Список использованной литературы:
1.
http://www.zakon.kz/4662416-kak-usynovit-rebenka-v-kazakhstane.html
2.
Кодекс Республики Казахстан. О браке (супружестве) и семье. – Алматы: ЮРИСТ,
2012. – 120с.
3.
https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=4&cad=rja&uact
=8&ved=0CDIQFjAD&url=http%3A%2F%2Fwww.bala-
kkk.kz%2Fru%2Fnode%2F3498&ei=FJEcVcyZBYSpsgGBv4SAAw&usg=AFQjCNHrf2Jistidp
70-oWaDtLSZ57OWsw
4.
http://www.nomad.su/?a=3-201402240024
УДК 342
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ
КӨКЕЙТЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР
Шакенов Бахтияр
Сулейман Демирель Университеті
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуын, экономиканың
жағдайын бақылау халық шаруашылығын басқару қызметінің маңызды аясы болып
саналады. Қаржылық бақылау, бақылау жүйесі буындарының бірі болып саналады.
Мемлекеттің осы маңызды қызметтерінің бір түрі бола отырып,, материалдық
игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет
тарапынан ықпал ету мүмкіндігін жасайтын, қаржылардың бақылау функцияларын жүзеге
асыру формасы ретінде қатысады./1/ Қаржылық бақылау, ақша қаражаттарын жүмсаумен,
дұрыс есеп жүргізумен байланысты, барлық объектілерді тексеруге бағытталған өзіндік
қызметті білдіреді.
Бақылау функциясы қаржыларды бақылау құралы (инструменті) түрінде пайдалану
үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірістегі
қаржылардың жұмыс істеуі барысында жүзеге асырылады. Егер қаржылар экономикалық
базис қатынастарын білдірсе, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, онда
қаржылық бақылау қаржыларды басқару (жоспарлаумен және талдаумен қатар)
элементтерінің бірі ретінде қондырма категория болып саналады. Егер талдау объектісі жоқ
болса, онда бақылау қатыса алмайды.
Құндық категорияларды пайдаланумен байланысты, бақылаудың ерекше саласы
ретіндегі қаржылық бақылаудың тиісті нысаналы бағыты мен белгілі бір қолдану аясы
бар./2/ Объективтілік – қаржылық бақылаудың негізі болуы тиіс, ал оған керісінше
жағдайда, оның маңызын бұрмалау орын алады.
Қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану кезіндегі (оның ішінде ақша
қаражаттары қорлары формасында) ақшалай бөлу процестері қаржылық бақылау объектісі
болып саналады. Сол мезгілде қаржылық бақылаудың қолданылуы ақша қатынастарының
неғұрлым кең шеңберіне таралады, өйткені қаржы өзге құндық категориялармен: еңбекақы
төлеумен, өнімдердің өзіндік құнымен, пайдамен, өндірістік қорлармен (негізгі, айналым),
капитал жұмсаумен тығыз байланысты болады./3/
836
Бақылаудың ерекше саласы ретіндегі қаржылық бақылаудың тиісті нысаналы бағыты
мен белгілі бір қолдану аясы бар. Объективтілік – қаржылық бақылаудың негізі болуы тиіс,
ал оған керісінше жағдайда, оның маңызын бұрмалау орын алады.
Ақшаны пайдалана отырып, ал кейбір жағдайларда ақшаны пайдаланусыз (баспа-бас
айырбас жасау мәмілелері) жасалатын, іс жүзіндегі барлық операциялар қаржылық бақылау
аясы баршаға мәлім/4/
Қоғамда қаржылық бақылау – жай ғана қадағалау, нәтижені көргісі келу ғана емес,
бұл ерекше жағдайларда дұрыс қаржы қатынастарының дұрыстығын, құнды бөлу
аясындағы заңдардың сақталуын анықтау және әлеуметтік мүдделерді қамтамасыз ету
мақсатында адамдардың, кәсіби мамандардың іс-қимылдарын растау. Бұл жөнінде
елбасының жыл сайнғы халыққа жолдауында да ерекше назарға алынады./5/
Қаржылық бақылау нақты өмірде басқару әдістерінен оқшауланбаған, ол әкімшілік,
құқықтық, техникалық бақылаумен өзарабайланысты, нақты тұлғалардың іс-қимылына
және шаруашылық, сол сияқты мемлекеттік деңгейлерде шешімдер қабылдауға қатысты
болады.
Аталмыш мемлекеттік қызмет нақтылық, пәрменділік, тұрақтылық және
күнделіктілік, жариялылық және әділдік (алаламаушылық) принциптеріне негізделеді. /6/
Қаржылық бақылау әмбебап (универсальный) болуы, ескертушілік сипатты иеленуі
тиіс, ал бақылау органдарының қызметкерлері барлық принциптерден ұстануы тиіс.
Қаржылық бақылау қоғамдағы, шаруашылық жағдайларындағы нақты мақсаттарға
жетуге бағытталған және қаржылық бақылау алдына нақты міндеттер қойылады. Егер
оларды мемлекеттік, қоғамдық мүдделер тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда бұл:
1.Мемлекет, ұйымдар мен халық алдындағы қаржылық міндеттемелердің
(салықтардың, инвестициялардың, еңбекақының, зейнетақының) орындалуын тексеру.
2.Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың өздерінің иелігіндегі ақша
ресурстарын (бюджетін және меншікті қаражатты, банктің ссудаларын, бюджеттен тыс
қаражатты) пайдаланудың дұрыстығын тексеру.
3.Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржы операцияларын жасауы, есеп
айырысулары мен төлемдері, ақша қаражаттарының сақталуы, касса тәртібін сақтауы
ережелерінің сақталуын тексеру.
4.Өндірістің ішкі резервтерін – шаруашылықтың рентабелділігін арттыру, еңбек
өнімділігін өсіру, айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету, материалдық
және ақша қаражаттарын неғұрлым үнемді және тиімді пайдалану мүмкіндіктерін анықтау.
5. Қаржы тәртібін бұзушылықтың алдын-алу және оны жою.
6.Барлық шаруашылық субъектілерінің шығындардың, есептеулердің дұрыс есебін
жүргізуі.
Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда белгіленген тәртіпте ұйымдарға, лауазымды
тұлғаларға және азаматтарға ықпал ету шаралары қолданылады, мемлекетке және
ұйымдарға келген шығынды өтеу қамтамасыз етіледі.
Қаржылық бақылау басқаруға, адамдардың тәртібіне қатысты болады. Егер қаржы
тәртібі бұзылмаған болса, онда қаржы бақылауы оң қорытынды береді.
Қаржылық бақылаудың пәрменділігін, қаржылық жауапкершілікті күшейту
проблемалары, біріншіден, қолданылатын санкциялар санын қысқартуды, екіншіден,
олардың нәтижелігін арттыруды талап етеді.
Нарықтық экономика жағдайында қаржы тәртібін, қаржы заңнамасын бұзу үрдістері
күшейе түседі, мемлекеттік меншікті пайдалануда, оны теріс мақсатта пайдалану жайлары
байқалатын болады. Сондықтан да шаруашылық өмірдегі қандай да бір болсын келеңсіз
көріністерге сенімді тосқауыл болу қаржылық бақылаудың негізгі міндеттері болып
саналады.
Осыдан көзделетіндей, мемлекет, өзінің мүдделерін, әлеуметтік әділеттікті қорғай
отырып, реттеу құралы ретінде қаржылардың бақылау функцияларының мүмкіндіктерін
837
пайдалану жолымен ұдайы өндіріс, бөлу процестеріне араласуы, қаржылық бақылаудың
формаларын, әдістерін және оны ұйымдастыруды жетілдіріп отыруы тиіс.
Қаржылық бақылау – бұл мемлекеттің мүддесі және оның араласуы ғана емес. Нақты
тәжірибеде, әсіресе әрбір кәсіпорын, сала, өңір деңгейінде, шаруашылық операциялары
аясында ақшаның қозғалысына жоғары деңгейде бақылау болуы тиіс. Қаржылық
менеджменті заң бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған. Нарық заңдарының
қаталдығы соншалықты, қаржы тәртібін бұзу қаржы бақылауының рөлін төмендетуге, одан
кейін тіпті оның күйреуіне әкеледі.
Шаруашылықты басқарудың әртүрлі деңгейлерінде ол, оны ұйымдастыруға белгілі
бір талаптар қояды.
Қаржылық бақылауды жүзеге асырушы субъектілерге қатысты, қаржылық
бақылаудың: жалпы мемлекеттік, ведомствалық қаржылық, шаруашылықішілік және
тәуелсіз (аудиторлық) қаржылық бақылау түрлері бөлінеді.
Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқару органдары
жүзеге асырады. Ол, оның ведомствалық бағыныстылығына қатыссыз, бақылауға жататын
объектілерге бағытталған.
Ведомствалық қаржылық бақылау, олардың жүйесіне кіретін (бағыныстағы,
жетекшілігіндегі, ведомствалық) кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметіне
жекелеген министрліктердің, ведомствалардың өкілеттіктері шеңберінде жүзеге
асырылады.
Ведомствалық бақылаудың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылау;
- материалдық және қаржы ресурстарын үнемді пайдалану;
- меншіктің сақталуы;
- бухгалтерлік есептің қойылу дұрыстығы;
- иесіздік, ысырапшылдық фактілерінің жолын кесу.
Шаруашылықішілік қаржылық бақылауды кәсіпорындардың, ұйымдардың және
мекемелердің экономикалық қызметтері (бухгалтериялары, қаржы бөлімдері және т.б.)
жүзеге асырады. Мұнда кәсіпорындардың өзінің, сондай-ақ олардың құрылымдық
бөлімдерінің өндірістік және қаржылық қызметі объектісі болып қатысады.
Нарықтық қатынастар жағдайында бақылаудың осы түрі мемлекеттік
кәсіпорындардағы және өзге меншік нысандарындағы коммерциялық кәсіпорындардағы
шаруашылық есеп ынталандыруларын қоса атқаруы тиіс.
Жүргізу формалары бойынша қаржылық бақылау: алдын-ала, ағымдағы және одан
кейінгі қаржылық бақылаулар болып бөлінеді. Бақылаушы органдардың басым
көпшілігінің қызметіне осындай бақылау формалары тән болып саналады.
Алдын-ала қаржылық бақылау ақша қорларының пайда болуы, бөлінуі және оны
пайдалану бойынша операциялар аяқталғанға дейін жүргізіледі, сондықтан да оның, қаржы
тәртібін бұзушылықтың алдын алу үшін үлкен маңызы бар.
Ағымдағы қаржылық бақылау – бұл ақша операцияларын жасау процесіндегі
бақылау.
Кейінгі қаржылық бақылау – қаржы операциялары жасалғаннан кейін жүзеге
асырылатын бақылау.
Қаржылық бақылауды жүргізу әдістері, яғни оны жүзеге асыру тәсілдері, әдістері
бойынша тексерулер (құжаттамаларды, есеп пен есептілік жағдайын, шоттарды тексеру),
зерттеу (обследования), қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржылық –
шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау, лауазымды тұлғалардың баяндамаларын,
хабарламаларын тыңдау, ревизия және т.б.
Қаржылық бақылау формалары мен әдістері тұрақты жетілдіріліп отырады, есептеу
техникалары базасында жаңа ақпараттық жүйелердің оларға тигізетін әсеріне белгілі бір
дәрежеде ықпал етеді.
838
Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі – ревизия (лат.revisio – қайта қарау) - өткен
белгілі бір кезеңдегі кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржылық-
шаруашылық қызметін неғұрлым толық тексеріп қарап шығу (зерттеу).
Бақылау функцияларымен бөлінген ерекше органдар мен ұйымдар қаржылық
бақылау субъектілері болып қатысады.
Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқару органдары:
Президент Аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкімет, жергілікті өкілді
органдар (депутаттар жиналысы), жергілікті әкімшілік органдары жүзеге асырады.
Аталған нақты саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларда көзделген
шығыстардың жалпы тұтастығын анықтау, алдын-ала парламенттік бақылаудың негізгі
мақсаты болып саналады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі сондай-ақ бақылау аясындағы кең өкілеттіліктерге
ие. ҚР Үкіметі, атқарушы органдар жүйесін басқара отырып, министрліктердің,
ведомствалардың құзыретіне кіретін мәселелердің бүкіл шеңбері бойынша олардың
қызметіне басшылық жасау мен бақылауды жүзеге асырады, заңдардың, Президент
актілерінің орындалуын бақылайды.
Барлық сатылардағы өкілді органдар (мәслихаттар-депутаттар жиналысы)
бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді қарау және бекіту процесіндегі
қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
Жалпы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға, сондай-ақ қаржы
Министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жатады. Солардың ішінде Қаржы
министрлігімен ерекше орын алады.
Республиканың министрліктері мен ведомствалары, жергілікті әкімшілік
басқармалары (бөлімдері) өздеріне бағынысты кәсіпорындарға, ұйымдарға және
мекемелерге ведомствалық қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Қаржы жоспарларының,
ревизиялар мен тексерулердің жобаларын қарау бақылау объектісі болып қатысады.
Қазіргі кезеңдегі Республикадағы қаржылық бақылау, қоғамның экономикалық
өмірінің әртүрлі аяларындағы күрделі және алуан түрлі міндеттерді шешуге бағыттала
отырып, мемлекет тарапынан осы мәселенің тиімді жақтарын арттыруда жан-жақты
реформалар әзірленіп жүзеге асыру көзделіп отыр./7/
Пайдылынылған әдебиеттер тізімі:
1.
Алимов Н.Т., Мемлекеттік қызмет мемлекет басшысының назарында тұр. // Айқын газеті
№225 (1406) 2 желтоқсан 2013ж
2.
Жұмабайқызы Г. Кадр саясатын қалай көтереміз? // Егемен Қазақстан 18 шілде 2014жыл
3.
Романов В.Л Социальный вектор государственной службы. – М., 1997
4.
Дятлов В.А., Кибанов А.Я., Государственная служба: теория и организация. Курс лекций.
Ростов-на-Дону: «Феникс», 1998. 200стр
5.
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.
Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Егемен Қазақстан, - 2011жыл, 28-қаңтар.
6.
Пихало В.Т. Государственная служба (комплексный подход): учебное пособие. – М.: «Дело»,
1999.5-7стр
7.
Алдижаппаров Н.К., Әкімшілік реформаның негізгі бағыттары қандай?//Заң газеті, 18 ақпан
2015
839
УДК 31.342.3
АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.
Бржанова Айжан Канатовна
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері
Университеті
Түйіндеме.
Бұл мақалада адвокаттық қызметті ұйымдастырудың нысандарының қызметтеріне
талдау жасалды. Адвокаттық қызметтің азаматтарға қол жетімділігін жетілдірудің
негіздеріне саралау жүргізіліп, адвокаттық қызметті жетілдірудің маңыздылығы
талқыланды.
Кілт сөздері: адвокат,лицензия, адвокаттар алқасы, адвокат кеңсесі, заң
консультациясы.
Аннотация
В этой статье сделан анализ организации служб адвокатской деятельности.
Анализирован доступность адвокатской деятельности к гражданам и обсужден значимость
развития адвокатской деятельности.
Ключевые слова: адвокат, лицензия, адвокатская коллегия, адвокатская контора,
юридическая консультация.
Қазақстан Республикасының адвокатурасы адамның құқықтарын, бостандықтарын
сотта қорғауға және білікті заң көмегін беруге мемлекет кепілдік берген және Қазақстан
Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқықтарын жүзеге асыруға
жәрдемдесуге арналған мекеме.
Азаматтардың барлық жағдайда құқықтары мен бостандықтарын заң тұрғысынан
көмек беріп, қорғайтын бірден бір жеке тұлға адвокат болып табылады.Адвокат әркімге
белгілі-жалпы азаматтарға заңдық көмек беруші тұлға болғандықтан өз өкілеттігін жүзеге
асыруда басты міндеті азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау арқылы жүргізеді.
Адвокат
-
адвокаттық қызмет шегінде кәсіптік негізде заңдық көмек көрсететін,
адвокаттар
алқасының
мүшесі
болып
табылатын
азамат. Адвокат-Қазақстан
Республикасының азаматы,міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын
және заң көмегін көрсететін адам.Жоғарғы заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша
жұмыс стажы 2 жылдан кем емес және адвокаттық қызметтті жүзеге асыру құқығына
лицензия алған адам адвокат бола алады.Бұрын басқа заң саласында жұмыс істеген болса
бұл мерзім 6 ай болып есептелді.Адвокат болғысы келген заң мамандары әділет министрлігі
бекіткен біліктілік комиссиясына арыз өтініш жазып адвокаттық қызметпен айналысу
лицензиясын ала алады.Ол ушін біліктілік сынағынан өту қажет.
Заңды көмек көрсеткені үшін алынатын сыйақысы гонарары оның жеке есеп шотына
аударылып отырады.Өйткені адвокат банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар,жеке
мөр,мөртабандар,жеке бланкілер иеленуге құқылы.Кәсіби қызметті жеке дара жүзеге
асырушы адвокат заңды көмек алуға тілек білдірген тұлғамен келісім арқылы шартқа
отырып, іске қатысуға ордер арқылы емес, нотариалды куәландырылған сенімхат арқылы
шартпен қатысады. Бірақ ол да Адвокаттық қызмет туралы заңдар бойынша міндеттемелер
атқарады.Жеке қәсіби қызметпен айналысатын адвокаттар еңбегінен салық салу Қазақстан
Республикасының Салық кодексімен жүзеге асырылады.Салық және басқа төлемдерді
төлеп тұрғаны туралы қаржылық қызметтерінің есептерін салық органдарына
көрсетіп,мәлімдеп отырады.
840
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» Заңына байланысты
адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары үш түрге бөліне отырып жүзеге асырылады.
Олар: 1. Адвокаттар алқасы - адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар
құрылады.
Адвокаттар алқасы жеке және заңды тұлғаларға бiлiктi заң көмегiн көрсету үшiн,
адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, осы Заңда
белгiленген өзге де мiндеттердi орындау үшiн құрылатын адвокаттардың коммерциялық
емес, кәсiби, өзiн-өзi басқаратын және өзiн-өзi қаржыландыратын ұйымы болып
табылады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында
адвокаттардың бiр ғана алқасы құрылып, жұмыс iстеуге тиіс, ол басқа облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық
бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы емес.Облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттар алқасы болмаған
жағдайда, ол осы талаптарына сәйкес келетiн кемiнде он құрылтайшының
бастамашылығымен құрылады.[1] Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттiк органдардың
арнайы рұқсаты талап етiлмейдi. Адвокаттар алқасының негiзгi мiндеттерi:
адвокаттық қызметтi жүзеге асыру кезiнде алқа мүшелерiне жәрдемдесу, кәсiби көмек
көрсету
және
оларды
қорғау;
алқа мүшелерiнiң қызметiн материалдық-техникалық және анықтамалық ақпараттық
қамтамасыз
ету; адвокаттық
қызметтi
жүзеге
асыруға
кәсiптiк
бақылауды
ұйымдастыру; алдын ала тергеу және сот органдарының белгiлеуi бойынша тегiн заң
көмегiн көрсету (осы Заң мен қорғауды ұйымдастыру болып табылады.[2]
Адвокаттар
алқасы
заң
консультацияларын
құрады.
Адвокаттар
алқалары
Республикалық
адвокаттар
алқасына
бірігеді.
2.Адвокат кеңсесi - мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып
табылады. Адвокат кеңсесi адвокаттардың заң көмегiн көрсетуiнiң материалдық,
ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында
құрылады
/ұйымдастырылады/.
Адвокат кеңсесiн адвокаттар алқасының мүшесi (мүшелерi) құрады. Адвокат тек бiр ғана
адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алады. Бiр адвокат құрған
адвокат кеңсесi өз қызметiн Жарғының негiзiнде жүзеге асырады. Адвокат кеңсесiн
бiрнеше адвокат құрған жағдайда Құрылтай шарты да құрылтай құжаты да болуы мүмкiн.
Адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (құрылтайшылары) мемлекеттiк тiркеуден өткен соң
күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы тиiстi адвокаттар алқасын жазбаша хабардар етуге
және адвокат кеңсесiнiң құрылтай құжаттарын оның иелігіне ұсынуға мiндеттi.Адвокат
кеңселерiн құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.
3.Заң консультациясы- азаматтарға білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз
ету үшін адвокаттар алқасының төралқасы заң консультацияларын, оның ішінде
мамандандырылған заң консультацияларын құрады. Заң консультациясы орналасатын
жердi
адвокаттар
алқасының
төралқасы
белгiлейдi.
Заң консультациясы адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлiмшесi (филиалы) болып
табылады. Оның өз атауы мен тиiстi адвокаттар алқасына тиесiлiлiгi белгiленген мөрi мен
мөртаңбасы, заң көмегiн көрсетудi ұйымдастыру үшiн қажеттi өзге де атрибутикасы
болады. Заң консультациясы адвокаттар алқасының жалпы жиналысы (конференциясы)
бекiткен Ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды. Заң консультациясын адвокаттар алқасының
төралқасы тағайындайтын меңгерушi басқарады.
Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет туралы Заңы бойынша Адвокат өз
қызметін заң консультациясы арқылы жүзеге асыруға не дербес немесе басқа
адвокаттармен бірлесіп, сондай-ақ заңды тұлғаны тіркемей-ақ жеке дара адвокаттық кеңес
құруға
құқылы
делінген.[3].
841
Жоғарыда айтылған негіздері саралай келе өзмнің саралауым бойынша бірнеше пікір
ұсыныс жасағым келеді.
Біріншіден,Жеке адвокаттардың қызметіне ақы төлеу мөлшерін заңи тұрғыда
бекіту.Себебі:Қазақстан
Республикасының
кез-келген
азаматы,жеке
тұлға,заңды
тұлға,мемлекеттік қызметкерлер адвокаттық қызметті заңға сәйкес тең дәрежеде өздерінің
құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып кеңес алады.Адвокаттық қызметке ақы
төлеу мөлшері тең дәрежеде болмағандықтан көбінесе азаматтардың құқықтары мен заңды
мүддесі бұзылып жатады,яғни кейбір жағдайда қарапайым халықтың құқығы мен заңды
мүдделері заңға сәйкес корғалмай жатады.
Екіншіден,Біліктілік емтихандарын қатаң бақылау.Адвокаттық қызметпен айналысқысы
келетін мамандарға лицензия алуда кем деген де 5 жылдық тәжірбиесі болуы керек,адвокат
қызметті жүзеге асыру үшін үміткерлердің адвокаттар алқасының ұзақтығы 2 жыл жұмыс
жүргізіп біліктігін арттыру қажет.Ал аттестаттаудың өту мерзімі кем деген де 3 жыл сайын
мемлекеттік аттестаттаудан өткізу керек.
Үшіншіден,Жеке адвокаттардың қызметтеріне қатаң бақылау жасау.Жеке адвокаттық
қызметті кәсіпкерлік қызметтің бір нысаны ретінде заңда бекітілген негіздерде ауытқулар
кездесуде.Сондықтан да осындай олқылықтарды болдырмас үшін арнайы қатаң қадағалау
шеңберін нығайту қажет .Осы аталған ұсыныстар республикамыздың Парламетінде
талқылауда жатқан Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңға
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында өз көрінісін тапса екен деген
тілегім бар.Осы ұсыныстар заңға сәйкес орындалып жатса еліміздің адвокаттық қызмет
туралы заңы жоғары дәрежеге ие болып азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері
жоғарғы дәрежеде қорғалады деген сенімін бар.
Достарыңызбен бөлісу: |