Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет61/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   204
Л. Н. Гумилев ат. Еуразия  ұлттық университеті 
 Нұр-Сұлтан, Қазақстан 
nurtaeva1985@inbox.ru
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ МОТИВТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ СИПАТЫ 
 
Аннотация:  қазіргі  қазақ  поэзиясындағы  мотивтердің  көрініс  табуы.  Поэзияны 
мотивтік  талдаудың  еркшелігі.  Мотив  сөзінің  теориялық  анықтамасы.  Мотив 
философиялық, психологиялық тұрғыда қарастырылады. Қазіргі қазақ поэзиясын зерттеуде 
Тәуелсіздік  алғаннан  бергі  кезеңді    айтамыз.  Оған  дейінгі  бастау  алған  сарындар  қазіргі 
кезеңге  дейін  өз  маңызын  жоймай,  жалғасып  келуде.  Әсіресе,  солардың  ішіндегі  тұрақты 
сарындар.  Қазақ  поэзиясы  қазақ  тарихымен  де  тікелей  сабақтасып    жатады.  Қазіргі 
поэзияны тану үшін, арғы бабалар мұрасына үңілуді талап етеді. 
Тірек сөздер: мотив теориясы, қазіргі қазақ поэзиясы, мотивтердің қолданылу сипаты, 
мотивтік талдау, сарын сөз, сарын түрлері. 
 
Мотив  теориясы  –  қазіргі  әдебиеттанудың  қарқынды  дамып  жатқан  тұсы.  Қазіргі 
кезеңде  ол  әртүрлі  бағыттағы  көзқарастардың  жиынтығын  қарастырады.  Бұл  термин 
лирикалық және нарративтік мәтіндерде оның айрықшалығы, бөлінген мотивтер белгілерінің 
бірдей  еместігін  түсіндіреді.  А.Н.  Веселовскийдің  зерттеуінен  бастасақ,  мотив  екі  түрлі 
түсіндіріледі:  cюжет  жасаушы  ең  кіші  бірлік  және  «мәтіннің  формальды–негізді,  тұрақты 
компоненті»,  мағыналы  мәтін  бірліктерінің  жинағы  ретінде.  Қазіргі  көзқарастарда  бірінші 
тәсіл  басым.  Мәтіндік  бірліктердің  семантикасымен  байланысты    мотивті  түсіну  әрі  қарай 
зерттеуді талап етеді. Соңғы кездері автордың поэтикалық әлеміндегі мотивтерді қарастыру 
актуальді . Поэтикалық әлем қазіргі әдебиеттануға ХХ ғасырдың 60- жылдарында пайда бола 
бастады.  Қазіргі  таңға  дейін  нақты  анықтамасы  жоқ.  Ол  терминсіз  қолданылып  келді, 
«жазушы  шығармашылығы»  деп  жиі  аталып  келді.  Қазіргі  кезде  әдебиеттанудағы 
поэтикалық  әлем  екі  тенденцияға  қатысты  қарастырылады:  бірі  шығарманың  ішкі  әлемі 
ретінде, екіншісі «поэтикалық жүйе» ретінде. 
А.Н. Веселовский, осындай мотивтердiң әр-алуан тайпалар арасында туатындығын айта 
отырып,  олардың  бiркелкi  келетiнiн,  не  олардың  ұқсастығын  алмастырумен  түсiндiруге 
болмайтындығын, керiсiнше олардың тұрмыстық тipшiлiк шаpттаpы мен оларда қалыптасқан 
психикалық  үдерiстердiң    бiртектiлiгiмен түсiндiру    кеpектiгiн  ескеpтеді.  Сондай-ақ,  ғалым 
мотивтiң мынадай қарапайым формуласын көрсетедi. «а+b:  жалмауыз кемпiрдiң сұлу қызды 
жек  көруi,  оған  өмiрiне  қәуiптi  тапсырма  беруi».    Осы  формуланың  әр  бөлiгiнiң  түpiн 
өзгеpтуге,  әсiресе  b-ның  өсуге  қабiлеттi  екенiн  дәлелмен  көрсетедi.  А.Н.  Веселовский 
тұжырымдауынша,  мотив  өсiп,  ұлғайып,  сюжетке  айналады,  сюжет  мотивтеp  жиынтығы 
болып табылады[1,301]. 
Бiрақ,  мотивтiң  әдебиеттану  терминi  ретiндегi  мән-маңызын  mайқындау  оңай 
соқпайды.  Ғұлама  А.  Байтұрсыновfмотив  терминiн  арнайы  қолданбағанымен,  ауыз 
әдебиетiндегi  мазмұны,  мағынасы,  қызметi  жағынан  мотивке  жақын  мәндегi  ұғымдарды 
қарастырады:  «Сарындама (сарын сөз) саласы.  Сарындама үш тарау: 1. Салт сөзi.  2. Ғұрып 
сөзі.  3.  Қалып  сөзi.  Салт  сарынымен,  яғни  салт  жөнімен  айтылатын  сөздер  салт  сөзінің 


159 
 
табына жатады: мәселен, мысалдар, дiлмәр сөз (афоризм), тақпақтар, мақалдар, мәтелдер [2, 
125].  Сондай-ақ,  ғұрып  сөзi  деп  ғұрып  сарынымен  яғни  ғұрып  бойынша  iстелетiн  iстерге 
байлаулы сөздер айтылады. Мәселен, той бастар, жар – жар, беташар, неке қияр, жарапазан 
[2,131].  Қалып  сөзi  деп  тұрмыс  қалпында  болатын  iстер  сарынымен  айтылатын  сөздерді 
айтады.  Мәселен,  бал  ашқанда,  ауру  баққанда,  бақсылардың  жынын  шақырғанда,  тiстi 
емдегенде, құрт шақыру, мал бәдiк болғанда, адамға күләпсан шыққанда, бәдік ия күләпсан 
көшіру.  Бала  ұйықтатқанда  айтатын  бесiк  жыры  –  осылардың  бәрі  қалып  сөздің  табына 
жатады» [2, 138]. 
Сарын сөзіне алғаш рет түсініктеме берген теориялық еңбек Ахмет Байтұрсынұлының 
«Әдебиеттанытқышы» болса, орыс ғалымдарының ішінде А.Н.Веселовский мотив теориясын 
тереңірек  ашып  берген.  Көптеген  зерттеушілер  А.Н.Веселовскийдің  еңбектеріне  сүйенеді. 
Мотив  пен  сарын  ұғымдарын  анықтау  әлі  де  ізденуді  талап  етеді.  Кейде  екеуі  бір  ұғым 
ретінде келсе, кейде мүлдем басқа функцияларды атқарып түрады. Бұған зерттеу барысында 
көз жеткізе аламыз.  
Мотивтің  әдебиеттегі  қолдaнысына  тоқталсақ.  Мотив  лaтыншa  «moveo»  сөзінен 
шыққaн,  «қозғaушы,  итермелеуші»  деген  мaғынaғa  келеді.  Сөздіктерде  мотивке  «aдaмды 
белгілі бір іс-әрекетке бaстaйтын, ішкі субъективті себеп, оның қaжеттіктері мен мүдделерін 
білдіруге  бaғыттaлғaн  сaнaлы,  мaқсaтқa  сәйкес  әрекет.  Пиғыл,  мaқсaт,  ынтa  ұғымдaрымен 
үндес.  Мотивті  жүзеге  aсыру  тұлғaлық  әрекетке  бaғыт  береді»  деген  aнықтaмa  беріледі  [3, 
574] 
Әдебиет  терминдері  сөздігінде  мотив  –  белгілі  бір  жaғдaйлaрдa  қaлыптaсқaн,  тaрихи 
өмір негізінде пaйдa болғaн тұрaқты мaғынaлaр жиынтығы. Мотив көркем шығaрмaның aсa 
бір өнімді, тиімді элементтерінің бірі. Поэзиядa мотивтің мәні – көп міндет aтқaрaтын, жиі 
кездесіп  отырaтын,  ерекше  мaғынaлық  жүкті  көтеретін,  aрнaйы  тірек  сөздер.  Мотив  –
тaқырыптық  сaрын,  қaлыптaсқaн,  дәстүрлі,  тaқырыптық  әуен,  оқиғa  желісіндегі  кезең. 
Бірнеше жaзушы шығaрмaсындa, әр түрлі әдеби нұсқaлaрдa, әр дәуірдің әдебиетінде белгілі 
бір сaрындaр қaйтaлaнып отырaды [4, 232]. 
Тәуелсіздік  жылдарындағы  қазақ  поэзиясын  зерттеген  С.  Ержанова,  Б.Майтанов,            
Ш.  Елеукенов,  Г.Орда,  Н.Ақыш,  А.Қалиева  т.б.  ғалымдар  болды.  Солардың  ішінен 
сарындарды, мотивтерді зерттеген ғалымдардың еңбегін қарастырамыз. 
Сәуле  Ержанова  «Қазіргі  қазақ  поэзиясы  тәуелсіздік  тұсында»  атты  еңбегінде 
поэзиядағы мынадай  сарындарды түсіндіреді: көктүріктер сарыны;  жыраулар сарыны; зар 
заман сарыны; ағартушылық сарын; сыншылдық сарын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет