Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


сарындар  мен көркемдік  әдіс  – тәсілдер



Pdf көрінісі
бет63/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   204
сарындар  мен көркемдік  әдіс  – тәсілдер  екенін көруге  болады.  Егемендік  жариялағаннан 
кейінгі поэзиялық шығармаларда көнетүркі сарыны, жыраулар әдебиетінің үлгісі, Мағжан 
Жұмабаев  бастаған  романтикалық-символистік  бағыт  көптеген  шығармашылық  иелерінің 
айқындаушы стилі ретінде қалыптасты. Осы реттен алып қарағанда шынайы азаттық идеясы 


160 
 
өлмейтінін, оның жердің айналу бағыты сияқты қайта айналып, өз жолын бір басып өтетінін 
көреміз [5,18]. 
Көнетүркілік  сарын  қазіргі  әдеби  шығармаларға  көптеп  ене  бастады.  Күлтегін, 
Тоныкөк,  Білге  Қаған  жазбаларындағы  елдік,  халықтық  рухтың  сақталуы  өз  алдына  да, 
ондағы сарынның жетуі бөлек дәлелдеуді қажет етеді. Тәуелсіздік шығармашылық иелерінің 
ой  саумалдау  кеңістігінің  кеңеюі  мен  сана  бостандығына  жол  ашты.  Сол  арқылы 
ақындарымыздың  көнетүркілер  сарынына  бойұсынуы  жиілей  бастады.  Осы  бағытта  поэзия 
жазып,  жетістіктерге  жетіп  жүрген  ақындар  ретінде  Т.Медетбек,  Ұ.Есдәулет,  Н.Айтов, 
С.Ақсұңқарұлы, Н.Мәукенұлы, Е. Раушанов, Ж.Аймұхамбет т.б. атауға болады. 
«Қазіргі  қазақ  поэзиясындағы  бірпара  қаламгерлердің  шығармаларынан  аңғарылатын 
жаңаша  дүние  қабылдау,  толғану,  айнала  сырын  әдеттегідей  ерекшелігі  бар  назармен 
пайымдауға бейім үрдістер жайында пікір бөлісеміз» [6,40]. 
Б.Майтанов  «ХХІ  ғасыр  поэзиясының  модернистік  және  постмодернистік  даму 
үрдістері» атты мақаласында бірнеше ақындардың өлеңдерінен мотивтерді анықтап берген. 
Мысалы,  Әбубәкір  Қайранның  сыншылдық  сарыннан  арылмайтындығын,  патриоттық 
пафостан  да  мүлде  сырт  қалмайтындығын,  соған  қарамай    «Шам»  өлеңінде  аллегорияға 
барғандығын  айқындайды.  «Тірі  өлік»  өлеңінде    ақын  күйеу  жолдастар  мен  қыз 
жолдастардың қылығын  қазіргі уақыттың өрескел мінезіне сай натуралистік әрекетті юмор 
аралас  суретті  деталь  арқылы  өрнектейді.  Интертекст  мазмұны  толысады.  Метонимия 
қызметіндегі  түр  - түстік нысан және  этнопсихологиялық штрих эпикалық назар ауқымын 
аңғартады.  Жер  мен  оны  мекен  ететін  адамзат  ыңғайлас  құбылыстар.  Биіктік  әрдайым 
аласадан қуатты. Әйтпесе, арыстан неге айға шабам деп, мерт болады. «Кір мәшине секілді» , 
«теңселіп»  тұрған  дүние,  «сынап  секілді  жүрек,  жаңа  ғасырдан  үркетін  «торғай  ес»,  «атом 
боп  жарыла»    алмайтын,  «бір  тамшы»  ғана  пенде  өзін  «адаммын»  деп  айтуға  дәрменсіз, 
өйткені  ол  –  «  тірі  өлік!».  Мұнда  экзистенциалистік  сарын  байқалатындығын  атап 
көрсеткен.  Заида  Елғондинова  шығармашылығында  космогониялық  түсініктер  енгенін 
айтады.  Бұл  дүниедегі  пенде  алыс  дүниедегі  аруаққа  табынады,  оларды  пір  тұтады.  «Кәрі 
дүние,  кейуана,  кір  арымаған»  -  дейтін  З.Елғондинова  ұлттық  рәсімдегі  үлгімен  жалған 
өмірді  мәңгілік  өмірден  төмен  қояды.  Аруақтар  қателеспейді.  Ақынның  жырларында 
Ташкент  қаласындағы  шаттық,  Алматыға  махаббатпен  оралу  мотиві  жиі  ұшырасады.  З. 
Елғондинованың  өзге  символистерден  ерекшелігі  –  бар  кінәні  айналасына  артуға  әуестік 
танытпауда,  қайшылық  пен  ащы  да  тәтті  мұңның  қайнарын  өз  жүрегінің  Әбілхаят  суынан 
іздестіруінде. 
   Есенғали Раушановтың «Көк өскін» өлеңінде: 
Не тынды, 
Күн өтуде күйбеңмен. 
Өмір деген өгей шеше секілді 
Туған әкең үйленген. 
Дінсіз, кәпір мен емен
Менде де бар соққан жүрек дамылсыз. 
Иттей дос боп, имандай сенер ем, 
Қыл аяғы өтірік те дарынсыз. 
Енді өлеңдегі екінші түрлі мотив бой көтереді. Белгілі бір дәрежеде сыншыл көзқарас 
үстем,  сонымен  бірге  жалығу,  күдер  үзу  сарыны  да  модернистік  көңіл-күймен  үйлесіп 
жатады.   
Гүлнар Салықбайдың «Өмір -  сұр ән »  өлеңінде: 
Өмір  - сұр ән. 
Көңіл тұман. 
Кір көше, 
Кір  көшеде  қайыршы  жүр  бірнеше  -    деп,  ашық  білдіреді.  Ақын  поэзиясында 
символистік  бейнелілік  пен  экзистенциялық  жатсыну  бар.  Жатсыну  жалпылық  сипат 
алған.  Жалғыздық  архетипі    -  барлық  көңілдің  бағы  да,  соры  да.  Бағы  дейтініңіз  –  соны 


161 
 
сезіну  арқылы  кісі  өзінің  орнын,  айналасын  таниды.  Соры  дейтініңіз  -    өмірдің  мәні  аттан 
түседі.  Символдық  нышандар  Г.Салықбай  өлеңіндегі  экзистенциалдық  мазмұн  таңбаларын 
ашуға жорық  жасайды. 
Ақын  Әбубәкір  Смайыловтың  «Із  туралы  аңыз»  атты  баллада  жанры  талаптарына  
лайық  ұзақ  өлеңінен  Аллаға  табынуының  қажеттілігіне  байланысты  ақиқат  мотивін 
келешек сынақтарға жоғары дәрежеде дайындайды. Өмір сапарындаңы адалдық қақында ой 
қозғайды.  «Көз»  концепті  ар-  ұяттың  символы  міндетін  атқарады.  Жеке  адамның  көзімен 
Аспандаңы  көздің  кездесу  медетін  елестету  жердегі  тіршілік  нәтижесіне  зор  талқының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет