Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет29/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   204
дұшпанда көрініс тапқаны белгілі.  
Абай осы өлеңінде «махаббат пен ғадауаттың» арасын өзара іштей шендестіре отырып, 
одан  әрі    саралап,  айшықтап,  түсінікті  қылып  жеткізеді.  Сыртқы  формасы  екі  жүлгелі 
болғанымен, олардың  табиғаты қарама қайшы -антипатия.  «Ішім толған у мен өрт сыртым 
дүрдей»  дейді.  Мұндағы  «ішім»  деп  отырғаны  жүрек  екендігі  даусыз.  Ондай  қолданыс 
Абайда баршылық;  «Өңкей уды жиып ап, себеді сорлы жүрекке»,  «мен ішпеген у бар ма?» 
т,б  Абайдың  қолданысындағы  у  дүниесі    махаббаттың  азабынан  болса,  өрт  –  ғадауаттан. 
Махаббаттың  азабы  –  ар  азабынан.  Анық  Абайдың  «ауру  жүрек  соғады  жай»  дегенінде  у 
ұрттаған  жүректің  дімкәс,  шалдыққан  халі  бар.  «Қырық  жамау»  жүректің  қиналған  сәті.    
Енді  бір  сәт  ұлы  ақын  «Жүрегім,  ойбай  соқпа  енді»  дегенге  де  барады.  Қажыған,  талған, 
қиналған  жүрекке,  оның  таңдауы  мен  талпынысына    айтылған  наз  іспетті.    Ішін  жалап 
жатқан ыстық өрт- аптап жалын. Алапат азаптың бейнесі, Ол - күллі қиянаттың, кесепаттың 
көрінісі.  Ал, шыдап көр?! 


81 
 
Абай  осы  «у  мен  өртпен»  қатар  «соқтықпалы,  соқпақсыз  жерді»  қояды.  Бұл  да 
қиыспайтын,  кереғар  екі  ұғым.  «Соқтықпалы,  соқпақсыз  жер»  әлгі  ғадауат-өрттің  үшінші 
көрінісі,  мұңлы  кескіні.  Жалқыз  жолаушының,  жалқы  бейнетқордың,  жаралы    жүректің  
лажсыздан  айтылған,  бүкпесіз  жеткізілген  жан  сыры.  Абай  хакім  бұдан  әрі  қарай  манағы 
қиыспайтын қос симметриялық ұғымды анықтап беруге ұмтылады. Ол өлеңдегі «Қаны қара 
бір  жанмын  жаны  жара»  деген  жолдан  айқын  көрініс  тапқан.  Ақын  күрделі  философиялық 
ұғымдарды  жарыстыра,  шағыстыра  беру  арқылы  олардың  мазмұныны  тереңдетіп,  мәнін 
айшықтайды,  ішкі  иірімдерін  күрделендіріп,  экспресстивті-эмоциялық  қуатын  арттыра 
түседі.      Олар  өлеңнің  өне  бойында  композициялық  құрылым  түзіп,  мәтіннің  мәнін  аша 
түседі.  «Соқтықпалы,  соқпақсыз  жер»,  «айлаға,  ашуға  да  шырақ  жағу»,  «өаны  өара,  жаны 
жара бір жан», «біреуге жай, біреуге тез тағдыр», «ерте ояну мен ойлану», «өзі ермей және 
ерік  берей  қор  ету»,  «іші  толған  у  мен  өрт»-  ақын  жанын  күйдірген  ғадауаттың  қосарлы 
кесепаты.  
«Өлсем, орным қара жер» өлеңіндегі айқын, жұмыр һәм астарлы, қат-қабат ойлар мен 
кестелі  сөздер  ақынның  оқырманға  сыр  айту,  соларға  мұң  шағу,  өтініш  мағынасында, 
сұқбаттасу  формасында  берілгенін  көруге  болады.  Жаны  торыққан,  қажыған,  түпсіз  ойға 
берілген ақын Абай, адам Абай өз заманына, кейінгі ұрпаққа мұң шаққандай, сыр бөліскен 
кейіпте  отырып,    солардан  да  сұрайды.  ӨкініШ,  наласын  да  жасырмайды,  адами  тілегін  де 
жеткізеді: «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» Шындығында М, Әуезовтің  жоғарыда 
келтіргеніміздей  «ақынның адамгершілік ұлы бітімінен туған  әрі  терең, әрі  көңілдің сирек 
сыры» деуінде үлкен мән бар.  
Осы өлеңдегі ең бір күрделі, күрмеулі түйін нәрсе «Екі күймек бір жанға әділет пе(?)» 
деген жолға қатысты [4, 226]. Біз еріксіз тағы да  ғұлама Мұхаңға, Мұхтар Әуезовке сілтеме 
жасап,  тиянақ  іздейміз.  Осы  өлең  жайында  М.  Әуезов  «Жалпы  алғанда,  бұл  жырдың 
тақырыбы  -  ойшыл  адамның,  әсіресе,  сыршыл  ақындардың  толық  тоқтайтын  тақырыбы. 
Өмірдің  өріне  жетіп,  оның  ішінде  талай  қиыр  кезең  жылдарын  басып  өтіп,  енді  тірлік 
сапарын тауысарманға келгенде айтатын шерлі сыры болады. Бұл өлеңде көп жайдың түйіні 
бар» [1, 175]. 
Осындағы  «көп  жайдың  түйіні  бар»  деген  байлаулы  сөз  бекер  айтылмаған.  Астырлы, 
сырлы,  меңзеулі.  Анығында  бұл  «екі  күймектік»  Абайдың  тек  жеке  басынан  өткізген  
«соқтықпалы,  соқпақсыз»  жолдың  ғана  әуре-сарсаңы  емес  сияқты.    «Кеше  ғана  көрген 
соққының  салдары  емес»-деп  М.  Әуезов  айтқандай.  Мұнда  өте  күрделі,  терең  болмыстың 
заңдылығы мен қайшылығы бардай. Ол үшін мына үш сұраққа жауап іздеп көрелік; әуелгісі 
«бір жаны қай жан?» Сосын «екі күймек не?». Соңғысы «әділет кімнен?» 
Абайдың  қолданысындағы  жан  сыры  туралы  ойларының  желісін  төрт  түрге  бөліп 
қарастырған  әйгілі  абайтанушы  абыз    М.  Мырзахметұлы  осы  өлеңдегі  «бір  жанға»  деген 
тіркесті  былайша  түсініеді:  «Абайдың  шығармаларында  жиі  ұшырасатын  жан  сөзінің  бір 
мағынасы  күнделікті  өмірдегі  тірлік  иесі  болған    адам  ретінде  берілетіндіктен  оны  осы 
ұғымның  баламасы    деп  ұғыну  қажет»  [2,  266].  Қош!-  делік.  Бұл  пайымның  әрине  қателігі 
жоқ.  Алайда  дәл  осындағы  «бір  жанның»  мәні,  сыры,  сипаты  одан  да  күрделі  іспетті. 
Мұндағы «бір жан» ұғымы «жалғыз жан», «қу жан» дегенге саяды.  
Әсілі,  «екі  күймек»  һәм  өртенбек  әлгі  адамның  тұлалық  болмысы  ғана  ма?  «Жаным 
күйіді,  жаным  шырқырады,  жанымды  шыжғырды»  деген  қарапайым  тіркес  ауызекі 
қолданыста  бұрыннан  бар.  Сондықтанда  «екі  күйіп»  отырған  ақынның,  адамның  сыртқы  
тұрпаты ғана емес, бейнелі қолданыстағы  оның жаны.  Жанның күйуі- өте терең күйзелістегі 
психикалық  хал.  Екінші  жағынан  жанның  күйуі,  өртенуі  –  діндердегі  қағидат  бойынша 
тозақтың отынан болмақ. Абай діндегі және  дуалистік танымдағы жанның күюіне қатысты  
осы  ұғымды    екі  өмірдегі,    фәни  мен  бақидағы  «екі  күймекке»  меңзеп,  баламалап  отырған 
сыңайлы.  Ол  –  азап  пен  тозақ.  Махаббатпен  жаратқан  пендесін  екі  күйдірмекте  қандай 
растық, қандай әділдік бар? 
Алайда  Абай  өзінің    38-  сөзінде  «Адам  баласынан  махшарда  сұрау  алатұғын  қылып 
жаратқандығында ғадаләт, һәм махаббат бар»- дейді [5, 99]. Яғни, Тәңір алды -  таразы.  Ол 


82 
 
болмай  қоймайтын  нәрсе  екен,  Дегенменде  бұл  дүниеде  болсын,  бәлкім  о  дүниеде  болсын 
ғазиз жанның екі күймектігінде қандай әділдік бар?  Данышпан ойшыл ақын «Екі күймек бір 
жанға әділет пе?» -деп Жаратушысына және оның пенделеріне наз қылып, сұрақ қояды. Бұл 
– Абайдай рационалды ойлайтын тұлғаның танымы.  
Тегінде  Абайдың  пайымындағы  дін  жайында  М.Әуезов  былай  деген;  «Абай  ислам 
дінінің  үгіт-өсиетін өте шартты түрде ғана шамалы, шақты жерге ғана керекке жаратты. Ал, 
оның  шынайы  үлкен  мүддесі  ислам  дінінің  шеңберінен  әлдеқайда  ары  асып,    кең  жатады.  
Негзінде  ақылдың,  адамгершіліктің  діні  болады»[1, 179-180].  Дін  мен    Абай  арасындағы 
қатынасты зерттегендер баршылық. Әлі де зерттей түсуді талап етеді.  
Ал, «әділет кімнен?» Абай түсінігіндегі әуелгі және соңғы әділет- Хақтан. Әділет жолы 
-  тура  жол  сонікі.  «Иманигүл  үш  сүюдегі»  соңғы  сүю  -  сол.    Абай  түсінігіндегі  толық 
адамның үш сипатының бастысы –әділет болса, қалған екеуі ақыл мен рахым. Бұл үшеуі де 
құдайлық сипаттар.  
«Абай ұғымда  әділет дегеніміздің негізі шындықта екен. Шындық атануы үшін оның 
бар  болуы  қажет.  Барлық-  шындықтың  негізі.  Ал,  бар  болғаншындықта  әділет  бар...әділет 
дегеніміздің  өзі  реттІлік  әрі  қажеттліктен туған  шындық.  Демек,  әділеттілік  Жаратушының  
құдыретіне қатысты. Махаббатсыз әділет жоқ» - деген Ғ.Есім «әділет философиясы» дегенді 
алға тартады [3, 18-20].   
Дүниауи  ғұмырында  Абай  іздеген  жол  -  махаббат  пен  әділеттің  жолы  екен.  Соның 
соңынан ой шырағын алып түсті, Санасына ақылдың сәулесін, жүрегіне махаббаттың шамын 
жақты.  Өзгелерге  де  соны  насихаттады.  Үйреткісі  келді.  Бірақта  өзі  айтқандай   «өзі  ермей, 
ерік  бермей,  жұрты  қор  етті».  Бізге  жеткен  жауһар  жырлары  мен  асыл  ойлары  әлі  талай 
ұрпақтың  «жүрек  –  теңізін»  тербетіп,  тереңіне  бойлатып,  асыл  маржандарымен  жарқырай 
беретіні сөзсіз ғой.  
Ахмет  Байтұрсынұлының  «Абайды  қазақ  баласы  тегіс  танып,  тегіс  білуі  керек»  деген 
ұлағатты, насихатты сөзін еске ала отырып, Мұхтар Әуезовтің осы өлең жайындағы «тереңде 
жатқан түйіндеріне қарап,  бұл өлеңді біз  Абай өмірінің соңғы шағының үлкен қортындысы 
дейміз» [1,176] деген   кемел бір  ойлы  уәжімен  мақаламызды аяқтағымыз келеді. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Әуезов М. Жиырмасыншы том. – Алматы: «Жазушы», 1985 
2 Мырзахметұлы М, Абайтану, 2- кітап, – Астана, «Interactiv kazakһstan», 2014.   
3  Ғарифолла  Е,    Абай  туралы  философиялық  трактат  –Алматы:  «Қазақ  университеті, 
2014.  
4 Абай.  Екі томдық шығармалар жинағы, –Алматы:Жазушы», 1986. 
5 Абай. Қара сөз. Книга слов. Международный клуб Абая. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 82.2:884 (5Қ) 
ЕСЕКЕЕВА МАНСИЯ МҰҚТАРҚЫЗЫ 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті 
Көкшетау, Қазақстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет