Азаттық идеясы Махамбет ақынның шығармашылығындағы ең басты мотивтік айқындаушы күші болды.Оған дәлел ретінде О.Тұржанның «Махамбет өлеңдерінің
поэтикасы» еңбегін атауға болады. Бұл мотив зар – заман ақындарының
шығармашылығында да өз жалғасын тапқан. Әрі қарай , ол идеяны жырлап қана қоймай
нақты жүзеге асырудың жолдарын көрсете білген - Алаш зиялылары. Тарих сахнасына
шыққан қазақ интелигенциясының өкілдері болды. Олардың шығармаларында күрескерлік рух пен жалпы ағартушылық сарын бар деп айтуға болады [5,15].
Жыраулар әдебиетін жалғастырушы Нұрлан Мәукенұлы – жаңа дәуірдегі қазақ
әдебиеті өкілдерінің ішіндегі талант қуаты зор ақындардың бірі. Ақынның жан-дүниесіндегі
сопылық ілімнің аскеттік өмір стилін ұстануы байқалады. Шығармашылығындағы өмірден
бас кешу немесе дүниенің барлық қызығынан бас тарту сияқты сарындар соны білдірсе
керек.
Негізінен алғанда тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармалардың көркемдік
сипатына басты арқау болған – азаттық идеясын көтерген тарихи-рухани құндылықтардағы