еsekeeva_mansiya@mail.ru
83
ЖАСТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰЛҒАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК
ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
Аннотация: мақалада тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасының тақырыптық
идеялық сипаты, жанрлық ерекшеліктеріне шолу жасалған. Роман жанрының қоғамдық
әлеуміттеік мәселелерде көтеруде өзіндік жүгі сараланған. Қазақ әдеби сынының әдеби
процестегі орны туралы мәселе қозғалған.
Тірек сөздер: әдеби процесс, роман жанры, әдеби сын, тарихи сана.
Т
әуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың
жолына шы
ңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз
қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да,
та
ғдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді.
Не істесек те а
қылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік
дегім келеді.
Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге
то
қтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса,
халы
қтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп
тілейік.
Н.Назарбаев
Тәуелсіздігіміздің алғашқы он жылы және бір ақиқатты еске салып отыр. Ол –
уақыттың, уақытпен бірге қоғамның, адамның әп-сәтте өзгеретіндігі. Он жыл бізге әжептәуір
мерзім көрінсе де, тарих үшін қас қағым сәт. Сол көзді ашып жұмғандай шақта еліміздің
қоғамдық құрылысы нарықтық жүйеге көшіп үлгерді. Өндіріс құралжабдықтарына қоғамдық
меншік сатылып, қазына-байлық негізінен жеке меншік иелігіне ауысты. Рухани салада сөз
бостандығына жол ашылып, баспа, ақпарат құралдары тоталитарлық цензура бақылауынан
құтылып, еркін тыныстай бастады. Адамның өзі де көп өзгеріп, “жаңа қазақ”, “жаңа орыс”
типтері пайда болды, т.т. Тәуелсіздiк дәуiрi он жылдық әдеби процесс арнасын жаңа бағытқа
бұрды. Ел көңілінің гүлiн ашқан әдеби дәуiрдiң алғашқы жемістерін тере де бастадық. Сөз
өнерiнiң зор саласы – проза, жетекші жанры – роман бабында екені ерекше қуантады.
Әбдіжамил Нұрпейісовтің “Соңғы парыз” роман-дилогиясы, Зейнолла Қабдоловтың “Менің
Әуезовiм” роман-эссесі, Шерхан Мұртазаның “Ай мен Айша”, Мұхтар Мағауиннің “Мен”,
Қалихан Ысқақовтың “Ақсу – жер жаннаты”, Рамазан Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы”,
Әкiм Таразидiң “Жаза”, Төлен Әбдiковтың “Парасат майданы”, Софы Сматайдың
“Жарылғап батыр”, Қабдеш Жұмаділовтың “Дарабоз”, Қалмұқан Исабаевтың “Шоң би”,
Баққожа Мұқайдың “Өмірзая”, Оразбек Сәрсенбайдың “Шеңбер”, Кәдірбек Сегізбайдың
“Беласқан”, Бексұлтан Нұржекеұлының “Әйел жолы жіңішке”, Тұрсынхан Зәкенұлының
“Көк бөрiлердiң көз жасы”, Жанат Ахмедидiң “Шырғалаң”, Хасен Әдiбаевтың “Отырар
ойраны”, Ұзақбай Доспамбетидiң “Қызыл жолбарыс”, Асқар Алтайдың “Алтай новелласы”,
Әлiбек Асқардың “Өр Алтай, мен қайтейiн биiгiңдi”, Смағұл Елубайдың “Мiнәжат”,
Тынымбай Нұрмағамбетовтың “Айқай” атты шығармалары, т.б. қазақ прозасының он
жылдығы аса шабытты, мол табысты еңбек кезеңіне айналып кеткенін көрсетеді. Қазақ елi
тәуелсiздiкке қол жеткiзген 1991 жылғы атаулы күннен жаңа қоғамдық дәуiр, жаңа тарихи
кезең басталды. Осыған орай, тәуелсiздiк жылдарындағы қазақ поэзиясының мақсатмұраты,
тыныс-демi, өрнек-айшықтары да жаңаша, өзгеше болып қалыптаспағы заңды болатын.
Алдымен кешегi кеңестiк замандағы идеология келмеске кеттi. Тәуелсiздiк мұраттарын
тәуелсiздiк алғаннан кейiн қалай жырлау керектiгi жөнiнде қалыптасқан қағида, дайын қалып
жоқ-тұғын. Қазақ поэзиясы өзiнiң дәстүрлi даму арнасынан ауытқымаса да, мазмұндық,
көркемдiк, идеялық жаңа шешiмдер табуға ұмтылды. Тоқсаныншы жылдардың бас кезiнде-
ақ ұлттық мүдде, елдiк мұрат дейтiн ұғымдарға ерекше екпiн түсiрiле бастаған. Ұлттық
сананың, тарихи сананың оянуы өткен жолымызға қайта үңiлтiп, қаншама жылдар бойы
84
айтылмай, жазылмай келген ақиқаттың ақ таңдақтары мен қара таңдақтарын анықтауға,
жүрiп өткен асуларымыз бен алдық деген асқарларымыздың қаншалықты тарихи маңызы
болғанын бағалауға, мәдени, әдеби әлемiмiздегi жарық жұлдыздарымыздың тарихи әдiлеттi
орнын тануға мүмкiндiк ашты.
Әр жаңа уақыт әдебиетке өз тақырыбын ала келеді. Сөз өнерінің ежелден сіңісті
тақырыптарына жаңа ырғақ, екпін қосады. Бірақ түп тамырымен өзгерте алмайды.
Махаббат секілді мәңгілік тақырып әлемдік әдебиеттің барша кезеңінің, бар жанрының өзегі.
“Қыз, бозбала жиылмай, тойдың сәні келмейді” дейтіндей, махаббат боздақтарынсыз әдебиет
сәні келмейді. Прозаның кесек жанрының “роман” аталуы оның асық жүректерді
жырлайтын, ер-әйелдің бөлекше жарастығын шертетін табиғатына мезгейді. “Бұлардың
арасында роман болған” деген тіркесті жиі естиміз. “Махаббатсыз дүние бос”, - депті ұлы
Абай. Ғашық жүректердiң күйдiмжандымынсыз роман да бос. Махаббатсыз роман тұл.
Жалынсыз бос сөз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бір әлеуметтік-экономикалық жүйенің
екінші жүйені ауыстыруына дөп келді. Өтпелі кезең халық бұқарасына оңайға соққан жоқ.
Ел тұрмысы құлдырай төмендеді. Тұрмыс тауқыметін тарту рухани құндылықтардың
арзандауымен тiркестi. Зинақорлық деген кінәрат етек ала бастады. Міне, осы қиын-қыстау
кезеңде қазақ әдебиеті ежелгі қымбат рухи асыл мұраттарынан көз жазып қалған жоқ. Секс
культi әдебиетімізге елеулі нұқсан тигізе алмады. Махаббаттың ақ туын желбіреткен жаңа
романдар бірінен кейін бірі жарық көргені айтылғанға толық дәлел. Қай заманның
материалына жазылса да, махаббат тақырыбы ар-инабат, биік моральдық талап деңгейiн
берiк ұстанған бағытынан жазбады.
Қазақ әдебиетi мен қазақ әдеби сыны құстың қос қанатындай, егiз қатар келе жатқан,
көркем ойдың екi арнасы. Бiрiнсiз бiрiн толық танып бiлу қиын. Оның үстіне әдебиет сынын
әрдайым әдеби дамумен сабақтас, тығыз қарым-қатынаста өркендеп келе жатқан әрі
көркемдiк-эстетикалық ойдың өзіндік заңдылықтарына арқа сүйей отырып қалыптасатын
іргелі саласы ретінде қарастырсақ, оның көптеген ерекшеліктері айшықталып көрінеді. Ең
алдымен әдебикөркем сынның бірнеше ғасырлар бойында іргесі қаланып, өзіндік танымдық-
көркемдік белестеріне қол жеткізген төл туындылар тізбегі – яғни төл тарихы қалыптасқан.
Уақыт сынынан мүдірмей өткен, сөйтіп бүгінгі оқырманмен де жүздесіп отырған сандаған
туындылар дүниеге келді. Қазiргi қазақ әдебиетi айтулы, iрi, шынайы көркем дүниелерге ие
болған, өскен, өркендеген әдебиеттердiң қатарында. Соңғы жылдары ақталған, әдебиет
тарихына қайта оралған, айтулы алаш арыстары негiзiн қалаған, М.Әуезов, М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, I.Жансүгiров, С.Мұқанов, Ғ.Мүсiрепов, Ғ.Мұстафин
сияқты әдебиет классиктерi шаңырағын көтерген қазiргi қазақ әдебиетi оның әр жанрдағы,
әралуан тақырыптағы көркем туындылары әлемдiк көркемдiк оймен қанаттас дамуда. Қазіргі
әдеби сыны, оның бүгінгі тарихи деңгейі де айта қалғандай өреге көтерілген. Әсiресе
егемендiк алғаннан кейiнгi жылдары жарық көрген әдеби-сын, әдеби-эстетикалық талдау
еңбектерi қазiргi әдеби процесiмiздiң даму, өркендеу бағытында екендiгiн, көркемдiк-
эстетикалық танудың жаңа белестерiне қол артып отырғандығын анық аңғартып отыр.
Соңғы жылдары туған әдебиетiмiзде, халқымыздың iзденiссұраныс салтында, күллi
қоғамымызда күрделi құбылыстар мен өзгерiстер, елеулi жаңалықтар жүзеге асып жатыр.
Күнi кеше есiмiн ауызға да алғызбайтын Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрiм
Құдайбердиев, Мiржақып Дулатов, Жүсiпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұстафа
Шоқаев, Мұхаметжан Тынышбаев сынды талай-талай тарихи тұлғалар қайта тiрiлiп, туған
жұртымен, ұрпақ-жұрағатымен қауышып жатыр. Олардың бiр кезде ұмыт болған
шығармалары том-том болып жарыққа шығуда. Өмiрбаяны мен тағдыры, бастан кешкен
қияметтерi мен арпалысқа толы ғұмыры жайлы мақалалар, эсселер, естелiктер, жекелеген
кiтаптар, аңыздар жарық көруде. Бұрынғы аты аталуға рұхсат етiлгенiмен, толыққанды
материал жазуға мүмкiндiк берiлмеген елiмiздiң әйгiлi бiртуар қайраткерлерi, атап айтқанда,
Қорқыт пен Асан Қайғы, Абылай мен Бұқар жырау, Әйтеке, Қаздауысты Қазыбек, Төле би,
Әз Тәуке мен Әбiлқайыр, Қабанбай мен Райымбек, ел қамын жеген Едiге, Исатай мен
Махамбет сынды билер мен хандар, батырлар жайлы кесек те келелi кiтаптар дүниеге
85
келуде. Сұлтанмахмұт пен Жаяу Мұса, Санжар Асфендияров пен Қаныш Сәтбаев, Мұхтар
Әуезов пен Қалыбек Қуанышбаев, Амангелдi батыр мен Бауыржан Момышұлы, Тұрар
Рысқұлов пен Әлия Молдағұлова, кешегi желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтер
жайлы соңғы кезеңде жарияланған романдар мен повестер, хикая-дастандар, пьесалар да
қоғамымыз бен әдебиетiмiздегi жаңа сiлкiнiс пен бұлқыныстың жоталы көрiнiстерi екенiне
еш шүбә келтiруге болмайды. Тарихи ұлы бетбұрыстарда әдебиеттің мемуарлық, естелік,
өмірбаяндық түрi қарқынды дамиды. Жиырмасыншы жылдары елімізде Кеңес өкіметінің
орнауы, қазақ елінің автономияға ие болып, жаңа белеске көтерілуі Сәкен Сейфуллиннің
“Тар жол, тайғақ кешу” атты көркем мемуарын туғызды. Тәуелсіздігіміздің еркін тынысты
тұнық ауасында ұлттық санасезім өсті, азаматтық белсенділік артты, азаттық алған халық
қайта туғандай күй кешуде. Бұл құбылыстың бір қоғамдық-саяси құрылыстан екіншіге
көшкен өтпелі кезеңмен астасуы рухани өміріміздiң астан-кестеңiн шығарды, бар
болмысымызды жаңғыртып жаңалады. Енді міне, өмірбаяндық, естелік жанры көгерiп күш
алып, айналдырған он жылдың ішінде едәуір төл төкті. Жазушы Зейнолла Қабдоловтың
“Менің Әуезовім” атты роман-эссесі /1997/ соңғы жылдардың үздік шығармалары қатарында
Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бұл жанрда Шерхан Мұртаза, Әзілхан Нұршайықов,
Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Қапан Қамбаров, т.б. жазушылар қалам тербеді.
Аталған жазушылардың бәрі де өз мемуарларына роман деген жанрлық айдар тағыпты.
Әдебиет зерттеуші ғалымдар көркем мемуардың шыққан ата тегін іздегенде роман жанрын
жиі ауызға алады. Әдебиеттің бұл екі түрін - роман мен естелік көркем жанрларын бір-
бірімен іштей байланыстыратын өзекті тақырып – жазушының өз басынан кешкен жайлары.
Екеуiн жақындастыратын белгі – жеке адам өмірінің қоғамдық өмiрмен жалғас, сабақтас
суреттелетiндiгiнде, зерт пен өнер құймасынан жаратылатын табиғатында, психологиялық
лиризмінде. Алшақтататын белгi – мемуардың публицистикаға тым үйірлігі, құжатқа көп
жүгінетін мәнері. Қайсыбір мемуарлардың жанрлық сыпаты төңiрегiнде әлсін әлі ду ете
қалатын айтыстар өмірбаяндық прозаның фактологиялық материалға, хаттарға, фотоға,
цифр, цитатаға тәуелдігіне байланысты туындап жүр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Балтабаева Г. С. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әңгімесінің көркемдік көрінісі // ҚазҰУ Хабаршысы
№2, 2009.
2 Елеукенов Ш. Қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері.
–
А.:Ақиқат. 2004 ж. №1. – 44 б.
3 Мағауин М. Он үш томдық шығармалар жинағы. 7-том.
–
Алматы: Қағанат, 2002. – 454 б.
4 Мағауин М. Қазақсыз Қазақстан (ғылыми мақала)//ABAI.KZ ақпараттық порталы 09.2013,16-20бб.
5 Алтай Тайжанов e-history.kz порталы
ӘОЖ 82-0
ЕСЕНОВА АҚЖАРҚЫН КЕНЖЕҒАЛИҚЫЗЫ
ОРАЗБЕК МАҚТАГҮЛ СОЦИАЛҚЫЗЫ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Нұр-Астана, Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |