Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет131/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135

Қорытынды  

Сонымен, біз, қазақ ханы Есімнің тарихи кезеңінің тарихи жырлардағы баяндалуына 

бірсыпыра шолу жасап өткендей болдық. Қызықты әрі беймәлім ақпараттарға куә болдық. 

Есім хан тұсында билер төңкерісінің болғандығы, хан оппозициясының орын алғандығын 

білу  бізге  бір  жаңалық  болды.  Жазба  деректерде  кездесе  бермейтін  кейбір  тың 

мәліметтердің беті ашылып, жаңа ақпараттарды кездестірдік. Даулы, тарихи оқиғалардың 

сәйкеспейтін,  асыра  айтылған  тұстарының  да  бар  екендігін  мойындаймыз.  Дегенмен  де, 

ресми тарихты жазу барысында тарихи жырларды да деректік кешеннің бір тобы ретінде 

ғылыми айналымға енгізудің қажеттілігін заман талабы деп қабылдаймыз.  

Бұл тақырып жалпы ғалымдар назарын аударатын тың тақырып, тарихи жырлар терең 

мазмұнға ие, шынайылық элементтері баршылық, деректанулық талдаудан өткізіп барып 

ғылыми айналымға енгізген жағдайда таптаурын дүние алуға болады. Жазба деректердің 

кем-кетігін жамайтұғын, олқылықтардың орнын толықтыра алатын сипатқа ие жырларды 

зерделейтін  арнайы  бағдарлама  қабылдасақ,  жырлар  мәтінінен  тарихи  оқиғалардың 

шынайы келбетін шығара алатын тарихшы мамандарды даярлау ісін қолға алсақ, көптеген 

тарих ақтаңдақтарының сырын ашып, мазмұнына қанық болар едік. Осы саладағы біздің 

азғантай  бұл  бастамамыз  осы  бағытта  жасалған  алғашқы  қадамымыз,  тақырыптың 

жауапкершілігін  сезіне  отырып,  тақырып  өзектілігінің  айқын  екендігін  баса  айтқымыз 

келеді.    

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 

1.

 



Байболұлы Қ. Еңсегей бойлы ер Есім. Дастандар. – Алматы: 2005. – 320 б. 

2.

 



М. Мағауин. Шығармалар жинағы: он үш томдық. Он бірінші том. Қағанат – ҒМО, 2002. 

– 436 бет. 

3.

 

С. Жолдасбайұлы. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақ елінің тарихы. Кітап, 2010. – 336 



бет. 

4.

 



Бабалар сөзі: жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2009. – 59 том. Тарихи жырлар. – 2009. – 

350 б. 


5.

 

Бес  ғасыр  жырлайды:  2  томдық.  Құрастыр.  М.Мағауин,  М.  Байділдаев.  –  Алматы: 



Жазушы, 1989. – Т.1. – 384 бет 

6.

 



Тілепов  Ж.  Қазақ  халқының  хандық  дәуір  әдебиеті:  оқу  құралы.  –  Алматы:  Қазақ 

университеті, 2013. – 220 б. 

7.

 

Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, Санат, 1997. – 928 б . 



8.

 

Мұхтар Мағауин. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 208 б. 



9.

 

Қазақтың ата заңдары. – Алматы: Жеті жарғы, 2005. – 4 том. – 552 б. 



10.

 

Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Бес  томдық.  2-том.  –  Алматы: 



Атамұра, 2010. – 640 бет. 

 

ӘОЖ 502.72 



 

ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ 

ТҰРАҚТЫ ДАМУ АСПЕКТІЛЕРІНІҢ БІРІ 

Джаббарханов Хумоюн 

Сүлейман Демирел атындағы университет 

Ғылыми жетекші: х.ғ.к., аға оқытушы Жумакаева Б.Д. 

Тйүіндеме. Тұрақты дамудың бірден бір аспектілері ол елімізідң байлықтарының бірі 

табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану. 

Бұл  мәселенің  шешімі  ең  алдымен  табиғаттың 


968 

 

қалыпты  жағдайын  сақтап,  әсіресе  қалпына  келмейтін  табиғи  байлықтарын  тиімді 



пайдалану.  Осыған  орай  қалдықсыз  технологияларды  пайдалану.  Бұл    жұмыс  табиғи 

ресурстарды  және оларды тиімді пайдалану мәселелерін қарастырады. 



Кілт сөздер: табиғи ресурстар, тұрақты даму, қалдықсыз технология, 

 

Аннотация.    Оснавной  аспектом  устойчивого  развития  это  рациональное 

использование природных ресурсов. Решением этой задачи является сохранять равновесие 

и особенно рационально исползовать невозобновимые природные ресурсы. Связи с этим 

использовать  безотходную  технологию.  Основной  задачей  этой  работы  является 

рациональное  использование  природных  ресурсов  и  использоватние  безотходную 

технологию. 

Ключевые  слова:  природные  ресурсы,  устойчивое  развитие,  безотходная 

технология. 



 

Кіріспе.  

Адам  баласы  күнделікті  өмірде  ресурстардың  алуан  түрін  пайдалануда.  Солардың 

ішінде табиғи ресурстардың орны ерекше. Табиғи ресурстар деп қоғамның материалдық, 

мәдени, тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта 

қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстарына айтады.

 

Оларға 



атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен 

жануарлар  әлемі,жер  қабатындағы  жылу  энергиясы  т.б.  жатады.  Табиғи  ресурстарды  әр 

түрлі жіктеуге болады. Мысалы қол жетерлікке байланысты нақтылы және потенциталды, 

пайда болуына байланысты табиғи және антропогендік, химиялық табиғатына байланысты 

органикалық  және  минералды,таусылуына  байланысты  сарқылатын  және  сарқылмайтын  

ресурстарға  бөлуге  болады.  Сарқылатын  ресурстарға  жақын  кезеңде  немесе  болашақта 

табиғат  қорының  сарқылу  қаупі  төніп  тұрған  заттар  жатады.  Бұларға  ең  алдымен  қазба 

байлықтар 

мен 

тірі 


табиғат 

ресурстары 

жатады. 

Ресурстардың 

сарқылуы   салыстырмалы    ұғым.  Сарқылмайтын  ресурстарға  шексіз  ұзақ  уақыт 

пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен 

қайту энергиялары.

 

 Сарқылмайтын  қорлар  адам  баласына  тәуелсіз  болып  келеді.  Соның 



бірі  –су.  Жер  шарындағы  судың  үлесі  барлық  жердің  2/3  алып  жатыр.  Сондықтан  оның 

қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр.

 

Табиғи ресустардың планета бойынша 



орналасуы  біркелкі  емес.  Мұның  өзі  Жер  шарындағы  климаттық  және  тектоникалық 

процестердің  айырмашылықтарына,  өткен  геологиялық  дәуірлерде  пайдалы  қазбалар 

түзілу  жағдайының  әр  түрлі  болғанына  байланысты.Солай  болса  да  жер  жүзінде  табиғи 

ресурссыз  ел жоқ. Ресей, АҚШ  , ҚХР,  Үндістан,  Бразилия, Австралия елдерінде табиғи 

ресурстардың барлық түрі таралған саналады.   

 

  Негізгі бөлім.  

Қазақстан  табиғи  ресурстарға  бай  ел.  Табиғи  ресурстардың  қоры  бойынша  әлемде 

алтыншы  орында.  Д.И.Менделеевтің  химиялық  элементтер  кестесінің  110  элементінің 

ішінен  Қазақстанның  жер  қойнауында  99  элемент  табылған,  70  элемент  барланған,  60 

элемент өндірілуде және пайдаланылуда. Қазақстан Республикасының минералды-шикізат 

базасы 5004 кен орнынан тұрады, олардың болжамды құны шамамен 46 триллион АҚШ 

долларын  құрайды.  Қазақстан  қазірдің  өзінде  вольфрамның  әлемдегі  ең  ірі  өндірушісі 

болып табылады, ал оның қоры бойынша дүние жүзі елдерінің арасында бірінші орында, 

хром және фосфор кендерінің қорлары бойынша - екінші орында, қорғасын мен молибден 

- төртінші орында, Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Үндістан, Ресей және Украинадан 

кейін  темір  рудаларының  жалпы  қорлары  бойынша  -  сегізінші  орында  (16,6  миллиард 

тонна).Қазақстан Республикасында мұнай мен газдың әзірге тек 160 кен орны барланған, ал 

өндірілетін  мұнай  қорлары  2,7  миллиард  тоннаны  құрайды.Бүгінгі  күнгі  Қазақстанда 

алтынның шамамен 300 елеулі кен орындары болжамдалған, олардың ішінен 173- і егжей-



969 

 

тегжейлі барланған.Қазақстанның аумағында 100-ден астам көмір кен орындары барланған, 



олардың  ең  ірісі  –қоңыр  көмір  қыртыстарының  үлкен  қуаттылығымен  ерекшеленетін 

Екібастұз  кен  орны,  және   Қарағанды  көмір  бассейнінде  50  миллиард  тоннадан  астам 

кокстенген көмір қорлары бар. 

Қазақстанда  калийдің  және  басқа  тұздардың,  борат,  бром  қоспаларының, 

сульфаттардың,  фосфориттердің,  лак  және  бояу  өнеркәсібіне  қажетті  алуан  түрлі 

шикізаттардың,   күкірт  қышқылы  және  басқа  химиялық  өнімдердің  өндірісін 

ұйымдастыруға  арналған  полиметалл  кендерінің  құрамындағы  күкірт  колчеданның  мол 

қорлары  бар.  Елімізде    шыны  және  фарфор-фаянс  өнеркәсібінде  қолданылатын  аса  бай 

шикізат  ресурстары:  сирек  кездесетін  асыл  тастар,  алуан  түрлі  құрылыс  және  қаптауыш 

материалдар. 

Сонымен бірге Қазақстанда  тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш 

тақтатастар таралған. Тас көмір  өндірілетін аудандары  –  Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, 

Кендірлік,  Таскөмірсай,  Алакөл  кен  орындары.  Осылардың  ішінде  маңыздырағы  – 

Қарағанды  және  Екібастұз  алаптары.  Мұнай  мен  газ  қорлары  Қазақстанның  батысында 

шоғырланған.  Бұлардың  Маңғыстау  түбегі  мен  Жемнің  төменгі  ағысындағы  алқаптар 

игерілген.  Барлық  кен  орындарында  мұнайға  қосымша  табиғи  газ  өндіріледі.  Ембі 

мұнайының  сапасы  жөнінен  дүние  жүзінде  алдыңғы  орындарда.  Соңғы  жылдары  мұнда 

жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады. 

Табиғи  ресурстар  мемлекет  меншігіне  жатады  және  олардың  Қазақстан 

Республикасының экономикасы үшін маңызы зор. Табиғи ресурстарды басқару Қазақстан 

Республикасында мемлекеттік басқарудың жалпы тетігінің ажырамас бөлігі және маңызды 

құрауышы  болып  табылады.  Жалпы  мемлекеттік  басқару  реформасы  шеңберінде  табиғи 

ресурстарды  басқарудың  түбегейлі  жаңа  жүйесін  енгізу    қажет.  Табиғи  ресурстар 

экономиканың  өсуін,  ауқымды  сыртқы  экономикалық  және  сыртқы  саяси 

уағдаластықтарды  қамтамасыз  ету  үшін  Қазақстан  Республикасының  маңызды 

стратегиялық басымдығы болып табылады. Олар қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігіне 

пайдаланылуы тиіс. 

Барлық  елдерде  адамның  табиғи  ортаны  реттеу  бойынша  және  табиғатты  қорғау 

мен табиғи 

ресурстарды ұтымды 

пайдалану 

бойынша 


сансыз 

көп заңнамалық 

актілер қабылданды

.

Табиғат  ресурстарының  сарқылу  мәселесі  жылдан-жылға  өзекті 



мәселеге  айналып  келеді. Бұл  олардың  мөлшерінің  шектеулілігінен  және  оларды 

пайдаланудың 

артуынан. 

Оның 


шешімі 

Өндіріс  

қалдықтарын   

қысқарту, 

табиғи  ресурстарды  үнемді  пайдалану  табиғатты   регионалды  пайдалану  стратегиясын

   іс   жүзіне   асыру   процесінің    жүзеге   асырылуында  жатыр

Табиғи  ресурстарды  тиімді 



пайдалану үшін барлық елдер тұрақты дамуға көшуі керек. 1992жылдың маусым айында 

Рио-де-Жанейро  қаласында  өткен  БҰҰ-ның  қоршаған  орта  мен  даму  бойынша  өткен 

конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты 

ауқымды  бағдарламасын  қабылдады.  Бұл  бағдарламада  шешілуі  болашақта  тұрақты 

дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған болатын. Алайда тұрақты даму 

соңғы 10-15 жыл ішінде ғана  дамып келе жатыр. Көптеген елдер тұрақты дамуға көшуді 

бастады және сол елдерде тұрақты дамуға жауапты арнайы комитеттер мен комиссиялары 

да  бар. Тұрақты дамуға көшкен елдердің негізін дамыған елдер құрайды. Атап айтқанда 

“Үлкен жетілік” елдері Америка, Канада, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Германия және 

Италия елдері. Тұрақты даму индексі ең жоғары ел Канада. Канада табиғат ресурстары ең 

көп таралған елдерден болса да соңғы жылдары тұрақты дамуға көшті. Аумағының 35% 

орман.  Соған  қарамастан  орман  ресурстарын    аз  пайдалану  мен  қайта  өңдеу  процесін 

дамытқан.  Тұрақты  даму  тек  адамзатың  игілігіне  емес  экологиялық  пробемалардың 

оңтайлы шешіміне де алып келеді. Мәселен, Швейцарияда әрбір тұрғын қоқысты сұрыптап 

төгуге міндетті: шышыны шыныға, металды металға,қағазды қағазға. Соның нәтижесінде, 

шыны  сауыттарыдың  90%,  қағаз  өнімдерінің  үштен  бірі  қайта  өңдеуге  пайдаланылады. 

Осыдан  келіп,  Швейцария  мен  Сингапур  сияқты  елдер  әлемдегі  экологиялық  ең  таза 


970 

 

мемлекеттердің  қатарында  есептеледі.  Ал  бізде  Алматыда  қоқыс  өңдетін  жалғыз  кешен  



бар,  бірақ  олда  істемей  қалуда.  Жалпы  қорытындылай  келгенде   қоғам  мен  табиғат  бір-

бірімен тығыз байланысты болғандықтан, қоршаған орта мен адамның жеке-дара тіршілік 

етуі  мүмкін  емес.  Табиғат  байлықтарын  тиімді  пайдалану,  табиғатқа  сүйіспеншілікпен 

қарай  білу  қоғамның  да  алға  қарай  дамуына  негіз  болады.  Қоршаған  ортаның  қолайлы 

болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне 

ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір 

отырғызылған  ағаш,  тазаланған  бұлақ  сол  табиғаттың  бір  бөлегі  екенін  ұмытпаған  жөн. 

Өзіміз тұрған жердің табиғатын сақтаймыз. Табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыру үшін 

туған  өлкеге  туристік  саяхат  жасаудың,  оның  табиғат  ерекшеліктерімен,  экологиялық 

жағдайымен танысудың маңызы зор. 

Табиғат  

пен  


қоғамның  

әрекет  


ету  

мәселелерінің 

ішінде  жалпы  адамзатқа  неғұрлым  маңызды  міндеттер  қоршаған  ортаны   жақсы  жағд

айда  


сақтау  

қоғамның  

бірте-

бірте   көбейіп  келе  жатқан  қажеттіліктерін  әртүрлі  табиғи  ресурстармен   қамтамасыз  



ету  болып  табылады. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында 

жасаған  баяндамасында  тұрақты  дамуға  жетудің  түйінді  мәселелерін  шешудегі  еліміздің 

белсенді  қызметін  дәлелдейтін  нақты  мысалдар  келтірді.  1992-1998  жылдар  аралығында 

Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, 

Аралды  сақтап  қалуға  арналған  интеграциялық  процестердің  ұйтқысы  болды.  Қазіргі 

уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы 

саяси  іс-шараларды  анықтау  жолдары  іздестірілуде.  Олар:  -  бұзылған  экожүйелерді 

қалпына келтіруді қамтамасыз ету; - суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау; 

- жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық 

алуантүрлілікті 

сақтауға 

бағытталған 

үйлесімді 

іс-шараларды 

қабылдау

Қазақстан Республикасы үшін тұрақты дамуға көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын 



болады. Ол үшін тұрақты дамудың әр кезеңіне арналған белгіленген өлшемдер анықталады. 

Дайындық кезеңі (2007- 2009 жылдар) – тұрақты даму қағидаттарын қоғамдық және саяси 

қызметтің  барлық  салаларына  енгізу,  экономиканы  әртараптандыру,  технологиялық  алға 

озуды 


жүзеге 

асыру 


үшін 

жағдай 


жасау.  

бірінші  кезең  (2010  -  2012  жылдар)  –  Қазақстан  Республикасының  әлемдегі  бәсекеге 

барынша 

қабілетті 

елу 

елдің 


қатарына 

кіруін 


қамтамасыз 

ету.  


екінші кезең (2013 - 2018 жылдар) – өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдік дамудағы 

көшбасшылар  арасындағы  еліміздің  жағдайын  нығайту,  табиғи  ресурстарды  орынсыз 

пайдалану  салдарынан  болатын  шығындарды  айтарлықтай  қысқарту,  елдің  экологиялық 

тұрақтылығының 

жоғары 

деңгейін 



қамтамасыз 

ету.  


Үшінші  кезең  (2019  -  2024  жылдар)  –  тұрақты  дамудың  қабылданған  халықаралық 

өлшемдеріне  қол  жеткізу. Табиғат   пен   қоғамның   әрекет   ету   мәселелерінің 

ішінде  жалпы  адамзатқа  неғұрлым  маңызды  міндеттер  қоршаған  ортаны   жақсы  жағд

айда  сақтау  қоғамның  бірте  бірте   көбейіп  келе  жатқан  қажеттіліктерін  әртүрлі  табиғ

и  ресурстармен   қамтамасыз  ету  болып  табылады. 

 

«Қалдықсыз  технология» дегеніміз  адам  қажеттілігіне  қажетті  табиғи  ресурстарды 



және  энергияны  ұтымды  пайдалануды  қамтамасыз  ету  мен  қоршаған  ортаны  қорғауда 

ғылыми  әдістерді  және  құралдарды  тәжірибелік  тұрғыда  қолдану  болып  табылады.

 

Қалдықсыз өндіріс кезінде бастапқыда барлық шикізат соңғы қортындыда осы немесе өзге 



өнімге айналады. Қалдықсыз технология – бұл өнімді өндірудің тәсілі энергия мен шикізат 

кезеңінде  кешенді  және  әбден  орынды  түрде  пайдаланылады.  Атап  айтқанда:  шикізат 

ресурстары — өндіріс -тұтыну — қайталама шикзат ресурстары, яғни, кез келген қоршаған 

ортаға болатын әсерлер оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды. Осы өндірісте қоршаған 

ортаға  зиянды  әсер  ететін  деңгей  қалыпты  мөлшерден  аспайды.  Мысалы,  рұқсат  етілген 

санитарлық-гигиеналық мөлшерден және техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық 



971 

 

бойынша  немесе  өзге  себептерге  байланысты  шикзат  пен  материялдардың  бір  бөлігі 



пайдаланылмайтын қалдықтарға ауыстырылып, ұзақ мерзімді сақтауға жіберіледі немесе 

көміледі. Қалдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге созылатын процесс. Сонымен қатар,өзара 

байланысты  бірқатар  технологиялық,  экономикалық,  ұйымдастырушылық  және  басқа  да 

күрделі міндеттердің шешімін талап етеді. 

Қалдықсыз өнiм өндiрiсiн енгiзуден бiз не күте аламыз? Практика көрсеткендей, олар: 

биосфераға келетiн шығынды төмендету, шикiзат пен энергетикалық ресурстарды үнемдеу, 

шикiзат базасын кеңейту, қалдықтарға жұмсалатын шығындыазайту, т.с.с.Қалдықсыз өнiм 

шығару  технологиясының  ең  жақсы  мысалы  хромдау  гальваникалық  цехының  қазiргi 

заманғы технологиясы. Бұл технология бойынша, шайылатын судағы ауырметалл иондары 

тазартқыш  қондырғыға  сiңiрiлiп,  хромдауваннасына  қайтып  келедi,  ал  тазартылған 

технологиялық  сухромдалған  детальдарды  жууға  қайтадан  қолданылады.  Бұндай 

мысалдарды көптеп кездестiруге болады. 

 

Қортынды.  Қортындылай  келгенде  еліміздің  тұрақты  дамуға  көшуі  оң  жүріп 

жатқанын айтуға болады.Табиғи ресурстар бүкіл жер жүзінде азайып келе жатқан кезеңде 

бұл  өте  жақсы  көрсеткіш.  Біз  табиғи  ресурстарға  деген  сұранысымызды  ендігі  кезекте 

энергетикалық  ресурстармен  айырбастауымыз  керек.  Бұған  байланысты  көрілген  шара 

ретінде тек Семей ядролық полигонының жабылуы емес,алдымызда келе жатқан ЭКСПО-

2017 көрмесінде мысал ете  аламыз.  «Болашақтың энергиясы» деп  аталатын бұл  көрмеде 

әлемнің энергия өндіретін ең озық технологиялары ұсынылатын болады. Бұл елемізді жан-

жақты дамуына өз үлесін қосатын болады.Қалай дегенмен де, Вернадский айтқандай жерде 

ресурстардың бір түрі  аяқталса,адамдар оны ауыстыра алатын басқа энергия көздерін таба 

алады.  Осыған  байланысты  еліміздің  алға  қойып  отырған  стратегиялық  мақсаттарының 

жүзеге асуына сәттілік тілейміз.            

 

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

1.



 

Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: “Зият”, 2003ж.-212б.

 

2.

 



Ә.Бейсенова, А.Самаќова,Т.Есполов «Экология жєне табиѓатты тиімді пайдалану» Алматы 

2004ж. 


3.

 

Евдокимов 



В.В.  Анализ  устойчивого  развития  стран  большой  семерки.

 

Житомирлік 



мемлекеттік технологиялық университеті,2012ж 

4.

 



М.Курсабаев. Жалпы экология пәні.2013ж 

5.

 



М.Ш.Алипов.Экология және тұрақты даму. Алматы 2012 

6.

 



Баешова А. Қ.  Экология және тұрақты даму: оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 

2013. 


              

 

 



 

 

ӘОЖ (УДК) 81'271 



ҚАТЫСЫМ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ 

Нурмолдаева Инабат Қайыржанқызы 

Сулейман Демирел Университеті 

              Мақалада тіл мәдениетіне қойылатын талаптардың мақал-мәтелдердегі көрінісі туралы 

баяндалады. 

       Автор рассматривает отражение требований культуры речи в пословицах и поговорках. 

      The article dwells upon the reflection of culture of speech lequirements on proverbs. 

Тірек сөздер: қатысым қағидалары, тіл мәдениеті, мақал-мәтелдер, шаршы топ алдында сөйлеу 

мәдениеті, сөйлеуші, тыңдаушы. 



972 

 

  



      Өзара сөйлесу, тілдесуді қарапайым қазақ қатысу деп атайды. «Қатысым» сөзі сөздік қордағы 

«қатыс»,  «қатысу»  сөзінен  алынған.  «Бір-бірімізбен  араласпай  қалдық,  байланыспай  қалдық» 

деген ұғымды білдіргісі келсе, «көптен қатыспай қалдық» дейді. Демек, «қатыс» қазақтың байырғы 

сөзі, «байланыс, қатынас» дегеннің баламасы, ал -ым оған жалғанған сөзжасамдық жұрнақ. Демек, 

қатысым қағидалары дегеніміз адамдардың тіл арқылы бір-бірімен түсінісу, пікірлесу, ой алмасуына 

қойылатын жалпы талаптар, заңдылықтар дегенді білдіреді [1] Ал сол заңдылықтар қазақтың мақал-

мәтелдерінде көптеп кездеседі. 

    Тіл ойды жеткізгенде көпқырлы болып жұмсалады. Адам тіл арқылы жаныңа жайлы балдай тәтті 

сөзді де айта алады. Түрлі жағдай, түрлі әрекет үстінде жанға жайлы сөзбен қатар, адам у тамғандай 

етіп, жайсыз сөзді де айта салады. Мысалы, «бал тамған тілден у да тамады», «ашынған тілді 

болар, ашыққан ұры болар», «басқа пәле – тілден», «тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» 

т.б. 


    Тілді  қолданушының,  яғни  сөйлеушінің  пайым-парасаты,  білімі,  таным-түсінігі  оның  сөз 

саптауынан  байқалады.  Оған  қазақтың  мақал-мәтелдері  айқын  дәлел  болып  тұр:  «Адам  тілінен 



жазалы, мал мүйізінен жазалы», «Өткір тіл – дарын, ұзын тіл – жауың», «Оттың шаласы жаман, 

сөздің  аласы  жаман»,  «Шөп  асылы  –  тауда,  сөз  асылы  –  дауда»,  «Ине  көзінен  сынады,  шешен 

сөзінен сынады», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Асыл ердің белгісі – аз сөйлеп, көп тыңдар» 

т.б. 


    Тіл  мәдениетін  арнайы  зерттеген  профессор  Мәулен  Балақаев  былай  деп  атап  кетеді:  «Айтқан 

сөзің қысқа, әрі тұжырымды болсын. Аз сөзбен айтуға болатын ойды керексіз көп сөздермен езгілеп, 

өзгенің уақытын алып отыратын, тыңдаушысын әбден ығыр қылатын адамды қазақ «көкмылжың» 

дейді.  Мылжың,  көкмылжыңдардың  сөзін  өзгелер  ешуақытты  зейін  қойып  тыңдамайды.  Ондай 

жаман атқа ілінбеу үшін, шешендік кәсібіңе кір келтірмеу үшін, артық сөздерді айтып лағып кетпе. 

Құраған  сөйлемнің  ықшамды,  ұғынуға  оңай,  қолданған  сөздерің  жұртқа  таныс,  әрі  мазмұнды 

болсын.  Аз  сөзбен  көп  нәрсе  айтуға  тырыс»[3,  52].  Осы  М.Балақаевтың  сөздеріне  дәлел  ретінде 

қазақ  халқының  мына  мақал-мәтелдерін  қарастыруымызға  болады.  «Аз  сөз  –  алтын,  көп  сөз  – 



көмір»,  «Көп  сөздің  азы  жақсы,  аз  сөздің  өзі  жақсы»,  «Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні», 

«Санаулы сөз салмақты», «Ақылы қысқаның – тілі ұзын», «Ұзын тілдің ойы шолақ», «Сөздің азы 

жақсы,  қыздың  назы  жақсы»,  «Байлауы  жоқ  шешеннен  үндемеген  есті  артық»,  «Көп  сөйлеген 

көптен айрылар»... 

    З.Ерназарова  «Сөйлеу  тілі  синтаксисінің  прагмалингвистикалық  аспектісі»  еңбегінде  мынадай 

пікір айтады: «Айтылған сөздің құдіреті ақиқатта», «Тіл жүйрік емес, шын жүйрік». Мұнда сөзің 

шынайы болсын, шындықты айт (екі ұшты сөйлеме ) деген талап қойылды. Жасырын мәнді сөйлем 

түріне  қатысты  :  «тура  айтып,  туғаныңа  жақпайсың»  мақалын  келтіруге  болады.    Осы  мақал-

мәтелдерде  берілген  сөйлеу  талаптары  жас  ұрпақты    сөйлеу  өнеріне  тәрбиелеген.  Бұнда  ұлттық 

дүниетаным, қарым-қатынастың бағалануы бар» - деп жазады [3,16] 

      Қ.Күдеринова «Н.Сауранбаев және шаршы сөз мәдениеті» деген мақаласында: «Білікті маман 

шығуы  үшін  алдымен  тілдік  тұлғасы  қалыптасқаны  жөн.  «Бірақтың  да  бірағы  бар»  дегендей 

ауыздыға  сөз  бермей,  бір  сөзге  екі  сөз  қайтырып,  «тіл  мен  жаққа  сүйенушілік»,  боссөзділік, 

былайша айтқанда, мылжыңдық та жоқ емес, бүгінгі ұрпақ тілінде. Мылжыңдық болашақ маман 

иесінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан алдымен көпірме сөздіктен, боссөзділіктен аулақ болу 

талап етілуі тиіс. Сөз саптауың арқылы өзіңді танытудың басты  амалын халық мақал-мәтелдері өзі-

ақ айтып берген. Мысалы: «аз сөз алтын, көп сөз көмір», «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні 

бар»...  яғни айналшық жеген аттай, айтар ойыңды төңіректей бермей, көп сөзге елтімей дәл , қысқа, 

нақты  жеткізу  тіл  мәдениетінің  бірінші  шарты.  Бүгінгі  заман  ағысы  да,  тіл  арқылы  берңлетін 

ақпаратттың көптігі де бәрімізден осыны талап етеді»- дейді [4, 27]. 

     Жұрт алдында сөйлеу өте жауапты, әрі қиын жұмыс. «Сөйлей-сөйлей шешен болған» кісілер де 

кейде  үлкенді-кішілі  аудиторияға  келіп  көпшілікке  қарап  ә  деп  тіл  қатқанда,  жүрегі  алып-ұшып 


973 

 

тұрады.  Оның  себебі,  алдымен,  айтайын  деген  ойымды  қатесіз,  дұрыс  айта  аламын  ба, 



тыңдаушыларды  менің  сөзім  қанағаттандыра  ма?...деген  уайым  қыстайды,  оның  үстіне  аузына 

қадала  қарап  жаудыраған  көп  көздердің,  әр  сөзіңді  сынай  қабылдайтын  білімді,  мәдениетті 

аудиторияның үнсіз сұсы сөйлеушіге әсер етпей қоймайды. Көп алдында сөйлеп ысылмаған кісілер 

ондайда асып-сасып, булығып, айтайын деген сөзінен жаңылысып та қалады. 

     Мұндай сәтсіздікке ұшырамау үшін жұрт алдында өзіңе берік бол, ұстамды бол, қандай да бір 

қиыншылыққа  душар  болсаң  да,  сасқалақтамауға  тырыс.  Тыңдаушылар  алдында  өзін-өзі  дұрыс 

ұстай алмаған кісінің сөзі де өтімді болмайды. Сондықтан трибунада ұстамды болу, қобалжымау, 

сасқалақтамау – сөйлеушілерге қойылатын басты талаптардың бірі болып табылады. 

   Аудиторияда ұстамдылықтың қамы – ерте бастан жүргізілген дайындық. Дайындықсыз сөйлеген 

кісіде  батылдық,  өзіне  сенім  болмайды.  Тыңдаушыларды  еліктіре  білу,  олардың  назарын  сөйлеп 

тұрған  сөзіне  аудара  алу  –  дикторға,  баяндамашыға,  үгітшіге  жүктелген  міндеттің  нәтижелі 

болуының басты шарты. 

      Ал, университетте М.О.Әуезов, Т.Т.Тәжібаев лекция оқығанда, студенттер қит етпей отырып, 

сүйсіне,  ынтыға  тыңдайтын.  Олай,  тыңдаушыларын  жалықтырмай,  қызықтыра,  еліктіре  сөйлеуге 

білім керек, шеберлік керек. Осыған байланысты біраз мақал-мәтелдерді атап кетейін: «Қылыш бірді 

жайратар,  Тіл  мыңды  жайратар»,  «Сүйексіз  тіл  сүйекті  де  сындырар»,  «Тіл  үйірер  сөз  болса, 

Тыңдаушы құлақ кез болар», «Мал байлығы – бір жұттық, Тіл байлығы – мәңгілік» т.б. Сонымен 

қоса  шешен,  шебер  сөйлуге  машықтанып  алған  адам,  басқадан  қалай  сөйлесем  екен  деп  ақыл 

сұрамайды. Оған өзінің де ойлау қабілеті мен тәжірибесі жетеді. Ал кейде сөзге ебі жоқ, аз сөйлеп, 

көп іс тындыратындардың басқа іске қолы епті келеді. Бірі қолөнерге шебер болса, бірі дәмді ас 

пісірудің  шебері.  Осы  сөзге  байланысты  қазақта  мынадай  мақал  бар:  «Тіл  жүйрігі  –  басқа,  Қол 

жүйрігі – асқа». 

    Елді  аузына  қарататын  шешендердің  толып  жатқан  басқа  да  қасиеттері  болады.  Соларынан 

үйренем деушілер мына қағиданы ескеру қажет: 

    1.  Дүниеде  тыңдаушыларының  өзі  жақсы  білетінді  өздеріне  тәптіштеп  айтып  жатудан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет