Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


БЕЙСЕНБАЙ КЕНЖЕБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ



Pdf көрінісі
бет60/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   204
bota9628@mail.ru
 
 
БЕЙСЕНБАЙ КЕНЖЕБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ 
ОРНЫ 
 


155 
 
Аңдатпа:  мақалада  ғалым  Б.  Кенжебаевтың  қазақ  әдебиетінің  тарихын  зерттеуге 
арналған  мақалалары  қарастырылады.  Әдебиеттанушы  ғалым  Б.  Кенжебаев  әдебиет 
тарихын көне түркі дәуірінен бастаудың ғылыми  және әдістемелік  негіздерін айқындауда 
әдебиеттанудағы озық ғылыми тәжірибелерді терең білгірлікпен ұштастырып, көркемдік 
ойлаудың  тарихи  бастауларын  дәлелдеген  еңбектердің  маңызы  сараланады.  Қазақ 
әдебиетінің тарихын тарихи сабақтастық тұрғысынан зерттеп, оның ежелгі дәуірлерінен 
бастап  жүйелеудегі  Б.  Кенжебаев  концепциясы  әдебиеттануда  бірден-бір  жетекші  де 
басты ұстаным болып қала беретіні көрсетіледі.  
Тірек  сөздер:  Орхон-Енисей,  «Дивани  лұғат-ат  Түрік»,  «Кодекс  Куманикус», 
«Мұхаббат нама», қазақ әдебиеті тарихы. 
 
Филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Кенжебаев аты барша қазаққа таныс. 
Жиырмасыншы  ғасырдың  басындағы  қазақ  демократиялық  әдебиеті  өкілдерінің  өмірі  мен 
шығармашылығын  тұтас  зерттегені  Б.  Кенжебаевтың  ең  күрделі  еңбегі  болып  табылады.   
Б.Кенжебаевтың  ғалым  ретіндегі  аса  бағалы  істерінің  бірі  оның  қазақ  әдебиетінің  тарихын 
күллі түрік халықтарына ортақ  болып табылатын сонау Ү-ҮІІ ғасырларда жасалған Орхон-
Енисей жазба ескерткіштерінен бастау қажеттігін негіздеп дәлелдегені еді. 
Б.Кенжебаев  «Дивани  лұғат-ат  Түрікке»  қатысты  Махмұт  Қашқари  өмірі,  қызметі 
туралы  топшылау  жасап,  кітаптың  жазылу  мерзімін  анықтайды.  Ол  сөздіктен  қазіргі  қазақ 
тілінің қорындағы талай сөздер табады. «Кодекс Куманикус» туралы да зерттеу осы ыңғайда 
жүргізілген. Сөздіктің жасалуына алғышарт ретінде «Дәшті Қыпшақ» өлкесі төрт тараптағы 
мемлекеттердің  түйісер  тұсы  болып,  көрші  елдердің  қыпшақ  тілін  үйренуге  ықыласын 
аударуы саналады. Ғалым, әдетте, тарихи кіріспеге тоқталып, екінші кезекте негізгі объектіні 
талдайды.  «Мұхаббат  нама»  жайлы  зерттеуге  қолжазбаларды  салыстыра  қарау  арқылы 
шығарманың  авторын,  туған  жерін,  көздеген  мақсатын  іздестіреді.  Поэма  кейіпкерлерінің 
прототипі,  сюжеті,  идеялық  мазмұны  лингвистикалық  қасиеті,  Хорезмидің  қаламгерлік 
аңсары туралы  байламдар түйеді [1, 56]. 
Бүгінде  қазақ  әдебиетінің  зор  жетістігі  деп  бағаланатын  «Абай  жолы»  роман  - 
эпопеясының  алғашқы  кітаптары  жарыққа  үлкен  қиындықтар  мен  шыққанын  елдің  көбі 
білмейді. Ал сонау қырқыншы жылдардың бас кезінде романнның бірінші бөлімі төңірегінде 
талас-пікірлер көптеп орын алған болатын. Романға тағылған басты «кінәнің» бірі қазақтың 
өткен  өмірін  әсерлеп  суреттеген  дейтін  тұжырымға  саятын  «қазақ  халқының  бақыты  кеңес 
заманында  ғана  ашылды,  ал  одан  бұрынғы  дәуірде  мақтарлық  дәнеңе  жоқ»  деп 
даурыққандық  дауысы  ол  кезде  тым  күштірек  шығатын.  Қолжазбаны  кітап  етіп 
жариялатпаймыз  деп  шеп  құрғандардың  айбатына  қарамай,  «Абай»  романын  жарыққа 
шығарған да Бейсенбай Кенжебаев еді.  
Абай  шығармашылығы  туралы  зерттеуде  ақынның  қазақ  поэзиясына  қосқан  үлесі, 
жаңашыл  бағыты,  өнер  мазмұнын  байытудағы  еңбегі  ұтымды  көрсетіледі.  Үлкен  арнаға 
түскен  алып  бәйтерек  сынды  ұлы  классиктің  қазақ  поэзиясындағы  лириканың  соны 
түрлеріне қоныс беруі, ежелгі дәстүрді дамыта жалғастыруы, өлең техникасына байланысты 
реформаторлық  қадамы  нанымды  дәлелденеді.  Жанр  төңірегіндегі  ойлар  қазақтың  көркем 
проза, көркем публицистиканың алғашқы нышанын Абай қара сөздерінен табуға тіреледі де, 
оның  Ыбырай  әңгімелерімен  қатар  ұлттық  топырақтағы  прозаның  аяқталуына  басқыш 
болғанын анықтайды [2, 88]. 
Қазақтың  классик  ақыны  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  өмірі  мен  шығармашылығын 
жүйелі зерттеген де, сол үшін ең көп қиянатқа ұшыраған да Бейсенбай Кенжебаев болғаны 
әдебиет жұртшылығына мәлім. 
Б.Кенжебаевтың алғашқы ғылыми-зерттеу еңбегі – “Сұлтанмахмұттың ақындығы” деп 
аталады.  Осы  тұрғыда  оның  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  әдеби  мұрасын  зерттеу 
жолындағы  бастан  кешкен  қиындықтарына  тоқталмай  кетуге  болмайды.  Алдымен,  ол 
жоғарыда  аталған  еңбегі  үшін  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  қаулысына 
ілікті.  Одан  соң  “Б.Кенжебаевтың,  С.Торайғыров  творчествосын  зерттеудегі  қателіктері” 


156 
 
деген  арнайы  мақала  да  жазылды.  Бұл  туралы  ғалым  өзінің  күнделігінде:  “Мен  өзім 
әлеуметтік  өмірімде  сынға,  талқыға  көп  түстім.  Әсіресе,  қырқыншы,  елуінші  жылдары, 
жиырма  жыл  бойына  дерлік  үздіксіз  орынды-орынсыз  сыналып,  айыпталып,  соққы  көріп 
жүрдім”,- деп жазады.  
Б.Кенжебаев ізденісінің алтын діңгегі  - ХХ ғасыр табалдырығын аттай бере “Қараңғы 
қазақ  көгіне  өрмелеп  шығып  күн  болуды”  армандаған,  қазақтың  ұлы  ақыны  Сұлтанмахмұт 
Торайғыров мұрасы. Сұлтанмахмұтты зерттегені үшін ғалым ұлтшыл да атанды, қызметтен 
де қуылады, қисық сын тоқпағын да жейді. 
Б.Кенжебаев  –  Сұлтанмахмұт  өмірінен  алынып  жазылған  «Асау  жүрек»  деп  аталған 
әңгімелер жинағының да авторы. Очерктерін, әңгімелерін, нақыл, сықақтарын «Тірлік» деген 
атпен  бір кітап  етіп  әзірлеген.  Ғалымның  «Қазақ халқының  ХХ  ғасыр  басындағы  демократ 
жазушылары»  атты  монографиялық  еңбегі  кейбір  стилистикалық  кемшіліктері  мен 
тақырыптық  талдауының  көптігіне  қарамастан,  оқушылардың  қазақ  әдебиеті  жөніндегі 
мағлұматын  кеңейте  түсетін,  жоғарғы  оқу  орындарына  көмекші  оқу  құралы  есебінде 
жасқанбай  ұсынатын,  ал  зерттеушілерге  үлкен  проблемаларды  қолға  алуға  түрткі  салатын, 
өнеге беретін құнды еңбек, қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған зор үлес деп  табамыз [3, 
37]. 
«Асау  жүрек»,  «Шұғылалы  күндер  суреті»  атты  деректі  көркем  шығармалар  жазған 
жазушы.  Д.Панфиловтың  «Бейбітшілік  үшін  күрес»,  Б.Полевойдың  «Нағыз  адам  туралы 
аңыз», Ф.Гладковтың «Балалық шақ», Мальцевтың «Шын жүректен» секілді шығармаларын 
әлем  жазушыларының  көптеген  әңгіме,  новеллаларын  қазақ  тіліне  аударып,  жоғары  баға 
алған. 
Ал,  Б.Кенжебаевтың  “Жылдар  жемісі”  деп  аталатын  екінші  бір  кітабы  болса,  әр 
жылдары жазған сын мақалалары мен очерктері енген жинақ екі бөлімнен тұрады. “Шығарма 
шырайы”  аталған  бірінші  бөлімде  қазақ  әдебиетінің  қалыптасып,  дамуында  өзіндік  рөл 
атқарған  “Қалың  мал”,  “Тар  жол  тайғақ  кешу”  сияқты  туындылар  сөз  болады.  Ал, 
“Қаламдастар,  замандастар”  бөлімінде  өзі  көзін  көрген,  қызметтес,  пікірлес  болған 
әдебиетіміздің ірі қайраткерлері туралы естеліктер айтылады. 
Б.Кенжебаев  қазақ  әдебиетінің  қалыптасуында  кеңірек  сөз  болған  қазақтың  тұңғыш 
романы деп келген Спандияр Көбеевтің “Қалың мал” романына зерттеу жүргізеді. 
Революциядан  бұрын  Спандияр  Көбеев  “Қалың  мал”  романын  жазған  кезде  қазақтың 
ақындары  арасында,  баспасөзінде  халыққа  түсініксіз,  жат,  ескі  араб,  парсы,  шағатай 
тілдерінің  сарқыны  бар  еді.  Ақын,  жазушылардың  бірқатары  шығармаларын  сол  тілдегі 
сөздерді неғұрлым көбірек жазуға тырысушы еді, бұл өзі бір салт, сән сияқты болған ,- дейді 
автор. 
Алайда,  сол  кезде  белең  алған  шолақ  үрдіске  қарамай,  Спандияр  Көбеевтің  романды 
қазақ  тілінде,  яғни  халықтың  сөз  мәдениетін,  сөзді  әшекейлеу,  сөздік  қорды  тереңірек 
пайдаланғанын  тілге  тиек  етеді.  Сондай-ақ  С.Көбеевтің  қазақтың  мақал-мәтелдерін 
шығармада орынды қолданғанын келтіреді [4, 75]. 
“Ат  сатсаң,  ауылыңмен”,  “Бәтуамен  кескен  бармақ  ауырмайды”,  “Ит  жегенше,  иесі 
жесін”  ,  “Сөз  сөзден  туады”,  “Бітер  істің  басына,  жақсы  келер  қасына”,  “Орамал  тонға 
жарамайды,  жолға  жарайды”  сияқты  т.б.  нақыл  сөздерге  жүгінетінін  айта  келіп,  романда 
жазушының  тілі  жатық,  оқушы  сүйсініп  оқитындығын  айтады.  Сонан  соң  Спандияр 
Көбеевтің  бірді-екілі  мақалды  халық  аузында  айтылған  қалпында  келтірмегендігін  айтып 
қынжыла баяндайды. Оны мына мысалдан көруге болады: “Іш қазандай қайнайды, күресуге 
дәрмен жоқ” деген мақалды “Күш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ” деп келтіреді. 
Күші  қазандай қайнаса, күресуге дәрмені-күші  болады ғой. Ал, мақал іші қазандай қайнап, 
күресуге  дәрмен  күші  болмағанды  айтады.  Сонымен  қатар  шығармада  жергілікті,  кәсіптік 
сөздер  мен  сөйлемдерді  біраз  кірістіргендігін  баяндайды.  Олар:  “Мазақ”,  “Тіске  сызды 
болғандай”,  “Бие  бауда”,  “Кіледі  қоюдың  өзі  бір  сүре  болды”,  “Сенек”,  “Әптер-тәптер”, 
“Кібіт”т.б.Осы сөздердің орынсыз қолданғандығын, оның оқушыны жаңылыстыратындығын 
айтады. 


157 
 
Жалпы,  Б.Кенжебаев  бұл  шығарманы  зерттеуде  жоғарыдағыдай  бірді-екілі 
кемшіліктері болғанымен, “Қалың мал” романы қазақтың сол замандағы көптеген жастарына 
зор әсер еткендігін, ой-санасын оятып, ескілікке, ескі ғұрып-әдетке, дәстүрге қарсы күреске, 
қазақ әйелінің бас бостандығы, теңдігі үшін күреске құлшындыратындығын әсерлі жазған. 
Бұдан  біз  зерттеушінің  қай  шығарманы  болсын  терең  талдап,  зерделі  оймен  оқушы 
қауымға ой айтатындығын, қаламының ұшқырлығын байқаймыз. 
Қазақ  әдебиетін  дамытуда  Сәкен  Сейфуллиннің  “Тар  жол  тайғақ  кешуінің”  тарихи 
маңызы зор екендігін жұртшылық танығаны ақиқат. Солай бола тұрса да, бір өкінішті нәрсе, 
кейбір  еңбектердегі  жалпылама  сипаттамалар  болмаса,  “Тар  жол  тайғақ  кешу”  туралы 
арнайы монография, ғылыми терең, жан-жақты зерттелген еңбек әлі жазылмаған деген пікір 
айтады Б.Кенжебаев жоғарыдағы “Жылдар жемісі” аталатын кітабында. 
«Тар  жол  тайғақ  кешу»  роман  да  емес,  мемуар  да  емес,  Қазақстанда  сол  кезде  кеңес  
өкіметін  орнату  жолындағы  күрес  туралы  жазылған  очерк  кітабы  деген  дұрыс.  “Тар  жол 
тайғақ кешу” көркем очерктер циклі,- дегенді айтады. 
Профессор Б. Кенжебаев ондаған монографиялық зерттеулер жазды. Солардың ішінде 
“ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  халқының  демократ  жазушылары”(1958)  деген  еңбегі  ерекше 
аталады.      Онда  сол  тұстағы  қазақ  даласының  қоғамдық  -  мәдени  жағдайына  шолу 
жасалынған.  С.Торайғыров,  М.  Сералин,  С.Көбеев,  С.Дөнентаев,  Б.Өтетілеуов,  Н. 
Орманбетов, Ә. Ғалымов, Ә.Тәңірбергенов творчествосы зерттелген [5, 96].  
Б.Кенжебаевтың  бұл  еңбегіне  дейін  олардың  ақындық,  жазушылық,  журналистік 
қызметі,  қоғамдық  –  ағартушылық  демократтық  көзқарастары  жан-жақты  толық  ашыла 
қоймаған-ды.  Монография  туралы  кезінде  орталық  баспасөз  орындары  жылы  лебіздер 
білдірген. “Қазақ әдебиетінің тарихында” ғалымның бұл еңбегі: “ХХ ғасыр басындағы қазақ 
әдебиетінің жай-күйін тереңдеп зерттеуге жол ашты” деп жоғары бағаланған. Әдебиетіміздің 
халықтығы,  реализмнің  даму  жолдары,  жаңа  романтикалық  нышандар,  дәстүр  мен 
жаңашылдық тәрізді теориялық мәселелер де Б. Кенжебаев назарынан тыс қалған емес. Қазақ 
өлеңдерінің  поэтикалық  түзілісі  сараланған  зерттеу  де  бар.  Мұнда  ол  батырлар  жыры  мен 
Махамбет, Шернияз өлең, толғауларын, қазақтың қара өлең құрылысын қарастырған. 
Әдебиет  тарихын  халық  тарихымен  байланыстыра  қарау,  әдеби  мұраны  салыстыра 
талдау – Б.Кенжебаевтың ғылыми-зерттеу еңбектеріндегі басты принцип. 
Б.  Кенжебаев  ХІХ  ғасырдағы  әдебиет  өкілдеріне  ден  қойғанда,  Абай,  Ыбырай  және 
елеусіз келген Ақмолла ақынға тоқталады [6, 82]. 
«Ақмолла  ақын»  туралы  мақала  қалтарыс  қалып,  көзге  шалынбай  жүрген  ақындар 
мұрасын  таныту  мақсатымен  жазылған.  Ақмолла  нанымындағы  діннің  ізі  қараңғы  елді 
надандық түнегінен құтылуға, ғылым-білім қууға үндеуіне бөгет пе? Б. Кенжебаев ұсынған 
ағартушы  ақындар,  «ағартушы-демократ  ақындар»  деген  термин  Ақмолла  Мұхамедияров 
творчесвосын әділ бағалауға әкелген [7, 91]. 
Табиғатында таза еңбектен, көзі жеткен шындықтан шегінбейтін, дұрыстығын дәлелдей 
алатын,  халықтың  биік  мүддесін  өзінің  жеке  басының  мүддесі  үшін  құрбандыққа 
шалмайтын,  дарынды,  қабілетті  шәкірттеріне  ғылымының  асыл  мұратын  түсіндіруден 
жалықпайтын  мейірімді  ұстаз  болған  Бейсенбай  Кенжебаевтың  өмірлік    және    ғылымдық 
жолы – ғылым әлеміне қадам басқандардың қай-қайсысына да өнегелі жол. Б.Кенжебаевты   
шәкірттері мен адал әріптестері тірлігінде қалай құрметтесе, қазір де оның ұстаздық беделі 
төмендеген  жоқ  деп  айта  аламыз.  Бұл  күнде  әдебиетіміздің  белгілі  тұлғалары  болып 
қалыптасқан  қаншама  суреткер  мен  зерттеуші,  сыншы  өздерінің  Б.  Кенжебаевтан  тағылым 
алғанын  биік  мәртебе  санайды.  Б.  Кенжебаевтың  еңбектері  қазақ  әдебиеті  жүріп  өткен 
жолдың  шежіресін  танытқандай.  Сондықтан  да  ғалымның  әр  туындысы  замана  келбетін, 
қаһармандар тұлғасын нанымды ашатын дәуір куәлігіндей қымбатты. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 

Кенжебаев Б. Қазақ тілі мен әдебиетінің тарихы туралы // Лениншіл жас. – 1962. – 20 қараша. 

Тұрсынбек  Кәкішев,  «Әдебиеттануға  қосқан  үлес».  Алаш  туы  астында  (мақалалар  мен  зерттеулер).  –
Астана, 2004. 


158 
 

КенжебаевБ. Асау жүрек. – Алматы:Рауан.1995. 

КенжебаевБ, Жылдар жемісі.«С.Көбеевтің романы туралы». –Алматы, 1984. 

М.Жолдасбеков Нысанбек Төреқұлов,  «Биік тұлға». Алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер). –
Астана, 2004. 

Майтанов Б.« Ғылыми мәдениет». Алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер). – Астана, 2004. 

Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1973. – 167 б. 
 
ӘОЖ:  821.512.122 
НУРТАЕВА ГУЛНУРА АБДУРАШИТОВНА 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет