: ata – ата, әке; atiga – аттасым; ataataga – атам; 
akkaga  –  ағам;  aana  -ана;  aanada  –әжем;  aullaktuk  –  аулақтау;  kayak  –  қайық;  annun  –  аң; 
kirgavik–  қырғи;  tattigak  –  тырна;  anmaak,  akmak  –  шақпақ  (тас);  manna  –  мына;  erte  –  ерте; 
emuk  –  ему  сияқты  сөздерді  кездестіреміз.  Сонымен  қатар  ата,  ана,  қайық  деген  сөздер 
эскимос  тілімен  туыстас  алеут  тіліне  де  ортақ  екені  дәлелденіп  отыр.  Мұндай  материалдар 
тек эскимос немесе алеут тілдерімен ғана шектелмейді . 
Жадыхат  тіліндегі  етістіктерді  мынадай  лексика-семантикалық  топтарға  ажыратуға 
болады: Қозғалу етістіктері: дүш—түсу; дүшәр  «бирниш ә киши ишләсә дүшәр өзгәләрдән» 
(бірнеше кісі істесе өзгелерден түседі). Дүшмәз «бирнич ә киши ишләсә дүшмәз өзгәсиндән» 
(бірнеше  кісі  істесе  түпейді  өзгесінен).Қолжазба  тілінде  оғыз  элементі  қолданылған.  Орта 
ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштері мен қазіргі қыпшақ тілдерінде «түш-» тұлғасында.  
Сөйлеу етістіктері: айыт — айту; айдағай «ол киши айдағай» (ол кісі айтсын). айдурды 
«айдурды  йа  ики  мәләкләр»  (айтатын  еді:  Ей  екі  періште!).  айытды  «айыдты  ба’зылар» 
(кейбіреулер айтты). Ықлым заманнан бері қолданылып келе жатқан бір етістік. Қазіргі түркі 
тілдерінде  тек  оғыз  тобына  кіретін  тілдерде  қолданыла  бермейді.  Ал  қыпшақ  тілдерінде 
жақсы  сақталған.  Сөздің  бастапқы  түбірі    ай-  (сөйлеу),  -ыт  өзгелік  етіс  жұрнағы.  Сөз 
аяғындағы  өзгелік  етіс  жұрнағы  дауысты  дыбыстан  басталатын  жұрнақ  жалғанғанда 
ұяңдалады.  Орта  ғасыр  қыпшақ  жазба  ескерткіштерінде  айыд-//айыт-//айт-//ийид-  секілді 
бірнеше тұлғада кездеседі [4, 165-178]. 
«Алпамыс» жырында Тайшық хан дуана болып келген қызына: 
Берейін саған осыны 
Айуан тілін аңғарар 
Сөзіңнің  жота  жосыны,  –  дейді.  Мұндағы  жота  жосын  деген  сөздер  «сөзіңнің  жөні» 
дегенді аңғартады. Жосын –йосун сөзі көне түркі тілдерінде «тәртіп, әдет» дегенді білдірген. 
Қазақ тілінде жосын сөзінің жосық түрі активтеу, ол «жөн, бағыт, жоба» деген мағыналарда 
жұмсалған.  Жөн-жосық  болып  қосарланып  та  келеді.  Мұның  жосын  варианты  көне 
жырларда,  өткен  ғасырларда  жасаған  кейбір  ақын-жыраулардың  тілінде  оқта-текте  ғана 
ұшырасады.  Ал  қырғыз  тілінде  көбінесе  жосун  түрінде  қолданылады.  Мағынасы  —  «рет, 
тәртіп, жөн, жосық». Осыдан туған жосуундуу («халық дәстүрін ұстаушы, оны жақсы білетін 
адам»),  жосуунсуз  («тәртіпсіз,  көргенсіз»)  дегендер  де  қырғыздың  қазіргі  тілінде 
қолданыстағы сөздер. 
Сөйтіп,  жосын  сөзі  –  жосық  сөзінің  варианты  болып,  «жөн,  рет,  тәртіп»  және  «әдет-
ғұрып,салт» мағыналарында қолданылатын сирек сөздердің бірі. 
Жосын  сөзі  кейбір  диалектілерде  қолданылатындығын  айта  келіп,  Ә.Нұрмағанбетов 
былай  дейді:  «Дәстүр,  әдет-ғұрып.  Бұрынғы  келе  жатқан  жосынды  білмейді  екенсің. 
Монғолдарда  –  ес,  қалмақтарда  –  йосун,  ал  манчжур  тілінде  –  йосу  –  дәстүр,  әдет-ғұрып. 
Манчжурлар  бұл  сөзді  қытай  тілінен  ауысып  келген»  деп  көрсеткен.  Енді  бір  жерде  йосо, 
йосу  тұлғалары  –  сенім,  сену,  дәстүр  мағыналарына  ие  екендігі  және  оның  бұл  тілдерге 
монғолдардан өткендігі белгілі». 
Осы  деректерге  қарағанда,  тіліміздегі  ерекшелік  болып  көрінген  «жосын»  сөзінің 
төркіні – монғол тілі болса керек және сол тілден көршілес отырған түркі, тұнғыс-манчжур 
тобындағы кейбір тілдерге ауысқан деуге болады. Ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, ортақ 
көзқарастар  байқалады.  Тілімізде  қолданылып  жүрген  жөн-жосық  қос  сөзінің  түсініксіз 
сыңары  «әдет-ғұрып,  салт,  тәртіп»  деген  мағынада  қолданылып  тұрғандығы  айқын  көрініс 
береді [5, 4-10]. 


225 
 
Сөздің  мағынасы  толық  айқындалып,  тыңдаушыға  түсінікті  болу  үшін,  ең  маңызды 
жайт – сөз мәнінің дұрыс айтылуы, толық ұғынылуы болса керек. Сөз – таңбаның екі жағы 
бар екені аян: оның дыбыстық көрінісі және мағыналық сипаты. Бұл екеуін бір-бірінен бөліп 
қарауға  болмайды.  Дей  тұрғанмен,  күні  бүгінге  дейін  тіл  білімінде  сөздің  формальдық 
сипаты тереңдей зерттелгенімен, мағыналық сипатына назар аударылмағаны жасырын емес. 
Сөздердің  өзгеріп  даму  тарихынан,  әсіресе  олардың  мағыналық  жақтан  даму  тарихынан, 
адам  ойлауының  табиғат  құбылыстары  мен  қоғам  құбылыстарын  ғасырлары  бойы  танып-
білуге ұмытылып күш салуының тарихы көрінеді деген пікірді орынды деп санаймын. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі. – Алтматы: Қазақ ССР-ының «Ғылым» баспасы, 1974. –126 б. 
2 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі (он мыңнан астам сөз қамтылған). – Алматы: Қазақ 
ССР-ның «Ғылым» баспасы, 1977. 
3 Құрымжанов Ә. Жалпы тіл білімі және түркі тілерінің өзекті мәселелері. –Алматы. 1997. 
4 Махмұт Қашқари. Түрік тілінің сөздігі: (Диуани лұғат-ит-түрік): 3 томдық шығармалар жинағы / Қазақ 
тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А. ЕГЕУБАЙ. – Алматы: ХАНТ баспасы, 1997, 1-
том, 30 б. 

Сыздықова Р., - Алматы : Мектеп, 1980 . - 232 б 
 
 
 
 
 
 
 
ӘОЖ  821.512.122 
ҚАНТАЕВА ГУЛЖАН ЖУМААХМЕТҚЫЗЫ 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Нұр-Сұлтан, Қазақстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет