Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


М.ӘУЕЗОВ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет68/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

 
М.ӘУЕЗОВ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ 
ҚОЛДАНЫСЫ 
 
Аннотация:  мақалада  жазушы  шығармаларындағы  көркемдегіш  құралдардың  
ішіндегі  теңеулердің  қолданысы  талданды.  Бейнелеу  тәсілдерінің  барлығы  да  бастауын 
теңеуден алады. 
М.Әуезов тілдік тұлғасындағы бейнелі теңеулер эпитеттік сипатта қазақ 


167 
 
дәстүрлі  үлгісінен  туындаған,  бұрын  қолданылмаған  тың  теңеулер  болып  келетіндігі 
айтылады.
 
Тірек сөздер: тұрақты теңеулер, мәдени код, лингвомәдениеттану.
 
 
        Белгілі  бір  халықтың  көркем  әдебиеті  басқа  халықтардың  әдебиетінен,  ең  алдымен, 
өзінің  образдар  жүйесімен,  сөз  бейнелеу  тәсілдерімен  ерекшеленеді.  Әдебиеттегі  образдар 
жүйесі және сөз бейнелеу тәсілдері – ұлттық характердің ең басты көрсеткіштері. Бұларсыз 
ешбір ұлт әдебиеті өмір сүре алмайды. Көркем әдебиет үшін, әсіресе, ұлттық тілдің маңызы 
зор.  
       Түрдің  өзінің  көріну  тәсілдері,  жүзеге  асу  жолдары,  өмір  сүру  заңдылықтары  болады. 
Сол  түрдің  көріну  тәсілдерінің  бірі  –  теңеу  категориясы.  Теңеу  категориясы  –  бүкіл 
бейнелеу, көркемдеу тәсілдерінің ішіндегі ең бастысы, ең пәрмендісі. Бейнелеу тәсілдерінің 
барлығы да бастауын осы теңеуден алады  
       Қазақ  тіл  білімінің  тұңғыш  зерттеушісі  А.Байтұрсынов  «Теңеу  заттың,  құбылыстың 
ерекше белгілерін көрсетпей – ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді» 
[1]. 
деп көрсетеді. 
        М.Серғалиев  «Теңеудің  стильдік  қызметі  әр  алуан,  бір  ыңғайда,  негізінен  аз  сөзге  көп 
мағына  сыйғызуды  мақсат  етсе,  тағы  бір  жағдайда  автордың  астарлап  сөйлеуіне  мүмкіндік 
береді. Сол астарлап сөйлеудің өзі жинақылықтың арқасында болып отырады» деп, теңеудің 
көркем әдебиет тілінде алатын орнын айқындайды. 
Мысалы, Ескендір. Бір кездері жалыны 
жалау  атқандай,  үміті  мол,  қызығы  көп  жастық  бар  еді  ғой
  (М.Әуезов,  Т.10.  Шығ. 
жинағы, 177 б.)
 
Зерттеушілер:  «Тұрақты  теңеулер  –  ежелден  қалыптасып,  тілде  әбден  сіңісіп  кеткен 
образды конструкциялар. Сол себепті де тұрақты теңеулер көркем әдебиетте де, фольклорда 
да, тіпті сөйлеу тілінде де бейнелеу, мәнерлеу тәсілі ретінде өте жиі қолданылады», – деген 
тұжырым жасайды [2].  
Қазақ тіліндегі әр алуан сөз тудырушы аффикстердің ішінде компаративті мағына беру 
үшін  қолданылатын  аффикстер  тобының  бірі  –  -дай/-дей,  -тай  /-тей  аффиксі.  Бұл  –  зат 
есімнен сын есім мен үстеу тудыратын өнімді жұрнақ. Мысалы, «судай сапыру», «алмастың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет