302
«Диалогтық оқыту» әдісін пайдаланудағы басты мақсат - оқытуда жаңаша ойлау, әдіс-
тәсілдерді, құралдарды пайдалана отырып, студенттерді диалог арқылы сыни тұрғыдан
ойлауға дағдыландыруды тәжірибеде жүзеге асыру. Бұл оқыту мен оқудағы жаңа әдіс –
тәсілдер оқу бағдарламасының басты мақсaты деп білеміз. Сыныпты топқа бөліп оқыту,
ережеге, уақытқа бағыну, постер қорғату сияқты жұмыс түрлерін жасата отырып, оларды
топтық қарым-қатынасқа баулимыз. Сол себепті біз жаңа әдіс ретінде «Диалог арқылы
оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік –
сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты.
Диалогтық оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы, мұғалім мен оқушы
арасындағы диалог оқушылардың өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін
амал болып табылады.
Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын
арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді 1.
Аталған авторлардың зерттеулерінде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен
достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер
ететіндігі айтылған. Сонымен қатар, диалогтық оқыту мәселесін осы уақытқа дейін бірнеше
педагог ғалымдар зерттеп келген. Атап айтсақ, бразилиялық педагог Фриери, орыс педагогы
Выготский, француз педагогы Дьюи. Фриери әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып,
басқа адамдармен диалогтық қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын
әзірлеген 2. Фриери мұғалімнің міндеті – оқушының білімін толтыру, көбейту
тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен
оқушылармен диалогқа түсу деп санайды. Фриери Выготский мен Дьюидің теорияларын
анықтап, зерттеп, дамыта келе назарын ондағы үрдісі мен ол үрдістегі мұғалімге
бағыттамай, негізінен оқушыларға бағыттады. Дьюи «Тәжірибе бір қалыпта тұрақты
болмауға тиіс, ол үнемі өзгеріп, бұрын болғанға сүйене отырып, ары қарай өсу үшін нақты
әлеуеті болуға тиіс» - дейді.
Диалогтық оқытудың негізгі үш түрі бар.
1.Әңгіме-дебат.
2.Кумулятивтік әңгіме
3. Зерттеушілік әңгіме 3.
Бағдарламаға сай, сабақ барысында сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді
қолдануда «диалогтық оқыту» тәсілін басшылыққа алдық. Оқушылар диалог әдісін қолдана
отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру
арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз
ойларын айтуға мүмкіндік берілді. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын,
бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін байқадық. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге
тырысты. Бұл бізге оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектесті. Диалогтық
тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына
көмектесетінін түсіндік.
Арнайы
зерттеушілер
диалог
сабақта
оқушылардың
қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейлерін өсіруге үлес қосатынын атап
көрсеткен. Зерттеулерде қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын айтады. Оқушылардың
білім алуын жетілдіру үшін
сұраққоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта
Достарыңызбен бөлісу: