Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


МЕТАФОРАЛАРДЫҢ КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАДАҒЫ ОРНЫ



Pdf көрінісі
бет102/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

МЕТАФОРАЛАРДЫҢ КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАДАҒЫ ОРНЫ 
 
Аннотация:  тілдің  көркемдігін  арттыруда  метафораның  қызметі  маңызды. 
Метафора  уақыт  пен  кеңістікте,  тілдік  құрылым  мен  қолданыста  көрінеді.  Метафора 
қызметінің  екі  түрі:  біріншісі,  оның  объектіге  атау  болуы;  екіншісі,  көркем  сөзді 
қалыптастыру  құралы  ретінде  қарастырылады.  Тіл  бірліктерінің  жасалуында  бейнелілік 
басты  рөл  атқаратындығы  сөз  етіледі.  Ғалымдардың  метафораның  когнитивтік 
лингвистикадағы  орны  жайлы  сөз  қозғаған  еңбектері  зерделенеді.  Метафораның  алуан 
түрлілігі, танымдық қызметі жайлы айтылады. 
Тірек  сөздер:  метафора,  парадигма,  метафоралану,  когнитивтік  лингвистика, 
онтологиялық метафора, таным, фрейм. концептуалдық метафора. 
 
Әрбір ұлттың, халықты танудың кілті, мәдениет ескерткіші – өзінің ана тілі. Сондықтан 
да  тіл  –  осы  тілде  сөйлеуші  халықтардың  түсінісу,  пікір  алысу  құралы  ғана  емес,  тіл  – 
халықтың рухани көзін біріктіруші қуат.  
Қазақ  лингвистикасының  елеулі  мәселелерінің  бірі  тілдің  ғасырлар  бойы  табиғи  даму 
процесінде оның ішкі даму заңдылықтары арқылы қалыптасқан жүйелілігіне сүйену, сөйтіп 
жалпыхалықтық сипат алған, өмірге қажет сөз үлгілерін сұрыптап алу.  
Метафоралар  да  қазіргі  кезде  антропорталықты  ғылыми  парадигманың  ішіне  енуде. 
Өйткені  метафоралы  ойлау  –  нысаналар  арасындағы  логиканы  қатар  орнататын 
шығармашылық потенция. 
Метафора және метафоралану – «сөз мағынасының ауысуы». Метафора – тұжырымдау 
мен  танудың  бір  үлгісі.  Ол  –  жаңа  ұғымдарды  жасай  отырып,  жаңа  білімнің қалыптасуына 
тікелей  әсер  ететін  маңызды  фактор.  Тілдің  дәстүрлі  теориясында  метафора  ойдың  емес, 
тілдің  ғана  құбылысы  деп  танылып  келеді.  Когнитивистер  алғашқылар  қатарында 
метафораның  әлемдік  бейнені  танудағы,  оның  концептуалды  сипатын  айқындаудағы 
қызметін сұрыптаған ғалымдар қатарында М.Реддидің есімін атаған орынды деп есептейді. 
Осы  ғалымның  зерттеуінен  бастап,  метафораның  зерттелу  аясы  кеңейіп,  адамның  ұқсату 
әрекеті тек салыстыру мақсатында ғана емес, әсер ету, шынайы болмысты өзгеше қабылдау 
бағытында  да  ұғынылды  деп  көрсетеді.  Бүгінгі  күні  метафора  танымдық  құрылғы  ретінде 
ғана емес, абстрактылы ұғымдарды нақтылауға көмектесетін құрал есебінде қарастырылып, 
қоршаған  әлемді  танудың,  ол  туралы  тұжырымдаудың  нақты  көрінісі,  амал-тәсілі 
тұрғысынан  сипатталып  отыр,  сондықтан  тілшілер  когнитивтік  метафораның  шығу  тегін 
адамдардың  әр  түрлі  тұлғалар  мен  объектілер  арасындағы  ұқсастықтарды  құрастыра  білу 
қабілетінен өрбітеді [1, 281]. 
Бір  ұғым  бір  объектінің  екінші  объект  арқылы  сипатталуымен  ерекшеленетіндіктен, 
ғалымдар оны жекелеген құбылыстар табиғатынан гөрі күрделі ой кеңістігіне сәйкестендіре 
зерделейді,  олар  танымдық  үдерісте  орын  алатын  ой-қорытындылар  метафора  арқылы  бір-
бірімен байланысқа түсе келе, нақты және абстрактылы бірліктердің үйлесу заңдылықтарын 
саралауға септігін тигізеді.  
Ойлау  жүйесінде  құрылған  метафораның  танымдық  қызме    тін  білумен  қатар,  қазіргі 
тіл  ғылымында  оны  «абстрактылы  тұжырымдарды  саналы  түрде  қабылдаудың  тәсілі, 
абстрактылы ойлауға мүмкіндік беретін механизм» ретінде қарастыру керектігіне өзгеше мән 
берілуде  [1, 282].  
Когнитивистер  «адам  ойлайтын,  әрекет  ететін  жүйе  табиғатынан  метафоралық  күйде 
болатындықтан, метафоралық таным адамның күнделікті өмірінде тек тілге ғана емес, оның 
ойы  мен  әрекетінде  де  әсер  етіп,  толығымен  кірігіп  кеткен»  дейді.  Осы  мақсатта 


217 
 
ғалымдардың  когнитивтік  лингвистикадағы  орнын  анықтап,  Э.Оразалиева  өзінің 
монографиясында метафораның келесі түрлерін бөліп көрсетеді:  
- онтологиялық  метафора  –  эмоцияны,  оқиғаларды,  әрекеттер  тізбегін  белгілі  бір  зат 
немесе  субстанция  ретінде  қарастырудың  амалы.  Когнитивті  терминдер  сөздігінде  оған 
«абстрактылы ұғымдардың кеңістіктегі шекарасын анықтау» деген анықтама берілген [2,56 ]. 
- бағдарлы метафора – бір-біріне қатысты дәрежеде ғана айқындалатын әрі кеңістіктегі 
бағдарға негізделген тұжырымдар жүйесі, мұнда «жоғары – төмен, іші – сырты, терең – таяз, 
орталық  –  шеткі»  сияқты  қарсылықты  ұғымдар  қолданылады.  Айталық,  ағылшын  тілінде 
жақсы атаулының барлығы жоғары деңгейдегі көрсеткішті құрайды: денсаулық, бақыт, сана; 
ал оның қарсы мағыналары төменгі деңгеймен өлшенеді; ауру, бақытсыздық, жамандық, т.б. 
- концептуалдық  метафора  –  ерекше  хабарлы  құрылымды  құрайтын,  білім  туралы 
мәлімет беруге, оның жадыдағы көрінісін сұрыптауға мүмкіндік беретін амалдардың бірі.  
Аталған  метафоралардың  әрқайсысы  образ  нысанын  құрайтын  ұғымдар  мен  олардың 
ара  қатынасындағы  ұқсастықтарға  ие  болмаса,  баламаларға  негізделе  жасалатындықтан, 
когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде оның қосымша тағы төрт түрі аталады. Олар: 
- құрылымдық метафора; 
- хабарды жеткізу құралы ретіндегі метафора
- «контейнерлік» метафора.  
Бірінші  жағдайда  әр  түрлі  салаларға  қатысы  бар  объектілер  туралы  тұжырымдау, 
оларды бір-біріне ауыстыру әрекеті жүзеге асса, екінші кезекте аталмыш ұғым қатысымдық 
негізде  сөйлеуші  мен  тыңдаушы  арасындағы  тілдік құрылымды  толықтыратын  «мағыналар 
қозғалысы»  ретінде  танылады.  Үшіншіден,  «контейнер»  ұғымының  өзі  білдіріп  тұрғандай, 
жаңа мағыналар тізбегінің «контейнерлерді», яғни нақты тілдік бірліктерді толтыруы негізге 
алынады.  Ал  соңғы  өзгешелік  сөйлесім  әрекетінің  көлемді  мағыналық  бірліктерін  кіші 
мағыналар қосындысынан жинақтау арқылы жасалады [2, 56]. 
Ғалымдар  келтірілген  метафоралардың  ішінде  кеңінен  қолданылып  жүрген  түріне 
концептуалды  метафораны  жатқызады.  Олар  әр  түрлі  екі  саланың,  яғни  нақты  және 
асбрактылы ұғымдардың байланысына негізделген, сезім арқылы қалыптасатын тәжірибеден 
абстрактылы  құбылыстарға  бағытталған  бұл  процесті  адамның  ментальды  жүйесіндегі 
өзгешелігі  арқылы  әрі  сол  ойдың  ұсынылу  үлгісіндегі  әркелкі  сипаты  негізінде  дәйектеп 
түсіндіреді.  Нәтижесінде  бір  тұжырым  арқылы  бір-бірінен  ерекшеленетін  алуан  түрлі 
мағынадағы метафоралар жасалуы мүмкін.  
Мысалы, қазақ тіліне тән изафеттік құрылыстағы анықтауыштық сөз тіркесі - матасқан 
метафоралар көп кездеседі: көкірек, көңіл көзі, көңілдің тоты, халық тізгіні, жұрт тізгіні, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет