Еліміздің экономикасының даму ерекшелігін ескере отырып,назарымызды елімізге
қажетті болшақ ғылыми-техникалық бағыттарға аударуымыз керек деп ойлаймын.Мысалға
: физикалық , химиялық және жаңа ақпараттық технологиялар арқылы еліміздегі
минералдық шикізаттарды игеру , өңдеу, Қазіргі саяси аренада және көршілес
мемлекеттерде болып жатқан жағдай секілді төтенше жағдайларда, таза металл өңдіру
мүмкіндігін алу.Ақпараттық технологияларды дамыту.Бұл еліміздегі білім жүйесінің
дамуын жеделдетудің бірден бір шешімі.Космостық мониторинг пен геоақпараттық
технологияларды пайдалану.Жаңа жоғары молкулярлық заттарды, таза материалдар мен
еліміздегі металлдардан жаңа қоспа шығару, белгілі бір фунционалдық ерекшеліктері бар
нанотехнологиялар ойлап табу.Ғылыми-техникалық биологияны дамыту, биотехнология
мен гендік инженерия саласында жаңа өнімдерді ойлап табу.
989
Ғылыми жобаларды енгізу саласында ең маңызды, ол мемлекеттің бюджетінен
бөлінген қаржы қаншалықты тиімді іска асырылып жатыр мәселесі болып тұр.Ғылыми-
техникалық
жұмыстарды
құрудағы
құрылымдық
сәйкессіздік
проблемасы
НИОКР(ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстар) нәтижелеріне
сұранысты азайтты.Мысалы Қазақстанның ғылым саласының бір ерекшелігі – бұл негізінен
ғылыми-теориялық зерттеу жұмыстарын қаржыландыру(71%) , ал контрукторлық
жұмыстарға тек 8 % қаржы жұмсалады.Сонымен қатар іргелі ғылымдарға қаржы бөлу
шамамаен 21% -ды құрайды (бұл ДЖ орташа дәрежемен тең)/2/.
Ғылыми-техникалық өндірістік центрлер қазіргі кезде Қазақстанның үлкен ,
дамыған қалаларында орналасқан.Олардың ішінде Алматыда, Қарағандыда , Өскенменде,
Астанада және т.б.Бұлар Қазақстанда интеллектуалды өнімдерді дамытуда, космостық
саланы жетілдіру , ақпараттық технологияны , радиоэлектроника , атомдық
технологоияның дамуына септігін тигізеді және өз кезегінде Қазақстан бойынша ғылым
торын қалыптастырады.
Қазақстанда қазіргі таңда және де жоғары білікті ғылыми мамандар және
интеллектуалды кадрлар, сонымен қатар өндірістік әлеует жеткілікі.Осы ресурстарды
тиімді қолданудың жолдарын білу қажет.Даму заңдылығы бойынша, мемлекеттің
экономикасының өсуімен бірге , кәсіпорындар мен ғылыми мекемелерде жоғары
маманданған кәсіпшілер мен білікті мамандарға сұраныс арта бастайды.Бұл жағдай
мемлекетте жоғары дамыған ақпараттық технологиялар , биоинженерия, экология ,
микробиология , космостық зерттеулер , медицина және т.б ғылым салаларының дамуына
алып келеді.
Ең біріншіден, ғылым мен білім секторының, оның құрылымының, белгілі бір
приоритетті бағыттарының дамуы үшін қуатты мотивациялық механизм ойлап табу қажет,
Сонымен, болашақ ғылыми зерттеу нәтижелерін қолданысқа енгізу стадиясына жеткізу
үшін, қолымыздағы ескірген жабдықтарды жаңартуымыз керек.Олсыз еліміздегі ғылым
мен білімніің, сонымен қатар экономикамыздың дамуы ұзаққа созылуы ғажап емес.Бірақ
қазіргі
таңда,
еліміздің
бірталай
салаларындағы
өзгерістерді
байқауымызға
болады,көптеген білікті мамандар және Кеңес үкіметінен қалған жабдықтар жаңартылуда.
Осыған орай айтылғандардың барлығын жалпылай келе, біздің еліміз , Қазақстан
Республикасы, өзінің территориясындағы , жер қойнауындағы әртүрлі және көп мөлшерде
шоғырланған минералды ресурстарын тиімді пайдалана отырып , болашақта жоғары
технологиялық өнімдерді өндіруге , оны экспорттауға және халықаралық аренада беделді
ел болуына жағдайы бар.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы экономикасы тұрақты дамып келе жатқан
елдердің қатарында. Еліміздің білім жүйесінде де осы 24 жылдың ішінде талай өзгертулер
енгізілді. Өзгертулер менің ойымша сонау ғасырлардан бері келе жатқан жыртық жерлерді
жамады деп ойлаймын.
Еліміздің ғылымы мен білімінің дамуына бөлінетін қаржы , білім сапасы басқа Европа
елдеріндегідей жоғары және сапасы кішкене төмен болсада, бұл осынау аз жылдың ішінде
биікке жеткен мемлекетке кешірімді деп ойлаймын.Қазақстанда жастардың білімін арттыру
мақсатында атамыз Н.Ә.Назарбаев барлық жағдайды жасап жатыр және де әлі де жасайды
деп ойлаймын.Өйткені осы жылғы сайлауда ол халықтың қолдауымен,сұрауымен
президенттік сайлауға өз кандидаттығын ұсынды және алғы сөздерінде Қазақстан-2050
стратегиясында көрсетілген даму программасын жүзеге асырып, халқымыздың жағадайын
жасауға уәде берді.Программаның ішінде тек мемлекеттің сыртқы жағдайы ғана емес, ішкі
және ғылым-білімнің даму жоспары да орын алды.
Қазақстан -2050 стратегиясының қабылдануынан кейін Қазақстанның білім беру
жүйесі жаңа қарқынмен жұмыс жасай бастаған секілді.Мемлекеттің көптеген
мектептерінде,
колледждерінде,
университеттерінде
көптеген
бағдарламалар
ашылып,жүзеге асырыла бастады. Көптеген бағдарламалар оның алдында да ашылғанымен,
990
стратегиямен бүл бағдарламалардың ауқымы кеңейіп дами түсті.»Дипломмен ауылға»
бағдарламасын алып қарасақ.Бүл, менің ойымша, өте керемет бағдарлама.Мемлекет
жаңадан диплом алған жас мамандарды пәтермен, несиемен, жоғары көлемде жалақымен
қамтамасыз етеді.Бұл бағдарлама сонымен тек жас мамандардың жағдайын жақсартып қана
қоймай,ауылды елдімекендерге жас жоғыры білімді мамандардың келуі ауылдағы жас
бүлдіршіндердің білімін арттыруға, ауыл ауылшаруашылығының , жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының жұмысына жаңалық енгізіп, жаңа заманауи әдістермен таныстыруға
септігін тигізіп жатыр.Сонымен қатар Президентіміздің «Болашақ» бағдарламасын алып
көрейік.Бұл мамандардың шетелде немесе өз елімізде біліктілікті арттыру үшін және
Қазақстандықтардың шетелде жұмысқа тұруына септігін тигізетін өте керемет
бағдарлама.Бұл
бағдарлама
бойынша
еліміздің
білімгерлеріне
АҚШ,Ұлыбритания,Ресей,Германия,Дания,Австралия,Австрия,Венгрия,Испания,Италия,
Канада,Франция,Чехия,Швеция,Швейцария,Жапония
секілді
жоғары
дамыған
мемлекеттерде білім алу мүмкіншілігі бар..Осы білім беру бағдарламасына жасалған соңғы
жаңартулар жасалынуы нәтижесінде бағдарламамен оқып жатқан білімгерлерге талай
мүмкіншіліктер ашылды.Яғни, олар оқуын бітірмей жатып жұмысқа орналаса алады.Бірақ
бағдарламаның бастапқы кезінді кішігірім кемшіліктер мен кикілжіңдер болғанымен де ,
қазіргі таңда бағдарлама жасап жатқан істерінің,жұмыстарының арқасында алға қойған
мақсаттарына жетіп, ел экономикасының әр саласын жоғары білімді мамандармен
қамтамасыз етуде.Бүгінгі күні көптеген Қазақстандық жастар осы бағдарламамен
шетелдерде білім алуда.
Қазақстан қазіргі таңда тек өз тілінде және орыс тілінде сойлейтін ел емес, үшінші тіл
- ағылшын тілінде сойлейтін елдердің қатарына кіруде.Ағылшын тілі елімізде маңызды
тілдердің бірі болып саналады және жастардың әрбіреуіне осы тілде еркін сойлеу
міндеттеледі.Мемлекетімізде ағылшын тілін дамыту өте жақсы қаржыландырылады және
жас балалардың балабакшадан бастап ағылшын тілінде білім алу мүмкіндігі бар. Сонымен
қатар
ауылды
елді
мекендер
мен
қалалы
жерлердегі
мектептер
мен
университеттерге,жастардың білімін арттыру үшін осы тілде сойлейтін адамдарды
шақырып,қызықтыруда.
Еліміз Қазақстан Республикасының ғылымы мен білімі басқа мемлекеттерден шалғай
дами алмайды.Сондықтанда мемлекетімізде көптеген халықаралық кәсіпорындар
салынуда. Мысалға : Батыс Қазақстандағы Қазақстан мен шетелдерммен бірге салынған
мұнай кәсіпорындары бар(Ресей компаниясы Лукойл, Американың Chevron, Итальяның Eni
компаниясы, Францияның Total компаниясы, Германияның Royal Dutch Shell компаниясы,
Англияның British Gas компаниясы, Испанияның Repsol YPF компаниясы, Румынияның
Petrom компаниясы жұмыстарын атқарады/4/) . Бұл Қазақстан үшін кішкене тиімсіз болса
да,қазіргі таңда мұнай саласында жерлес білікті мамандарымыздың артуына алып
келді.Тағы да бір мысал: Үндістанмен бірігіп ашылған фармацевтикалық кәсіпорындардың
ашылуын көруімізге болады.Қарап тұрсаңыз , қазіргі таңдағы халықаралық саяси жағдайда
шетелдердің елімізге инвестиция салуы Қазақстанға пайдасы, шығынынан көрі көбірек осы
ескеруіміз керек.Өйткені:
Біріншіден- тәжірибе алмасу, жерлес білікті мамандардың дайындалуы.
Екіншіден – менің ойымша, Украинада болып жатқан секілді ТЖ пайда болуынан
сақтайды.
Еліміздің барлық университеттерінде білікті маман дайындау мәселесі жоғары
қойылған
және
шетел
мемлекеттерімен
де
бірлесіп
оқыту
жұмыстарыда
жүргізіледі.Мысалға Асфендияров атындағы медициналық университетін алсақ , ол жерде
қазіргі таңда көптеген шетел студенттері білім алады.Оның іщінде көбінде Үндістан
студенттері.Алысқа бармай өзімнің Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ алсақ
болады.Университетте 10-нан астам ұлт өкілдері білім алады.Және шетел
университеттерімен тәжірибе алмасу мақсатында көптеген бағдарламалар бар.Оның ішінде
ең негізгілері «Қос дипломдық» және «Студенттік алмасу». Бұл бағдарламалар студенттің
991
шет тілдерді тез әрі тимді үйренуіне және білікті маман болуына көмектессе, университет
пен мемлекетіміздің халықаралық аренада беделінің артуына ықпал жасайды.
Қазақстанның қазіргі таңда көптеген университеттерінде оқытудың кредиттік жүйесі
қолданылады. Университетерге бұл жүйенің енгізілуі білім беруді Европалық заманауи
білім беру талаптарына сәйкестендірумен ерекшеленеді. Жүйенің бастапқы мақсаты –
студенттердің білімін , кәсіби деңгейін арттыру, шығармашылық , ойлау қабілеттерін жан-
жақты арттыру болып табылады. Және де ең жақсы жағы студенттерге мемлекет ішіндегі
осы технология бойынша білім беретін немесе шетел университеттеріне кедергісіз, тез
арада ауысу мүмкіндігін береді.Бұл технологияны жүзеге асыру үшін мемлекет
университеттің оқу үрдісін толығымен реформалады.Реформа нәтижесінде студенттерде
білім траекториясын және мұғалімдерді таңдау мүмкіндігін алды.Осыған орай әрбір
мтуднттің жеке білім алу жоспары жасалынады.Кредиттік оқыту жүйесі аясында оқу
жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу кредитпен өлшеніп оқытылатын материал
көлеміне қарай жүргізіледі.Бұл технология бойынша білім алу көп мөлшерде студенттің
өзіне жүктеледі (60-70% немесе оданда жоғары) . Бұл технологиядағы мұғалімнің
функциясы көбінде бақылау,бағыт бағдар беру функциясы болып табылады.Керек болған
жағдайда қажетті оқыту материалдарын табуға көмектеседі. Технология елімізге Батыс
елдерінен енгізілген және бұл біздің білім беру жүйеміздің қаншалықты дамығанын
көрсетеді.
Батыс Еуропа немесе жалпылай Еуропа макроаймағында дистанционды түрде білім
алу қолданылатыны белгілі.Бұл әдісте Қазақстанда күннен күнге дами түсуде және
мемлекеттің көптеген университетінде бұл әдіс қолданылады.
Қазақстан жастары – еліміздің болашағы.Қазіргі таңдағы еліміздің жастары білімді
және озық технологияларды өте керемет меңгерген десек қате болмайды.Ел тәуелсіздігінің
24 жылдығының қарсаңында білім мен ғылым саласындағы жеткен жетістіктерге көз
жүгіртсек , көңіл толарлық істер жасалды.Десек те , боламын деген жастарға жол көрсету ,
біліктілігі мен білімдерін көтеруге мүмкіндік беру қашанда мемлекеттің басты міндеті
болып қала бермек.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Халқымыз дарынды
ұлға, талантты қызға қай заманда да кенде болмаған. Олардың бәрі де халқымыздың
тарихында өшпес із қалдырып, аспанымызда шоқжұлдыздай жарқырап тұр... Ендігі кезекте
алғанбілімдеріңізді туған елдеріңнің кәдесіне жаратып, мемлекет артқан үмітті ақтаңыздар.
Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянбай еңбек ететіндеріңізге мен сенімдімін» -
деп ел болашағы бізге, яғни жастарға сенім артып отыр. Осыған орай алдағы кезектегі
мемлекетіміздің ғылым және білім саласындағы тенденциясы , мемлекетіміздің
көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевпен бірге жарқында , ашық болады деп ойлаймын.Ел басының
«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» стратегиясы мен «БІР МАҚСАТ,БІР МҮДДЕ,БІР
БОЛАШАҚ» атты стратегиясы барша жастардың көңілінен щықты.Мен , Масалимов
Жандос Ергалимович, Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ-нің білімгері алдағы 10 жылдың
ішінде еліміз, білімді де білікті жастарымен бірге дамыған 30 елдің ішіне кіретінімізге кәміл
сенемін!
Әдебиеттер:
/1/ http://www.e-joe.ru/sod/99/4_99/st180.html
/2/ Исабеков Б.Н. Индустриально-инновационные основы развития науки и
образования. - Туркистан: изд-во Туран, 2009. - 27-50б.
/3/ Аукен В.М. Институциональная экономика: институт образования. - Алматы:
Институт развития Казахстана, 2007. – 173б.
/4/
http://www.zp.kz/25/29.html
УДК 316
992
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ДАМУЫН ЫНТАЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ
Нурмаханбетов Рашид Дауренович
Т. Рысқұлов атындағы ЖЭУ
Аннотация. Әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттіліктің артуы ғылымның дамуы мен
инновациялық белсенділікке байланысты.
Кілт сөздер: Инновация, бизнес,экономика, қаржы, технология, стратегия, кластер.
Аннотация.Увелечение конкурентоспособности на мировомрынке связано
сразвитием науки и с активной инновационной деятельностью.
Ключевые слова: Инновация, бизнес, экономика, финансы, технология, стратегия,
кластер.
Annotation. Development of science increase competitiveness on world market I contacted
with innovative by activity.
Key is words: Innovation, business, economy, finances, technology, strategy, cluster.
Әлемде технологиялық өзгерістердің жылдамдығы көз ілеспейтіндей жағдайда
болғандықтан, тұрақты қалыпта және жаңа тармақтардан орын алу үшін жаңа бағыттарда
даму қажет. Елбасымыздың 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан халқына жолдауында
«Қазақстан жолы– 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» шеңберінде екінші және келесі
бесжылдықтарға мобильді және мультимедиялық, нано- және ғарыштық технологиялар,
робот техникасы, гендік инженерия, болашақ энергиясын ашу және іздеуге лайықты
ғылыми негізделген экономиканы құру мен жаңа салаларды дамыту тапсырмасы
қойылған.
⦋1⦌
Үдемелі ндустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу
барысында салалардың кең ауқымын қаржыландырды. Бұл секторға қолдау көрсету
шаралары мен жобалардың бір бөлімін қаржыландыру кезінде құралдардың
жетіспеушілігіне тірелді. Сонымен қатар, қаржыландырудың жетіспеушілігі көбінесе ұзақ
мерзімді инвестициялар мен «ұзын» ақшалар қорының құрылуы қажет болған отандық
нарықтық қаржылық инфрақұрлымның жетілмегендігімен байланысты. Коммерциялық
қаржылық институттар тарапынан қаржыландырудың болмауы кезінде, қазақстандық
нарықта бұл қуысты ұлттық холдингтер мен даму институттарының жүйесі арқылы
мемлекеттің толтыруына тура келді. Отандық ғылыми зерттеулер өндірістен бөлек
жүргізіледі. Сондықтан, көптеген ғылыми зерттемелер нарыққа шығуға дайын емес, бұл
олардың бизнестегі сұранысын төмендетеді.
2050 Стратегиясы жаңа саясаттағы инновация дамуының маңызды элементі ретінде
Қазақстанның ірі халықаралық ғылыми зерттеу жобаларына қатысу анықталып қойды.
Мұндай амал, заманауи ғылым халықаралық өзгешелікпен ерекшеленетін болғандықтан, ол
жеке елде оңаша дами алмайтындығын ескереді. Сондықтан Қазақстан ғылымының дамуы
үшін оның әлемдік ғылыми кеңістікке бірігуі маңызды орын алады. Қазақстанның Біріккен
экономикалық кеңістік шеңберінде ғылыми серіктес болуының келешегі бар және
тиімділігі жоғары. Бұл елдерді олардың ұқсас мәселелері мен өткендері біріктіреді. Бүгінде
бұл елдердің әрқайсысы болса да ғылыми бағытта бәсекеге түсе алмайды. Ғылыми
жұмыстың беделінің төмендегені, құрылғылардың ескіріп, жаңа зерттеулер мен
технологияларды қабылдамау байқалуда. Ұлттық экономиканы тұрақтандыруға ұмтылу,
салалардың техникалық базасын жетілдіру, әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі
ретінде әлемдік нарыққа сәтті шығуы, бұл елдердің тиімді әрі келешегі зор серіктес бола
алуы, келісілген ұзақ мерзімді ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асырушы сынды
ерекшеліктерінің болуы бұл елдерге көп жақты нысандағы ғылыми-техникалық
ынтымақтастыққа қатысуға мүмкіндік береді.
993
Ғарыш аясындағы іскерлілік, экология мен транзиттік әлеуетті қолдану осы жолдағы
маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Ғарышты меңгерудің ерекше маңызы бар,
өйткені ол ғылыми және техникалық прогресті белсенді ынталандырып, ғылыми
зерттеулердің кеңінен қолданылуына мүмкіндік туғызады, экономиканың барлық
саласында келешегі зор және жаңа технологиялардың тууына мүмкіндік береді. Жоғары
технологиялық нарықта ең жылдам дамитын сегмент әлем бойынша ғарыштық техника мен
қызмет болып саналады. Ғарыштық қызметтегі өсу жылдамдығы мен ғарыштық
қоғамдастыққа көптеген елдердің тартылуы әлемдегі тұрақты үдеріске айналды. Осы
ғарыш саласындағы қызметке қатысы бар әлемде жүз отыз ел болса, ғарышты белсенді
игеретін мемлекеттер саны жиырма. Осы үдеріске қосылу үшін Қазақстанның да көптеген
мүмкіндіктері бар. Бір жағынан, мұнда сәйкес әлеуеттер бар, олар, ең алдымен, бірегей
инфрақұрылымдары мен зерттеу базалары бар. Екінші жағынан, ғарыштық кеңістікті
зерттеу мен қолдануға деген сұраныс өте үлкен. Мұндай елдердің ерекшеліктері, яғни
жерлерінің кеңдігі мен байлығы, бірақ табиғи ресурстарының зерттелмеуі, шекараның
ұзаққа созылуы ғарышты қолдануға қажеттілік тудырады, ал ол өз кезегінде жоғарыдағы
мәселелердің шешіміне апарады. Қазақстан ғылымының халықаралық интеграциядағы
басым бағыты Біріккен экономикалық кеңістік (БЭК) аясында мынадай болу керек:
- БЭК-ке қатысушы елдер ғылымының экономика, әлеуметтік және рухани жылжуын
дамытудың жан-жақты бірлескен әрекеті, келешегі зор және маңызы жоғары ғылыми
зерттеулердің жүзеге асырылуы, БЭК елдерінің бірігуі үшін ғылыми-инновациялық
қызметті жандандыру; БЭК елдерінің экономикалық бірігуінің сапалық параметрлерін
жақсартуға жәрдемдесу, яғни, ол ең алдымен ғылыми-техникалық прогресстің
жетістіктерін бірігіп қолдануды реттеу, БЭК елдерінің экономикалық өсуі мен гүлденуінің
басты қозғалтқышы ретінде өндірістік жоғары технологияны меңгеру мен коммерциялау
жүйесін құру қажеттілігі;
- ортақ ғылыми-техникалық кеңістіктің қайта құрылуына жәрдемдесу, ғылым мен
технология саласындағы ықпалдастықты дамытуды БЭК елдерінің экономикалық
ынтымақтастығының маңызды басымдылығы ретінде қарастыру, ортақ ғылыми-
техникалық кеңістіктің нормативтік-құқықтық базалық негізін дайындау;
- ғылыми-техникалық кеңістікте мемлекетаралық бағдарлама мен жобаларды
дайындау мен қабылдауға қатысу;
- ортақ ғылыми-техникалық кеңістікте инфрақұрылымды қалыртастыруға жағдай
жасау, сондай-ақ БЭК елдері аумағындағы бірегей ғылыми нысандар мен ғимараттарды
тиімді қолдану.
- 2050 Стратегиясы ғылым мен бизнестің қауымдасуының ауқымды міндеттерін
жүктейді
Отандық инновациялық саясат тәжірибеден алынған көптеген бағыттады қамтиды.
Алайда қабылданған шаралардың көпшілігінің лайықты қайтарымы жоқ, өйткені
инновациялық қызметке жеке бизнесті қызықтыру сәтті болмады. Ең қиыны – зерттеу мен
инновацияға демеудің қажет екендігін ұлттық бизнеске сезіндіру. Президент Жолдауында
жаңа инновациялық саясаттың маңызды құрушысы ретінде мемлекет пен жеке
шаруашылықтар әріптестігін көрсетті. Инновациялық саладағы мемлекеттік-жеке
әріптестігін мемлекет пен жеке құрылымдардың теңдігінен анықтауға болады. Мемлекет
инновацияның негізгі көзі болып табылатын білім және ғылым саласына қолдау көрсетеді,
ыңғайлы құқықтық жағдай жасап, инновациялық өнеркәсіптерді ынталандыратын
инновациялық инфрақұрылым жасайды. Ал өнеркәсіптік сектор өз мойнына нарықтағы
негізгі қаржылық тәуекелді және табыстың үлкен бөлігін алады. Ал мемлекет өзінің үлес
ақысын салық түсімдерін өсіру арқылы, әлеуметтік мәселелерді шешу және өнімділік
көлемін көтеру арқылы алады. Осылайша мемлекет өнім бәсекелестігін және әлемдік
нарықтағы қызметтерді көтереді. Мұндай әріптестік екі жақтың да мақсатына толығымен
жауап береді.
994
Мемлекет жүйелік және салалық қолдау шараларын қаржыландыруды қамтамасыз
етуі керек. «Бәйтерек» және «КазАгро» ұлттық холдингтары қаржыландырудың жаңа
әдістерін енгізіп, бағдарламаны қаржыландыру үшін жеке меншік қаржы институттарын
белсенді тарту қажет.
⦋2⦌
Банктік инфрақұрылым мен жеке меншік лизингтік компанияларды пайдалану
арқылы кәсіпорындарға қаржылық ресурстарға қол жеткізу керек. Пайыздық қойылымды
субсидиялау мен несиелерді кепілдеу жалғасады. Қаржылай көмек басым сектордағы
кәсіпорындарға да (бөлінетін қаржының 80%-ы), сондай-ақ өндірісті өңдейтін басқа да
секторларға (бөлінетін қаржының 20%-ы) көрсетіледі. Көмек көрсетудің негізгі
критерийлері мыналар болады: еңбектің өнімділігі, экспортқа бағытталу және ресурсты
тиімді пайдалану.
Берілген салалардың даму ядросы – ұлттық инновациялық кластерлер Назарбаев
Университеті және инновациялық технологиялар Паркі болып табылады.
Ғылыми негізделген салалардың құрылуын отандық ғылымның дамуынсыз шешу
мүмкін емес. Осыған байланысты, Назарбаев Университетінің рөлі: өмір, медицина, гендік
инженерия, жаңа материалдар өндірісіне арналған материалтану, қуатты үнемдейтін
технологиялар, биотехнологиялар туралы ғылым облыстарындағы іргелі ғылымдарды
дамытуда орын алады. Бұл үшін жаңа құзыретті орталықтар құрылып, шетелден әлем
бойынша ең мықты ғалымдар шақырылады.
Қазақстанда абсолютті инновациялардың пайда болуы үшін іргелі ғылымдардың
сапасын жақсартып, Назарбаев университетінің құзырындағы сәйкес орталықтарды
дамытып, ЖОО-дың зерттеу жұмыстарын күшейтілдіру керек. Бұл бағыт білім және ғылым
Министрлігінің қызметін жетілдіруді талап етеді.
Даму басымдығы негізгі екі инновациялық кластерлер Назарбаев Университеті және
инновациялық технологиялар Паркіне жүктеледі. Іргелі және қолданбалы ғылымдардың
дамуымен Назарбаев университеті айналысады. Озық технологиялар трансферін шешу,
сонымен қатар, зерттеу қорытындыларын өндіріске енгізу инновациялық технологиялар
Паркіне жүктеледі. Бұл үшін Автономды кластерлі қор, қатысушыларға шарттарын
көрсетуді басқарудың ерекше тәртібін қадағалау туралы бөлек заң қабылдау қажет.
Үндістанның тәжірибесінен де үлгі алуға тұрарлықтай, өйткені, жоғары
технологиялық қызмет экспортының арқасында бұл ел 2050 жылы ЖІӨ көлемі бойынша
әлемнің озық үштігіне кіруге ұмтылуда. Әрине, прогрессивті технологияға ие болу,
өндіріске жоғары үстемелі бағада шетелдік инвестицияны тарту оңай жұмыс емес. Әлемде
олар үшін өткір бәсекелестік бар. Қазір айтарлықтай дамыған нарыққа – Бразилия, Ресей,
Индия және Қытай елдері шығып, барлық назар соларға ауды. Олардың жанындағы біздің
негізгі артықшылығымыз – ресурстарымыз бен арзан жұмыс күші – соншалықты ақиқат
болып көрінбейді. Сондықтан шикізат емес секторының жоғары технологиялы
корпорациясын біздің елге тарту үшін қолайлы шарт қалыптастыруымыз қажет. Мықты
салық жүйесі мен өзге де жеңілдіктер ынталандыру үшін қажет. Технологияларды алу –
күрделі үдеріс, тіпті сөзсіз табысқа кепілдік бермейді. Ол өздігінен автоматты түрде
болмайды, өйткені, айтарлықтай әрекетті талап етеді. Шетелдік технологиялардың түсімін
ынталандыра отырып, бір мезетте шетелдік серіктеске дайын өнімге «шектеу» талабын
ұсынған жөн, сәйкесінше дайын өнімдегі негізгі ұлттық және қосымша өндірістің
прогрессивті кеңейтілген үлес салмағын қарастырып, осы талаптарды технологияларды алу
келісім-шартына қосу керек. Келісім-шарттың тіркеуі технологиялардың импортын
бақылауда негізгі әдіс болуы тиіс. Келісім-шартта шетелдік серіктестердің жергілікті
ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастықта болу қажеттігін атап көрсеткен жөн.
Коммерциялық трансферт технологиясы шетелдік инвестицияға негізделетін
болғандықтан, осы арнаны тиімді қолдану үшін инвестициялық, салықтық және сыртқы
саудалық реттеудің арнайы тетіктері қажет. Мұндай тетік шетелден ғылыми-техникалық
жаңа жабдықтарды алуға таңдаулы жолды қамтамасыз етіп, шетелдік капиталдың қосымша
салаларын реттеп, оның ғылыми салаға тартылуын қолдап, жергілікті жағдайларға шетелдік
995
технологиялардың тезірек бейімделуіне септігін тигізуі керек. Сондай-ақ, республика
экономикасы қалпына келмейтін ресурстардың сарқылуынан, қоршаған ортаға қауіп
төндіретін технологиядан сақтануы тиіс. Ал, егер де индустриалды дамыған елдердің
өздерінің маңынан лас өндіріс пен «төменгі қабаттағы» өнеркәсіпті шығарудағы
ұмтылысын ескерсек, мұндай қауіптің бары рас. Ұсынылған Стратегиядағы негізгі
талаптың шешімі тиімді болу үшін сырттан кірген технологияны меңгеріп кететін дайын
кадрлардың болуы қажет. Бұл Президент Жолдауында ерекше айтылып өткен. Осыған
байланысты айта кету керек, шетелдік технологияның кіруі ғылыми-техникалық әлеуетті
төмендетпейді. Технологияны алу – бұл тек шетелдік ғылыми-техникалық тәжірибені
тартудың бастапқы сатысы. Алған технологиядан әлеуетті артықшылық шығару үшін ол
бейімделуі қажет, яғни оны меңгеріп, жетілдірсе, ол ұлттық ғылыми-техникалық әлеуеттің
дамыған деңгейге қол жеткізгендігімен тікелей анықталады.Осы белгі бойынша
технологияның реципиент-елдері үш топқа бөлінеді: қазіргі технологияны тиімді
пайдалану мен меңгеруге қабілетсіз; заманауи импорттық технологияларды қабылдай
алатын елдер, әлемдік деңгейге жету үшін оны дұрыс қолдана білу, озық технологияларды
қолдануға қабілеттілікпен қоса, сапасы мен бағасы, еңбек өнімділігін «түпнұсқадан»
асырып түсіріп, аяқтап істейтін елдер. Қабілеттіліктің соңғы кезеңі технологияны
«жапондық» үлгімен меңгеруге бағытталған, таңдаудың негізінде иеленген «ноу-хаудың»
бейімделуіне иек артатын түрлі себептерге байланысты қабылдау кезеңіне жетпегендерді
де қосқанда, оның дамуын ынталандыру үшін ғылыми-техникалықбазаны қосуды аяқтау
болмақ.
⦋3⦌
Мемлекеттің инновациясына сұраныстың құралуы реттеуші және ынталандырушы
шаралардың есебінен болады. Инновация облысындағы орта және кіші бизнесті дамыту
үшін салықтық ынталандыру керек. Бұл бағытта заңнамалық шектеулер және салалық
кәсіпорындарда қуатты үнемдеу нормативтарын енгізу қажет. Техникалық және
экологиялық стандарттар жүйелерін Кеден Одағы мен Еуропалық Кеңес стандарттар
жүйесімен гармонизациялау мұқтаждығы туындайды.
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының іске асуынан бастап
жүргізілген реформалар нәтижесінде инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі 4 %-
дан 7,6 %-ға дейін өсті. Технологиялық инновацияларға кәсіпорындардың шығындары 5
еседен көп өсті (61-ден 326 млрд. теңгеге дейін), инновациялық өнімнің көлемі 4 еседен көп
өсті (82-ден 379 млрд. теңгеге дейін). 2012 жылы ғылымды қаржыландыру екі есе
көбейтілген 47 млрд. теңгені құрап 0,22 % жалпы ішкі өнімге жетті. Қаржыландырудың
жаңа механизмдері енгізілді: базалық, арнайы бағдарламалық-мақсаттық және гранттық.
Ғылымның бағыттары бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік
басымдықтарына сәйкес ұлттық ғылыми кеңестер құрылды, олардың құрамына ғалымдар,
бизнестің белді өкілдері және шетелдік сарапшылар кіреді.
Технопарктердің,
салалық
құрастырушы
бюролардың,
коммерциалау
орталықтарының, технологияны трансферттеу орталықтар қызметінің тиімділігінің артуы
арқылы инновациялық инфрақұрылымның рөлі күшейтілді. Базалық инновациялық
жүйелердің құрылу шеңберінде соңғы 5 жылда елімізде 9 коммерциалау офистері, 8
аймақтық технопарктері, 4 салалық құрастырушы бюролар, 2 технологияны трансферттеу
орталықтары, инновациялық кластерлер «Алатау» инновациялық технологиялар паркі және
Назарбаев Университеті ашылды. Сонымен қатар, қаржыландыруды көбейту үшін 4
отандық венчурлық қор ұйымдастырылды. 2010 жылдан 2013 жыл аралығында бюджеттен
жалпы сомасы 12 млрд теңгені құрайтын инновациялық грантбөлінді. «Парасат» және АҚ
«КазАгроИнновация» ғылыми-технологиялық холдингтері құрылды. Жаңа инновациялық
импульсті кіші инновациялық кәсіпорындар да алды. Егер 2003-2009 жылдар аралығында
180 инновациялық жобаларға қолдау көрсетілсе, 2010-2012 жылдарда 400-ден астам
жобаларға қолдау көрсетілді.
⦋4⦌
Инновациялық технологияларға бизнестің ұғымдылығы жақсы қарқын алуда, бірақ
төмен дәрежеде. 2012 жылы инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі өндірістің
996
кәсіпорындарының жалпы санынан 7,6% құрады. Германияда бұл көрсеткіш 73 %,
Ирландияда 61%, Бельгияда 58 %, Чехияда 41 %, демек еліміздің инновациялық
белсенділігішетелдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен.
Мұндай артта қалушылық бәсекеге қабілетті инновацияларды сапалы таңдау
жүйесінің дамымағандығы мен коммерциалаудың жоқтығымен сипатталады. Мәселе
кәсіпкерлер үшін салықтық, қаржылық және техникалық шаралардың нақты және ыңғайлы
ынталандырушы сипатының жоқтығымен тереңдей түседі. Осыған байланысты
инноваторларды қолдаудың жаңа аспаптарын енгізу, процедураларды көрсетуді
оңтайландыру, халықтың максималды ақпараттандырылуы сияқты жұмыстарды күшейту
қажет.
Алғашқы даму институттарының жүйесі индустриалды-инновациялық дамудың
қажеттіліктеріне толықтырылып бағытталған болатын. Индустриалды-инновациялық
дамуды қолдаудың түрлі аспаптары сыналған: пайыздық қойылымын қаражаттандыру,
шығындарды өтеу мен инновациялар мен технологияларды енгізуге гранттар беру,
экспортты өрлету, несиелерді кепілдеу және т.б.Қазақстанда жасалған жоғары
технологиялық өнімдерді алуға ынталандыру үшін сатып алу заңнамасына өзгерістер енгізу
қажет.
Халықаралық стандарттар сапасына сәйкес инновациялық өнімдер мен қызметтерді
орта-ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өндіретін инновациялық
компанияларға басымдықты қолдау керек. Бұл үшін, тауарды жеткізу мен жаңа өндірісті
игеруге технологиялық меморандумдар негізінде енгізілетін ұзақ мерзімді келісімшарттар
жасау механизмін ұйымдастыру керек.
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының сәтті жүзеге асуы үшін
мемлекеттік қаржыландырудың теңдестірілген үлгісі дайындалуы керек. Тікелей
инвестициялар мен несиелердің мемлекеттік және жеке меншік қаржыландыру көздерінің
теңдігі сақталынады. Тікелей инвестицияларды тарту мен ұзақ мерзімді және арзан несие
ресурстарымен қамтамасыз ету жағдайында мемлекеттің рөлі сыни тұрғыда тұр.
Бағдарламаны қаржыландыру қаржы-несиелік жүйелерінің сауығуы, қаржы нарығының
дамуы мен инвестициялық климаттың жақсаруына тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |