Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Ж.Молдaғaлиeв. Алтын қалам. – Aлмaты, 2010. – 320 бeт.
2.
Т.Жaроков. Тaңдaмaлы шығaрмaлaр. 1 том. Aлмaты, 1972.- 376 бeт.
3.
A.Бaқтыгeрeeвa. Aқ Шaғaлa.Aлмaты, 2001.-424б.
4.
Ж.Нaбиyллин. Жeтiншi пeрнe .Eкiншi кiтaп. Орaл, 2001.-328б.
5.
A.Нәрiков. Caғыныш. Өлeңдeр. Aлмaты, 2002.-216б.
6.
Ғ.Ceйтaқ. Тeк пeн тaмыр. Aлмaты, 2005.-328б.
7.
А.Тayбaeвa. Жaйықтың aқ caмaлы.Aлмaты, 2001.-112б.
8.
Б.Халиолла. Нәзік бұлт көшіп барады.Орал, 2005.
УДК 398
ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ ӘМЕҢГЕРЛІК НЕКЕ ДӘСТҮРІНІҢ
КӨРІНІСІ
Жұмахан М. 2 курс студенті
Ғылыми жетекші: Назым Айтбайқызы
аға оқытушы, г.ғ.м.
ҚАЗМЕМҚЫЗПУ
Қазақ халқының үйлену салтымен байланысты ғұрыптық мәселелері шағын зерттеудің
көлемімен шектелмек емес, оның сан алуан сипаты халықтық жырдың әр түрлі жанрында
өзіндік ерекшелігімен анықталады. Мәселен, негізгі бастауы фольклорда жатқан бұл
проблемалық жай ғасырлар бойы жаңаланып, өңделіп, толығып, бүгінгі күнге дейін жетіп
отыр.
Осыған орай тақырыбымыздың көне дәуірдегі некелесу рәсімдерінің эпос жанрларының
бастауы деп, біз ғалым С.Қасқабасовтың қазақтың ертегі жанрларындағы неке түрлерінің қыр-
сырын жан жақты ашып, зерттеген [1] еңбегіне сүйендік. Сондай-ақ қазақ халқының
дәстүрлеріндегі неке түрлерінің ара жігін ғұрыптық тұрғыдан Х.Арғынбаевтың [2] еңбегінде
осы некелесу рәсімдері туралы бірталай тұжырымдарды негізге алдық.
Фольклор арқылы бүгінге жеткен жырлардағы сүйіспеншілік пен имандылық, адалдық
пен адамгершілік мәселелері - жазба әдебиеттің де ең басты, ең негізгі мәселелері санатында.
496
Жалпы, тек қана шығарма мен өлең немесе сурет т.б. қандай да болсын өнер туындысы
махаббаттың себебінсіз тумайды. Эпостағы ең алғашқы кезендердегі «батыр мен қыздың
бірін-біріне құмартуы ғашық болу негізінде емес, уақыт аралығында әйелді керек
еткендігінде» - деп санайтын зерттеуші Е.Вердиман бұл ойын әрі қарай былайша өрбітеді:
«Первобытные охотники вели бродячий образ жизни и зависели от возможности добывать
свежее мясо. Жили они почти исключительно в общество мужчин, поглощенный
единственным, что его волновало и насыщало, - охотой. Лишь время от времени они начинали
искать женщину, незаботясь, однако, о выборе» [1, 11 б.]. Әрине, бұл көнеліктің көзқарасы
деуіміздің өзі ойландырады. Қайткенмен де бүгінгі күннің өзінде де құдай жаратылысының өзі
«еркек – әйелсіз, әйел - еркексіз» бола алмайтынына, олардың бір біріне үлкен тартылыс күш
арқылы ынтықтығын дәлелдейді.
Бірақ тақырыптық жағынан бір жүйеге келтіріп қарастыратын болсақ, жанр түрлері бір-
бірімен байланысып келетінін аңғарамыз. Сондықтан жалпы эпостағы жар іздеу мотивін сөз
еткенде некелесу мәселесін айналып өту мүмкін емес. Сондықтан да жалпы некелесу
заңдылықтарын, олардың түрлерін арнайы тақырыпшаларға бөліп қарастырған оңтайлы
болады деп
санаймыз.
Жар іздеу мотивіне қатысты Назым Айтбайқызы өзінің «Қазақ эпосындағы жар іздеу
мотиві» атты еңбегінде некенің 10 түрін жан-жақты ашып қарастыған. Олар: кузендік,
экзогамиялық,
эндогамиялық,
матрилокальды,
полигамиялық,
полиандриялық,
ортодоксальдық , левират некесі (әмеңгерлік заңы), сорорат некесі, моногамиялық неке
түрлері. [5, 13бет]
Батырдың отбасын құруының негізгі
себептері
Түс көру (қиялдау
)
Ғашық болу
Ата-анасының қалауы бойынша
Әменгерлік салты бойынша
497
Қазақ эпосында осы некелесу түрлерінің барлығы болмаса да, кейбірі кездесетіні анық.
Бұлардың бірқатары қазіргі тұрмыс-тіршілігімізде де бар.
Оның бірі әмеңгерлік неке. Левират некесі (әмеңгерлік заңы).
Левират (латын сөзі Levir - қайнаға, қайын іні) - жесір әйелді қайтыс болған ерінің інісіне
тұрмысқа шығуға міндеттейтін некелік ғұрып.
Сорорат некесі
Сорорат - балдыз алу неке құру ғұрпы.
Фольклор арқылы бүгінге жеткен жырлардағы сүйіспеншілік пен имандылық, адалдық
пен адамгершілік мәселелері - жазба әдебиеттің де ең басты, ең негізгі мәселелері санатында.
Неке құрудың ең көне түрі қазақ арасында әмеңгерлік (левират) және балдыз алу
(сорорат) әдет-ғұрыптары бойынша үйлену тәртібі эпостарда да көрініс береді. Мұндай дәстүр
"Алпамыс батыр" жырында да көрініс береді. Батыр қарсыласымен жауға аттанғанда інісі
Гүлбаршынға үйленбек болады.
Әрине, бір елдің керемет сұлу бойжеткеніне іштей ғашық болып жүретін жігіттер болады,
бірақ сол қасындағы қас жауы өзіне де басқаға жоқ деген ұстаным ұстауы әрине, жырдың
осындай трагедиялық қорытындысына әкеліп соқтырады.
Қазақ халқының ғашықтық жыры «Қыз Жібектің» бұдан соңғы сюжеттерінде Қыз
Жібектің жанындағы қоршаған қара күштердің әсері суреттелінген. Уәде бойынша келер жазда
келермін деп кеткен Төлегеннен ешбір хабар болмайды, соған қарамастан, Жібек Төлегенді
сегіз жыл төзімділікпен күтеді. Арада өткен уақыт екі ғашықтың отын сөндіре алмайды.
Бірақ, Сансызбайға Жібек қосылды ма, жоқ па дегенге, жыршылар екі түрлі аңыз айтады.
Бірі: Қыз Жібек пен Сансызбай қосылған жоқ, тек ұзақ жолдың үстінде бара жатыр десе, ал
Әменгерлік (левират)
Балдыз алу (сорорат)
ЕРІ НЕМЕСЕ
ӘЙЕЛІ ҚАЙТЫС
БОЛУ
Жетім ұрпақтың пайда
болуына қарсылық (ұрпақ
жоғалтпау)
Әйел ерден кетсе де, елден
кетпейді (өлседе сүйегі сол елден
шығуы тиіс)
Әлеуметтік мәселе
( арадағы мал- мүлікке байлансты
туатын мәселе)
Ұлттық тәрбиені сақтап қалу
(баланың өз елінде тәрбиеленіп, ел
азаматы болуы тиіс)
Әпкесі орнына балаға ана болу
(жетімдік сездірмеу)
Өз ата- анасы бауыры үшін
тұрмысқа шығу( өзі сүймесе де
келісім береді )
Әлеуметтік мәселе (екеуара келісім,
қалың малға, мал-мүлікке
байланысты)
Құдалық мың жылдық (екі ел
арасындағы татулықтың белгісі
)
498
екінші бір жыршылар «еліне аман келді, қырық күндей той қылып, Сансызбай Жібекті алды»
деп, бір-бірімен қиылыспайтын екі сызықты күшпен қоса салуға құштарлық көрсетеді. Қыз
Жібек басқалар үшін аспандағы жарық жұлдыз болса да, жердің тартылу күшінен құтылмайды.
Енді ол Сансызбайға, өзінің қайын інісіне қосылудан өзге жол жоқ екенін түсінеді.
Әлбетте әмеңгерлік салты қазақ арасында ертеден қалыптасқаны, әйел "ерден кетсе де, елден
кетпейді" деген қағиданы ол заманда ешкім ерсі көрмейтіні белгілі...
Мәселен, Х.Арғынбаевтың айтуынша, «Ең көне топты некенің сілемі ретінде ертедегі
хундарда бұл әдеттер тұқым үзілуін болдырмай әркімнің үрім-бұтағының әрі қарай созылуын
қамтамасыз ету мақсатын көздесе, кейінірек таптық қоғамдағы товарлы ақша айналымының
дамуына байланысты оған тек тұқым сақтау мақсаты тұрғысынан емес, экономикалық
тұрғыдан да қарайтын болды. Бұған қазақ өмірінде әмеңгерлік және балдыз алу әдеттерінің
қалыңмал, жасау және мал-мүлкіне байланысты іске асатындығы анық айғақ болғандай», -
дейді. [1, 145б.] Қазақтар құдалықты қыз бен жігіттің қосылуы емес, екі отбасының
туыстасуы
деп санайды, демек күйеу мен калыңдықтың біреуі өлген жағдайда да құдалық бұзылмайды.
Күйеу өлсе, қалыңдық оның бойдақ бауырына тиеді, ал егер бірге туған бауыры жоқ болса,
жақын аталасына тиеді, яки "аға өлсе -жеңге мұра, ат өлсе - сауыры мұра" деген қағидаға
бағынады. Егер күйеу көзі тірісінде қалыңдығына келіп-кетіп жүрген болса,онда қалыңдықты
қара жамылдырып жігіт ауылына әкеледі, ол бір жыл жігіттің орнында аза тұтып отырады,
сосын жігіттің інісіне
немесе өлген күйеудің ата-анасының көңілін аулап "аза" мал әкеледі.
Сол сияқты, ғұн қоғамында патриархаттық рулық қатынастары әлі күшті болған. Сыма
Цянь (б.з.б. 135-67 ж.ж. «Тарихи жазбаларда») Ғұндардың левират ғұрпы туралы былай деген:
«Әкесі мен ағалары өлсе тұқым құрымасын деп олардың әйелін өздеріне алады. Сондықтан
ғұндарда қан араласу болса да, тұқым құрымайды» сияқты тұжырым айтқан. Сонымен бірге,
Ноғайларда левират және сорорат (әмеңгерлік және балдызына) үйлену сақталып келген.
Шетелдік саяхатшылар ноғайларды «Туған әпке қарындасынан өзгеге үйлене береді деп
жазады».[2 145 б] Әмеңгерлік соның бір мысалы, әмеңгерлік салтының ноғайлар үшін
ешқандай айыбы болмаған. Ол көшпелі өмірдің өзіне тән дәстүрлерінің бірі болып
есептелінген.
Осы қазақ халқының дәстүр ұстанымдары жазба әдебиетіндегі С.Мұқановтың «Өмір
мектебінде» баяндалатын Ділдәштің дауы осы әмеңгерліктің ізі екені айқын баяндалады.
Автордың шығармадағы даудың кіріспесінде: «Қазақшылықтың заңы бойынша, байы өлген
әйел егер қолында баласы болмаса, ерге, күйеуінің туысқандарының біріне тию керек те, егер
шығар жастан асқан адам болса, күйеуінің туысқандарының біреуін қол бала қып үйіне еңгізіп
алуы керек. Осы екеуінің біреуін істемей, баласыз байсыз әйелдің отыруға еркі жоқ», - дейді.
Мұның өзі әмеңгерлік ғұрпының негізгі көрінісі қазақ қоғамы үшін жат емстігінің айғағы.
Алайда, әменгерлік салты бүгінде зерттеліп жүргенімен, балдыз алу дәстүрі әлі де зерттеуді
қажет ететін секілді.
Түйіндей айтқанда, тегі мен тілінің, ділі мен дінінің бір болуы аталған жайттерде
ұқсастықтардың мол болуына жағдай жасайтын факторлар қатарын толықтыруымен бірге
тіршілік салтына, шаруашылық қалпына, жер ыңғайларына қарай бірқатар ерекшеліктерінің де
бой көрсетіп қалатынын жоққа шығаруға болмайды
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
1.
Қасқабасов С. Казахская волшебная сказка. Алма-ата: Наука, 1972.
2.
Арғынбаев X. Қазақ халқындағы семья мен неке. Қазақ отбасы. Алматы, 1996.
3.
Бабалар сөзі. Жүз томдық. Т.51: Батырлар жыры. -Астана: Фолиант. 2008.
4.
Ғашықтық дастандар. - Алматы: Ғылым, 1994. - 440 б.
499
5 Н.Нұрақыш. Қазақ эпосындағы жар іздеу мотиві. Көмекші оқу құралы.-Алматы:
ҚазМемҚызПу, 2011.-167 б.
Резюме
В статье рассматриваеться одна из традиций супружество (левират) в казахском эпосе.
Түйіндеме
Бұл мақалада қазақ эпосындағы батырдың жар іздеу мотивінен туындаған неке (левират,
сорорат) түрлері қарастырылады.
Resume
In this article kinds of marriage which were built from motive of choosing wife of hero in kazakh
epics were faced.
Кілт сөздер: левират, сорорат, мотив, жанр, эпос.
ӘОЖ 81-139
«ANDROID ПЛАТФОМАСЫНА АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ, КІТАПТЫ
ДАУЫСТАП ТЫҢДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ»
Қуанышқызы Ақтолқын
Сулейман Демирел Университеті
Түйін
Берілген дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты қазақ тіліндегі кез-келген форматтағы
мәтінді тек оқып қана қоймай, дауыстап тыңдауға болатын мобильді бағдарлама жасау.
Бағдарлама «андроид» платформалы мобильді бағдарламаларға арналып жасалады. Бұл
бағдарлама еліміздегі үлкен проблемаға айналған «тіл» мәселесін шешуге аз да болса үлесін
қосады деп үміттенеміз.
Аннотация
Целью данной дипломной работы является не только чтение книг но и прослушивание
книг в любом формате в виде аудиопрослушки. Приложение будет основан для платформы
«андроид». Мы надеемся что данное приложение будет частью решения проблемы «языка» в
нашей стране.
Abstract
The diploma thesis has a goal to introduce the development of mobile application, which is
the audio book in the Kazakh language, able to read the Kazakh text and to voice it, with speech
management. Application will be developed for mobile phones with Android platform. We hope that
this program will help to solve the ‘language’ problem in our country.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам және технологиялық мәдениет дәуірі.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру, оны жаңа технологияларды пайдалану арқылы дамыта
оқыту негізгі мақсат болып табылады. Оған мысал ретінде қазіргі білім беру саласында,
мектептерде, балашақшаларда, жоғарғы оқу орындарында білім беру сапасын жоғарылату
500
мақсатында пайдаланылып жатқан интерактивті тақта, арнайы жаңа технологиялармен
жасақталған кабинеттер және тағы басқа жаңа технологияларды айта аламыз. Тек
компьютерден ғана емес, ұялы телефон арқылы да керегімізді оңай таба алатын заманға жеттік.
Қазіргі Республикамыздағы алға қойылған негізгі проблемалардың бірі - тіл мәселесі.
Бұл мәселенің шешімін мобильді бағдарламалар арқылы шешу ең маңызды және тиімді жол
болып табылады. Тіл білімін үйренуге және дамытуға арналған сөздіктер мен фразиологиялық
сөздіктер секілді мобильді бағдарламалар көп. Бірақ олар тек жаңадан үйренушілерге
арналған, яғни тілді жетік меңгеру үшін жеткіліксіз. Тыңдау және сөзді түсіну қабілетін
арттыру үшін ең танымал әрі өнімді әдістердің бірі аудиокітаптарды, мәтіндерді және
диалогтарды тыңдау болып табылады. Сондықтан кітаптарды дауыстайтын аудиобағдарлама
жасап шығару мақсаты алға қойылды.
Бағдарлама «Андроид» платформалы ұялы телефондарға арналып жасалуда.
Бағдарламаның негізгі мақсаты қазақ тіліндегі кез-келген форматтағы мәтінді дауыстап анық,
түсінікті етіп оқу, яғни аудиокітап іспеттес болуы керек. Аудиокітаптар қалай қарастырсақ та,
қағаз түріндегі кітаптарға қарағанада әлдеқайда ыңғайлы. Себебі: оларды көпшілікке жеткізу
үшін көп көлемде қағаздың қажеті жоқ, оны көп көлемде жеткізу үшін арнайы транспорттың
да керегі жоқ, қажет болса өшіру де қиын емес, оны өзіңде ұстау үшін немесе сақтау үшін көп
орынды да қажет етпейді. Осы себептерден аудиокітап бізге әлдеқайда ыңғайлы.
Сонымен қатар аудиокітаптар балаларға немесе қазақ тілін жетік меңгергісі келетін
адамдарға мәтіннің дұрыс оқылуын үйрену үшін және оны түсінулері үшін өте ыңғайлы
құрал. Көзі нашар көретінтін, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де үлкен көмек болады.
Мысалы: күнделікті қолданылатын автобустар немесе маршруттарда көп уақытымызды
өткізетініміз анық, ал сол автобустың немесе маршруттың ішінде кітап оқу үшін мүмкіншілік
бола бермейді. Егер осы «Қазақша мәтінді дауыстап оқу» бағдарламасы бар болса, кез-келген
қоғамдық орындарда кітапты тыңдау арқылы оқи аламыз. Оның үстіне бұл адам миының есте
сақтау қабілетін арттырады.
«Play market-тегі» бағдарламалар арасынан әр тілдегі мәтіндерді дауыстап оқитын
бағдарамалар өте көп. Бірақ қазақ тілін олардың араларынан таба алмайсыз.
Қазақша оқитын аудио бағдарламаны жасау үшін, барлық қазақ тіліндегі кітаптардың
дыбыстық түрін жаздыру әрине ыңғайлы емес. Сондықтан қазақ тілінде жазылған кез-келген
мәтінді оқитын әмбебап бағдарламаның болғанын қаладым.
Бағдарлама дизайны андроидтың жаңа Lollipop нұсқасына арнап шығарылған дизайн
бойынша жасалады. Бұл дизайнның бұрынғы дизайннан айырмашылығы өте көп. Байқап
қарасақ өте жинақы, тартымды және қарапайым дизайн. Программалық тілі - Java.
Sun Microsystems
компаниясының жасап шығарған
объектіге-бағытталған бағдарламалау тілі
.
Java қосымшалары әдетте арнайы
байт-кодта
компиляцияланады
, сол себепті олар кез
келген
виртуалды
Java-машинасында
(JVM)
компьютерлік
архитектурасына
тәуелсіз
орындалады. Ресми шығу күні —
23 мамыр
1995 жыл
. Айтылуы жөнінде қазақ тілінде басқа
тілдердегі сияқты екі бір-бірінен ажыратылған қағида пайда болды: ағылшын тілінен
алынған
/ˈdʒɑːvә/
(«джава») және
Ява
аралының айтылуына сәйкес келетін дәстүрлі-халықтық
«ява». Sun компаниясы ағылшындық айтылуды бүкіл әлемде ұстанады. Java — деп тек қана
тілді ғана емес, сонымен қатар осы тіл негізінде жасайтын және орындайтын платформаны
атайды. Бастапқыда тіл Oak («емен») болып аталған және оны
Джеймс Гослинг
тұрмыстық
электрондық құрылғыларды бағдарламалау үшін жасалынатын. Біраз уақыт өткеннен кейін
тілдіі
атын
JAVA
деп
ауыстырады
және
оны
клиенттік
қосымшаларды
және
серверлік
бағдарламалық қатынасты жасау үшін қолданыла бастады. Кейбір
бағдарламалаушылардың сүйікті кофе маркасы Java құрметіне аталды. Сол себепті тілдің
эмлемасында түтіндеп тұрған кофесі бар шынаяқ бейнеленген
501
Берілген бағдарлама арқылы қолданушы қандай әрекеттер жасай алады:
-
жаңа кітап ашу;
-
батырманы басу арқылы таңдалған кітапты дауысталған күйінде тыңдау;
-
батырманы басу арқылы тыңдауды тоқтата алу;
-
бағдарлама туралы мәлімет алу;
-
бағдарлама жайында өз ойын білдіре алу;
-
әйел немесе еркек даусын таңдай алу;
-
жәй оқылатын кітапта «іздеу» функциясын іске асыра алу;
-
ашылған кітапты үлкейтіп –кішірейте алу.
Айта кетерлігі қолданушылардың арасында жас ерекшелігі болмайды. Бұл бағдарламаға
бәсекелес бола алатындай бағдарлама жоқ. Сондықтан өнім өтімді болуы үшін барынша
сапалы етіп жасалынуда.
Use Case diagram
№1 сурет
Бағдарламның жұмыс істеу принципіне келер болсақ, берілген кітаптардағы мәтіндерді
буынға бөлу арқылы көп қолданылатын буындарды зерттеп, барлық санын анықтадым. Себебі
кітаптарды дауыстап оқу функциясы осы буындарды қосу арқылы сөз шығарып дауыстауға
негізделген. Осы алгоритм арқылы сөздерді буынға бөліп, оқуға болады. Ал дауыстайтын
кезде, ол буындарды сөздер қорынан іздейміз.
Қазақ тілінде жалпы алғанды 60000 сөз бар екен. Оның ішінде 15000 сөз белсенді, яғни
күнделікті пайдаланатын сөздер. Егер біз әрбір сөзді түбірімен емес жұрнақтар арқылы жаңа
сөз деп санайтын болсақ, 15000 деп тұрған белсенді сөздеріміз 10 есеге көбейіп кетер еді.
Себебі қазақ тілінде 7 септік бар(атау, ілік, барыс,табыс, жатыс, шығыс, көмектес).
Салыстырмалы бағдарлама ретінде ағылшын тіліндегі «FBReader» аудио кітап
оқығышты таңдадым. Ол ағылшын тіліндегі ең жақсы кітап оқитын бағдарламалардың бірі.
Play Market –те орыс тіліндегі дауыстап оқу бағдарламалары бар, бірақ олар үшін
арнайы дауыстап оқу синтезаторлары жазылған. Дегенімен орыс және қазақ тілін салыстыруға
мүлдем болмайды, себебі қазақ тілі мен орыс тілінде бірдей «Кириллица» әліпбиін
қолданғанымен фонетика, грамматикасы мүлдем бөлек.
Бағдарламаның дизайынына келер болсақ, қазіргі уақытта андроид платформалы
смартфондардың қолданушыларының қолдауына ие болған жаңа дизайн түрі «Material
design» -ды қолдану арқылы жасалынуда.
502
«Material design» - Google компаниясы ұсынған андроид опирациондық жүйесінің
дизайны болып табылады. Алғаш рет 2014 жылы 25-маусым күні компания
конференциясында көрсетілді. Дизайнның негізгі идеясы көйлеңкелік әсерді пайдалану
арқылы ашылған және жабылған карта қағаздары секілдендіріп карталардың орын
алмасуларын білінбейтіндей етіп жаңа дизайн түрін жасап шығару.
«Фонетика» - тілдің дыбыстық жағын, яғни сөздердің дыбысталуын зерттейтін тіл
бөлімі. Дыбыс – тілдің ең кішкентай әрі қарай бөлінбейтін бөлшегі болып табылады. Қазақ
тілі орыс халқының «Кириллица» әліпбиіне негізделіп жасалған және 42 әріптер тұрады. Тек
қазақ тіліне тән 10 әріп бар: ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө,һ,ы. Ал в, ф, ц, ч, ь, ъ, е, э әріптері тек кірме сөздерде
қолданылады. Олар көп адамдарға дыбысталуы жағынан қиындық келтіріп жатады. Дауысты
12 дыбыс, ал дауыссыз 25 дыбыс бар. Қазақ тілінде орыс тіліндегідей дыбыстардың
редуктивтілігі жоқ. Мысалы о әріпі қай сөзде кездессе де бірдей дыбысталады(орамал, от,
ошақ, жолдас). Сөздердің орналасуы тұрақты. Етістік әрқашан сөздің соңында кездеседі.
Мысалы: «Мен Алматыда жұмыс жасаймын». Анықтауыш әрқашан айқындауыш сөздің
алдында орналасады: «Мен Мемлекеттік Университетте оқимын». Сұраулы сөйлемде етістік
болмаған жағдайда сұраулы сөз әрқашан сөйлемнің соңында болады: «Мұғалім қайда?» , ал
етістік болған жағдайда сұраулы сөз етістіктің алдында кездеседі: «Университет қайда
орналасқан? ». Қазақ тілінде мына есімдіктерден басқалары септеледі: әне, міне, қайда?, әр,
кей. Тағы айта кетерлік нәрсе, қазақ тілінде полисемикалық және омоним сөздер өте көп.
Мысалы: Ат- Есім, Жылқы және мылтықпен ату деген мағынаны білдіреді. Сондықтан шет
елдік азаматтар үшін сөздің мағынасын дұрыс түсіну үшін толық сөйлемді интонация
бойынша, мағынасы бойынша түсіну өте маңызды.
Буындар арқылы жұмыс жасайтын болғандықтан дыбыс үндестігін қарастыруға
міндетіміз. Дыбыс үндестігі 3 түрге бөлінеді: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы
Достарыңызбен бөлісу: |