Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет67/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   135

Сүйегі  менікі,  еті  сенікі.  көне.  Бала  менікі  болғанымен,  сенің  қол  астыңда,  не  істесең  де 

еріктісің деген мағынада. Қазақ баласын баяғыда молдаға бергенде «сүйегі менікі,еті сенікі» 

деп беруші еді(Т.Ахтанов.Шығ.). 

Сүйек алысты. Қыз алысып,қыз берісті, құдандалы болды. Іздеп келіп алыстан, Бұрыннан да 

емес жат. Құдандалы қат-қабат, Талай сүйек алысқан (С.Дөнентаев шығ.жин.). 



Сүйек  жаңғыртты.  Бұрыннан  құдандалы  болып  келе  жатқан  кісілер  қыз  берісіп,  жек-

жаттықты  қайтадан  жаңалады.  Осы  ауыл  Аманның  немере,  шөбере  туыстарымен  ерсілі-



527 

 

қарсылы  құда,  бертін  келе  сүйек  жаңғыртқан  соң,  қарым–қатынастары  сиректеп  алыстан, 



сырттан тілек болып жүреді (Ғ.Мұстафин.Дауыл.). 

Сүйекке түсу[кіру]. этн. Өлікті жуып дайындау, арулау. Біздің жолымыз сүйекке түсу болар 

(Ж.Аймауытов шығ). 



Сүйек  тасу.  Адамның  сүйегі,  буын-буыны  сырқырап  ауру.  Сүйектасу  ауруын  байқасымен 

дәрігерге көріну керек. Екі жылдай болды, бір балам сүйек тасу ауруымен ауырып жүр. (Қазақ 

тілі аймақ. сөздігі.). 

Сүйек  [cар  сүйек]  құда.  Ескіден,  ежелден  келе  жатқан  құда.  Сөзден  кетіп  бәтуа,  Базынаң 

жүрмей  татуға.  Аңдысып  құда  сүйекпен,  Көтеріп  тастап  иекпен,  Қадір,  қасиет,  сый  кетті 

(Д.Бабатайұлы.Замана.). 

Сүйек құны. тар. Кісі өлтіргені үшін төленетін құн; өлген адамды жерлеуден бастап, жылын 

беру  аралығындағы  рәсімдерге  жұмсалатын  шығын  мөлшері.  Көзімен  көрген  жұрт 

күйгендіктен  Ұлбикені  өлтірген  байы  Бойтан  серіні  бас  жетімі  үшін  құнына  беріпті.  Сүйек 

құны үшін елу жылқы, алты жақсы беріпті. (Егемен Қазақстан.). 



Сүйек-саяқ. зат. Қалған-құтқан ет, сүйек-мүйек. Көруге аттың сүйек-саяқтарын, Ертіп ап Егор 

мен  қонақтарын,  Сарайдан  шығып  Алик  келе  жатыр,  Жағалап  Днепрдің  алаптарын 

(А.Байтұрсынов.Шығ.). 

Сүйек концептісіне қатысты жағымсыз мағыналар:

Құр  [қу]  сүйегі  қалды  [көрінді].  Әбден  азып-тозды,  арықтады,  жүдеді.  Бізден  бетер 

таңсықтың ашыққаны батты, сап-сары болып қатып, құр сүйегі қалды (Б.Майлин шығ.). Құр 

сүйегі көрініп денесінен, Қалың шашты сиреген тобесінен. Қара суды қасықтап тамызсам да, 

Өтпейді оның  өртенген өңешінен (С.Мәуленов Алыс кет.). 



Сөзі  сүйектен  өтті.  Намысына  тиді,  жанына  қатты  батты.  Хакімнің  сөзі  мен  айдаладағы 

Жолмұқан  палуанның  сүйектен  өтер  сөздерінен  кейін  «кессең,  басым  мінеки»  деуге  таяу 

қалған Құныс, енді ол ниетінен қайтуға бет бұрды (Х.Есенжанов. Көп жыл). 

Сүйегі балқыды. Жан жүйесі босады. Кешікпей бір кемпірді ертіп келді, Жібердім қуанғаннан 

сонда күліп, Шіркін-ай, сұлу қыздың пейіліне, Сүйегім, денем балқып тұрдім еріп (К.Әзірбаев 

Таңд.шығ.). 

Сүйегі  менікі,  еті  сенікі.  көне.  Бала  менікі  болғанымен,  сенің  қол  астыңда,  не  істесең  де 

еріктісің деген мағынада. Қазақ баласын баяғыда молдаға бергенде «сүйегі менікі,еті сенікі» 

деп беруші еді(Т.Ахтанов.Шығ.). 

Сүйек алысты. Қыз алысып,қыз берісті, құдандалы болды. Іздеп келіп алыстан, Бұрыннан да 

емес жат. Құдандалы қат-қабат, Талай сүйек алысқан (С.Дөнентаев шығ.жин.). 



Сүйек  жаңғыртты.  Бұрыннан  құдандалы  болып  келе  жатқан  кісілер  қыз  берісіп,  жек-

жаттықты  қайтадан  жаңалады.  Осы  ауыл  Аманның  немере,  шөбере  туыстарымен  ерсілі-

қарсылы  құда,  бертін  келе  сүйек  жаңғыртқан  соң,  қарым–қатынастары  сиректеп  алыстан, 

сырттан тілек болып жүреді (Ғ.Мұстафин.Дауыл.). 



Сүйекке түсу[кіру]. этн. Өлікті жуып дайындау, арулау. Біздің жолымыз сүйекке түсу болар 

(Ж.Аймауытов шығ). 



Сүйек  тасу.  Адамның  сүйегі,  буын-буыны  сырқырап  ауру.  Сүйектасу  ауруын  байқасымен 

дәрігерге көріну керек. Екі жылдай болды, бір балам сүйек тасу ауруымен ауырып жүр. (Қазақ 

тілі аймақ. сөздігі.). 

Сүйек  [cар  сүйек]  құда.  Ескіден,  ежелден  келе  жатқан  құда.  Сөзден  кетіп  бәтуа,  Базынаң 

жүрмей  татуға.  Аңдысып  құда  сүйекпен,  Көтеріп  тастап  иекпен,  Қадір,  қасиет,  сый  кетті 

(Д.Бабатайұлы.Замана.). 

Сүйек құны. тар. Кісі өлтіргені үшін төленетін құн; өлген адамды жерлеуден бастап, жылын 

беру  аралығындағы  рәсімдерге  жұмсалатын  шығын  мөлшері.  Көзімен  көрген  жұрт 



528 

 

күйгендіктен  Ұлбикені  өлтірген  байы  Бойтан  серіні  бас  жетімі  үшін  құнына  беріпті.  Сүйек 



құны үшін елу жылқы, алты жақсы беріпті. (Егемен Қазақстан.). 

Сүйек-саяқ. зат. Қалған-құтқан ет, сүйек-мүйек. Көруге аттың сүйек-саяқтарын, Ертіп ап Егор 

мен  қонақтарын,  Сарайдан  шығып  Алик  келе  жатыр,  Жағалап  Днепрдің  алаптарын 

(А.Байтұрсынов.Шығ. 

 

Қыз                                                Ататек 

 

 

 



 

 

Болмыс                                             Жақындық 



 

«Сүйек» концептісіне байланысты прецедентті мәтіндерді  студенттердің қабылдауын 

білу  мақсатымен  С.Демирель  атындағы  университеттің  студенттеріне  сауалнама  жүргіздік. 

Сауалнамаға қатысқан информанттар саны: 20 ( 10 - филолог, 10 - филолог емес). Жасы – 17 – 

22. Білімі – қазақ, орыс тілінде. 

 

Экспериментке ұсынылған «сүйек» концептісіне қатысты сөз тіркестері: 25.



Етінен өтіп, сүйегіне жетт 

Құр [қу] сүйегі қалды [көрінді] 

Сөзі сүйектен өтті 

Сүйегі асыл 

Сүйегі ауыр 

Сүйегі балқыды 

Сүйегі жасыды 

Сүйегі қызды 

Сүйегі менікі, еті сенікі 

Сүйегін әзер сүйретті 

Сүйнгіне сіңген 

Сүйегін жуды 

Сүйегін қорлады 

Сүйегі шыққыр!  

Сүйегі сал болды.  

Сүйегі саудыраған 

Сүйегі шымырлады 

Сүйек алысты 

Сүйек жаңғыртты 

Сүйекке біткен 

Сүйекке таңба [дақ] салды. 

Сүйек тасу 

Сүйек [cар сүйек] құда 

Сүйек құны. 

Сүйек-саяқ

Сүйек 


529 

 

Сауалнама  нәтижесі  бойынша  филологияда  оқитын  студенттердің77.2%  пайызы,  басқа 



мамандықта  оқитындардың  71.2  %  сөз  тіркестерінің  мағынасын  дұрыс  жазған.  Осы 

сауалнама  жауабына  байланысты  кейбір  сөздерді  көп  жастардың  білмейтіндігі  (22.8%, 

28.8%), мағынасын түсінбейтіндігі байқалды. 

Тіл – әр ұлттың құндылықтарын, менталитетін айқындайтын құрал. Кез келген ұлттың өзіне 

тән  табиғатын  тануда  тіліне,  тілді  тұтынушы  ұлттың  мәдениетіне  көңіл  бөлеміз.  Санада 

ақиқат  дүние  туралы  жинақталған  алғашқы  таным-түсініктерді  реттейді  және  де 

ұғымдардың, сөздердің мағыналық тарылуы, кеңеюі анықталады. Мұндай процесті анықтау 

үшін  басты  нысанаға  «сүйек»  сөзін  алған  болатынбыз.  Сүйек  сөзін  концепт  ретінде 

қарастыру үшін сол сөзге қатысты мағыналық бірліктерді жинақтадық, яғни концепт болу 

үшін  басты  шарттарды  анықтап  алдық.  Бұл  сөздер  бұрыннан  күнделікті  тұрмыстық 

тіршілікте  қолданылған,  мағыналық  аясы  кең  болған.  Бертін  келе  мағынаның  тарылу 

процесі жүргенін байқаймыз.  17-22 жас аралығындағы қазақ жастары арасында эсперимент 

жүргізу барысында сүйекке қатысты көптеген сөздердің тілдік қолданыстан алыстап, тіпті 

мүлдем қолданылмайтынын аңғарамыз. 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



1.

 

Ислам, А. «Өмір» концептісінің тілдегі көрінісіне лингвомәдени 



сараптама [Мәтін] // А. Ислам. – ҚР. ҰҒА-ныңхабарлары. Тіл, әдебиетсериясы. 

- 2003. - №4. 2-6 б. 

2.  Манкеева  Ж.А.  Қазақ  тіліндегі  этномәдени  атаулардың  танымдық  негіздері.  –Алматы: 

Жібек жолы, 2008.- 353 б. 

3. Зәуреш Ахметжанова. «Өзім –өзге» концептісі жайында. Қазақ тілі мен әдебиеті, 2007, № 

12 ,7 -11 б 

4.

 

Ә.Бияздықова. Концепт ұғымының зерттелуі. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2012, № 4, 55-



59  

 

 



ӘОЖ (УДК) 81'271 

 

ҚАТЫСЫМ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ 



 

Нурмолдаева Инабат Қайыржанқызы 

 

           



       Мақалада тіл мәдениетіне қойылатын талаптардың мақал-мәтелдердегі көрінісі туралы 

баяндалады. 

       Автор рассматривает отражение требований культуры речи в пословицах и поговорках. 

      The article dwells upon the reflection of culture of speech lequirements on proverbs. 

 

Тірек  сөздер:  қатысым  қағидалары,  тіл  мәдениеті,  мақал-мәтелдер,  шаршы  топ  алдында 

сөйлеу мәдениеті, сөйлеуші, тыңдаушы. 

  

      Өзара сөйлесу, тілдесуді қарапайым қазақ қатысу деп атайды. «Қатысым» сөзі сөздік 



қордағы  «қатыс»,  «қатысу»  сөзінен  алынған.  «Бір-бірімізбен  араласпай  қалдық, 

байланыспай  қалдық»  деген  ұғымды  білдіргісі  келсе,  «көптен  қатыспай  қалдық»  дейді. 

Демек, «қатыс» қазақтың байырғы сөзі, «байланыс, қатынас» дегеннің баламасы, ал -ым 

оған жалғанған сөзжасамдық жұрнақ. Демек, қатысым қағидалары дегеніміз адамдардың 

тіл  арқылы  бір-бірімен  түсінісу,  пікірлесу,  ой  алмасуына  қойылатын  жалпы  талаптар, 

заңдылықтар  дегенді  білдіреді  [1]  Ал  сол  заңдылықтар  қазақтың  мақал-мәтелдерінде 

көптеп кездеседі.  



530 

 

    Тіл  ойды  жеткізгенде  көпқырлы  болып  жұмсалады.  Адам  тіл  арқылы  жаныңа  жайлы 



балдай тәтті сөзді де айта алады. Түрлі жағдай, түрлі әрекет үстінде жанға жайлы сөзбен 

қатар, адам у тамғандай етіп, жайсыз сөзді де айта салады. Мысалы, «бал тамған тілден у 



да тамады», «ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар», «басқа пәле – тілден», «тіл тас 

жарады, тас жармаса, бас жарады» т.б. 

    Тілді қолданушының, яғни сөйлеушінің пайым-парасаты, білімі, таным-түсінігі оның сөз 

саптауынан  байқалады.  Оған  қазақтың  мақал-мәтелдері  айқын  дәлел  болып  тұр:  «Адам 

тілінен жазалы, мал мүйізінен жазалы», «Өткір тіл – дарын, ұзын тіл – жауың», «Оттың 

шаласы жаман, сөздің аласы жаман», «Шөп асылы  – тауда, сөз асылы  – дауда», «Ине 

көзінен сынады, шешен сөзінен сынады», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Асыл ердің 

белгісі – аз сөйлеп, көп тыңдар» т.б.  

    Тіл  мәдениетін  арнайы  зерттеген  профессор  Мәулен  Балақаев  былай  деп  атап  кетеді: 

«Айтқан сөзің қысқа, әрі тұжырымды болсын. Аз сөзбен айтуға болатын ойды керексіз көп 

сөздермен езгілеп, өзгенің  уақытын алып отыратын, тыңдаушысын әбден ығыр қылатын 

адамды қазақ «көкмылжың» дейді. Мылжың, көкмылжыңдардың сөзін өзгелер ешуақытты 

зейін қойып тыңдамайды. Ондай жаман атқа ілінбеу үшін, шешендік кәсібіңе кір келтірмеу 

үшін,  артық  сөздерді  айтып  лағып  кетпе.  Құраған  сөйлемнің  ықшамды,  ұғынуға  оңай, 

қолданған  сөздерің  жұртқа  таныс,  әрі  мазмұнды  болсын.  Аз  сөзбен  көп  нәрсе  айтуға 

тырыс»[3, 52]. Осы М.Балақаевтың сөздеріне дәлел ретінде қазақ халқының мына мақал-

мәтелдерін қарастыруымызға болады. «Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір», «Көп сөздің азы 



жақсы,  аз  сөздің  өзі  жақсы»,  «Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні»,  «Санаулы  сөз 

салмақты», «Ақылы қысқаның – тілі ұзын», «Ұзын тілдің ойы шолақ», «Сөздің азы жақсы, 

қыздың  назы  жақсы»,  «Байлауы  жоқ  шешеннен  үндемеген  есті  артық»,  «Көп  сөйлеген 

көптен айрылар»... 

    З.Ерназарова  «Сөйлеу  тілі  синтаксисінің  прагмалингвистикалық  аспектісі»  еңбегінде 

мынадай  пікір  айтады:  «Айтылған  сөздің  құдіреті  ақиқатта»,  «Тіл  жүйрік  емес,  шын 



жүйрік». Мұнда сөзің шынайы болсын, шындықты айт  (екі  ұшты сөйлеме )  деген талап 

қойылды. Жасырын мәнді сөйлем түріне қатысты : «тура айтып, туғаныңа жақпайсың» 

мақалын келтіруге болады.  Осы мақал-мәтелдерде берілген сөйлеу талаптары жас ұрпақты  

сөйлеу өнеріне тәрбиелеген. Бұнда ұлттық дүниетаным, қарым-қатынастың бағалануы бар» 

- деп жазады [3,16]  

      Қ.Күдеринова «Н.Сауранбаев және шаршы сөз мәдениеті» деген мақаласында: «Білікті 

маман шығуы үшін алдымен тілдік тұлғасы қалыптасқаны жөн. «Бірақтың да бірағы бар» 

дегендей ауыздыға сөз бермей, бір сөзге екі сөз қайтырып, «тіл мен жаққа сүйенушілік»

боссөзділік,  былайша  айтқанда,  мылжыңдық  та  жоқ  емес,  бүгінгі  ұрпақ  тілінде. 

Мылжыңдық  болашақ  маман  иесінің  беделіне  нұқсан  келтіреді.  Сондықтан  алдымен 

көпірме сөздіктен, боссөзділіктен аулақ болу талап етілуі тиіс. Сөз саптауың арқылы өзіңді 

танытудың  басты    амалын  халық  мақал-мәтелдері  өзі-ақ  айтып  берген.  Мысалы:  «аз  сөз 



алтын, көп сөз көмір», «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»...  яғни айналшық жеген 

аттай, айтар ойыңды төңіректей бермей, көп сөзге елтімей дәл , қысқа, нақты жеткізу тіл 

мәдениетінің  бірінші  шарты.  Бүгінгі  заман  ағысы  да,  тіл  арқылы  берңлетін  ақпаратттың 

көптігі де бәрімізден осыны талап етеді»- дейді [4, 27].  

     Жұрт  алдында  сөйлеу  өте  жауапты,  әрі  қиын  жұмыс.  «Сөйлей-сөйлей  шешен  болған» 

кісілер  де  кейде  үлкенді-кішілі  аудиторияға  келіп  көпшілікке  қарап  ә  деп  тіл  қатқанда, 

жүрегі алып-ұшып тұрады. Оның себебі, алдымен, айтайын деген ойымды қатесіз, дұрыс 

айта аламын ба, тыңдаушыларды менің сөзім қанағаттандыра ма?...деген уайым қыстайды, 

оның үстіне аузына қадала қарап жаудыраған көп көздердің, әр сөзіңді сынай қабылдайтын 

білімді,  мәдениетті  аудиторияның  үнсіз  сұсы  сөйлеушіге  әсер  етпей  қоймайды.  Көп 

алдында сөйлеп ысылмаған кісілер ондайда асып-сасып, булығып, айтайын деген сөзінен 

жаңылысып та қалады.  

     Мұндай сәтсіздікке ұшырамау үшін жұрт алдында өзіңе берік бол, ұстамды бол, қандай 

да  бір  қиыншылыққа  душар  болсаң  да,  сасқалақтамауға  тырыс.  Тыңдаушылар  алдында 



531 

 

өзін-өзі  дұрыс  ұстай  алмаған  кісінің  сөзі  де  өтімді  болмайды.  Сондықтан  трибунада 



ұстамды болу, қобалжымау, сасқалақтамау – сөйлеушілерге қойылатын басты талаптардың 

бірі болып табылады.  

   Аудиторияда ұстамдылықтың қамы  – ерте бастан жүргізілген дайындық. Дайындықсыз 

сөйлеген кісіде батылдық, өзіне сенім болмайды. Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың 

назарын  сөйлеп  тұрған  сөзіне  аудара  алу  –  дикторға,  баяндамашыға,  үгітшіге  жүктелген 

міндеттің нәтижелі болуының басты шарты.  

      Ал,  университетте  М.О.Әуезов,  Т.Т.Тәжібаев  лекция  оқығанда,  студенттер  қит  етпей 

отырып,  сүйсіне,  ынтыға  тыңдайтын.  Олай,  тыңдаушыларын  жалықтырмай,  қызықтыра, 

еліктіре сөйлеуге білім керек, шеберлік керек. Осыған байланысты біраз мақал-мәтелдерді 

атап кетейін: «Қылыш бірді жайратар, Тіл мыңды жайратар», «Сүйексіз тіл сүйекті де 



сындырар»,  «Тіл  үйірер  сөз  болса,  Тыңдаушы  құлақ  кез  болар»,  «Мал  байлығы  –  бір 

жұттық, Тіл байлығы – мәңгілік» т.б. Сонымен қоса шешен, шебер сөйлуге машықтанып 

алған  адам,  басқадан  қалай  сөйлесем  екен  деп  ақыл  сұрамайды.  Оған  өзінің  де  ойлау 

қабілеті мен тәжірибесі жетеді. Ал кейде сөзге ебі жоқ, аз сөйлеп, көп іс тындыратындардың 

басқа іске қолы епті келеді. Бірі қолөнерге шебер болса, бірі дәмді ас пісірудің шебері. Осы 

сөзге байланысты қазақта мынадай мақал бар: «Тіл жүйрігі – басқа, Қол жүйрігі – асқа».  

    Елді  аузына  қарататын  шешендердің  толып  жатқан  басқа  да  қасиеттері  болады. 

Соларынан үйренем деушілер мына қағиданы ескеру қажет: 

    1.  Дүниеде  тыңдаушыларының  өзі  жақсы  білетінді  өздеріне  тәптіштеп  айтып 



жатудан  жаман  нәрсе  жоқ.  В.И.Ленин  «Свобода  журналы  туралы»  деген  мақаласында 

«Оқушының  өзі-ақ  ақылға  салып  аңғаратын  жайларды  шұбалта  баяндап,  жалықтырмау 

керек» - деген. Дұрысында адам білмегендіктен қателеспейді, білгенсігендіктен қателеседі. 

Сөзінде  қате  жібермеу  үшін  білгенсімеу  керек.  «Айтылған  сөз  атылған  оқпен  тең».  Ол 

айтылған нәрсені қайтіп ала алмайсың.  

    2. Өз сөзін қадірлейтін кісі тыңдаушысын да қадірлейді. Тыңдаушыларын қадір тұта 

сөйлеген адамның сөзі тартымды болады. Өзін өзгеден артық санап, дандайсып, мақтана 

сөйлеген жанның айтқаны далаға кетеді, отырғандар ондайды жөнді тыңдамайды, сөзіне 

күле қарайды. Мен білгенді тыңдаушыларым білмейді, олар надан дегендей пиғыл білдіріп, 

білгішсініп,  мақтана  сөйлеу,  даңдайсу  жұртты  теріс  қаратады.  «Қу  тіл  қоңылтақ  етік», 



«Көп сөздіден іс күтпе», «Көп сөзге құрмет жоқ», «Көп сөз – көбік, аз сөз – анық» т.б. 

    3.  Сөйлегенде,  әрбір  сөзің  анық,  дәл,  айқын  естілетін  болсын.  Дауысың  булығып 

шығып, бір сыдырғы әуенмен, жігерсіз, баяу сөйлейтін болсаң, айтқаның қаншама қызықты 

болғанмен,  тыңдаушыларды  тез  жалықтырады,  олардың  көңілі  басқаға  ауып  кетеді. 

Сөйлеушінің дауысы құбылмалы, әрі жайдары болуға тиіс. Даусыңның жоғары-төмендігі 

аудиторияның  үлкенді-кішілігімен,  тыңдаушылардың  аз-көптігімен  өлшенуге  тиіс.  Тар 

үйдегі аз кісіге айқайлап, булығып сөйлесең, былайғылар «айдағаны бес ешкі, ысқырығы 

жер  жарады»  дегендей  кекесіндер  айтуы  әбден  мүмкін.  Кең  бөлмедегі  көп  адамға 

өлімсіреп,  күмілжіп  сөйлесең,  отырғандар  ұйықтап  кетіп,  түс  көруі  де  мүмкін.  Соған 

байланысты  «Жүйелі  сөзге  түйе  шөгеді»,    «Сөзін  жоғалту  –  өзін  жоғалту»  сынды 

мақалдар бар. 

  4.  Сөзің  тартымды  болсын  десең,  оған  аздап  болса  да  бетаузыңның,  қолыңның 

қимылын  қатыстыр.  Бірақ,  жөн  жорығы  жоқ,  қолыңды  оңды-солды  сермей  беру 

жарамайды.  

    5.  Тыңдаушыларға  көз  қырын  салмай,  екі  көзін  қағаздан  алмай  сөйлейтін  кісіні 

жұрт  онша  ұнатпайды,  біреу  жазып  берген  сөзді  оқып,  өзгелерді  алдап  тұрғандай 

көрінеді. Айтар сөзін оқып тұрғанда сөйлеген кісі мен тыңдаушылар арасында ешқандай 

байланыс  болмайды.  Алдында  отырғандардың  жеке  тобына,  жеке  кісілерге  көз  жіберіп, 

алдымда  сен,  сендер  барсыңдар  дегендей  белгі  тастау  керек.  Сонда  тыңдаушы  да  саған 

қарайды, сөзіңе зейін қойып тыңдайды. Осыған байланысты «Жүйелі сөз жүйесін табады, 



Жүйесіз  сөз  иесін  табады»,  «Сіз-біз  деген  жылы  сөз  –  тіршіліктің  ғанибеті»,  «Көз 

жетпеген жерге сөз жетеді» мақалдар бар. 

532 

 

    6. Айтайын деген ойыңды әбден ығыр болған, үйреншікті сөзден бастама. Онда сөзің 



тартымды болмай қалады, өзгелер ықыласпен тыңдамай қалады Сондайда, шамаң келсе, 

елеуіз юмор, аздап тақырыптан ауытқып көңіл көтеру, тыңдаушыларды күлдіріп алу керек-

ақ. Бірақ тақырыптан ауытқу жөнімен, жол-жөнекей болуға тиіс.  

    7.  Айтқан  сөзің қысқа,  әрі  тұжырымды болсын.  Аз  сөзбен  көп  нәрсе  айтуға  тырыс. 

Сөйлемде  «сөздің  орны  тар  болсын  да,  ойы  кең  болсын».    «Ақылды  атанбайды  көп 

сөйлеген, Ақылды – сөзді үнемдеп дөп сөйлеген», «Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір», «Көп 

сөздің азы жақсы, аз сөздің өзі жақсы», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні», «Санаулы 

сөз салмақты», «Ақылы қысқаның – тілі ұзын», «Қисық отырсаң да түзу сөйле», «Санап 

сөйлеген сабырлы» т.б. 

    8. «Жүйелі сөз жөнін табады». Лектордың, баяндамашының сөзінде жүйе болмаса, онда 

ешқандай береке болмайды. «Жүйелі сөзге түйе щөгеді», «Жүйелі сөз жүректі жылытар, 

Жүйесіз сөз жүйкені құрытар», «Сөздің жүйесі – ойдың иесі». «Ұн еленсе, кебегі қалады, 

Сөз еленсе, керегі қалады» яғни, кебегі жоқ, жақсы еленген ұн жақсы иленеді. Сол сияқты 

айтылатын  сөзді  де  ой  елегінен  көп  өткізіп,  ойланып,  жүйелеп,  қажет  деген  сөзді  екшеп 

жеткізу керек. 

    Бұлар -   жұрт алдында сөйлеу шеберлігінің басты шарттары. Көпшілік алдында жақсы 

сөйлеудің ең негізгі шарты – дайындық. Дайындалмай сөйлеген адам аңдамай сөйлейді. Ал 

қазақта «Аңдамай сөйлеген - ауырмай  өледі» деген мақал бар. Сонымен қос шаршы топ 

алдында сөйлеуде де осы қағидылар назарға алынады.  

    «Шаршы  топ»  дегеніміз  не?  Ол  –  көпке  арналып  сөз  айтылатын  жер,  яғни,  сол  сөзді 

тыңдайтын адамдар тобы. Шаршы топ алдындағы сөз аз болсын, көп болсын әлеуметтік 

мәні бар, яғни, жұртшылық назарына ұсынылған, қоғам мүддесіне арналған әңгіме болуы 

керек.  [6, 3]  

    Демек, әдеби тілді ауызша дұрыс пайдаланып, оны дамыта түсу үшін «шаршы топ» керек 

екен, дәлірек айтсақ, шаршы топ жиналатын қоғамдық орындардың көп болуы қажет екен. 

Шаршы  топ  алдына  шығатын  адамның  әуелі  жұртқа  бір  нәрсені  түсіндіріп,  одан  соң  ол 

жайында  ойланатын  немесе  белгілі  бір  іске  ұмтылдыратын  сөз  болуы  шарт.  Ол  үшін 

даярлық керек. Даярлықсыз сөйлеген сөздің көбіне кесек шығатыны туралы мына мақал-

мәтелдер  тура  келеді.“Құлақтан  кірген  суық  сөз,  көңілге  барып  мұз  болар”,  «Жақсы 



сөйлесе, аузынан гүлі төгіледі, Жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі»,  «Жақсы тауып 

сөйлейді,  жаман  қауып  сөйлейді»,  «Жаманның  тілі  ащы,  Көк  мияның  гүлі  ащы», 

«Жаманның тілі өз аяғын шалар», «Жаманның тілі тигенше, қылыштың жүзі тисін» . 

   Негізі кез-келген сөзді бастамас бұрын ол сөздің басы, арасы яғни ортасы, сөз аяғы (соңы) 

болады.  Халық  оны  да  елеусіз  қалдырмаған,  сондай  мақалдардың  бірнешеуіне  мысал 

келтірсек. Әңгімені,  сөзді, алғы сөздерді,  түрлі  топ алдындағы сөйлеуді  бастағанда  «Сөз 



басындағы мақал, Ыдыстағы балдан тәтті» деп кез-келген ортада сөз бастаудың қиын 

болатындығын, әңгіме  барысына қарай тауып айтылған  мақалдың балдан тәтті  екендігін 

айтқан. «Сөздің басы – бір пышақ, Аяғы – бір құшақ» мақалы уақ-түйек сөзден басталған 

әңгіменің арты үлкен дауға айналып кетуі осы нақылмен ғана түсіндірген.  «Сөздің басы 



қатты болса, аяғы тәтті болсын», «Сөздің артын сөз ашады», «Сөз аяғы құрдым» деп 

сөздің, келелі әңгіменің сиырқұймышақтап барып тынатын межесі, аяқталу шегін осылай 

көрсеткен. 

     Абай сөз өнерін дертке бағалаған. Кімнің шешен сөйлегісі келмейді. Адамың шешендік 

өнерден хабардар болуы, жүйелі, тапқыр сөйлей білуі үлкен жетістік. Кейде ел басқаратын 

көсемдерге  де  тіл  шеберлігі  жетпей  жатады.  Сөйтіп  шамасы  келгенше  шешен,  нұсқауы 

жеткенше  көсем  болады  демекші  «Тілі  жеткенше  сөйлеген  –  шешен,  Қолы  жеткенше 

нұсқаған – көсем» мақалы Абайдың  сөзіне дәл тауып айтылған. 

   Жалпы  тіл  мәдениетінде  көрініс  тауып,  барлық  ойды  бір  ғана  мақал  не  мәтелмен  анық 

түсіндіріп, кез-келген уақытта тіпті дауда да қазақтың мақалы мен мәтелі тоқсан ауыз сөздің 

тобықтай түйінін айтып, «Мыңға татыр бір сөз бар деп» сөзін тыңдата алатын адам сөз 

соңын қорытындылайды.  


533 

 

   «Қылыш бірді шапса, Тіл түменді шабады» - негізінен қылыш жауына сілтенсе, оның сол 



арада алдындағы бір адамға сілтенгені. Қылыш кейде сілтенгенде қатарынан мың түгіл, бір 

адамға  да  тимей  қалуы  мүмкін.  Ал  ауыздан  шыққан  сөз  бір  адамға  қылыш  сияқты 

бағытталмайды,  ол  бүкіл  түменге,  көпшілікке  қарата  айтылып  отырады.  Осыған 

байланысты  «Қылыш  бірді  жайратар,  Тіл  мыңды  жайратар»,  «Пілдің  күші  келмегенге, 



Тілдің күші келеді» мақалдарды да кездестіреміз.  

    С.Аронұлы  «Гауһар  көзде  болады,  Сөз  асылы  сөзде  болады»  деп  артынан  аталы  сөз 

қалдырған. Адамның сөйлеген сөзі ол ойының көрінісі. Сөз айтудың жөні осы деп, бос сөзді 

емес, ақалыңмен кеңесіп барып айт, ешқандай өтірік қоспасыз шын сөз ғана орнын табады. 

Ал осы сөздерді халық нақылдары былайша түйіндейді: «Сөз атасы – құлақ, Жол атасы – 

тұяқ, Су атасы – бұлақ», «Сөз атасы – ой», «Сөздің атасы – ақыл, анасы – қызыл тіл», 

«Сөз атасы – шын, Су атасы – шым». Нағыз сөздің майын тамызып сөйлейтін адамдарды 

шешен  адамдар  дейді.  Шешендердің  айқан  сөзіне  де  халық  өз  бағасын  берген.  Олардың 

сөзін түрлі сөздермен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан шешендердің сөздерін халық 

мақал-мәтелдерімен  көрсетейік.  «Шешеннің  сөзі  майдан  қылшық  суырғандай,  Топастың 



сөзі  таудан  тас  домалатқандай»,  «Шешеннің  сөзі  –  мерген,  Шебердің  көзі  –  мерген», 

«Жақсылардың үлгісі жанып тұрған шамдай, Шешендердің сөздері ағып тұрған балдай», 

«Шешеннің сөзі -  шекер, Малғұнның сөзі – бекер» т.б. Жауға шапқанда қайрат көрсетіп, 

күш біріктіріп, басқаратын батыр болса, қысылған жерде сөз билігін қолына алатын шешен 

болады.  Осыған  байланысты  халық  даналығы  «Батыр  мың  қол  бастайды,  Шешен  тар 

жерде  сөз  бастайды»,  «Шешен  сөз  бастар,  Батыр  қол  бастар»  сынды  мақалдармен 

түсіндіреді. Айтатын сөзін, ойдағысын еш бүкпей бетке айту, батыл сөйлеу  –  ақиқаттың 

көрінісі.  «Халық  айтса,  қалып  айтпайтыны»  сияқты  «Төбеңнен  қылыш  төнсе  де,  тура 

сөйле»,  «Туғаныңмен  тура  сөйлес»,  «Тура  сөйлейін  десем,  туғаныма  жақпаймын» 

нақылдар ел арасында кең танылған.      

    «Көп сөйлеген сөз – арзан» деп А.Иүгінеки бабамыз айтқандай, көп сөздің мәні, пәтуасы 

болмайды. Тілдің айтпайтыны жоқ; ол жақсыны да, жаманды да сөз етуі мүмкін. Бірақ көп 

сөздің  бәрі  бірдей  асыл  бола  бермейді,  оған  өз  басыңа  пәле  келтіретін  артық  сөздер  де 

араласып кетуі мүмкін; көп сөйлегеннің зияны да содан. Тіл мәдениетін сақтап сөйлеу осы 

аз сөйлеу мен шектен тыс мыжып сөйлеуге де тікелей қатысты. «Аз сөйлесең де саз сөйле», 

«Ақылды атанбайды көп сөйлеген, Ақылды – сөзді үнемдеп дөп сөйлеген», «Байламы жоқ 

мылжыңнан, Үндемеген есті артық. Байланбаған тұлпардан, Белі мықты бесті артық», 

«Денім сау болсын десең, көп жеме, Құрметті болам десең, көп сөйлеме», «Көп қыдырған 

кезбе  болар,  Көп  сөйлеген  езбе  болар»,  «Көп  сөйлеген  дөп  сөйлемейді»,  «Көп  сөйлеген 

көптен айырылар», «Көп сөйлеген тілінен табады», «Көп сөйлейді залым би, Аз сөйлейді 

әділ би. Атаңның құлы айтса да, Әділдікке басыңды и» деп ақиқат сөз көп түсіндіруді қажет 

етпейді, бұл әділ бидің әдісі, сондықтан да әділдікті тану керек.  

     Мағынасы терең, естіген жанға түрлі ой салатын әсерлі сөздер де бар. Олар сол сипатына 

байланысты мәнді және мәнсіз сөздер болып бөлінеді. «Жаны бар сөздің мәні бар» деген 

сөз бекер айтылмаса керек. Соған орай «Арықтың сорпасында дәм болмайды, Ақылсыздың 

сөзінде  мән  болмайды»,  «Жеңіл  болса  қауызда  дән  болмайды,  Надан  айтқан  сөзде  мән 

болмайды»,  «Тоя  жеген  аста  дәм  болмас,  Топас  сөйлеген  сөзде  мән  болмас»  сынды 

мақалдар сөйлеу кезінде көрінетін мағынаның мәнді, мәнсіздігінің көрінісі іспетті.  

    Қорыта  келгенде,  сөз  саптаудың  негізгі  ережесі,  қағидасы,  мәдениеті  қазақтың  мақал-

мәтелдерінде  айқын  көрініс  тапқан.  Тура  сөйлеу,  таза  сөйлеу    әр  сөйлеушіге  қойылатын 

басты талап. Қазақтың  мақал-мәтелдер даурықпа, бос сөзге жаны қас қазақ үшін сөз бен 

істің үйлесімділігін түсіндіреді, сөз мәдениетін сақтауды талап етеді. 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



   1. Қ. Мұхамади Асыл ердің белгісі – аз сөйлеп, көп тыңдар // Ана тілі, 2012 

        2.  Ә.Қайдар  «Қазақтар  ана  тілі  әлемінде»  (этнолингвистикалық  сөздік)  1-том.  - 

Алматы, 2009. - 780 б. 


534 

 

        3. М.Балақаев  Қазақ тіллі мәдениетінің мәселелері – Алматы, 1965. - 186 б. 



     4.  З.Ерназарова.  Сөйлеу  тілі  синтаксисінің  прагмалингвистикалық  аспектісі  -Алматы, 

2001. - 194 б. 

        5.  Қ.Күдеринова.  Н.Сауранбаев  және  шаршы  сөз  мәдениеті    //Түркі  тілдерінің 

грамматикасы: қазіргі ахуалы мен болашағы. - Алматы, 2010, 25-29 бб 

       6. Р.Сыздық Шаршы топ алдында сөйлеу мәдениетіміз қандай? //Халық кеңесі газеті, 

1994. 15-қазан. 

 

    


УДК 81’ 23 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет