Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет110/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   135

(16) 

   


Если говорить более четко, то почему бы не расширить полномочия следственного 

судьи  до  мировых  норм,  при  этом,  не  сильно  зажимая  права  Прокуратуры?  Тенденция 

расширения судебного контроля над досудебным производством не остановить, однако она 

обязана  согласовываться  с  существующей  смешанной  моделью  уголовного  процесса  в 

Казахстане  и  сочетаться  с  конституционной  ролью  прокурора  в  уголовном 

судопроизводстве. Наличие судебного контроля над досудебным расследованием ни в коем 

случае не должно создавать препятствий для движения, а так же полной реализации всех 

принципов  уголовного  процесса.  В  связи  с  этим  наиболее  рациональным  решением 

представляется  равномерное  распределение  полномочий  и  разумное  разграничение  прав 

между  прокуратурой  и  судом,  достаточных  для  эффективной  защиты  граждан  и 

осуществления  задач  стоящих  перед  ними.  Законодательное  урегулирование 

взаимоотношений прокуратуры с органами судебной власти, дифференциация полномочий 

суда  и  прокурора  в  уголовном  процессе  должны  основываться  на  конституционных 

принципах с учетом функционально-правовых аспектов деятельности суда и прокуратуры 

в уголовном процессе. Это позволит

Во-первых,  исключит  возможность  предвзятого  отношения  прокурора  против 

подозреваемого, обвиняемого, если он участвовал в решении вопросов, ограничивающих 

конституционные права и свободы граждан в ходе предварительного расследования;  

Во-вторых,  обеспечит  соблюдение  конституционных  прав  и  свобод  граждан,  а  в 

случае  если  санкционирование  будет  исходить  от  следственного  судьи,  то  не  будет 

возникать  вопросов  по  поводу  беспристрастности  и  незаинтересованности  в  принятии 

решений. 

В-третьих, значительно облегчит работу адвокатам. 

Институт  судебного  контроля  дополнил  существующую  систему  контроля  за 

законностью  предварительного  следствия  и  дознания  и  сложившуюся  систему  гарантий 

личности  на  предварительном  следствии:  ведомственный  контроль  органов  следствия  и 

дознания,  прокурорский  надзор  и  последующий  судебный  контроль  являются  наиболее 

оптимальными для современного уголовного процесса.  

В  заключении  хотелось  бы  отметить,  что  почти  все  новеллы  Проекта  –  нормы, 

имплементированные  из  международной  практики  и  международных  договоров. 

Казахстан, как и остальной мир активно входит в эру глобализации, эпоху перемен. На наш 

взгляд,  изменения  в  уголовно-процессуальном  законодательстве  очень  важны  и 

своевременны.  Наше  старое  уголовное  законодательство,  которое  было  построено  на 

советской  системе,  изжило  себя  и  не  может  применяться  в  нынешних  реалиях,  где 

соответствие  мировым  стандартам  является  эталоном  примата  закона.  Также,  замена 

прокурорского  надзора  и  совершение  прокурором  отдельных  следственных  действий 

уголовного  преследования  судебным  контролем  созвучна  с  некоторыми  нормами 

Декларации  прав  и  свобод  человека  и  гражданина,  других  международных  норм  о 

положительной  деятельности  суда  как  независимого  органа,  осуществляющего  контроль 


817 

 

над досудебным производством. Нужно строить демократическое, правовое, справедливое 



государство. Государство, которое было бы заинтересовано в защите наших гражданских 

прав, реализации свобод и интересов. Государство, которое по-настоящему ставит  права 

своих граждан выше своих собственных интересов. 

 

Литература: 

1.

 

http://www.zakon.kz - .Назарбаев подписал Уголовно-процессуальный кодекс 



2.

 

http://www.kursiv.kz  -  Меркель  рассказал  о  нововведениях  в  УК  и  УПК  РК  –  автор  - 



Жаркынай АЛИЕВА 

3.

 



http://advokatura.kz  -  Проект  уголовно-процессуального  кодекса  республики  Казахстан. 

Автор – Ануар Тугел. 

4.

 

Гуценко К.Ф., Головко Л.В., Филимонов Б.А. Уголовный процесс западных государств. – 



М., 2002.  С. 294. 

5.

 



Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Российской Федерации. – СПб.,  2003. 

С. 21-22. 

6.

 

http://urgazeta.kz/rus/articles/616  -  А.  АКЫЛБАЙ,  судья  районного  суда  №  2  Есильского 



района г. Астаны  

7.

 



Следственный судья в проекте нового УПК Республики Казахстан –автор - Идиров Ерлан 

Илишевич – статья из рублики «судебная реформа» 

8.

 

http://m.tengrinews.kz – автор – Роза Есенкулова 



9.

 

Анализ  опыта  Франции  по  регламентации  судебного  контроля  на  досудебных  стадиях 



уголовного процесса – автор -  Докторант Ph.D Амиргалиев А.А. 

10.


 

http://nurotan.kz - Р.Сарпеков: «Я требую адвоката! Теперь и в Казахстане» 

11.

 

http://urgazeta.kz - За профессионализм и верность долгу – автор Оксана Даирова 



12.

 

Босхолов С.С. Основы уголовной политики. М. ЮрИнфоР. 1999. С. 275. 



13.

 

Скуратов Ю.И. Разрушать или реформировать? 1995. № 7. С. 52.  



14.

 

Воскресенский В. и Кореневский Ю. Состязательность в уголовном процессе // Законность. 



1995. № 7. С. 9.  

15.


 

http://kalinovsky-k.narod.ru/b/smir/smir_4_4.htm 

 

 

УДК 341.1/8 



 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА СОҒЫС ЖАСАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ШЕКТЕУ 

 

Иманжупаров Ж.К 

Сулейман Демирель атындағы Университет 

Ғылыми жетекші: Маханова Қ., з.ғ.к., доцент 

 

Соғыс адамзат тарихының айтарлықтай бөлімін құрайды. Расында адамзат Жер бетіне 

келгеннен бастап пайда табу үшін басқаларға үстемдік ету жайлы ойланып келеді. Бірде-

бір  адам  басқа  біреудің  оған  үстемдік  етуін  қабылдамайтын  болғандықтан,  адамдар 

арасында соғыс пен қақтығыс басталды. Бастапқыда садақ, балта мен найза сынды алғашқы 

қарулар  пайдаланылатын.  Бірақ  уақыт  өте  келе  адамның  өміріндегі  дамулардың 

(жетістіктерінің) арқасында бұл суық қарулар танк пен зеңбірекке айналды. Сөйтіп соғыс 

әдісі  өзгерді.  Адам  қарапайым  түрде  еңбек  етіп,  дұшпанына  көп  шығын  келтіре  алатын 

болды.  Дамыған,  жаңа  технологиялардың  пайда  болуының  арқасында  қару  шығару  да 

кеңейіп,  жаппай  қырып-жоятын  қару  сынды  қару-жарақтар  ортаға  келді.  Ядролық 

бомбалар,  химиялық  және  микробиологиялық  қарулар  осы  топқа  жатады.  Көп  адамды 

өлтіріп,  адамның  еңбегімен  жасалған  заттар  мен  қоршаған  ортаға  көп  шығын 

келтіретін қарулар «жаппай қырып-жоятын қару» деп аталады. Қарулардың бұл түрі 


818 

 

қазіргі ұрпақпен қоса, адамның болашақ ұрпағына да қауіп-қатер тудырады. Өйткені 



бұл зиянды салдар көп уақытқа дейін сақталып қалады.  

Көп  адамды  өлтіріп,  адамның  еңбегімен  жасалған  заттар  мен  қоршаған  ортаға  көп 

шығын келтіретін қарулар «жаппай қырып-жоятын қару» деп аталады. Қарулардың бұл түрі 

қазіргі ұрпақпен қоса, адамның болашақ ұрпағына да қауіп-қатер тудырады. Өйткені бұл 

зиянды  салдар  өзін  біраз  уақыт  сақтап  қалады.  Мұндай  қарулардың  қауіп-қатері  мен 

салдарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. 

Жапонияның  Хиросима  мен  Нагасаки  қалаларының  атомдық  бомбамен  бомбалануы 

тарихи оқиғасында 200 мың адам қаза тапты. Бұл есеп оқиғадан кейінгі жылдары обыр және 

басқа да ауруларға шалдығу мен радиоактивті заттардың адам бойына әсер ету салдарынан 

қаза  болған  жандардан  басқа.  Жарылыстан  бірнеше  жыл  өткен  соң  мыңдаған  кемтар, 

мүгедек сәбидің дүниеге келуі мен өмірін қайғы-дертпен өткізулері осы оқиғаның тағы бір 

бөлімі болып табылады.(3) 

Жаппай  қырып-жоятын  қарулардың  арасында  химиялық,  микробиологиялық  және 

атомдық  қарулар  «күрделі  қарулар»  деп  аталады.  Бұлардың  ішінде  атомдық  қарулар  ең 

зиянды  қару  болып  табылады.  Радиоактивті  атомның  жарылыс  пайдаланылып,  ядролық 

жарылыс  немесе  басқа  да  өзгерістің  салдарынан  заттарды,  қоршаған  ортаны  жоғары 

деңгейде қирата алатын немесе зиян келтіретін қарулар  «атомдық қарулар» деп аталады. 

Бұл  қарулардың  бірінші  және  екінші  буынына  атомдық  және  термоядролық  бомбалар 

жатады.  Бұлар  1940-1950  жылдар  аралығында  шығарылды.  Қазірге  дейін  сынақ  үшін 

жарылған  термоядролық  бомбалардың  ең  күштісінің  қуаты  Хиросимада  жарылған 

бомбаның күшімен салыстырғанда 2500 есе артық.  

Ядролық  қарулардың  үшінші  буыны  нейтрондық  бомбалар  сынды  бірнеше  түрлі 

ядролық  қаруларды  қамтиды.  Бұл  қарулар  1960-1980  жылдары  өндірілді.  Америка 

нейтрондық бомбаларды қырғи ұшақтарға қарсы стратегиялық қару ретінде шығарды. Бұл 

қарулардың  бір  түрі  Американың  құрлықаралық  баллистикалық  қырғи  зымырандарды 

бақылау  үшін  өндірілді.  Бірақ  ядролық  қарулардың  төртінші  буынының  технологиялық 

сипаттары адамды таң қалдырады. Бұл қарулар супер-лазер сынды дамыған технологиялар 

арқылы шығарылады. Қарудың бұл түрі бірнеше кг немесе метрден тұратын жеңіл әрі тым 

кішкентай арнайы қорғаныс арқылы іске асырылады. Бірақ аталмыш қарудың қирату күші 

ондаған тонна жарылғыш заттың күшімен тең. Сонымен қатар нысанаға алу қабілеті өте 

жоғары.  Жүргізілген  бақылаулардың  нәтижелеріне  қарағанда,  ядролық  қарулардың 

төртінші буынының қирату күші жүзден азырақ метр қашықтықта әрбір тонна жарылғыш 

зат  сол  қашықтықтағы  адам  денесінің  температурасын  24  градусқа  дейін  арттырып, 

шамамен 60 градусқа жеткізеді. Мұның нәтижесінде адам бір сәт естен танып, бірден өлімге 

ұшырайды. 

Жаппай  қырып-жоятын  қарулардың  арасында  күрделі  қарулардың  бірі  биологиялық 

қарулар болып табылады. Бұл қарулардағы бактерия, вирус, микроп пен т.б. заттар дене 

ішінде таралып, адамды, жануар мен өсімдіктерді (жалпы тірі затты) ауруға немесе өлімге 

ұшыратады.  Қазіргі  кезде  топалаң,  шешек  және  оба  ауруларын  тудыратын  факторлар 

дүниежүзінде биологиялық қарулардың ең қауіпті зияндарына жатады. 

Шешек ауруы - адам мен жануарларға тән ескі аурулардың бірі. Бірақ қазіргі кезде бұл 

аурудың көзі жойылғандықтан, шешек ауруының вакцинасын егудің қажеті жоқ. Алайда 

АҚШ  пен  Ресей  бұл  вакцинаны  өздерінің  микроптық  коллекцияларында  сақтап,  әлемге 

таратылмас үшін арнайы жағдайда сақтауда дейді. Олар бұл аурудың үлгілерін микроптық 

қаруларында пайдаланған болатын. Бірақ алпауыт державалардың тойымсыздығына көңіл 

бөле, олардың сөздеріне толықтай сенуге болмайды. Өйткені қауіпті бұл вирусты сақтау 

үшін бірде-бір себеп жоқ. Шешек ауруының вирусы қысқа уақыттың ішінде көп адамның 

ажалына себеп бола алады. Америка әуе күштерінің мәлімдемесі бойынша, егер 3 млн адам 

осы вируспен уланса, 2 айдың ішінде 1 млн адам өлімге ұшырайды. 

Қауіпті  оба  ауруы  да  –  адам  мен  жануарларға  ортақ  аурулардың  бірі.  Бұл  ауру  осы 

ауруға  шалдыққан  науқастардың  90-100  пайызын  өлімге  ұшырата  алады.  Аталмыш  ауру 


819 

 

дем  алу  жолдары  арқылы  жұғады.  Қазіргі  уақытқа  дейін  бұл  вирусқа  қарсы  екпе 



шығарылмаған. 1347 жылы Еуропада оба ауруының кеңінен таралуының салдарынан бұл 

құрлықтың 25-35 пайыз тұрғынын өлімге ұшыратты. 

Топалаң  ауруы  –  адам  мен  жануарлар  арасында  кездесетін  жұқпалы,  қауіпті  ортақ 

аурулардың бірі. Тіпті жел соқпай, күн ашық кезде тұрғын аймақта 100 кг топалаң вирусын 

тарату арқылы биологиялық шабуыл үш миллионнан астам адамның өліміне себеп болуы 

мүмкін.(4) 

Химиялық қару да күрделі қарулар тобына жатады. Химиялық қарулар газ, сұйық және 

қатты  күйде  адам,  жануарлар  мен  өсімдіктерді  уландыру  үшін  қолданылатын  барлық 

химиялық  заттарды  қамтиды.  Химиялық  қаруды  таратпау,  өндірмеу,  сақтау  және 

пайдалануға  тыйым  салатын  конвенцияда  химиялық  қарулар  осылай  сипатталған.  1915 

жылы Германия химиялық қаруды алғаш рет пайдаланған кезде дүниежүзілік қауымдастық 

бір ауыздан бұл әрекетті айыптады. Сол себепті 1919 жылы Версаль хаттамасын дайындау 

кезде  хаттаманың  17-бабында:  «Тұншықтыратын,  уландыратын  газдар  мен  осыған  ұқсас 

барлық сұйық заттарды пайдалануға тыйым салынады»,- деп жазылды. 1925 жылғы Женева 

протоколының  алғы  сөзінде:  «Өркениетті  әлемде  дүниежүзілік  қауымдастық  химиялық 

және биологиялық қаруларды жек көреді. Сондықтан бұл қаруларды пайдалануға тыйым 

салу халықтардың  ожданына сәйкес келеді»,- деп қуатталған. Халықаралық протоколдар 

мен  хаттамаларда  келтірілген  тыйым  салулар  мен  талпыныстарға  қарамастан,  АҚШ 

Вьетнамдағы  агрессиясында  Оңтүстік  Вьетнамдағы  ұлт-азаттық  қозғалыспен  соғыста 

жеңіліске  ұшыраған  соң  осы  ел  халқына  қарсы  химиялық  және  биологиялық  қаруларды 

қолданды.  Қауіпті  биологиялық  қарулардың  салдары  әлі  күнге  дейін  осы  елді  мекеннің 

табиғаты мен бүгінде дүниеге келіп жатқан ұрпақтарының бойынан анықталып отыр. 1980 

жылдары  Ирактың  Иранға  қарсы  таңылған  соғысында  Батыстың  қолдауының  арқасында 

химиялық  қаруларға  жеткен  Ирак  диктаторы  Саддам  Иран  халқы  мен  жауынгерлеріне 

қарсы  түрлі  қауіпті  қарулар  пайдаланды.  Бұл  қарулар  ішектердің  күшті  қабынуы,  кома, 

көздің шырықты қабығының  ісігі,  лоқсу, дем  алудың алдын алу, соқырлық, теріге күшті 

жара шығу сынды түрлі ауруларға, кейін өлімге душар етті. 

Қарулы қақтығыс – бір-біріне қарсы тұрған күштер арасындағы әскери қимылдар. Онда 

белгілі  бір  саяси,  экономикалық,  әскери,  т.б.  мақсаттарға  жету  үшін  ұйымдасқан  түрде 

қарулы  соғыс  құралдары  қолданылады.  Қарулы  қақтығыс  кезінде  мемлекеттер  әр  түрлі 

мүдделерді көздейтін саяси күштер, әлеуметтік топтар арасындағы қарама-қайшылықтарды 

шешуді  мақсат  етеді.  Әлеуметтік-саяси,  ұлттық,  діни,  аймақтық  және  басқа  негіздерде 

қарулы  күреске,  әскери  жанжалға  ұласып,  адам  шығындарына  әкелуі  мүмкін.  Қарулы 

қақтығыс  мемлекеттің  қоғамдық-саяси  дамуына  кері  әсер  етіп,  оның  ішкі  қауіпсіздігіне, 

саяси тұрақтылығына нұқсан келтіреді.  

Сонымен  қатар,  «соғыс»  деп  бір  жыл  ішінде  кемінде  1000  адамның  (әскери  қимылдарға 

тікелей қатысушылар - комбатанттардың - және, мәселен, комбатанттар арасьшдағы әскери 

қимылдар  нәтижесінде  қаза  болған  қарапайым  азаматтардың)  тікелей  мертігуіне  алып 

келген тек масштабты және қарқынды қақтығыс саналады. 

Қақтығыс  пен  соғыстың  бұл  анықтамасы  қолданбалы  сипатқа  ие  және  ең  алдымен 

қарулы  кақтығыстардың  негізгі  параметрлер  жайлы  ақпарат  жинау  мұқтаждығына 

негізделген.  Бірақ соңғы екі онжылдық ішінде «қарулы қақтығыс» түсінігінің мәні өзгерді. 

Ауғанстан,  Ирак,  Судан  немесе  Шри-Ланкадағы  қазіргі  соғыстар  тіпті  сандық 

көрсеткіштері  бойынша  да  Кореядағы  (1950-1953),  Вьетнамдағы  (1955-1975)  соғыстар 

немесе  Иран-Ирак  соғысы  (1980-1988)  сияқты  масштабты  конвенциялық  соғыстармен 

ешкандай салыстыруға келмейді. Сол себепті осындай утилитарлық анықтаманың қазіргі 

заманғы қарулы қақтығыстар сипатының принциптік өзгерістеріне тек аз мөлшерде ғана 

қатысы бар.(1) 

Қазіргі заманғы халықаралық құқықта мемлекеттерге дауларды соғыс арқылы шешуге 

тыйым  салынған,  агрессивті  соғыс  халықаралық  құқықпен  тыйым  салынған,  соғысқа 



820 

 

дайындалу, бастау және жүргізу халықаралық қылмыс болып табылады. Соғысты жариялау 



агрессия  ретінде  есептеледі.  Басқыншылық  соғысты  бастау  халықаралық-құқықтық 

жауапкершілікке  әкеп  соғады.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  көптеген  қарулы 

қақтығыстар  пайда  болды,  бірақ  олар    жарияланған  жоқ.  Кейбір  қарулы  қақтығыстар 

дипломатиялық  және  шарттық  қарым-қатынастар  сақтала  отырып  жүзеге  асты.  Осының 

барлығы «Қарулы қақтығыс»  жаңа тұжырымдамасының пайда болуына алып келді. 

Сонымен,  соғыс  пен  қарулы  қақтығыстың  құқықтық  анықтамасы  қандай?  Белгілі 

болғандай,  соғыс  дегеніміз  —  бұл  әлеуметтік-саяси  кұбылыс,  мемлекеттердің, 

халықтардың.  әлеуметтік  топтардың  өзара  қатынастарының  күрт  өзгеруімен  және 

саяси максаттарға кол жеткізу үшін карулы күш көрсету кұралдарын ұйымдасқан түрде 

қолданумен байланысты болып келетін коғамның ерекше күйі. Тактика тұрғысынан алып 

қарағанда,  соғысқа  «мемлекеттердің  екі  және  одан  да  көп  дербес  топтарының 

арасындағы,  уакыт  бойынша  ұзақ  болып  келетін  және  өздерінің  материалдық, 

әлеуметтік,  саяси  немесе  психологнялық  жағдайын  жақсарту  мақсатында  немесе  тірі 

калу мүмкіндіктерін жүзеге асырумен барлық топ немесе көп жағдайда соның бір бөлігі 

қатыстырылатын  санкция  берілген  ұйымдастырылған  әрекеттерді  тудыратын 

қарсылас»  ретінде  анықтама  беріледі.

Көптеген  саясаткерлер  мен  соғыс  мамандарының 

пікірінше,  соғыс  пен  қарулы  қақтығыстың  арасындағы  шекара  шартты  болып  келеді. 

Мұнымен  келісуге  болады.  Алайда,  солардың  арасындағы  өзгешелікті,  сондай-ақ  осы 

әлеуметтік құбылыстардың әрқайсысының қоғам өмірінде алатын орны мен рөлін анықтауға 

мүмкіндік беретін бірқатар елеулі критерийлер орын алуда. 

Бүкіл адамзат тарихында соғыстар ең қауіпті әлеуметтік құбылысқа айналғаны құпия 

емес.  Осы  соғыс  салдарынан  бұрын  да  қазіргі  кезде  де  адамдар,  ең  алдымен  бейбіт 

түрғындар  канмен  қаза  болуда,  солардың  арасында  әйелдер  мен  балалар  ерекше 

қорғалмағандар санатында калып отыр. 

Мысалы,  ең  соңғы  мұрағаттық  мәліметтердің  есебімен  Реcей  Қарулы  күштері  Бас 

штабының  қызметкерлері  бүкіл  соғыс  тарихында  ең  қанды  соғысқа  айналған  екінші 

дүниежүзілік  соғыстың  төрт  жыл  ішінде  қаза  болғандар  туралы  мәліметтерді  келтіруде: 

Кеңес Армиясының орны толмас шығыны 11944 100 адамды құрады, соның ішінде 6 885 

000 адам қаза болған, 4 550 000 із- түзсіз жоғалған, тұтқындалған. Жалпы алғанда Кеңес 

Одагы  26  600 000  азаматынан  айырылған.  Соғыс  жылдарындагы  соғыс  әрекеттеріне 

барлығы 34 476 700 кеңестік әскери қызметкер қатысқан. Бұл жағдайда соғыстың үш жылы 

ішінде  (маусым  1941  -  маусым  1944  жж.)  Германиядағы  адам  шығыны  6.5  миллион 

өлтірілген, жараланған және із-түзсіз жоғалғандарды құрады. Ең үлкен шығынға ол КСРО-

ға қарсы соғысу кезінде арқалады. 1941 жылдың жазында 742 мың неміс әскері қаза болған, 

ал Польша, Франция, Англия, Норвегия, Бельгия, Голландия, Дания мен балкан  елдеріне 

қарсы  соғыста  Германия  418  805  әскерінен  айырылған.  Өкінішке  орай,  шағын  қарулы 

қақтығыстар  кезінде  қанша  адамның  қаза  болатынына  көңіл  аударатындар  аз.  Мысалы, 

Шешен  Республикасының  жерінде  11  жыл  бойы  жүргізілген  соғыс  әрекеттерінде  қанша 

бала  қаза  болған.  Американдық  әлеуметтанушы  А.  Бабенышевтың  тәуелсіз  зерттеуіне 

сәйкес,  аталмыш  қақтығыстағы  еркектердің  жалпы  ең  жоғары  шығыны  31189  адамды 

құрайды. Шешенстанның әйел тұрғындарының шығыны 4540 адамды құрады. Ал 292 мың 

баланың ішінде жасы 14 жастан кіші балалардың ұрыс кезінде шамамен 615-і көз жұмған. 

Нәтижесінде, әлеуметтанушы соғыс әрекеттерімен 26 808 еркектің өлімін, ал аурулардан ең 

жоғаргы дәрежедегі өлім-жітіммен — 4381 еркектің өлімін байланыстыруда. Әйелдерден 

соғыс  әрекеттерінде  көз  жұмғандардың  саны  3990  адамды,  ал  медициналық  себептерге 

байланысты  қайтыс  болғандар  саны  550  адамды  құрайды.  Балалардың  ең  жоғарғы 

дәрежедегі  шығына  да  соғыс  әрекеттерімен  байланысты  болып  келеді.  Сірә,  әйелдердің 

басым бөлігі әскери қақтығыстарда емес, елді мекендерді бомбалау мен ракетамен атқылау 

кезінде  қаза  болған  болар.  Еркектердің  осыншама  бөлігі  дәл  осындай  себептермен  көз 

жұмған деп болжауға болады. Осылардың қатарына балалар шығыны да жатады. Тұтастай 


821 

 

алып қарағанда, қысым көрсетілуші халықтарды қорғау қоғамының мәліметтеріне сәйкес, 



соғыс  кезінде  Шешен  Республикасы  бойынша  50  мың  бала  жетім  қалып,  10  мың  бала 

мүгедек  болып  қалған.  Ал  UNICEF  мәліметтері  бойынша,  1994  және  2004  жылдар 

аралығында  минаға  жарылудың  нәтижесінде  Шешенстанда  717  бала  зардап  шегіп,  114-і 

қаза болған. Жалпы алғанда, XX ғасырдың соңы бала құқығы мен гуманистік халықаралық 

конвенцияларды  қабылдау  туралы  мәселенің  көтерілуі  нәтижесінде  балалардың  қол 

сұғылмаушылық  мәртебесінен  айырылуымен  аяқталды  деп  қорытынды  жасауға  болады. 

Өкінішке орай. казіргі халықаралык кұкыкта күш колданбау немесе кокан- лоқы көрсетпеу 

қағидасының  императивтік.  жалпыға  бірдей  міндетті  болып  табылатын  қағида  санатына 

жатқызылғанына  қарамастан,  адамзат  соғыстан  құтылудың  бірегей  формуласын  немесе 

дәрісін ойлап шығармағандығын мойындау керек.(2) 

Соғыс  белсенділігінің  кейбір  көрсеткіштерінің  төмендеуіне  қарамастан,  халықтың 

гуманитарлық қауіпсіздігіне төніп тұрған қауіп азаяр емес, ал кейбір параметрлер бойынша 

тіпті  күшейіп  жатқан  болар.  Барлық  түрдегі  саяси  күш  көрсетуден  болған  жалпы  адам 

шығыны  2000-шы  жылдардың  басынан  бері  езгеріссіз  қалып  отырған,  сол  кездері  олар 

мәліметтер қорында алғаш ескеріле бастаған. Өздері азаймақ түгіл, керісінше, көбейіп келе 

жатқан  қарулы  қақтығыс  түрлері  —  содырлық,  конфессияаралық  және  өзге  түрдегі  күш 

көрсету  -  мысалы,  конвенциялық  соғыстарға  қарағанда  аз  мөлшердегі  қырғынға 

ұшырататын  болғанымен,  олар  ең  бірінші  кезекте  азаматтық  тұрғындарға  қарсы 

бағытталған. Әлемде адам құқығын бұзудың, соның ішінде күш көрсету арқылы бүзудың 

жалпы деңгейі азаймауда. 

Дегенмен,  қазіргі  кездегі  қарулы  қақтығыстар  шеңберіндегі  негізгі  нысанаға 

азаматтық тұрғындар және, әрине, соғыстың барлық сұмдығы мен қауіп-қатеріне көбірек 

түсетін тұрғындардың ең қорғалмаған бөлігі - балалар жататынын мойындаған жөн [39, 25 

б.].  Дәл  осы  гуманитарлық  қауіпсіздікке  төніп  тұрған  қауіп-қатер  қазіргі  заманғы 

қақтығыстардың  басым  түрімен  байланысты  болып  келетін  негізгі  қарсы  шығуларға 

айналуда.  Әңгіме  ішкі,  алайда  көбінесе  интернационалдандырылған  немесе 

трансшекаралық аспектілерге ие қақтығыстар жайлы болуда. Оларда негізгі комбатанттар 

мен  негізгі  қарсыластық  желісімен  қатар  әртүрлі  деңгсйдегі  ойыншылардың    тарапынан 

өзге түрдегі көптеген күш көрсету формалары айқасуда. Істің мұндай мән-жайға ие болуы 

қазіргі  заманғы  қақтығыстар  өңірлеріндегі    азаматтық  тұрғындарды,  соның  ішінде 

босқындар  мен  көшірілген  тұлғаларды  қорғау  жөніндегі  гуманитарлық  әрекеттерді 

жандандырудың қажеттілігін  көрсетіп отыр. 

Қазір  біз  болашағы  жарқын,  бағыты  айқын  тәуелсіз  елде  өмір  сүріп  жатырмыз. 

Бүгінгі  ұрпақ  бұл  азаттықтың  қалай  келгенін  әрине  біледі.  Қазіргі  таңда  қаншама  елдің 

бірлігінің  бұзылған  уақытында  тату  -  тәтті  ғұмыр  кешіп  жатқан  біздер,  шынымен  де 

бақыттымыз. Бұл тәуелсіздік менің Отаныма берілген тәңірдің сыйы. Аналар да, балалар да 

жыламасын,  даламыз  жұтамасын.  Ұланғайыр  кең  даламды  соғыс  өрті  шарпымасын.  Бұл 

әрине барлық адам баласының арман - тілегі. Бейбітшілік жасасын! 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет