Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері


ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ЖАРГОНДАР



Pdf көрінісі
бет68/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   135

ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ЖАРГОНДАР 

                                                      Атейбек Алтынай  Оспанқызы 

Сулейман Демирель Университеті 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., ассоц. профессор Х. Ордабекова 

 

Аннотация.  Бұл  мақалада  қазіргі  жастардың  сөйлеу  тіліндегі  жаргондардың  

көрінісі , қолданылуы, маңызы, тақырыптық топтары мен ерекшеліктері туралы айтылады. 

Эта  статья  иллюстрирует  использование  современных  жаргонов  в  пределах 

разговорного  языка  молодого  поколения,  описывает  его  многообразии  и  подчеркивает 

значимость в повседневной жизни коммуникации

This  article  illustrates  use  of  modern  jargons  within  the  young  generation’s  spoken 



language, describes its diversity and highlights significance in daily life communication.  

Кез  келген  тілдің  лексикасы  әдеби  және  бейәдеби  болып  екіге  бөлінеді.  Осы 

бейәдеби  қабатқа  жататын  ерекше  тақытыптардың  бірі  ол  –  жаргондар.    Бұл  құбылыс 

жайлы кейбір зерттеулерде азды-көпті айтылғанымен, арнайы ғылыми-зерттеу тақырыбы 

ретінде  қарастырылмаған.  Ғалымдар  тарапынан    айтылған  пікірлер  мен  теорияларға 

қарамастан  нақты  осы  тақырып  туралы  қомақты  зерттеулер  жоқтың  қасы.    Жалпы  тіл 

білімінде  жаргон  құбылысы    XX  ғасырдаң    20-шы  жылдарынан  бастап  қарастырылып 

келеді. Бірақ оған қарамастан бұл құбылыс толықтай қарастырылып, өз сипатын алды деп 

толық  айту  қиын.  Деседе,  жаргон  құбылысына  алғаш  көңіл  бөліп,  зерттеу  жүргізген 

бірқатар  орыс  ғалымдары  болды.  Олар  В.А.Хомяков  (“Введение  визучение  сленга 

основного  компонента  английского  просторечия”,  Москва,  1935),  В.М.Жирмунский 

(“Националный язык и социальные диалекты”, Мосвка, 1936),  В.Ф. Трахтенберг (“Блатная 

музыка  –  жаргон  тюрмы”)  Г.А.Судзиловский  (“Сленг  –  это  что  такое”,  Москва,  1973), 

Л.И.Скворцев (“Литературный язык просторечие и жаргоны в их взаимодействий”, Москва, 

1977),  Е.Г.Борисова  (“Современный  молодежный  жаргон”,  1980  ),  А.С.Чикобава, 

К.Косцинский  т.б.  Ал  ағылшын  ғалымдарынан  Л.  Блумфилд,    М.  Фасмер  ,  А.  Скит  т.б. 

еңбектерін атай аламыз. Бұл құбылыс турасында қазақ ғалымдары Ғ.Қалиев, А. Махмұтов, 

І.  Кеңесбаев  Т.  Жанұзақов  еңбектерінде  жеке  анықтама  берілген.  Алдымен    жаргон 

терминінің мағынасын ашып алсақ. Әлеуметтік лингвистика  терминдерінің сөздігінде   « 

жаргон -  ортақ мүдделеріне  қарай топасқан, шартты түрде дербес Әлеуметтік топтың 

тілі,  ол  көбіне  жасанды  түрде  жасалған  сөздер  мен  сөйленістерден  тұрады.»  -  деп 

көрсетілген.  Ал,  Ғ.  Қалиев  «жаргондар  -  көбінесе  дворяндық  аристократия  мен 

буржуазиялық  үстем  таптардың,  дін  адамдарының  және  чиновниктердің  арасында 

қолданылған»  -  деген.  А.  Махмұтов  «жаргон  -  үстем  таптың  жоғарғы  топтарының  тіл 

ерекшелігі  болса,  арго  –  әлеуметтік  төменгі  топтарға  тән  ерекшелік»  -  деген  сипаттама 

береді.  Орыс  тіл  білімі  ғалымдары  Д.  Э.  Розенталь  және  М.А.  Теленкова  еңбектерінде 

«...арго  –  язык  отдельных  социальных  групп,  сообществ,  искусственно  создаваемый  с 



535 

 

целью  языкового  обособление,  отличающийся  главным  образом  наличием  слов, 



непонятных людям  непосвященным. Школьное арго, студенческое арго, спортивное арго, 

арго  картежников  ,  воровское  арго  –  деп,  ал  «  жаргон  –  то  же  что  арго,  но  с  оттенком 

унижения»  -  дейді.  Жоғарыда  келтірілегн  қағидалардан  көріп  отырғанымыздай    жаргон  

жалпы халықтық ауыз екі сөйлеу тілі нормасына жататын,

 

фразеологизмге ұқсас, өзіндік 



лексикалық мағынасы бар, бірақ фонетикалық және грамматикалық жүйеге бағынбайтын, 

жасырын мағыналы сөздер. Орыс  тілінде бұл құбылыс жақсы дамып, зерттеу нысанына 

айналған. Жаргон құбылысына орыс тілінен  көптеген мысалдар келтіруге болады. Бірақ , 

басқа тілдегі жаргон сипатын қазақ тілінде дәл сол қалпы қарастырып, дәлел іздеу жөнсіз. 

Себебі,  тілде  қандайда  бір  терминнің  атына  лайықты  тілдік  фактілері  болмаса,  онда  ол 

терминнің өмір сүруі де екі талай. Сонымен,   жаргон (франц. сөзі iargon  «құпия тіл») – 

жалпы  халықтық  тілден  өзгеше,  ортақ  таным  түсінігіне,  мүдделеріне  қарай  топтасқан, 

шартты  түрде  ғана  дербес,  көбіне  жасанды  түрде  келетін  сөздер  мен  сөйленістерден 

тұратын әлеуметтік топтың тілі. Әдеби тіліміздің нормасына жатпайды. Көбіне  ауыз екі 

тілде  көрініс  табады.  Ал    көркем  шығармаларда  кейіпкерлер  сөзінде  арагідік  кездесіп 

отырады.  Жаргонның  жалпы  халықтық  тілден  айырмашылығы  оның  лексикасы  мен 

фразеологиясында.  Жаргондар  сол  топтардың  қажетіне,  ұнатуына  сай  келетін  арнаулы 

сөздер  мен  сөйлемшелерден  тұрады.  Бұл  құбылыс  көбіне  жастар  тілінде  көрініс  табады. 

Оны  жүзеге  асырушы  да,    насихаттаушы  да  жастар  болып  отыр.  Жастар  тіліндегі 

жаргондардың экстралингвистикалық факторларын былай көрсетуге болады. Мысалы,  

 



коммуникация барысында әсер қалдыруы үшін,  

 



елден ерекше болу,  

 



кей сөздерін өзгелер түсінбеуі үшін,  

 



әзіл ретінде,   

 



белгілі  бір  әлеуметтік  топқа  жататынын  көрсету  үшін  әдейі  жаргон  сөздерді 

қолданып жатады.  

Жастар  қашанда  жаналыққа,  түрлі  өзгерістерге,  ерекше  стильге  ұмтылыс  үстінде. 

Жастардың бойындағы жаңашылдықтың көріністерін тек қана олардың киім киісінен, шаш 

үлгісінен, өзін-өзі ұстауынан ғана емес, сонымен қоса сөйлеу тілінен де байқаймыз.  Осы 

көріністер арқылы жастардың таным түсінігі мен жалпы қоғамның тынысын біле аламыз. 

Жалпы жаргондардың ішінде жастар тілінде мынадай сөздер жиі қолданылады: «құлақтан 

тебу, кұлақтан іліу» – өтірік айту, «базар жоқ, әңгіме жоқ» – келісу , «лақтырып кету» 

–  алдау,  сөзінде  тұрмау,  «шатыры  кету»  –  әр  нәрсені  айту,  «өшіп  қал»  –  үніңді  өшір, 



«өшіп қалды» – жеңілді, «қораға тығу» – біруге қиын шарт қою, «бітіп отыру» – көңіліне 

тию («  Айнұр маған реншіп,  бітіп  отыр»),   «дем ала алмай  отыру» – менсінбеу,  «қуу, 



лағу»  –  босқа  сөйлеу,  «қумашы»  –  қайдағыны  айтпашы,  «қуғынбай»  –  әзілкеш, 

қалжыңбас, «шелек болу» – мақтағанға дандайсу, «қадап кету» , «жыртып тастау» – ұру, 

жеңу мағынасында, «ас қазанның әңгіме айту» – қарын ашу, «жынды» – керемет, күшті, 

«қатайу»  –  өзін  мықты  санау  («Арман  мектепте  қатайып  жүреді»),  «өтті»  –  дәл  айту, 

тауып  айту,  «тартыл»  –  келіп  кет,  жолығып  кет  («Алмас  ертең  біз  жаққа  тартыл»). 

Жастар қоғамның ең белсенді топбы болғандықтан жаңа атаулар мен жаңалықтарға бейім 

келеді. Содан болар шет ел тіліндегі кейбір элементтер жастар тілінде де жиі көрініс табады. 

Әсіресе  орыс  тілінің  элементтері  арқылы  жасалған  жаргондарға  көптеп  мысал  келтіруге 

болады.  Мәселен,  «охото  жоқ»  –  зауқы  жоқ,  «тормаз»  –  айтқанды  түсінбейтін  ,  жай 

қабылдайтын немесе жай әрекет ететін адам, «тема» – керемет, күшті мағынасында, «лафа 

ұстау» – рахаттану, алаңсыз жүру, «прикол ұстау» – мазақ ету, күлкіге айналдыру, «духы 

жетпеу» – батылы жетпеу, «духын көтеру» – мақтау, абыройын көтеру, «тупить ету» – 

түсінбеу, басқа әңгімені айту, лағу,  «құлаққа лапша ілу» — өтірік айту,  «маяк тастау, 



гудок тастау» — қысқа ғана қоңырау шалу, «типаж болу, блатной болу» — менменсу т.б.  

536 

 

Жоғарыда  берілген  жаргондардың  көбін  бүгінгі  жастар  тұрақты  түреде  әр  жағдаятты 



қолданса, кейбір жаргондар тек бір жағдаятқа қатысты қолданылады. Мысалы:  

1.

 



Екі  топ  бір-бірімен  араздасып  қалған  кезінде,  жанжалдасу  себебін  айқындау 

барысында мынадай сөздер  мен сөйлемдер қолданылады:  «әңгімең бар ма» – бір нәрсе 

айтқың келіп тұр ма, қарсылығың бар ма«шаршама» – босқа әуре болма, «сөзбен секіру, 

секірме,    қолмен  секіру»  –    ұру,  тиісу,  «бұқасың  ба»  –  күштісің  бе,  «бұқаланба»  – 

мақтанба, менменсіме, «таптап кету» – жеңу, быт-шытын шығару. («Кеше разборка болды, 



толпаммен  келіп  таптап  өттік.  Біреуін  мен  жыртып  тастадым.  Бәрін  сындырып 

тастадық.»)  

2.

 



Жастардың  бас  қосуында  айтылатын  сөздер:  «құлап  қалу»  –  ұнатып  қалу,  көңілі 

кету, «сыну, сынбау» – жігітті не қыздың ұнатып ұнатпауы, «көзбен ату, көз атысу» – бір-

біріне көз алмай қарау.  

3.

 



Сонымен бірге студенттердің арасында жүретін пәндер, сабақтарды қысқартып айту 

да кездеседі. Мысалы, аралық бақылау жұмысы – «аралық», жалпы тіл білімі – «ЖТБ» т.б.  

Жастар  жаңалықтар  енгізуге,  түрлі  өзгерістерге  бейім  болған  соң,  кезкелеген  мекенге, 

ғимараттарға,  аудан-аймақтарға  да  өзінше  бір  атаулар  беріп  жатады.  Мәселен,  жастар 

тілінде  жатақхана  –  «жатақ»,  Астана  қаласындағы  Көлік  және  Коммуникация 

Министрлігінің ғимраты – «зажигалка» , Астана қаласындаға Бәйтерек монументі – «чупа-



чупс»,  тағы  сол  сияқты  «бочка»,  «пирамида»  сынды  атаулар  қалыптастырған.  Мұндай 

объект  атаулары  көбіне  сырқа  формаларындағы  ұқсастығына  байланысты  айтылған. 

Техниканың, компьютердің дамуына байлансты тілімізге компьютерге қатысты жаргондар 

да көптеп енуде. Енді соларды топтастырар болсақ: «комп» – компьютер, «қатып қалу» – 

компьютердегі жұмыстаң тоқтап қалуы, «құйып алу» – компьютерден немесе компьютерге 

бір  нәрсе  жазып  алу,  «ноут»  –  ноутбук,  «веба»  –  web  camera,  «смайлик»  –  эмоцияны 

білдіру мақсатында қолданынылатын адам жүзінің схемалы бейнесі. Мұндағы байқалатын 

бір құбылыс – компьютерлік жаргондардың көбі басқа тілден енген сөздерден болып тұр 

(смайлик – ағылшын тіліндегі «smile» т.б.). Ғылым мен техника, компьютерлік технология 

қарқынды  дамып  жатқанда,  мұндай  құбылыстардың  болуы  заңды.  Жастар  тіліндегі 

жаргондарды  қарастыра  келе  жаргондық  сипаттағы  синонимдер,  омонимдер  және 

фразеологизмдерді 

байқауға 

болады.                                                                                                                   



Жаргондық  сипаттағы  синонимдер.  Жоғарыда  келтірілген  мысалдар  өз-ара  мағыналас 

жаргондарды байқауға болады. Мәселен, «жыртып тастау» , «сындырып тастау» деген 

сөздер  жастар  тілінде  –    ұру,  сазайынын  беру  мағынасында  қолданылады.  Мұндағы 

«жырту»  және  «сындыру»  сөздерінің  өн  бойынан  ортақ  семаны  байқаймыз.  Екеуі  де 

қандайда бір затты бүлдіру, бұзу, зақым келтіру деген мағынаны беріп отыр. Жаргондық 

сипатағы  «жыртып  тастау»,  «сындырып  тастау»  сөздерінің  –  ұру,  ұрып  тастау 

мағынасында жұмсалуы да содан. Сондай-ақ  «бұқалану», «секіру» деген сөздер –  тиісу, 



күш  көрсету  мағынасында  қолданылып  жүр.  Мұндағы  «секіру»  сөзі  қазақ  тілінің 

түсіндірме сөздігінде «бір жерден екінші жерге қарғу, ыршу, не ұмылу»  деген мағынаны 

береді. Ал, «бұқалану» сөзі «бұқа» түбірінен келеді. Демек, бұл сөздің (бұқалану) жастар 

тілінде – тиісу, күш көрсету деген мағынаны беретіндігі тікелей түбірге (бұқа) қатысы бар. 

Бұқа  -  агрессивтік  мінез-құлық  танытатын  мүйізді  ірі  қара.  Оның  бойындағы  кей 

элементтер  жаргондық  сөйленістегі  «бұқалану»  сөзінде  -  тиісу,  күш  көрсету  деген 

мағынада көрініс табады. Яғни екі сөздің өн бойындағы мағынадан жастар тіліндегі жаңа 

жаргондық 

мағына 

алшақ 


кетпеген.                                                                                                                        

Жаргондық сипаттағы омонимдер. Жастар тіліндегі жаргон сөздердің мағыналары кейде 

түрліше  сипат  алып  жатады.  Мәселен,  бір  ғана  сындыру  сөзін  алып  қарастырсақ,  оның 

жастар тілінде бірнеше мағынаға ие екенін байқауға болады. 

1.

 

«Сындыру, сындырып тастау» – ұру; 

2.

 

«Сындыру, сыну» – қыздың не жігіттің көңілін өзіне аударту, көңілі кету


537 

 

Аталған жаргондық сипаттағы сөздер жастар тілінде екі мағына берсе де, бір ғана 



«сыну»  түбірінен  келеді.  Бірінші  мысалды  жоғарыда  айқындап  алдық.  Ал  екінші 

мысалдағы  «сындыру»  сөзінің  жастар  арасында  –    қыздың  не  жігіттің  көңілін  өзіне 



аударту деген мағынаны беруі де тегін емес. Қандай да бір жігіт (қыз) қыздың (жігіттің) 

көңілін  өзіне  аудару  үшін  ,  ерекше  әсер  қалдырып,  жүрек  қылын  қозғауы  керек,  яғни 

жүрегін  жарып    (бұзып)  күруі  керек.    «Сындыру»  сөзінің  жаргондық  сипаты 

жоғарыдағыдай болуы да осы ортақ мағыналардан келіп шығады.                                                                                       



Жаргондық  сипаттағы  фразеологизмдер.    Жастардың  арасында  тұрақты  тіркес 

ретінде қолданылып жүрген жаргондық сөздер тіптен көп кездеседі. Мысалы, «кісі болу», 



«картоп  жару»,  «мұрт  тағу»,  «құлақтан  тебу»,  «дем  ала  алмау»,  «күйіп  кету»  т.б.   

Әдетте  бұл  сөздер  арқылы    жастар  бірнеше  сөздерден  құралған  бір  ойды  екі  ауыз 

жаргондық сипаттарғы сөзбен жеткізіп жатады. Мәселен, «мұрт тағу» тіркесі – өзінше болу, 

дандайсу деген мығынады береді. Мұндағы   өзінше болу, дандайсу деген мағына тікелей 

«мұрт» сөзімен байланып тұрғандай. Әдетте ер кісілердің орта жасқа таяғанда мұрт жібере 

бастауы, оның салмақты, салиқалы тұлға бола бастауын көрсетеді. Жұрт кейде ер кісілерді 

мұртына қарап оның жасын,  дәрежесін пайымдап отырады. Жастар жаргонындағы «мұрт 

тағу»  тіркесінің  өн  бойынан    «мұрт»  сөзіне  қатысты  айтылған  осы  шен-дәреженің 

элементтерін байқауға болады. Жалпы санамыздағы «мұрт» сөзіне қатысты ассоцияция да 

бедел, дәреже, атақ  деген сөздермен ұштасады. Соның негізінде жастар арасында  «мұрт 

тағу»  тіркесі  –  өзінше  болу  (өзінің  шенді-шекпенді  екенін  көрсету,  дандайсу)  деген 

мағынада қолданылып жүр.                                                                                              Жаргондық 

лексиканы зерттеп, олардың пайда болу көздері мен қолданыс аясын анықтау қазіргі қазақ 

тіл білімінің өзекті мәселеренінің бірі. Жаргондар жалпы халыққа түсініксіз, белгілі бір топ 

өкілдеріне ғана түсінікті, сол ортада қолданылатын, әдейі бұрмаланған жасанды сөздер. Бұл 

құбылыс  ауыз  екі  тілде  кездесіп,  өмірдің  сан  алуан  кезеңдерінен  өтіп,  тілде  өзінше  із 

қалдырып, қолданыс тауып отырады. Алайда , мұндай бейәдеби сөздер – әдеби тілдің,  тіл 

мәдениетінің  ,  жалпы  лингвистиканың  жауы,  олар  әдеби  тілдің  лексикалық  нормалары 

қорынан  орын  алуы  мүмкін  емес.    Жаргондар  әдеби  тілімізге  ене  алмай,  тек  заман 

ағымымен өзгеріп, әр кезең жастарының талғамымен түрленіп, кейбір әлеуметтік орта мен 

шағын топтардың тілінде өмір сүрмек.

 

Жаргон сөздердің жастар арасында жиі қолданудың 



басты  себептерінің  бірі  –  ғаламтордағы  кейбір  сананы  улайтын  сайттар  мен  керексіз 

ақпараттар, әлеуметтік желілердегі жеңіл әңгімелер т.б. Дегенмен, жастар тіліндегі паразит 

сөздерді  түбімен  жоймасақ  та,  тіл  мәдениетін  дұрыстап,  оның  қадірі  мен  құтын 

қашырмағанымыз жөн. 



Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

1.

 

Сүлейменова Ә.Д., Шәймерденова Н. Ж., Смағұлова Ж. С., Ақанова Д.Х. 

Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі. – Астана: «Арман», 2008. 

2.

 

Д. Э. Розенталь Д. Э., Теленкова М.А. Справочник лингвистических терминов. – 

Москва: «Просвещение», 1972. 

3.

 

Қалиев Ғ. Қазақ диалектологиясының мәселелері. – Алматы: «Ғылым», 1984. 

4.

 

Кеңесбаев І., Жанұзақов Т.  Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөзігі. – 

Алматы: «Ғылым», 1966 . 

5.

 

Қазақ тілінің түсіндірме сөзідігі. – Алматы: «Дайк-Пресс», 2008.  

6.

 

Мұхамбетова Ж.И. Тіліміздегі жаргон арго құбылыстары туралы. Хабаршы № 1 

2014, б.179-1877.  

 

 



 

538 

 

ӘОЖ 81ꞌ13 



«ҚАЗАН» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЛИГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІ 

 

Қамза Ж., Нұрланова Н.  

  Ғылыми жетекші: Жолшаева М.С. – ф.ғ.д.,  ассоц. профессор 

Сулейман Демирель атындағы университет 

 

Аннотация:  Бұл  мақалада  қазақ  тіліндегі  «қазан»  концептісінің  танымдық 

сипаты  мен  қызметі,  ақпараттық  ерекшеліктері  анықталып,  этномәдени  қырынан 

талданады. «Қазан» сөзінің концепт екендігі дәлелденеді. 



Тірек сөздер: концепт, қазан, ұғым, лингвомәдениеттану, когнитивтік 

лингвистика, дифференциалды сема, потенциалды сема, архисема 

 

Қазіргі  кезде  тіл  тек  қарым-қатынас  құралы  ғана  емес,  сонымен  қатар  ұлттың 



танымдық ерекшеліктерінен, мәдениетінен, тарихынан ақпарат құнды дереккөз де болып 

табылады.  Бұл  екі  түрлі  семиотикалық  жүйе  мәдениет  пен  тілдің  бірін-бірі  толықтыра 

отырып  өзара  тығыз  сабақтастықта  қаралуына  және  лингвомәдениеттану  атты 

интеграциялық  ұстанымға  негізделген  «пәнаралық»  лингвомәдениеттану  саласының  

қалыптасуына мүмкіндік берді. «Мәдениет  дегеніміз – адамзат баласының  ақыл-ойы мен 

маңдай терінен  туындаған жетістіктердің  бәрін қамтиды» [1, 14]. Ал  тіл – дүниетаным 

құралы, ойлаудың ұғым, түсінік және пайымдау сияқты  түрлерінің объективтенуі. 

Әр халықтың өмір сүру салты, тұрмыс тіршілік еткен және етіп жатқан  қоршаған 

ортасы  сол  халықтың  дүниетанымы  мен  мәдениетінің  қалыптасуына  ықпал  етпей 

қоймайды.  Бұл  –  қоғамдағы  саяси-әлеуметтік,  мәдени-рухани,  тарихи  өзгерістердің  бәрі 

тілден  көрініс  табады  деген  сөз.  Ұлттың  ұлан-ғайыр  мәдениетінің  бір  бөлшегі  –  рухани 

мәдениет. Осындай рухани мәдениеттің бірін қазақ дүниетанымында «қазан» сөзі құрайды.  

«Қазан»  лексемасының  қазақ  халқының  тілдік  санасында  орнығып,  қалыптасқан 

жалпыхалықтық  мағынасы  мен  тұрақты  тіркестер  жасауға  ұйытқы  болуын  төмендегі 

мысалдардан байқаймыз: қазан – тамақ пісіруге арналып, шойыннан  я мыстан жасалған 

ыдыс [2, 739]. Бұл – аталған сөздің тілдік мағынасы және бұл сөз қазақ тілінде бірнеше жаңа 

сөз жасауға да негіз болады. Мысалы:  қазанжаппа – қазанғажабыстырып, шоққа көміп 

пісірілетін нан, ұлттық тағам, төңкерме; қазандай – үлкен; қазантой –  әйелдербосанар 

алдында  беретін  ырым  тамақ;  қазанұшық  –  босанатын    әйелдің  толғағы  басталғанда  

жасалатын  ырым;  қазаншы  –  қазан  жасайтын  шебер.  Сонымен  қатар,  аталған  сөздің 

бойындағы  мәдени  код  –  оның  дәстүрлі  қазақ  қоғамында  отбасының  ырыс-несібесінің 

берекесінің  символы  ретінде  ерекше  қастерленіп,  қасиетті  саналатын  үй  мүлкі  ретінде 

бағалануы  және  оның  негізінде  туындайтын  бірнеше  ауыс  мағыналар,  олардың  беретін 

ұғым-түсініктері «қазан» сөзін концепт ретінде қарастыруға  мүмкіндік береді. 

Кез келген сөз концепт бола алмайды. Концепт болатын сөздің саны шектеулі. Белгілі 

бір мәдениет үшін ақиқат дүниедегі ерекше мәні бар құбылыс қана концепт болуы мүмкін. 

Ондай  құбылыс,  уақиға,  нәрсе,  заттың  тілде  әр  алуан  атауы  болады.  Мысалы,  тағы  да 

қайталап айтар болсақ,  қазақ дүниетанымы мен мәдениетінде осындай сөздердің қатарына 

жататыны – «қазан» сөзі.  

   «Концепт»  ұғымына  келер  болсақ,  ол  латын  тілінен  енген  conceptus  –  «ой»,  «түсінік», 

«ұғым» деген мағыналарды береді. «Концепт» мен «ұғым» терминдерінің негізі бір, бірақ 

мазмұны әр түрлі. Е.Абақан: «Концепт (ұғым) сөздің мағынасы ретінде түсініледі. Бірақ ол 

жалпылаудың  (абстракцияның)  ең  жоғарғы  деңгейін  білдіретін  ұғым  –  концепт  емес  – 

«оқиға процесс «дерек» туралы ұғым. Сондықтан «концептуальды талдауда» сөздің немесе 

сөйлемнің  контекске,  яғни  нақтылы  мағынаға  қатысты  анықталуы  тиіс»  –  деп, 

лингвистикадағы  «концепт»  пен  логикадағы  «ұғым»  терминдерінің  ара  жігін  ажыратып 

береді [3, 46б.]. Бұдан біз концептінің ұғымның жиынтық формасы екендігін көреміз.  Ал 



539 

 

ұғым болса, концептінің қалыптасуына себепші болатын фактор. 



С.И.Жапақовтың  айтуынша,  концепт  индивидтің,  тілдік  ұжымның,  лингвистикалық 

қоғамдастықтың ақиқат туралы білім жүйесі.[4, 47-48б.].  

 

Әлемдік  лингвистикада  «концепт»  терминін  ең  алғаш  зерттеген С.С.Аскольдов-



Алексеев  екені  белгілі. Бұл ғалым   концептіні  – ойдағы құрылым, яғни белгілі  бір  затты 

ойлау    кезінде  оны  сол  тектес  басқа  бір  заттармен  ауыстырып,  орынбасушылық  қызмет 

атқаратындығын көрсеткен.Ал Ресей тіл білімінде концепт термині ең алғаш XIX ғасырдың 

20-30 жылдары қоршаған орта құбылыстарын тіл әлемінде бейнелеу мәселесін зерттеуге 

байланысты пайда болды. Негізінен бұл салада Е.Ф.Карский, А.А.Шахматов, А.А.Потебня, 

А.Н.Афанасьев,  В.Н.Телия,  А.Н.Соболевский,  Д.С.Лихачев,  В.В.Воробьев,  В.А.Маслова, 

Н.Д.Арутюнова, 

Е.С.Кубрякова, 

А.Н.Мороховский, 

Н.К.Рябцева, 

В.Айрапетян, 

В.В.Колесов,  А.Я.Гуревич,  А.Вежбицкая,  М.Минский,  т.б.  ғалымдар  еңбектерінде жан-

жақты  қарастырыла  келіп,  «концепт»  терминінің  теориялық  негізі  қаланса,  қазақ  тіл 

білімінде Қ.Жаманбаева, Б.Ақбердиева, Г.Снасапова, А.Сейілхан, А.Сейсенова, С.Жапақов, 

М.Күштаева,  А.Сыбанбаева,  Ш.Елемесова,  Ә.Алмауытова,  Ж.Акимишева,  К.Күркебаев, 

Б.Тілеубердиев,  Э.Оразалиева,  Қ.Қайырбаева,  А.Әмірбекова,  т.б.  ғалымдардың 

еңбектерінде сөз болды.                     

 

Когнитивтік  лингвистикада  концепт  дегеніміз  –  адамның  білімі  мен  тәжірибесін 



бейнелейтін  ақпараттық  құрылымның  және  біздің  санамыздағы  менталдық  психикалық 

ресурстардың бірліктерін түсіндіру үшін қолданылатын термин; адам жадының менталдық 

лексиконның,  мидағы  концептуалды  жүйе  мен    тілдің,  сондай-ақ  адам  психикасында 

таңбалынып-бейнеленген бүкіл ғалам бейнесінің шұғыл түрде жұмсалатын, әрекет ететін 

мазмұндық бірлік болып табылады.   

Соңғы жылдары тіл білімінде «концепт» теориясы лингвистикалық сипатта  бір тілді 

және  туыс  немесе  туыстығы  жоқ  әртүрлі  тілдер  материалдары  негізінде    салыстыра-

салғастыра  зерттеле  бастады.  Ғылыми  еңбектерде  «концепт»  ұғымына  берілген  әртүрлі 

анықтамалар  кездеседі.  Е.С.Кубрякова  «концепт»  -  адамның  санасында,  психикалық 

жүйесінде қалыптасқан әлем бейнесінің мазмұндық бірлігі» деген түсінік береді [5, 57], ал 

В.Н.Телия  «белгілі  бір  нысанға  байланысты  берілген  ақпараттар  жиынтығы»  концепт 

ұғымын  береді  дейді  [6,  102].  Б.Қалиұлы  «концепт  –  ақиқат  болмысты  адам  санасында 

бейнелейтін танымдық бірлік» деген түсінікті қалыптастыра отырып, әрбір этнотанымдық  

таңбаның  ұлттық  концептілік  жүйеде  өзіндік  орны  болатындығын,  белгілі  бір  зат  не 

құбылыс жөнінде аялық білім деңгейіне орай жеке тұлғаның санасында концепт түрлерінің 

қалыптасуы әрқилы болып келетіндігін дәйектейді [7, 19]. «Концепт дегеніміз  – әр түрлі 

белгілер арқылы  білдірілетін, түрлі тілдік тәсілдер мен құралдар арқылы іске асырылатын 

құрылымы күрделі әлем туралы қандай да бір үзіктің (фрагменттің) немесе осындай үзіктер 

бөлігінің көрінісі» [8, 10]. Демек, концепт, концепт түрлері тілдік таңбалар, атап айтқанда, 

атаулар, тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, терминдер, прецендентті мәтін 

арқылы  тілдік  жүйеде  көрініс  табады.  Сөздің  концептілік  мағынасы  оның  лексика-

семантикалық және ассоциативтік өрісі арқылы анықталады. Жалпы алғанда, концепт – 

жинақталған, жүйеленген, топтасқан, күрделенген ұғым. Тіл білімінде «концепт» термині – 

тіл  мен  мәдениеттің  байланыстылығын,  оны  адам  баласының  дүниетаным  әрекетімен 

ұштастыру  деген  мағынада  жұмсалады.    Ғалым  В.И.Карасик  концептінің  үш  бөліктен 

тұратындығын  айтады:  ұғымдық-заттық  бөлік;  бейнелеуші-ассоциативтік  бөлік

құндылық [9, 127]. Бізде осы ізбен концептіні құрылымдық тұрғыдан жіктейміз. 

Қазан  сөзінің  этимологиясына  келер  болсақ,  В.Г.Егоров  қазу,  қазған  шұңқыр 

сияқты  ұқсатудан    шыққан    деген    тұжырым    айтады  [10,  58].  Қазан    сөзіне  –  «ған» 

аффиксінің қосылуы арқылы қазған › қаз(ғ) ан = қазан тұлғасында қалыптасты деген негіз 

бар, ал өзбек тіліндегі дошқозон сөзі этимологиялық жақтан до – парсы тілінде үшкен аш – 

ас,  тамақ,  қазан  сөзінен  жасалғандығын  байқауға  болады,  демек  аталған  сөз  үлкен  ас 

(пісіретін) қазан деген мағынадан шыққан [10, 249]. 


540 

 

            Л.З.Будагов «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» деген еңбегінде  



қазан ежелгі, тарихи сөз ретінде жазба ескерткіштер тілінде  қазан [1.418б], қазан [1.443б], 

казан  [11,  210б],  газан  [11,  241б],  қазан  [11,  17б],  қазған  [11,  96б]  тұлғаларында 

қолданылғандығын көрсеткен.   

Ақнұр  Өтебекова  «Қазақ  және  Орта  Азия  түркі  тілдеріндегі  әлеуметтік  тұрмысқа 

байланысты  терминдердің  салыстырмалы  ерекшеліктері  (қазан  термині  негізінде)»[12] 

деген  мақаласында  «қазан»  сөзін  түркі  тілдес  халықтармен  салыстыра  көрсеткен.  Оның 

ішінде қазақ тілінде  қазан, ұйғыр тілінде қазан, қарақалпақ тілінде қазан, қырғыз тілінде 



казан, түркімен тілінде газан тұлғасында  айтылады.  Көлемі үлкен той, жиын қазандары 

Орта Азия түркі тілдерінде төмендегідей аталады:  

Кесте 1. Орта Азия түркі тілдеріндегі қазан сөзінің дыбысталуы 

Қазақ тілінде 

Ұйғыр тілінде 

Өзбек тілінде 

Түркімен тілінде 

Қара қазан, 

тайқазан 

Баш қазан 

Дошқазон,  махалла 

қазон 


Пайыз  газан,  улы 

гара газан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет