Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет170/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   204
kok325504@mail.ru
 
 
Аннотация:мақалада  сөйлеу  жаттығуларының  қазақ  тілін  оқытуда  пайдалану 
жолдары  қарастырылған.  Автор  жаттығуларды  жеті  деңгейге  бөліп,  болашақ 
мамандарға қазақ тiлiн дамыта оқытуда дамытушылық тапсырмаларды қолданған тиімді 
екенін айтады. Оның ішінде ақпараттық -дамытушылық жаттығудың маңызы зор. Себебі 
ол    студенттерді  болашақ  мандықтарына  қатысты  жаңа  мәліметтер  мен  ақпараттар 
алуына бағыттайды.  
Тірек  сөздер:  сөз  байлығын  дамытушылық  жаттығу,  ақпараттық-дамытушылық 
жаттығу, 
кәсіптік-дамытушылық 
жаттығу, 
тұжырымдық-дамытушылық 
жаттығу, 
интеллектуалдық-дамытушылық жаттығу. 
 


298 
 
Ғалым Н.Ж. Құрманова дамыта оқыту технологиясының кешенділігі онда өзара тығыз 
байланысқан  элементтер  мен  бірқатар  дидактикалық  талаптар  мен  шарттардың  міндетті 
түрде орыналуын талап етумен ерекшеленетінін айта келе, оның басты элементтерін – білім 
мазмұны,  машық-дағдылар,  оқу  әрекеті,  жаттығулар  мен  тапсырмалар  жүйесі  деп  санайды. 
Ғалым  ғылыми  зерттеу  жұмысында  сөз  тіркесін  дамыта  технологиясындағы  жаттығулар 
жүйесін  шартты  түрде  былай  көрсетеді:  І  деңгей.  Грамматикалық  жаттығулар.  ІІ  деңгей. 
Логикалық  жаттығулар.  ІІІ  деңгей.  Танымдық  жаттығулар.  ІV  деңгей.  Рефлексиялық 
жаттығулар. V деңгей.Тіл дамыту жаттығулары. VІ деңгей. Тіл мәдениеті жаттығулары. VІІ 
деңгей.  Шешендікке  баулу  жаттығулары  [1,  264].  Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінде 
жаттығулардың  түрлері  ғылыми  тұрғыдан  жүйеленіп,  бір  ізге  түспегендіктен  жоғары  оқу 
орындарында  болашақ  мамандарға  қазақ  тiлiн  дамыта  оқытуда  дамытушылық 
тапсырмалардың  шартты  түрде  мынадай  түрлерi  пайдаланылды:  1.  сөз  байлығын 
дамытушылық  жаттығу;  2.  ақпараттық-дамытушылық  жаттығу;  3.  кәсіптік-дамытушылық 
жаттығу;  4.  тұжырымдық-дамытушылық  жаттығу;  5.  интеллектуалдық-дамытушылық 
жаттығу.  Сөз  байлығын  дамытушылық  жаттығу.  Жаттығудың  бұл  түрі  тіл  үйренушілердің 
сөздік  қорын  молайтуға,  сөздерді  орнымен  қолдануға,  сөз  тіркестері  мен  сөйлемді  дұрыс  
құрастырып,  оны  тілдік  қатынаста  орнымен  қолдана  білуге  дағдыландырылады.  Бұған 
мамандыққа қатысты нақыл сөздердi, мақал-мәтелдердi толықтыру, мәтiндi, өлең шумағын, 
әңгiменi,  жалғастыру  сияқты  жаттығу  түрлері  жатады.  Осы  тектес  жаттығуларлар  тіл 
үйренушілерді ізденіске жетелейді.Студенттердің қазақ тілінде сөз байлығын дамытудың ең 
тиімді жолы түрлі сөздіктермен жұмыс жүргізу арқылы іске асады. Жаттығулардың мақсаты: 
тіл үйренушілердің сөздерді орнымен қолдану амалдарын меңгерту, сөздерді дұрыс қолдана 
білуді  игерту.  Жаттығулардың  тиімділігі:  тіл  үйренушілер  сөз  мағыналарын  жете  меңгере 
отырып,  өз  ойын  дұрыс,  нақты  жеткізуге  дағдыланады.  Ақпараттық-дамытушылық 
жаттығулар  студенттерді  болашақ  мандықтарына  қатысты  жаңа  мәліметтер  мен  ақпараттар 
алуына  бағытталады.  Жаңа  ақпараттар  жинау  олардың  мамандығына  қызығушылығын 
тудырады.  Жаттығудың  бұл  түріне  мамандыққа  байланысты  ақпараттар  жинай  отырып, 
аудиомәтін, репортаж дайындау, сұхбат алу, мақала әзірлеу сияқты тапсырма түрлері кіреді. 
Жаттығуларлардың  мақсаты:  студенттерді  болашақ  мамандығына  қатысты  ақпараттармен 
қамтамасыз  ету.  Жаттығулардың  тиімділігі:  студент  маман  ретінде  қоршаған  ортаның 
ластануына  байланысты  ақпараттар,  мәліметтер  жинауға,  шешім  қабылдауға  үйренеді. 
Қатысымдық жаттығулар. Әдістеме ғылымында соңғы кездері қатысымдық жаттығулар деп 
аталып,  оның  маңызын  Н.Оралбаева  мен  Қ.Жақсылықова  былай  деп  көрсеткен:  «Сөйлеу 
жаттығуларының  мәні  өте  зор.  Қазіргі  заманда  тілді  оқыту  әдістемесі  сөйлеуге  үйретуді 
негізге  алады».  Бұдан  қатысымдық  жаттығулардың  тілдік  қарым  -  қатынасты  жүзеге 
асырудағы рөлінің өте жоғары екенін байқауға болады. [2,95] Мәтінге жоспар құрыңыздар. 
Мәтіннің  мазмұнына  байланысты  сұхбат  құрыңыздар.  Жаттығудың  мақсаты  -  студенттерді 
емін  -  еркін  қарым  -қатынас  жасауға  үйрету.  Алған  білімдерін  бекітіп,  ілгері  дамытуға 
төсілдіру.  Жаттығудың  тиімділігі  -  мәтінге  жоспар  құруға  үйретеді.  Түсінгендерін  сұхбат 
құрастыруда  пайдаланады.  Жаттығудың  нәтижесі  -  бір  -бірімен  пікір  алмасады.  Алған 
білімдерін тілдік қарым - қатынаста пайдаланады. Жаттығулар арқылы студенттердің сөздер 
мен  сөйлемдерді  дұрыс  қолдана  білуге  жаттығады.  Сөз  тіркестерінің  байланысу  тәсілдері 
мен қолдану заңдылықтарын игереді. Мәтін бойынша әңгіме, сұхбат құрып үйренеді. Сөздік 
қорын байыту арқылы өз ойларын ауызша дәлелді, әсерлі жеткізуге дағдыландырады. Тілдік 
жаттығу барлық уақытта сөйлеушінің стратегиясы мен тактикасының болуын қарастырады. 
Сөйлеудегі  стратегиялық  бағыттылық  сөйлеушінің  белгілі  тапсырмадан  тыс  қатынаста 
жүргізетін  бағытынан  көрінеді  және  әңгімелесушіге  белгілі  бағытта  ықпал  ету  болып 
табылады.  Бұл  тапсырма  фразадан  тыс  дәрежедегі  бір  монологтық  әңгімеде  жүзеге 
асырылуы  немесе  әңгімелесушімен  диалог  бойынша  жалғасуы  мүмкін.  Тілдік  жаттығулар 
әрқашанда  қатынасқа  қатысушылардың  өзара  қарым  -  қатынасын  нәтижелендіреді.  Адам 
жеке тұлға ретінде өзін қоршаған адамдармен белгілі өзара қарым - қатынаста болады. Тілдік 
жаттығулар әрқашанда сөйлеушінің тілдік белсенділігі мен дербестігін дамытады. Дербестік 


299 
 
дегенде, біріншіден, өз ойыңды білдіру үшін көмекші құрал ретінде барлық тіректен тәуелсіз 
болу  ұғынылады.  Екіншіден,  сыртқы  ортаға  тәуелсіздік,  яғни  қатынасқа  ынталы,мотивті 
қатысу, мұнда мұғалім баға үшін емес, мотивке қарай, сөйлеу мақсатына қарай  - қатынасқа 
қатысуға  және  өзінің  тілдік  мақсатына  жетуге  шақырады.  Тілдік  жаттығу  -  сөйлеудің 
құрылымдық  және  вербальдық  әр  алуандылығымен  қамтамасыз  етілетін  ахуал.  Сөйлеу 
шеберлігі  жайлы  баяндағанда  ол  өте  күрделі  және  көр  қырлы  құбылыс,  сондықтан  сөйлеу 
шеберлігі  -  бұл  сөйлеу  әрекетін  басқару  қабілеттілігі  емес,  оның  сапаларының  негізінде  - 
мақсатқа  бағытталғандылық,  өнімділік,  дербестік,  ол  тілдік  әрекеттің  өзінде  сөйлеу 
сапасында  және  осы  әрекеттің  нәтижесінде  іске  асырылады.  Сөйлеуге  дағдыландыруда 
деңгейлік  жаттығулар  мен  тапсырмалар  үлкен  орын  алады.  Студенттің  тақырыпты  жете 
түсініп,  терең  меңгеруі  үшін  әрбір  деңгейде  орындалатын  тапсырмалар  түрлі  талап  - 
тілектерді  қамтиды.  Деңгейлік  тапсырмаларға  қатысты  талаптар,  біріншіден,  әр  деңгейде 
берілетін білім көлемін белгілеу үшін қажет. Екіншіден, берілетін білім көлеміне қатысты әр 
деңгейде  орындалатын  тапсырмаларды  іріктеп,  таңдап  алу  үшін  қажет.  Бірінші  деңгейдегі 
тапсырмалар  жеңіл,  қарапайым  түрде  ұйымдастырылып  отырады.  Деңгейден  деңгейге 
көшкен  сайын  жаттығуларға  қойылатын  талаптар  да  артып,  күрделеніп  отырады.  Сөйлеу 
жаттығулары  -  бұл  жеке  мәтінді  құрастыру  үшін  орындалатын  жаттығулар.  Студенттерге 
ұсынылған  тақырыпқа  байланысты  тақырыптың  мақсатын  анықтауға  тілдік  материалды 
таңдау,  оның  айту  жоспарын  құру,  жеке  сөйлемдерді  байланысы  бар  әңгіме  құрастыруға 
біріктіру.  Студенттерден  мағыналық  байланысы  бар  сөйлемдерді  құру  талап  етіледі:  -
берілген  тапсырмаға  сәйкес,  бірақ  ешқандай  үлгіге  сүйенбей;  -иллюстриативті  суреттер 
арқылы  әңгіме  құрастыру,  берілген  бастама  немесе  қорытындыға  байланысты.  Осындай 
жаттығуларды  орындау  арқылы  студенттер  монолог  құрастырады.  Монологтарды  оқыту 
арқылы студенттер сөйлеудің функционалды мағыналы түрлерімен хабарлай айту, суреттеу, 
ойлау түрлерімен танысады, олар құрылымдық, логикалық, стилистикалық ерекшеліктерімен 
көрінеді. Ауызша сөйлеудің келесі фазасы студенттің айтатын сөзін лексика -грамматикалық 
тәсілдерді  дұрыс  қолданып,  өз  еркімен  сөздерді  таңдап,  сөйлемнің  құрылымын  анықтап, 
оларды  арнайы  грамматикалық  ережелер  арқылы  лексикалық  бірліктермен  толықтырады. 
Лексика  -грамматикалық  тәсілдерді  таңдау  жұмысымен  қатар  өз  ойын  айту  жоспары  да 
құрылады, себебі бір сөйлемді айтып жатқанда келесі сөйлемді айтуға дайындық жүргізіледі. 
Дайындық  жаттығуларын  орындау  барысында  студенттер  тілдің  грамматикалық 
анықтамаларын  сақтап,  лексика  -  грамматикалық  материалды  қолдануды  үйренеді. 
Студенттрге  төмендегідей  тапсырмалар  орындату  мәтінге  сүйену  арқылы  жүргізіледі:  - 
мәтіннің мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап беру;  - мәтінге өз бетінше сұрақ құрастыру;  - 
деформацияланған мәтінмен жұмыс жүргізу.  Сөйлеуге жаттықтыру  жаттығуларын орындау 
барысында сөйлеу барысындағы байланыстың мақсатына қарай студенттер ойларын айтуда 
жақсы игерілген, автоматталған тілдік материалды қолданады. Студенттердің назары тілдік 
тәсілдерді  тікелей  қолдануға  бақылау  жасаудан  хабарламаның  мазмұнына,  ойдың 
мағынасына өтеді. Жаттығудың мұндай түрі мәтінге сүйенеді, студенттердің оны мазмұндап 
айтып  беру  ынтасын  тудырады.  Жаттығулардың  пайдасы  студенттер  сөйлемдер  құрастыра 
отырып,  оларды  бір  әңгімеге  топтастырады,  яғни  мәтіннің  логикалық  жағынан 
ұйымдастырылуы мәселесін шешеді. Мұндай жаттығулар мынадай түрде бола алады. - мәтін 
бойынша  түсінігін  айту  жоспарын  құру;  -мәтіннің  мазмұнын  жоспар  бойынша  немесе 
жоспарсыз  айту;  -сұрақтың  негізінде  әңгіме  құрастыру;  -әртүрлі  көзқарастағы  ойларды 
білдіретін  сөйлемдер  арқылы  әңгіме  құрастыру.  Қазір  сөйлеу  әрекетіне  дағдыландыру 
хабарлай  айтудан  басталады  да  суреттеу  мен  талдауға  ұласады.  Сөйлеудің  бұл  үш  түрі 
барлық сыныптарда параллель жүргізіледі. Әдістемелік жағынан студенттің өз ойын айтуда 
қолданылатын  сөйлеудің  түрін  анықтауға  көңіл  аударылады.  Мәселен,  хабарлай  айтуды 
қолданып,  студенттер  суреттеуді  де  қолданады.  Сол  сияқты  суреттеу  арқылы  жұмыс 
жүргізгенде  олар  хабарлай  айтуды  қолданады.  Яғни  олар  бір  -  бірімен  байланыста  болады. 
303 Пайымдау бұл сөйлеудің ең қиын түрінің бірі, ол сөйлеу әрекетін ұйымдастыру жөнінде 
білімнің  жоғары  болуын  талап  етеді,  әрекеттің  себебі  мен  оның  байланысын  анықтай  білу, 


300 
 
фактілерді  жинақтап, қорытынды  шығара  білу  талап  етіледі.  Баяндау  арқылы  шын  мәнінде 
болған  немесе  ойдан  шығарылған  оқиға  айтылады.  Сол  себепті  ол  белгілі  бір  уақытта 
ашылады, әңгімелесушілердің сюжеті болады. Баяндау құрылымы мынадай болады: -кіріспе 
-байланыс;  -оқиғаның  дами  түсуі;  -шарықтау  шегі;  -шешуі;  -қорытынды.  Кіріспеде  істің 
өткізілетін мекені мен уақыты және оның кейіпкерлері туралы мәлімет беріледі. Байланыс - 
оқиғаның басталуы және оның ары қарай жалғасуы. Кульминация - оқиғаның шиеленісуінің 
жоғары шегі. Шешім -оқиғаның нәтижесі. Қорытындыда барлық әрекеттердің қорытындысы 
шығарылады.  Мұнда  автор  өз  ойымен  бөліседі.  Баяндауды  оқытудың  әдістемелік  тәсілдер 
әртүрлі, ең тиімдісі мыналар: 
1.Дайын мәтіндердің құрылымына талдау жасау. Ол студенттердің өз бетінше баяндау 
арқылы  өз  ойын  айтуға  үлгі  болады.  Мәтіннің  құрылымына  талдау  жасау  арқылы 
студенттердің  кез  келген  әңгімеден  кіріспе,  жалғасу,  шарықтау  шегі,  соңы  болатынын 
түсінуін  игерту.  Мазмұндаудың  негізгі  түрлері  төмендегідей  болады:  а)  автордың  көркем 
тілін  міндетті  түрде  қолдану  арқылы  мазмұндау;  ә)  мазмұндау  барысында  лексикалық 
материалдың кейбір бөлігін синонимдермен алмасытру; б) қысқаша мазмұндау; в) айтушыны 
өзгерту арқылы мазмұндау; г) тыңдап мазмұндау; д) талқылай отырып мазмұндау [3,56].  
2. Логикалық байланысы бұзылған мәтіндерді қалыптастыру. Студенттерден оқиғаның 
байланысу жолдарын табу, яғни әңгіменің байланысын табу талап етіледі. Мұндай жұмыстар 
сөйлемдерді бір - біріне байланыстырып баяндауды дағдыландырып қана қоймай, сол сияқты 
студенттің логикалық ойлауына да әсер етеді.  
3. Оқығаны, естігені, өмірден түйгені негізінде әңгіме құрастыру. Дайын мәтінге сүйене 
отырып  жүргізілетін  аталған  әрекеттер  студенттерді  сөйлеуге  дайындайды.  Бұл  жаттығуды 
орындауда ұғым мен пайым және бақылау нәтижелері маңызды рөл атқарады. Монологтық, 
диалогтық  сөйлеудің  ерекшелігі  Сөйлесімді  меңгерту  кезінде  мәтіннің  қандай  түрімен 
жұмыс  істеу  керек.?  бірінші  кезекте  диалогтар  мен  полилогтарға  орын  берген  дұрыс. 
Жалғастырушы және кәсіби деңгейде сөйленімді меңгертуге ауызша монологтар ( баяндама, 
жиналыста сөйлеу) енгізіледі, бәрібір, басты мәтіндер диалогтар мен полилогтар болып қала 
береді.  Мұндай  мәтін  түрлерінің  ерекшелігі  неде?  Диалог.  Екі  әңгімелесушінің  қатысым 
жағдайында  туындайтын  репликалар  тізбегі.  Біртұтас  жағдаят,  әңгімелесушілердің 
контактысы,  вербалды  емес  (тілдік  емес)  элементтер  жобалауға,  не  айтып  тұрғанын  түсіне 
алуға мүмкіндік береді. Диалогтық сөйлеудің екінші маңызды ерекшелігі – оның спонтанды 
болуында,  әңгіменің  мазмұны,  құрылымы  әңгімелесушілердің  репликасына  байланысты. 
Диалогта  бір  сұрақтан  басқа  сұраққа,  тақырыпқа,  жаңа  ғана  айтылғанға  күтпеген  ауысулар 
болып  отырады.  Сұхбатта  бір  репликадан  бірнеше  репликаға  дейін  болады.  Бір  фразалық 
реплика  типтік  десе  болады.  Құрылымы  жағынан,  интонациялық  жағынан,  семантикалық 
жағынан  репликалардың  бірлігін  –  диалогтық  тұтастық  дейді.  Диалогтық  тұтастық 
диалогтық сөйлеудің бастапқы бірлігі болып табылады.  
Диалогтық тұтастықтың үш түрі бар: 
1. Сұрақ – жауап түріндегі – мұндағы мақсат – ақпарат алу. 
2. Бұйрық мәнді, мұндағы мақсат – әрекетті орындауға, тыйым салуға ояту.  
3.  Хабарлау  –  мұндағы  мақсат  –  ақпарат  алмасу  [4].  Монолог.  Монологтық  сөйлеу  – 
сөйлеу  түрінің  кеңейтілген  түрі.  Монологтық  сөйлеудің  пайда  болуы  арнайы 
қалыптастыруды  қажет  ететін  ерекше  және  күрделі  біліктілік.  Мұндаоқыту  сөйленімнің 
құрылымдық  –  грамматикалық,  лексикалық,  стилистикалық  дұрыстығына  жеткізетін 
жаттығулармен  жұмыс  істеу  керек.  Полилог.  Қазіргі  оқу  құралдарында  диалог,  монолог 
түрлерін ғана емес, полилогты да кездестіруге болады.  
Бұл 
дегеніңіз 
сөйленімге 
көп 
адамның 
қатысуы 
Тілді 
оқытып-үйрету 
бағдарламаларында кез-келген деңгейге (қарапайым, базалық, орта деңгей, ортадан жоғары, 
жоғары деңгей) қойылатын талаптардың мазмұнын қарап шығатын болсақ, коммуникативтік 
құзірет  мазмұны,  тілдік  құзірет  мазмұны  берілген.  Ал  тілдік  құзірет  мазмұнында  қазақ 
тілінің  фонетикасы,  морфологиясы,  сөздікқұрамы,  зат  есім,  есімдік,  сын  есім,  сан  есім, 
етістік,  үстеу,  демеуліктер,  жалғаулықтар,  септеуліктер,  синтаксис,  лексика  –  түгел 


301 
 
қамтылған.  Аталған  тілдік  материалдар  оқу  құралдарында  негізінен  құрылымдық  деңгейде 
ғана беріліп жүр. Бұл мәселелер қай деңгейде болсын функционалдық аспектіде сипатталып, 
функционалдық  бағытпен  жазылуы  тиіс.  Барлық  грамматикалық  тұлғалар  және 
конструкциялар жеке-жеке емес, синтаксистік негізде және сөйлем түрінде ұсынылғаны жөн. 
Тілдік  материалды  осылайша  ұйымдастыру  ұстанымы  коммуникативтік  бағытты  жүзеге 
асыруға;  •сөйленім  мазмұны  үшін  маңызды  лингвистикалық  факторларды  біріктіруге 
мүмкіндік береді.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1  Құрманова  Н.Ж.  Қазақ  мектептерінде  сөз  тіркесі  синтаксисін  дамыта  оқыту  технологиясының 
әдістемелік  негіздері:  педагогика  ғыл.  докторы...  дисс:  13.00.02.  -Алматы,  13.00.02.  -Алматы:  ҚазМемҚызПи, 
2004. -365 б.  
2 Оралбаева  Н.О., ЖаксылыковаК. Орыс тіліндегі мектептерде  қазақ тілін оқыту  әдістемесі.  –  Алматы: 
Ана тілі, 1996.  
3  Жиенбаев  С.  Қазақ  тiлiнiң  методикасы  (орта  мектеп  оқушыларына  және  педагогикалық  училище 
студенттерiне көмекшi құрал) 2- рет басылуы. А. Қазақтың бiрiккен мемлекет баспасы. 1964. 116 б.  
4 Әлiмжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп. 1969. – 148 б.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет