Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет12/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   135

 

УДК  657.622..334.722 



 

ЭВРИСТИКАЛЫҚ АМАЛДАРДЫҢ ЖІКТЕЛІМІ  

Иманғазы Назым  

Т. Рысқұлов атындағы ЖЭУ  

«БЕ жәнә А» кафедрасының аға оқытушы Китапова К. 

 

Түйіндеме 

Эвристика-  наука  о  творческом  мышлении.  Отсюда  название  группы  психологических 

приемов  экономического  анализе,  связанных  с  творческим  поиском  решение  экономических 

задач.  


Анотация 

Экспертные  оценки-  это  эвристические  оценки,  основывающиеся  на  интуиции, 

воображении  и  опыте.  Сложность  объектов  экономических  измерений  способствовала 

широкому распространению экспертных оценок в качестве метода измерения. 

Anatatsia 


92 

 

Heuristics is the science about creative thinking. Lt tares its basis from the group of  psychological  



way of economic analysis, which is connected with creative search of economic tasks solution. 

Expect  evaluation  (assessment)    is  heuristic  evaluation  based  on  intuition,      imagination  and 

experience.  The  complexity  of  economic  dimension  objects  promote  wide  distribution  of  expert 

evaluation as method of chmension. 



 

Түйінді сөздер:  эвристика, интуиция, дельфи, траектория, имитация, экстраполяция. 

Ключевые слова: эвристика, интуиция, дельфи, траектория, имитация, экстраполяция. 

          Keywords:   Ebrictika, intutsi, delfi, traektoria, emitatsia, ekctrapolua.

 

Эвристикалық  теория  өркениетті  адамның  өмір  сүру  уақытынан  бастап  пайда  болып 

қалыптасты. Оның тарихы бірнеше мыңжылдықты қамтиды. Ең алғашқында ғылыми айналымға 

«Эвристика»  түсінігін  б.з.  300ж  шамасында  грек  математигі  Папп  Александрийский  еңгізді. 

Өзінің  «Математикалық жинақ»  еңбегінің 7-ші  томында ол ғылымның саласы туралы айтқан, 

оны кейінгі заманның зерттеушілері «Талдау қазынасы» ретінде немесе «Есепті шығару өнері» 

ретінде немесе «Эвристика» ретінде аударған. 

Бірақ та Папптың өзі былайша есептеді: «эвристика»  үш адамның еңбегімен пайда болды. 

«Бастамалары» авторы  Евклид, Пергадан келген Апполония және Аристейдің үлкені. Және ол 

талдау мен синтездің амалдарына үйретеді. Әдебиеттің үлкен каталогынан тұратын эвристика 

тарихына  тоқталмай-ақ  тек  бұл  мәселемен  Архимед,  Л.да  Винчи,  Ф.  Бэкон,  Р.  Декарт,  Б. 

Болъцано, Г. Лейбниц, Платон, А. Пуанкаре, Д. Пойа айналысқандығы туралы атап өткен жөн. 

Кейінен ресей елінде эвристикалық мәселелерімен А.И. Берг, Г.С. Альтщуллер, А.В. Антонов, 

А.В.Архипов,  С.М.  Василейский,  А.Г.  Венделин,  В.М.  Глушков,  В.И.  Дворецкий,  А.Г. 

Ивахненко,  Б.И.  Майданчик,  А.В.  Напалков,  Д.Е.  охоцимский,  Д.А.  Поспелов  және  басқалар 

жұмыс істеді [ 1, 123]. 

Бірақ  –та  бүгінгі  күнге  дейін  эвристикалық  теорияның  фундаментальды  сұрақтары 

дискуссиялық  болып қала береді. Ал, ол эвристикалық қолданбалы мәселесіне көшуге мүмкіндік 

бермейді. 

Бұл жағдайдың  негізгі себебі эвристикаға деген зертеушілердің қатан детерминицияланған 

түрдегі  көзқарасы.  Табиғи  және  жасанды  интеллект  (парасат)  саласында  ғалымдарының 

жұмыстары  адам  ми  қызметінің  детерменицияланбаған  негізін  көрсетеді,  одан  эвристикалық 

талдау сұрақтарына қатан түрде қараудың заңсыздығы көрінеді. Максималды түрде «Мүдделер 

раушаның»  есептейтін  (ескеретін)  жүйелі  функционалды  көзқарас  эвристикалық  әдістердің 

экономикалық мәселелерін шешуде табысты болып табылады. 

«Экономикалық эвристика» терминін пайдалана отырып дефинитивті деңгейге назар аудару 

жөн.  Ол  бұл  түсінікке  анықтама  берген  кезде  ғылыми  әртүрлі  түсінбеушілікті  болдырмауға 

мүмкіндік береді. Бүгінгі күні «эвристика» категориясының әртүрлі авторлары көбінесе қарама-

қайшы  трактовкаларды  береді.  Осылайша,  Н.Г.  Чумаченко,  М.И.  Баканов,  А.Д.  Шеремет 

эвристиканы математикалық бастаманың өнімі ретінде қарастырады. И.Г. Венецкий және В.И. 

Венецкая  керісінше  «Эвристикалық  әдістердің  көрінетін  математикалық  негіздемесі  жоқ»  деп 

белгілейді. 

А.Кофман, А.Анри-Лабордер:  «Эвристикалық әдістер» бір қатар жағдайларда интуитивтік 

түрде немесе ақыл-ой негізімен шығарылатын реттеуші ережелер жиынтығы. 

О.И.  Ларичев:  эвристикалық  әдіс  жалпылай  және  толықтай  есеп  шығаратын  зерттеушіге 

байланысты.  Көбінесе  бұл  бұрынғы  тәжіребиеге  негізделген  интуитивті  тапқырлық  әдісі.  Бұл 

туралы,  адамның  өзі  шындығына  былай  айтады:  «Қалай  екенің  білмеймін,  бірақ  мен  мынаны 

істей аламын» 

Шындығында  экономика  мәселелерінің  көпшілігі  сапалы  сипатта  болады.  Осының 

салдарынан олардың шешілуі тек жартылай ғана нысандандырылуы мүмкін. Ситуациялық және 

оның мәселесінің бір тұтас бейнесін тек адам миы ғана сезуге қабілетті. Сондықтан эвристикалық 


93 

 

ядросы оның негізі  болып табылатын шығармашылық ойлаудың психологиясы деп көрсеткен 



авторлармен толығымен келісуге болады. 

Негізгі  (басты)  мәселені  шешуге  мүмкіндік  беретін  мәселені  бөліктерге  бөлу  және  сол 

арқылы шешу логикалық талдау деп аталатын барлық рационалистік процесс (үрдіс) белгілі-бір 

кемшілікке  ие.  Қазіргі  интуитивизмнің  негізін  қалаушы  Анри  Бергсон:  «Талдау  әрқашан 

жылжымайтынға сүйеніп жүргізіледі, ал интуиция өзін жылжымалыққа кіргізеді» деп айтқаны 

дұрыс болады. 

Адамның интуитивті ойлауының табиғи заңдарын зерделеу оның мүмкіндіктерінің шегінде 

жатыр.  Бірақ  интуитивті  талдау  нәтижелерінің  алу  процесін  зерттеу  мүмкін  болады  ж»не  ол 

эвристикалық теорияға жүктелген. «Эвристикалық әдістер әртүрлі есептерді шешу кезінде адам 

қызметінің    әртүрлі  сатысында  жүзеге  асырылатын  ақпаратты  қайта  өңдеу  қағидаларын  оқып 

үйренуді талап етеді» -деп Е.А. Александров атап өткен[ 2, 235]. 

Бірақ  адам  миының  ақпараттық-  қайта  өңдеушілік  қызметінің  көптеген  сұрақтары    ашып 

түрінде  болады.  Сондықтан  экономикалық  талдаудың  эвристикалық  амалдары  эксперт, 

респондент, кеңесші, сияқты адамның ойлау қызметінің өнімдеріне, нәтижелеріне негізделеді. 

Сондықтан  ең  бағалы  болып  тәжіребиенің  интеллектуалды  банкі  және  бұрыңғы  шешімдер 

табылады.  Дж.  Пойа  былай  деп  көрсеткен:  Қазіргі  эвристика  мәселені  шешу  үрдісіне  жетуге 

ұмтылады,  әсіресе  бұл  үрдіске  пайдалы  болып  келетін  ойлау  операцияларына.  Өзінің 

мәліметтерін ол әртүрлі көздерден алады, олардың әрбіреуін елеумеуге болмайды және тек теріс 

ұғымына ерікті тәжіребиені ескерту керек. С.Оптнер зерттеудің маңызды қозғаушы күші ретінде 

жеке тәжірибені анықтай отырып «Эвристикалық әдіс бірігіп қолданудың алуан түрлі тәжірибені 

біріктіруге мүмкіндік береді» деп белгілеген. 

Автордың  ойынша  келтірілген  пікірлер  эвристиканың  іргелі  негіздерінің  бірі  адам  ми 

қызметінің  нәтижелерін  сол  немесе  басқа  нысанда,  оның  тәжірибесінің  банкісін  және 

интуициясын пайдалану болып табылатындығы туралы көрсетеді. 

Барлық эвристикалық әдістер адамның ойлау қызметінің өнімі болып табылатын ақпаратты 

алуға бағдарланған. Оның жеке тәжірибесі, білімі және интуициясы эталон ретінде қабылданады, 

себебі  адам  миы  оптималдыққа  жуық  шешімдерді  қабылдау  қасиеттерін  жалғыз  да  белгілі 

жеткізуші болып табылады. 

Есепті  эвристикалық  шешу  үрдісінің  нысансыздығының  белгісі  өте  маңызды  болып 

табылады.  Ол  детерминирланған  және  эвристикалық  әдістердің  мәнін  қағидалы  түрдегі 

қайшылығын  анықтайды.  Математикалық  әдістер  есепті  шешу  алгоритмінің  берілгендігі  мен 

сипатталады.  Эвристикалық  үрдіс  алгоритмі  керісінше  тек  есеп  шығарылғанан  кейін  нәтиже 

алынғаннан  соң  белгілі  болуы  мүмкін.  Бұл  эвристикалық  шешім  үрдісінде  нұсқалардың 

интуитивті түрде іріктеун жүзеге асырылғандығымен түсіндіріледі. 

Эвристикалық  жолмен  алынған  басқару  шешімдерінің  өзгешілігі-  оны  қадамдық  түзету 

арқылы  жақсартуға  болады.  Сондықтан  эвристикалық      құралдармен    жүргізілген  талдау 

нәтижелерінің белгілі жарамдылық, қанағаттанарлық белгісі- ол алынған қанағаттанарлы шешім 

оны  жүзеге  асыру  үрдісіне  дейін  қанағаттанарлы  болады  дегенді  білдірмейді.  Тәжірибелі 

талдаушы осындай ұқсас шешімді жуық оптималдыққа дейін жеткізеді. 

Сонымен,  қанағаттанарлы  шешімдерді  іздеу  үрдісі  ретінде  эвристикалық  үрдістің  ең 

белсенді сипаттамаларын келесідей жалпылауға болады: 

1.

 



маманның тәжіребиесіне, білімі мен интуициясына сүйену; 

2.

 



нұсқалардың шынайы диапазонында шешімдерді баламалы түрде іздеу; 

3.

 



шешім алгоритмнің болмауы; 

4.

 



қанағаттанарлы, жарамды нәтижеге бағдар ету. 

Аталған  белгілер  ғалымдар  позициясын  түзеудің  нәтижесінде  алынғандығына  қарамастан 

автордың пікірінше анықтауышы  болып табылады. Олар эвристикалық  талдаудың  қайталанбас 

өзгешілігін ашады және оның басқада белгілерін алдын-ала анықтайды. 



94 

 

Негізге алынатын ретінде осы сипаттамаларды белгілеудің мазмұнын және дәлел (себебін) 



қарастырайық. 

Осыдан,  олардың  біріншісі  –  маманның  тәжіребиесіне,  білімі  мен  интуициясына  сүйену- 

эвристикалық  амалдардың  өзіндік  және  өзгешелік  класстарға  жекелену  себептерінен  тұрады. 

Эвристикалар  көбінесе  оптималдыққа  жуық  шешімге  әкелетін  миымен  өңделген  ақпараттар 

тәсіліне  негізделген.  Детерминацияланған  әдістермен  салыстырғанда  эвристикалық  амалдар 

өздігінен есепті интуитивті шығаруды алуға әкелмейді. Қарастырылатын сипаттама, автордың 

пікірі бойынша эвристикалық  құралдардың негізгі өзгешілік белгісі болып олардың көмегімен 

шешім алуға адамның ойлау үрдісін белгілі-бір күйге бағыттайтын шарттарды құру табылады. 

Мұндай шарттарды құрудың бастапқы базасы-ол маманның тәжірибесі және интуитциясы болып 

табылады[ 3, 127]. 

Бұл  жағдай  қарастыратын  сипаттама  басқалардың    жалпы  қатарын  анықтаушы  болып 

табылатындығын білдіреді. 

Біріншіден, эвристикалық әдістердің көмегімен алынған шешімдер детерминацияланбаған 

негізі бар ми қызметінің өнімі болып табылады. Бұл постулаттың ең қысқаша тұжырымдалған 

ойы Дж. Фон Нейманға тиісілі: «Ми тілі  –математика тілі емес». Сондықтан қарастырылатын 

сипаттамадан  эвристикалық  талдау  үрдісінің    толық  нысандырылуының  мүмкінсіздігі,  оның 

алгоритмнің жоқтығы шығады.   

Екіншіден,  жоғарыда  тұжырымдалған  адамдар  көп  критериялы  мәселелерді  оңай  шеше 

алады дегенді білдірмейді. Олар әдетте көптеген алуан түрлі эвристикаларды пайдалана отырып 

күрделі есептерді қайта өзгертіп қысқартады. Және оларды пайдаланғаннан кейін есептер жеңіл 

болуда.  Сапалы  параметрлерді  салыстыру  мәселелерін,  көп  критериялы  міндеттерді  шешу 

кезінде адам егер негізгі мәселе шешілмей жатқан жағдайда үлкен мәселені кішілерге бөледі. Бұл 

дегеніміз  міндеттерді  түрлерге  бөлу.    Сипаттамасы  қарастыратын  мәселенің  салдары  болып 

табылады. 

Үшіншіден  күрделі  мәселелерді  адаммен  шешу  үрдісі  оларды  жай  түрлерге  жүйелі  түрде 

қайта  өңдеуге  әкеледі.  Осылайша  ол  есепті  қысқарту  жолымен  қиындықтарды  азайтуға 

ұмтылады. Бірақ та, кез-келген қысқарту үлкен немесе кіші қателіктерді жіберу ықтималдығына 

ие  болды.  Осыған  байланысты  барлық  эвристикалық  әдістер  «Қатесіз  және  оптималды 

нәтижелерге  кепілдік  бермейді».  Сондықтан  да  эвристикалық  үрдістің  интуитивті  негізінен 

нәтижені алуда кепілдіктің болмауы сипаттамасы шығады.  

Төртіншіден, эвристикалық әдістермен алынған нәтижелердің сапасы айтарлықтай шамада, 

эксперттік  ұжымда  шығармашылық  атмосфераның  болуымен    ескеріледі.  Бұл  сәттер  А.В. 

Антонова,  Б.И.  Майданчика,  Л.А.  Панкова  және  басқаларының  еңбектерінде  кеңінен 

көрсетілген. 

Осыдан  келе,  маманның  тәжірибесі  интуициясына  негізделген  эвристикалық  әдістердің 

психологиялық ерекшеліктері орын алуда. 

Осылайша,  маманның  тәжірибесі  мен  интуициясының  сипаттамасы  эвристика  мәнін 

түсінуде негіздеуші болып табылады. 

Екінші  сипаттамасы-  нұсқалардың  шынайы  диапазонында  шешімдерді  баламалы  түрде 

іздеу-  эвристикалық  амалдардың  құрылымдық  аспектісін  ашады.  Осы  мағынада  олардың 

тиімділігі шешім ағашында қажетсіз бұтақтарды «кесу» және қысқаша жолмен шешуге әкелетін 

талдау  үрдісінің  құрылысын  қамтамасыз  етумен  түсіндіріледі.  Аталған  белгі  эвристикалық 

әдістермен орындалған талдау өзгешілігін түсінуде өте маңызды. 

Мұнда  маңыздысы  талдау  үрдісінің  траекториясының  қысқаруы  адамның  тапқырлығы, 

шығармашылығы  және  интуитивті  пайымдаулар  есебінен  жүргізіледі.  Сондықтан  кейбір 

ғалымдар  міндеттерді  шешу  тәсілін  «Эвристикалық»  деп  сипаттайды,  егер  жүйелі  жоспар 

тапқырлық есебінен қысқартылса. 


95 

 

Үшінші  сипаттамасы-  шешім  алгоритмнің  болмауы-  эвристикалық  әдістерді  қолдану 



аяқталған  бастапқы  шарттарды  ашады.  Бекітілген  ережелердің  және  нақты  мәселені  шешу 

үрдісінде  тіркелген  нысанның  жоқтығы  оның  кіруінің  (пайдаланатын  ақпараттың)  және 

шығуының (басқару шешімін және оны экономикалық негіздеуі) анықсыздығын тудырады. 

Мәселелерді жақсы құрылымданған, әлсіз құрылымданған және құрылымданбаған түрлеріне 

жіктеудің  қабылданған  шешімдер  теориясына  сәйкес  эвристикалық  әдістердің  қолдану  аясы 

дәстүрлі түрде құрылымданбаған және әлсіз құрылымданған міндеттерімен байланыстырылады. 

Жүйе  шарттарының  анықталған  тәуекелді  және  анықталмаған  түрлеріне    бөлінуі  бұл 

жіктеліммен тығыз байланыстырылған. Онда эвристикаларды пайдалану сферасы тәуекелділік 

және  айқынсыздық  шарттарымен  байланысты.  Ситуацияда  айқынсыздық  факторлары  өскен 

сайын эвристикалық әдістерді инструменталды. Композицияға еңгізу қажеттілігі ұлғая түседі, ал 

айқынсыздықтың ең жоғарғы кезеңінде олар жалғыз мүмкіндікке ие болды. 

Берілген сұрақ бойынша автордың позициясы А.Г. Венделинның айтқан пікіріне толығымен 

сәйкес  келуде:  «Экономиканы  басқарумен  байланысты  мәселелер-  бұл  кешендік  мәселелер, 

көбінесе ол бірнеше өзара байланысқан бірігіп шешілетін мәселелер. Бірақ жалғыз бір мәселе 

өзіне шешімнің барлық үш шартын  қосады- ол айқындық, тәуекелдік және айқынсыздық». 

Эвристикалық құралдар тағы да бір өзгешелік белгісіне ие, оның көмегімен әдістердің бұл 

түрін әртүрлі амалдарды пайдалануға дайындау және өңдеу бойынша шеберлі деп атауға болады. 

Бұл  мағынада  Дж.  Пойяның:  «Бір  рет  қолданылған  идея  жасанды  амалды»  тудырады,  екі  рет 

қолданған кезде ол әдіс болады деген сөзі есте қаларлық. 

Әдістердің  эвристикалық классы біртіндеп ғылыми салалардың әдісіне айналатын идеялар 

банкісін  қалыптастырады.  Әдістерді  қалыптастыру  үрдісінің  өзі  эвристикалық  болып  қала 

береді. Сонымен қатар мамандардың мына ескертпесі қызықты: интуитивті әдістер- «жүйелілі 

ойлаудың,  критикасын  экстраполяцияның  ...  істің  жағдайы  және  басқа  болжамдардың  мінсіз 

үзінділері  болып  табылады».  Сондықтан  эвристикалық  амалдар  классы  тек  әдістердің 

нысандандырылған классын қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ өзі олардың идеяларымен 

толысады[ 4, 227]. 

Э.Янг  мысалы,  эвристикалық  әдіске  (интуитивті)  морфологиялық  әдісті,  қойылымды, 

синектиканы  (ұқсастық),  ойындарды,  бақылау  сұрақтарын  (бақылау  қағаздары),  мақсаттар 

ағашын  жатқызбайды.  С.Янг    сондай-ақ  эвристикалық  әдістерді    имитациядан,  эксперттік 

бағалаудан, өнертабушылықты бөліп қарайды. 

Бұл басқарудың американдық  тәжірибесінде көрсетілген амалдар жақсы өңделген, оларды 

пайдалану  бағдарламаларының  (алгоритмдердің)  көп  саны  жасап  шығарылды.  Жинақталған 

жұмыс  тәжірибесі  шетел  мамандарына  синектика  «бақылау  қағаздардары»  амалдарын 

қолдануға, мақсаттар ағашын құруға және формалды деңгейде ойындық қойылымдарды өңдеуге 

мүмкіндік  береді.  Мамандардың  жеке  немесе  ұжымдық  интуициясына  жүгінбей-ақ  әдістердің 

мәліметтері арқылы талдау есептерін шешу компьютерге тапсырылады. 

Берілген  сұрақ  бойынша  отандық  әдебиет  бұл  әдістер  біздің  мемлекетіміздің  шегінде 

эвристикалық болып табылатынын растайды. Тізбектелген амалдардың көп бөлігі экономикалық 

талдау  есептерін  шешуде  оларды  пайдаланудың  жұмыс  тәжірибесі  болмауынан 

нысандандырудан алыс. 

Жоғарыда  тұжырымдалған  авторға  қорытынды  жасауға  мүмкіндік  береді,  яғни 

эвристикалық  әдістер-бұл  алдыңғы  тәжірибеге,  білім  және  интуицияға  негізделген 

нысандандырылмаған  ақпаратты  эксперттерден  алудың  арнайы  тәсілі.  Олар  ең  жарамды 

баламаны іріктеу жолымен шешімнің міндетті түрде оптиимальдысын емес, бірақ әрбір нақты 

жағдайда талдау субъектісін қанағаттандыратын шешімді алуға мүмкіндік береді. 

Басқару  тәжіребиесінде  эвристикалық  амалдарды  қолдану  үшін  оның  әрбіреуінің 

нәтижелілігін  анық  көріп  алу  қажет.  А.Л.  Панкованың,  А.М.  Петровскийдің  және  М.В. 

Шнейдерманның эвристикалық жіктелулер бойынша келесі кесте ұсынылады[5, 103]. 



96 

 

 



 Кесте 1- Эвристикаларды жіктелуі 

 

Жіктеуші белгілер 

Кері байланыстың болуы 

Бір реттік турлар 

Итеративті 

Сұрақ 


қою 

кезінде 


эксперттердің 

Іс-


әрекеттерінің 

сипаты  


Эксперттердің 

тікелей әсер етуі 

«ми  шабуылы»  тікелей 

әсер  етуімен  бірге  бір 

реттік турлар 

«дөңгелек» 

үстел 

үстіндегі 



дискуссиялардың 

тікелей  әсер  етуімен 

бірге итеративті 

Эксперттердің 

өзара 

әрекеттесуіне 



тыйым салынған 

Экспертиза  тікелей  әсер 

етуінсіз бір реттік турлар 

«дельфи» 

эксперттерінің 

әсерінсіз итеративті 

Ескерту: 

А.Д.  Шеремет,  «Анализ  и  диагностика  финансово-  хозяйственной  деятельности 

предприятий »// Москва:изд. ИНФРА-М 2008г.435с 

 

Мұндай  жіктелуді,  сөзсіз  айтарлықтай  логикалы  және  қатаң  деп  есептеуге  болады.  Одан 

басқа,  әрбір  амалдардың  ерекшелігін  сипаттайды.  Осының  нәтижесінен  ең  көп  танымал  төрт 

позицияға бөлінді. Авторлардың көзқарасы едәуір позитивті болып көрінеді. 

Сонымен  қатар  ұсынылған  тәсілі  –факторлар  амалдардың  сапалы  сипаттамаларын 

қозғамайақ  тек  ұйымдастырушылық  аспектілерді  аздап  шешеді.  Оның  үстіне  эвристикалық 

процедуралардың тек эксперттік бөлігі ғана қарастырылады. Сондай-ақ сипатталған әдістердің 

қолданбалы  ролі  қандай  және  әрбір  амал  тікелей  пайдаланушыға  не  беретінін  анықтап  білу 

қиынға түседі. Сонымен қатар, «Дельфи» немесе эксперттік сұрақ қою болмасын, жеке алынған 

амалмен басқару нақты есептерін шығару тиімді екені анық емес. 

Басқа жағынан, әдістер тобының аталуы («эксперттік немесе психологиялық») айтарлықтай 

шартты  болып  табылады.  Қандай  да  бір  топқа  жатпайсын  кез-келген  эвристикалық  амалды 

қолдану  маманмен,  яғни  экспертпен  жұмыс  жасауды  қажет  етеді.  Бұл  позициядан 

психологиялық  әдістер  эксперттік  деп  аталатын  сияқты  сол  дәрежеде  эксперттік  болып 

табылады.  Басқа  жағынан,  эксперттік  әдістер  тобы  шығармашылық  ойлау  психологиясымен 

байланысқан маңызды ерекшеліктерге ие. 

Мәселелі бағдарлауға байланысты эвристикалық құралдарды шартты түрде үш топқа бөлуге 

болады:  мәселені  шешуге  дайындайтын,  оның  шешілуін  жүзеге  асыратын  және  нәтижені 

бақылайтын.  Сөйтіп,  мысалы,  дайындаушы  топ  көбінесе  сұрақ  қою  әдістерін  қосады. 

Процессуалды  амалдар  әртүрлі  эксперттердің  пікірлерін  мойындайды  және  келісімді  әдістер 

тобымен  үйлесімді  немесе  жаңа  шешімдерді  іздеуді  жүзеге  асырады  және  осылайша, 

экономиканың шығармашылық тобынан қолайлы амалдарды алады. [ 6, 119]. 

Біздің елімізде қажет көлеміндегі ұқсас ұйымдар жоқ. Сондықтан да сұраулық эвристикалар 

көп мөлшерде ақпараттық  толтырудың жергілікті, жеке есептерін шығару үшін қолданылады. 

Егерде  отандық  коммерциялық  ақпарат  жоғарғы  аймақтық,  республикалық  деңгейде  талдап 

қорытылса,  онда  бүгінде  эксперттік  амалдармен  шешілетін  есептер  толығымен 

нысандандырылар еді. 

Тәжірибе  үшін  көптеген  эвристикалық  амалдардың  дәстүрсіздігі  мынамен  түсіндіреледі. 

Көптеген заңды актілер мен қаулыларда ерекше жолмен  сұрақ қою және кеңесудің көмегімен 

жұмыстардың белгілі-бір сатысының шешілу мүмкіндігі көрсетілген. 

Экономикалық  талдауда  жоғарыда  келтірілген  эвристикалық  әдістердің  жіктелуі 

аналитикалық  есептердің  жекелеген  бөліктерін  шешуде  әрбір  жекелеген  әдістің  орнын  және 

ролін шектеуде белгілі көмекті көрсетуі мүмкін. Бұл әрбір нақты мәселеде жұмыстың әдістерді 


97 

 

таңдауға  деген  баламалы  көзқарастың  қажеттілігі  және  мүмкіндігі  туралы  дәлелдейді.  Тек 



аналитикалық  есеп  және  оның  өзгешілігі  әдістемелік  комбинацияларды  құрастыру  кезінде 

анықтаушы болып табылады. 

 Әдістерді  таңдау  кезінде  ұсыныстар  ретінде  С  Янг  қалыптастырылған  алты  ереже 

талаптарды келтіру пайдалы: 

1)

 

әдістің тәжірибесін қолдануы; 



2)

 

әдісті қолдану құны; 



3)

 

әдісті қолдану кезінде алынған нәтиже; 



4)

 

әдісті шынайлығы; 



5)

 

әдістің көмегімен алынған шешімнің тұрақтылығы; 



6)

 

берілген әдістің басқа әдістермен үйлесуі. 



Ұсынылған  талдаудың  эвристикалық  әдістің  жіктелуі  есепті  шығару  үшін    банктың 

несиелік  нарығын  игерудің  стратегиялық  жоспары  өңдеуді  олардың  қолдануына  көшуге 

мүмкіндік береді.  

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Басовский Л.Е. , «Теория экономического анализа» // Москва.изд. Инфра М. -2006г.342с 

2.

 



Гиляровской Л.Т. ,«Экономический анализ»// Москва изд. Инфра М. 2001г.563с 

3.

 



Мельник  М.В.,  «Экономический  анализ  финансово-  хозяйственной  деятельности» 

//Москва изд. Инфра М. 2004г.523с. 

4.

 

 В.  Я.  Позднякова,  «Анализ  и  диагностика  финансово-  хозяйственной  деятельности 



предприятий »//Москва Изд. ИНФРА-М 2008г. 783с.  

5.

 



 М.М.  Глазов,  «Анализ  и  диагностика  финансово-  хозяйственной  деятельности 

предприятий»//  Санкт- Петербург изд. Санкт- Петербург 2006г.578с. 

6.

 

 А.Д.  Шеремет,  «Анализ  и  диагностика  финансово-  хозяйственной  деятельности 



предприятий »// Москва:изд. ИНФРА-М 2008г.435с 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет