164
селеудің ақтығы біртүрлі шырайсыздық шарпуына бөленгені анық. Шығармада одан әрі
өлім алдында жанталасқан жаралы жан сөзін естиміз:
Соқпа, сорлы жүрегім,
Шірігенді, ақ білегім!
Мұндағы «ақ» сөзі білекті ажарлау, сол арқылы лирикалық бейнені өлімге қимау
сезімін арттыруға септігін тигізуде. Себебі, әйтеуір бір көзге көрінбейтін бұлдыр тұлғаны
емес, сымбат салтанаты ақ білекті көргесін де, біз оны жоғалтқымыз келмейді. Демек,
алдыңғы шумақта «кебіндей ақ селеулер» тіркесінде біртүрлі солып семген «ақ» сөзі бұл
арада керісінше зейнеттілік дәлелі ретінде әшекейлене түскен. Сол тәрізді лирикалық бейне
толғанысы арқылы берілген:
Сауықшыл есіл елім-ай!
Сарыарқа сайран жерім-ай!
Күмістей таза суы бар
Айдын шалқар көлім-ай!
Жолдарындағы «күмістей» сөзі де судың рең әдемілігін ашумен шектелмеген. Бұл
сөздің сонымен қатар соншалық әсем судан лирикалық бейненің қол үзу мүмкіндігіне
аяныш сезімін оятуға, демек, тағы да жаралыны өлімге қимауды дамытуға бастайтыны анық.
Сондай-ақ осы сезімге жалғастырыла өрнектелген:
Қара шаш қайран жарым-ай,
Қарашығым, жаным-ай!
Құлағыма келеді
Алыстан ащы зарың-ай! –
Тармақтарындағы
«қара» сөзіне көңіл бөлсек, тағы да дағдылы өлшем жетегінде
кетпей, керісінше әсер туғызып тұрғанын аңғаруымыз керек. Мәселен, көбіне «ақ» дегенде
әдемілік, «қара» дегенде, керісінше көріксіздік ұғымын кезіктіріп келсек, мына үзіндіге
«қара» сөзі әсемдік белгісі ретінде алынғанын көреміз. Бұл әсемдік, шаштың қара болуы
арқылы нақты көрінуі, сондай перизатынан айырылуы мүмкін лирикалық бейне қасіретін
аша түсуге жетектейді. Белгілі бір сөздің белгілі бір сурет жасау арқылы мағынасы кеңеюін
«қан» сөзін қолдануынан да байқауға болады. Оған мысал,
Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ,
Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан.
Батқан күннің сәуле емес, қан шашуы. Күннің әдетте тек сәуле шашатынын
ескерсек, осынша биіктен қан шашуының өзі-ақ – соншалық үрейлі көрініс. Бастапқыда
күннің қан шашуы нақты сурет дегеннен гөрі де шартты әсірелеуге жақын. Ал одан кейін
лирикалық бейненің ауыр жағдайын бейнелеу кезіндегі
Қызыл қан сорлы адамның шыбын жаны,
Шапшып тұр жүрегінен ыстық қаны.
Шапшыған ыстық қанның нақты көрініс екені белгілі.
«Шапшу» сөзі қанның
соншалық көп мөлшерде кетіп жатқанын, демек, жаралының көз жұмар сәті жақындай
түскенін білдіреді. Шығармада одан әрі қиналған жаралы сөзінен де қан ағуы тоқтамағаны
көрінеді:
Қуат кеміп барады,
Достарыңызбен бөлісу: