Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет66/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   135

 

Литература 

1.

 



Горохов  В.А,  Гринбер  Т.Э..  Концепция  рекламы  и  пабик  рилейшнз  в  теории  массовых 

коммуникаций. Вестник МГУ. Сер.10. Журналистика.2002.№1 

2.

 

Реклама и современная культура: аспект взаимодействия. М.,2002. С 187 



3.

 

Руднев В.Л Словарь культуры XX века.Массовая культура. М., 2004.С 234.  



4.

 

С.И.Ожегов. Словарь русского языка. М., 1997, С.345. 



 

 

 



 

521 

 

ӘОЖ 82 



ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ СИМВОЛИЗМ  

 

Сүлейменова Жансая Мұратқызы 

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің магистранты 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент - Ахметов К.К. 

 

Мақалада  қазақ  әдебиетіндегі  символизм  ағымының  даму  ерекшеліктері  зерттеледі. 

Сонымен қатар М.Жұмабаев пен Б.Күлеев поэзиясындағы символистік арнаның мән-мазмұны 

қарастырылады. 

В  статье  изучается  особенности  развития  символизма  в  казахской  литературе.  Также 

рассматриваются проявления символизма в поэзиях М.Жумабаева и Б.Кулеева. 

The peculiarities of symbolism`s development in Kazakh literature are considered in the article. 

The manifestation of symbolism in poetry Zhumabaev and Kuleev it also considered in it. 

 

Әр әдебиеттің айрықша жұлдызы жанатын кезеңі болады. Орыс әдебиетінде Пушкин мен 



Лермонтов туғызатын алтын ғасыр іспетті. Қазақ әдебиетінің сондай алтын ғасыры Абай мен 

Мағжаннан бастау алады. 

«Қос ғасырдың тоғысар тұсында «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп» екі жаққа үңілген ұлы 

Абай, халықты өркениеттің өріне алып шығар амалды тапты. Ол ғылым мен білім, өнер үйрену 

жолы еді. Замананың тұрпатын, ұлт тұрмысының кемшілікті тұстарын Абайдай көре білген, 

ұлы ақындай таныған жан кемде-кем. Абай жасампаздығының мәңгілігі мен өнерінің өрістілігі 

осында жатса керек. ХІХ ғасырдың  аяғы мен ХХ ғасыр басындағы  Абай  феномені  – қазақ 

ұлтының  өркениеттік  болмысындағы  орны  айтып  болмас  ұлы  құбылыс»  /1/,  -  дейді 

Ө.Әбдиманұлы.  Расымен  де,

 

ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  қазақ  ақын-жазушыларының  бүкіл 



шығармашылығы  Абай  атты  ұлы  арнадан  бастау  алады.  Сондықтан  ХХ  ғасыр  басындағы 

әдебиетті  сөз  еткенде  Шәкәрім,  Ахмет,  Міржақып,  Сұлтанмахмұт,  Мағжан,  Бернияз  сынды 

ұлы  тұлғалар  поэзиядағы  Абай  салған  дәстүрдің  сан  қырын  ашып,  жаңашылдықпен 

жалғастырғанын атап өту дұрыс. Онсыз сол кездегі поэзияның даму деңгейін, көтерілген биігін 

көре алмаймыз. 

Абай  ұлылығын  тани  біліп,  ақындығына  табынған  осынау  «оқушылар»  ұлы  ақын 

дәстүрінің әр қырын, әр бағытын өз шығармашылық мүмкіндігіне, ұстанған мақсатына сәйкес 

дамытып, жаңғыртып әкетті. 

ХХ  ғасыр  басындағы  Абай  дәстүрін  биікке  көтеріп,  жаңашылдықпен  дамытқан,  сөйтіп 

қазақ  поэзиясында  өзіндік  дәстүрін  қалыптастырған  және  символизм  биігіне  көтерген  

ақындардың  бірі  –  Мағжан  Жұмабаев  пен  Бернияз Күлеев.  Бұл  ақындардың  өмірлік  мәніне 

айналған Абай поэзиясы – рух биіктігінің белгісі.  

ХХ ғасырдың алғашқы ширегі қазақ халқының қоғамдық және рухани-шығармашылық 

өміріндегі  ең  бір  шешуші  кезең  болды.  Қазақ  даласын  түгелдей  шарпыған  алмағайып 

өзгерістердің  әсері  рухани  құндылықтарды  қайта  екшелеуге  әкеліп,  санаға  алып  келген 

сапырылыстар төніп келе жатқан әлеуметтік дағдарыстар туралы ойларға ерік берді. Қоғамды 

дамытудың  бірнеше  концепциялары  қатарласа  дүниеге  келіп,  ұлт  зиялылары  рухани  қайта 

түлеудің жолдарын қарастыра бастады. Рухани үдерісте дәуірдің әлеуметтік дағдарыстары мен 

қоғамдық ой қарама-қайшылығы көрініс бермей қалған жоқ.  

Қай  халықтың  болмасын  әдеби  дәстүрі  өзінің  ұлттық  өнерінен  бастау  алады,  әлемдік 

өреден  үйреніп  толықтырыла  отырып,  құндылығын  сақтап  өседі.  Мұның  өзі  бір  жағынан 

ұлттық  әдебиеттердің  әлемдік  биікке  көтерілу  деңгейін  биіктетсе,  екінші  жағынан  ұлттық 

әдебиеттердің тақырып таңдауы да өзгереді. Ескіні жаңаша жалғастыратын дәстүрге айналып, 


522 

 

өз  кезеңіндегі  өмір  шындығымен  жалғасады.  Ол  әдебиеттанудың  өзекті  мәселелері  болып, 



ақынның көркемдік ойлауынан, ақындық стилінен, өзгеге ұқсамайтын жаңа қырынан көрініс 

берген көркемдеу құралдары мен сөз қолданыстарынан көрінеді. Онда өмірдің даму кезеңінің 

шындығы жатады. Мейлі қандай әдеби ағымның өкілі болмасын өзі өмірден өткеннен кейін 

артына  өзінің  қолтаңбасын,  өлмейтін  ескеткішін  қалдырып  кетеді  де,  әдебиеттердегі 

ағымдарды  зерттеу  барысында  сол  кезеңдегі  қоғамдық-саяси  жағдайларға  баға  беруге 

мұрындық болады.  

ХХ ғасырдың басындағы қазақ поэзиясында аса дарынды да білімдар ақындар шоғыры – 

С.Торайғыров,  Ғ.Қараш,  Ш.Бөкеев,  Ш.Құдайбердиев,  Б.Күлеев,  М.Жұмабаев,  І.Жансүгіров, 

С.Сейфуллин  сынды  ақындар  дәстүрлі  меңзеу,  ишара,  құбылту  тәсілдерін  жаңаша  игеру-

өңдеуде белгілі дәрежеде поэтикалық төңкеріс жасады десек артық емес.  

«Бұл  шақта  рухани  серпілістер,  мәдени  өркендеу  идеяларымен  қоса  уақыттың 

катастрофалығы, тұйыққа тірелу сарындары да қатар өмір сүрді. Мұндай пафостар сол кезеңде 

туған шығармалардың идеялық-көркемдік бағдарына өз ықпалын тигізбей қалған жоқ. Әлемді, 

оның  заңдылықтарын  рационалистік  принциптер  арқылы  тануға  иррационализм, 

материалистік  көзқарастарға  идеалистік  дүниетаным  қарсы  қойылды.  Содан  барып  әдебиет 

өлкесінде  түрлі  әдеби  ағымдардың  идеялық-эстетикалық  ұстанымдары  бой  көрсетті.  Кеңес 

әдебиеттануында  солшыл  авангардтық  ағымдар  ретінде  сыналып  келген  модернистік 

эстетиканың  символизм,  сентиментализм,  экзистенциализм,  имаженизм,  импрессионизм 

сынды  тағы  басқа  әдеби  құбылыстары  қазақ  әдебиетінде  таза  күйінде  кездесіп  жетекші 

позицияларды  иемдембесе  де  әр  ағымның  идеялық  және  бейнелеу  ерекшеліктері  әртүрлі 

деңгейде  байқалып  отырды.  Мәселен,  М.Жұмабаев  пен  Б.Күлеевтердің  поэзиясында 

символизм  ағымының  әлемдік  әдебиетте  қалыптасқан  дәстүрлі  сілемдері  барынша  қанық 

бояулармен көрініс беріп, қазақ поэзясының тағы да  көркемдік-эстетикалық айқын бағдарын 

танытты» /2,289/ – деп жазады профессор Ж.Ж.Жарылғапов. 

Символизм  алғаш  әлем  әдебиетінде  романтизммен  бірге  болды.  Кейін  романтикалық 

сарын өршіл және кері тартпа болып екіге бөлінгенде, ойды бейнелеп жеткізуде шындық пен 

жалғандықтың  ара  салмағын  өлшеп  көрсететін  әдеби  құралға  айналып,  ХІХ-шы  ғасырдың 

ортасында  әдебиетте  романтикалық  сарын  мен  реалистік  шындыққа  қосымша  –  жаңа  әдеби 

әдіс болып, Европа және орыс әдебиетінде қалыптасады. 

Ал Б.Қанарбаева «Қазақ әдебиетіндегі модернизм» атты еңбегінде: «Модернизмнен бастау 

алатын  барлық  әдеби  ағымдардың  түрлері  қазақ  әдебиетінде  ХХ-ғасырдың  басынан  көрініп 

келеді.  Ол  тек  қазақ  әдебиетінде  «термин»  ретінде  ғана  таныс  емес.  Ал  барлық  әдеби 

ағымдардың түбірі терминнен таралады. Терминдердің өзі көне жанрлардың өзгеріске түскен 

үлгісі. Көне жанрлар ғасырлар  мен қоғам ауысқанда үнемі  жаңаланып, жаңғырып отырады. 

Оны пайдаланушылар өздерінің білім дәрежесі мен дүниетанымдарына ұстанған бағыттарына 

қарай түрлендіріп пайдаланады. Әдебиет пен өнердегі ағымдар осылай пайда болған. Оларға 

әр  түрлі  терминологиялық  атаулар  беріп  жүргендер  әдебиет  пен  өнер  зерттеушілері. 

Көпшілігінің көне атаулары жаңа мағыналы сипат алуына байланысты жаңалық болып келеді. 

Әдеби ағымдар тек Батыс Еуропа әдебиетіне тән құбылыс деген ұғым, олардың жаңашылдық 

жасаудағы  белсенділігін  мойындай  отырып  өздерінің  солардың  дәрежесіндей  ойлай 

алатындықтарын  сезіне  алмау.  Өздеріне  баға  беру  қабілеттерінің  төмендігі,  сананың 

«құлшылдық»  сезімнен  арыла  алмауы.  Жазушылардың  бір  ноқтаға  кигізіліп,  тізгіндері  ұзақ 

уақыт «адам құдайлардың» қолдарында болғандығынан. Оның шеңберінен сытылып шыққысы 

келген туындылар, қоғамдық сананы бүлдіруші қатерлі шығарма ретінде оқырман назарынан 

ығыстырылып  отырғандығы.  Батыстық  «сана»  батыстық  әдеби  үлгі  аталып  жүрген 

«абстракционизм», 

«футуризм», 

«символизм», 

«сентиментализм», 

«сюрреализм», 

«импрессионализм»  т.б.  деп  келетін  терминдердің  адамзат  ой  санасының  түрленген  түрі 


523 

 

екендігіне баға бере алмау. «Изм» деп жаратпай атап жүргендері осы терминдердің соңғы үш 



сөзі. Көпшілікке түсініксіз болып жүрген «измдердің» шығу тегі осындай. «Изм»-грек сөзінен 

алынған  «даму»  деген мағынаны береді. Ендеше ағымдардың барлық түрі әдебиет мен пен 

өнердің  жаңаланып  дамыған  үлгілері.  Бұдан  шығатын  қорытынды  әлем  халықтары  тек 

түрімен, тілімен, дінімен ғана ерекшелетіндігі» /3,6/, - деп көрсетеді.  

Қазақ поэзиясындағы символизм Мағжан Жұмабаев есімімен тығыз байланысты. Оның 

біршама шығармаларында символизмнің көрініс элементтері бар екендігі анық. Алайда таза 

символист  ақын  деп  те  қарай  алмаймыз.  Себебі,  символизмнің  бастау  алған  арнасы  Батыс 

Еуропада символизм жарты ғасырға созылса, ал Ресейдегі жаңғырығы бірақ уақытқа созылған, 

ал қазақ поэзиясындағы өткінші жаңбырдай бұл құбылыс қас-қағым сәтте, қат-қабат құнарын 

қалдырып кетті деуге болады. Қазақ символизмі аяғынан тік тұра бастаған кезде Еуропа мен 

орыс  символизмі  толысу,  тіпті  тоқырау  сатыларын  өзегіне  түгел  өткеріп,  «жасарын  жасап» 

үлгерген еді. Сондықтан Мағжанның өз шығармаларында аты шулы әдеби ағымның кемелі мен 

кемшінін, өміршеңі мен өтпелісін саралап-сұрыптап пайдалану мүмкіндігін иеленді. Бірақ ол 

символизм  болашақ  пердесін  ашатын  жаңа  мифология  туғызды,  келешек  суретін  салу 

саясатшылардың  емес,  ақындардың  қолында  деген  қағидаға  кәміл  сенді.  Мағжан 

символизміндегі ерекшелік – тарихи нақтылығында, ал мұның өзі реалистік нышандардың бірі 

екендігі  мәлім.  Символизм  арқылы  қазақ  өлеңінің  нақышын  байыту  бағытында  ол  салған 

олжаны  айрықша  атау  керек.  Осы  тәсіл  негізінде  ақын  дыбыс  буынның  соны  үндестіктерін 

тауып, қазақ жырын күйге күмбірлетті десек қателеспейміз. 

       Өлең ақын жанның небір құпия сырларын ақтарады. «Өлең шіркін – өсекші, жұртқа жаяр, 

Сырымды тоқтатайын айта бермей» дегенде Абай өлеңінің әлгіндей ең бүгулі интимдік әлем 

кілтін аша алатындығын тұспалдайды. 

«Өлең  құдіреті  күшті.  Бірақ  адам  жанымен  салыстырғанда  әлдеқайда  пәс.  Жаңа 

жырлардың  сарқылмай  туа  беретіндігінің  сыры  осында.  Ойыңдағыны,  сезіміңдегі  мың 

құбылған құбылыстарды тап басып өлеңге қосу – қиынның қиыны. Талай өлең сөздің даңғылы 

мойындаған  шындық.  «Көңілдегі  көрікті  ой  ауыздан  шыққанда  өңі  қашады».  Абайдың  өзі 

осылай  шағынады.  Адам  жаны  –  телегей-теңіз  сыр.  Оның  бәр-бәрін  сол  қалпында  сыртқа 

шығаруға  тіл  шіркіннің  қауқары  жете  бермейді.  Орыс  өлеңінің  зергері  Афанасий  Фет:  «О, 

дариға, сөзді елші етпей-ақ жүрек пен жүрек тікелей тілдессе ғой» - деп армандаған. Ал Федор 

Тютчев: «Мысль изреченная - ложь» дейді. Сөзге айналған ой өтірік! Неге бұлай? Мәселе – ой 

табиғатында. Ой – үздіксіз аққан дария. Тілден тамшылап қана төгіледі. Сөйленген ой оның 

шалқыған ағысын үзіп жібереді.  

Демек,  өлеңді  ұстарту  оны  құрайтын  сөйлемдердің  артық-тыртығын  кетіруді,  мұртын 

басуды, айналасын теп-тегіс жұмыр етуді  ғана көздемейді. Әңгіме ойға алғаныңды жеткізіп 

айтуда.  Бұл  мүмкін  бе?  Жаңағы  тұста  иланғандай  болдық,  мүмкіндігі  шамалы.  Меніңше, 

символизм осы тығырықтан шығудың өзінше бір жолын қармалаудан туған тәрізді. – Ойыңды 

жеткізе алмаған жерде,  - дейді символизм, - ойды астарлап бер, тіліңнің ұшына үйірілмегенін 

оқушының өз жалғастырып әкетуі тиіс» /4,312/.

 

 

Символизм – поэзияның бір бұтағы ғана. Ол социолисттік реализм сияқты бүкіл әдебиетке 



үстемдік құруға, оны уысынан шығармай ұстауға еш дәмеленбеген.  Сол екілді әр ақынның 

оған түгелдей берілуін талап етпеген. Символист бола жүре, реалистік бағытта өлең жазудан 

еш тартынбаған.  

Бізге қажеті – образдық табиғаты басым, поэтика ғылымының аясында қарастырылатын 

көркем  әдеби  символдар.  Поэтикалық  символдар  –  барлық  басқа  символ  типтерінен 

ажыратылатын  және  олардың  барлық  қасиет-қабілетін  өзіне  жинақтай  алатын  әрі  терең,  әрі 

қарымды  көркемдік  категория  екендігіне  символтанушы  ғалымдар  үнемі  назар  аударады. 

Мысалы,  зерттеуші  Б.Жетпісбаеваның  айтуынша:  «символ  –  прежде  всего  творение  духа, 



524 

 

умственной энергии, мыслительной деятельности человека и это важно в первую очередь для 



художественного символа, который квалифицируется в сравнении с другими его формами как 

наиболее зрелая и законченная, наиболее ярко и зримо представляющая особенности данного 

концепта  и,  следовательно,  как  наиболее  совершенная  форма  воплощения  человеческой 

мысли» /5,41/.  

Символистер  санадан  гөрі  сезімге  молырақ  беріледі.  Символистік  стильде  сарыуайым, 

дүниеден  торығу,  табыт  пен  көрден  басқаны  көрмеу,  өлім  күйін  есту  ғана  кезікпейді  екен. 

Демек, символист ақындардың кеудесінен қараңғылықты, өмірге қабілетсіздікті көрушілердің 

айтып жүргені бос сөз. Олар енді ояна бастаған шығыстың алып халықтары рухынан нәр алды 

да, күй қанаты басым стильге күшті, атой салды, үлкен символдық бейнелер арқылы жаһандық 

көлемдегі пафосқа көтерілді. Символистердің де символисі бар. Бірі өлең жолына өрісті ой-

пікірлерді сыйғыза алмаса, заманын нақтылы бейнелер арқылы суреттеуге мүмкіндік таппаса, 

керісінше романтикалық әуездің өзін ұлттық идеяға айналдырды, ешбір риторикасыз, айғай-

ұйғайсыз нешеме континенттерге жетерлік дауыспен сөйледі. 

Ж.Жарылғапов  жоғарыда  аталған  еңбегінде  ұлттық  әдебиетіміздің  әлемдік  әдебиетпен 

үндестігі турасында:  «Көркем ой дамуының негізгі сатылары мен кезеңдерін жедел өткеріп, 

жалпыадамзаттық  әдеби  эстетикалық  ұстанымдарды  барынша  сығымдалған  күйінде 

қабылдаған  қазақ  әдебиетіндегі  көркемдік  әдіс,  әдеби  бағыттар  мен  ағымдардың  тарихи-

ұлттық ерекшеліктері анағұрлым көп. Сондықтан да басқа елдердің әдебиетінде айрықша роль 

ойнаған көркемдік әдістер мен стильдердің, бағыттар мен ағымдардың ортақ типіне, олардың 

қазақ әдебиетінде көріністерін көзсіз тели беруге болмайды. Әлемдік әдебиеттің ортақ моделін 

жасауда  кей  елдердегі  бағыттар  мен  ағымдардың  бірін-бірі  белгілі  тәртіп  бойынша,  жүйелі 

кезекпен  алмастырып  отыратынын  ескеріп,  бұларды  жалпы-типологиялық,  халықаралық 

маңыздағы  құбылыстар  деп  те  қарайтын  көзқарастар  қалыптасқан»,  -  дей  келе,  өзінің  ойын 

былайша  сабақтайды:  «...Бірақ  ұлттық  әдебиеттегі  бағыттар  мен  ағымдардың  өзіндік 

өзгешеліктері  бола  тұра  олардың  нақты  тарихи  жағдайларда  аса  үлкен  маңызға  ие  болуы 

жағынан өзінің басқа әдебиеттегі жалпы тарихи заңдылықтар тұрғысындағы ішкі байланыстар 

арқылы әдебиеттер тоғысып отырады және бір-біріне әсер етеді» /2,43/. 

Қорыта  айтатын  болсақ,  белгісіздік  –  символизм  эстетикасының  жүрегі  болса,  қазақ 

әдебиетіндегі әсем, сыршыл лириканың нәзік жүрегі  – қазақтың сыршыл ақындары Мағжан 

Жұмабаев  пен  Бернияз  Күлеев  деп  танимыз.  Француз,  орыс  символистерінің 

шығармашылығынан сусындаған ақындар олардан тек пішін түрлендіру, сөз ойнату дағдысын 

үйренді, ал мазмұн мен идея бұл ақындарда мүлде бөлек, шығыстық, қазақтық, ұлттық сипатта 

десек қателеспейміз. Сондықтан да Мағжан мен Бернияздай ақындарды символист деп атауға 

мүмкіндік  беретін  себептерді  ұлттық  дәстүр  тереңінен  іздеген  жөн.  Сонда  ғана  олардың 

поэзиясындағы символистік арнаның мән-мазмұны ашылады.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 

Әбдиманұлы Ө. Абай және Алаш. http//abai-inst.kz 



2.

 

Жарылғапов Ж.Ж. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер. - Қарағанды, 2009, 400б 



3.

 

Қанарбаева Б. Қазақ әдебиетіндегі модернизм.  – Алматы: Экономика, 2010, 330 б. 



4.

 

Елеукенов Ш. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Санат, 2012, 480 б. 



5.

 

Жетписбаева Б.А. Символ в движении литературы. – Алматы: Ғылым, 1999,288 с. 



  

 

 



 

 


525 

 

3/2- СЕКЦИЯ 



“ҚАЗІРГІ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІНІҢ  ӨЗЕКТІ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ” 

УДК 81 42;801.77 

 

ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ «СҮЙЕК» КОНЦЕПТІСІ 

 

Құрбанбаева Шарипа 

Қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі, магистратура 1-курс 

Жетекшісі: ф.ғ.к., ассист.проф. Р.Ж.Абнасырова 

 

Тілбілімініңбірсаласыретіндеқарқындыдамыпкележатқанкогнитивтілингвистикадатілк



огнитивтімеханизмретіндетанылады.  

Когнитивтілингвистикадаадамғатәнкогнитивтіүрдістерменқұрылымдарайқындалады. 

Сондықтандаоныңзерттеунысанасынаконцептілержатады. ҒалымА. 

Ислам  «Лингвомәдени  ізденістер  дедүниетанымдық  концептілердің  өзіндік  орны  бар 

деп айтқан болатын.  

Орыстілбілімінде  «понятие»  мен  «концепт»  терминдерінің  ара  жігін  айқындаған 

ғылыми мақалалар аз емес. 

 Алқазақтілбіліміндеәзіргебұлтерминтөңірегіндепікірталасболғанымен,  «ұғым»  депте, 

«концепт» термині түрінде де қалдыруға болады деген  тұжырымдар бар. Аленді  «концепт» 

дегеніміз адам санасында тұрған орта, дін, мәдениет, жалпы айтқанда дүниетаным негізінде 

белгілі  бір  ұрпақтан  –  ұрпаққа  өзгеріссіз  беріліп  отыратын  құндылық.  Сөйтіп,  олар 

«концептілераймағын» құрайды» [1, 2].  

Тіл мен мәдениетті сабақтастыра зерттеудің тиімді саласы – когнитивтік лингвистика. 

Оның  маңызды  ғылыми  сала  ретіндегі  мәнін  белгілі  ғалым  Ж.А.Манкеева:  «Қазіргі  тіл 

білімінде ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. 

Оның себебі: әр тіл - өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі 

мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. 

Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің 

бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға негізделген когнитивтік лингвистика, оның 

лингвомәдениеттану, этнолингвистика т.б. салалары өріс алып отыр», деп анықтайды [2,15]. 

Жалпы концепт: 1) Адам тәжірибесінің әдемі көрінісіндегі кішкентай бірлік

2) Ол білімдерді өңдеу, сақтау және берудің негізгі бірліктері; 

3) Концептінің қозғалмалы шегі және нақты қызметі бар

4) Концепт әлеуметтік, оның ассоциативтік өрісі прагматикасын білдіреді; 

5) Мәдениеттің негізгі ұяшағы. 

 

       І. Ұғымдық мазмұн                                          ІІ.  Бейнелік мағына 



 

 

 



ІІІ. Аксиологиялық мағына                      

Осы  берілген  мағыналар  арқыды  қазақ  тіліндегі «сүйек» мәдени  концептінің  де  танымдық 

ерекшелігін, когнитивтік мәнін, семантикалық өрісін айқындауға болады. 

КОНЦЕПТ 


526 

 

І.  Ұғымдық  мазмұн.Сүйек.  зат.  1.  Адам  мен  хайуанаттар  денесінің  қаңқасы.  Сүйегі  жоқ, 

тіске  жұмсақ  болған  соң,  һәр    кім  жейді  біздің  қазақ  баласын.  Аз  емеспіз,  алты  миллион 

халықпыз.  Әлхамдулилла  надандыққа  ғарықпыз.  (М.Дулатов  шығ.).  2.ауыс.  Өлген  адамның 



денесі,  мәйіті.  Көлік  пен  кісі  әкелем  үйден  барып,  Қайтамын  Томан  мен  баламды  алып. 

Сүйегін Айсұлудың тастамаймын. Қоямын жаназалап елге апарып (Ш.Құдайбердіұлы шығ.). 

3. Өне бойы, тұтас дене. Егерде қолың тисе білегіне, Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе. Бетіңді 

таяп барсаң тамағыңа, Шымырлап бу енеді сүйегіңе (Абай Толық жинақ). 4.ауыс. Ата-тек, 



ру.-Сүйегің  қай  ел?-деді  келіншек.  –Қарқаралы  дуанына  қараған  арғынмын  (І.Жансүгіров 

шығ.жин.). 5. этн. Киіз үйдің кереге, уық, шаңырақ, сықырлауықтан тұратын негізгі қаңқасы. 

Киіз үйдің сүйегі аталатын ішкі қаңқасы: кереге (қабырға сүйегі), үйдің шаңырағын керегемен 

жалғастырып тұратын уық және шаңырақтан құралады (С.Мұқанов.Қазақ қауымы).                                                            



ІІ. Бейнелік мағына 

Қу сүйек. Еті жоқ, құр сүйек.  

Бір жемтік тақыр тиді болып қалған,  

Талай қарға, құзғындар ауыз салған.  

Ауыз жырар еті жоқ, бір қу сүйек.  

Ұшқан құс, жүгірген аң қорек алған. (М.Ж.Көпеев, Тірлікте). 

Ақсүйек. І.Қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. ІІ.Билеуші таптардың өкілі, алпауыт тұқымы. 

ІІІ. Аксиологиялық мағына 

Сүйек концептісіне қатысты жағымды сөздер:

Сүйек  тамыр.  Ежелден  жақын  берік  дос.  Сүйек  тамыр  сүйенісіп  күн  көреді,  Ауыз  тамыр 

айтысып артығын алады. (Мақал). 



Сүйегі асыл. а) Мықты,қайратты. Сүйегі асыл дүр еді. Құдайдың өзі біледі. Он төртінші айдай 

боп, Түседі кімнің қасына (Қамбар батыр). ә) Атақты, текті. Асыл ғой деп сүйегі, Ардағын ел 

сүйеді. Адалдығың Арамның Қытығына тиеді (Қ.Мырзаәлиев Мәңгі майдан.). 

Сүйегі  ауыр.  Салмақты,  денелі.  Сүйегі  ауыр  кісі  ғой,  анау-мынауға  қозғала  қояр  ма  екен 

(А.Тоқмағамбетов шығ.). 



Етінен өтіп, сүйегіне жетті. Әбден бойға сіңген, қалыптасқан. Етінен өткен, сүйігіне жеткен, 

атадан  мирас  алған,  ананың  сүтіменен  емген  надандық  әлде  қашан  адамшылықтан  кетірген 

(Абай Толық жинақ). 

Құр  [қу]  сүйегі  қалды  [көрінді].  Әбден  азып-тозды,  арықтады,  жүдеді.  Бізден  бетер 

таңсықтың ашыққаны батты, сап-сары болып қатып, құр сүйегі қалды (Б.Майлин шығ.). Құр 

сүйегі көрініп денесінен, Қалың шашты сиреген тобесінен. Қара суды қасықтап тамызсам да, 

Өтпейді оның  өртенген өңешінен (С.Мәуленов Алыс кет.). 



Сөзі  сүйектен  өтті.  Намысына  тиді,  жанына  қатты  батты.  Хакімнің  сөзі  мен  айдаладағы 

Жолмұқан  палуанның  сүйектен  өтер  сөздерінен  кейін  «кессең,  басым  мінеки»  деуге  таяу 

қалған Құныс, енді ол ниетінен қайтуға бет бұрды (Х.Есенжанов. Көп жыл). 

Сүйегі балқыды. Жан жүйесі босады. Кешікпей бір кемпірді ертіп келді, Жібердім қуанғаннан 

сонда күліп, Шіркін-ай, сұлу қыздың пейіліне, Сүйегім, денем балқып тұрдім еріп (К.Әзірбаев 

Таңд.шығ.). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет