ТҮРІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТІЛДІК ҚҰБЫЛЫСТАР СӘЙКЕСТІГІНІҢ
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕГІ МАҢЫЗЫ
Қабыкенова Гүлдана Мейрамқызы
Сулейман Демирел Университеті
Мақалада қазақ және түрік тілдеріндегі тілдік құбылыстар сәйкестігінің тіл
үйренудегі маңызы туралы баяндалады.
В статье описывается важность соотношения языковых явлений казахского
турецкого языков при изучении языке.
The article there is an importance of correlation of language appearance between
Kazakh and Turkish appearance in learning language.
Тірек сөздер: қазақ тілі, түрік тілі, тіл үйрету әдістемесі, ортақ сөздер, жартылай сәйкес
сөздер.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен жедел даму
жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру
жүйесіне, оқу-тәрбие үдерісіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016 жылға арналған мемлекеттік
бағдарламасында «оқытуды ұйымдастыру қағидаларын және оқушының білім, білік,
дағдыны «енжар алушы» рөлін танымдық үдерістің белсенді субъектісіне өзгертуді» тілді
үйретудің басты қазығы ретінде ұстану белгіленген. Қазақстан Республикасы 1991 жылы
16 желтоқсанда өзінің Тәуелсіз мемлекет екендігін жариялағанда, ең алғаш болып
мойындаған бауырлас ел – Түркия Республикасы. Сол күннен бастап нығайған достық
қарым-қатынас 1992 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Яасауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрік университетінің, 1996 жылы Сүлейман Демирель атындағы университеттің
ашулуымен және қазақ-түрік лицейлерінің құрылуымен жалғасын тапты. Қазақстан мен
Түркия Республикаларының қарым-қатынасының негізгі тармағы білім беру мен ғылым
саласындағы істерге тікелей байланысты болып келе жатқаны ақиқат. Соңғы жылдары екі
ел арасындағы білім беру саласы бойынша ынтымақтастық ауқымы кеңей түсіп, екі жақты
қарым-қатынасының маңызы артуда. Түбі бір, тамыры бір түркі тектес қазақ және түрік
халықтарының ұлттық-рухани мәдениетінің арасында мызғымас терең тамырластық
байланыстың бары дау туғызбас ақиқат. Бүгінгі күннің негізгі талабы оқу мен тәрбие
жүйесін толық тіл үйренушінің ішкі мүмкіншіліктеріне сай дамытуға бағытталып отыр.
Осы ретте білім беру саласын әдістеме және оқыту әдіс-тәсілдерімен бірге толық нәтижеге
тез жеткізуді мақсат ететін оқытудың инновациялық технологиялары да енгізіліп жатыр.
Тілдік құбылыстар сәйкестігінің тіл үйретудегі маңызы түрік тілді студенттерге қазақ
тілінің ішкі құрылымы мен сыртқы жүйесін меңгертуде үлкен орын алады. Түрік тілінде
сөйлейтін тіл үйренушілерге қазақ тілін үйрету мәселесі зерттеу нысаны болмағаны анық.
Туыс тілде сөйлейтін түрік тілді студенттерге қазақ тілін оңай түрде үйрету бағытында
оқыту мәселесі – ғылыми тұрғыда әлі де зерттелуде. Түркия студенттерінің Қазақстанда
білім алуы үшін де қазақ тілін білуі шарт, түріктілді студент үшін Қазақстанның
мемлекеттік тілі халықаралық қатынас үшін де қажет. Білім берудің әлеуметтану негіздерін
982
жүйелік тұрғыдан тану – қазақ тілін сапалы оқытудағы ұстанатын негізгі ұстанымдардың
бірі.
Қазақ тілін түріктілді студенттерге тілдік құбылыстар сәйкестігінің тіл үйренудегі
маңызының әлеуметтік ерекшеліктері дегенде, ең алдымен, қазақ тілінің танымдық,
коммуникативтік, кумулятивтік ерекшеліктерін қазақ тілінен берілетін білім маөзмұнына
молынан енгізе отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесіне жету қажеттілігін ұғындыру жолы
берік ұсталынады. Ол үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін өзге тілді
дәрісханаларда оқыту үдерісінде отансүйгіштік, атажұртты қадірлеу, сыйластық,
бауырластық қасиеттерінің қалыптастырылуы бірінші кезекке қойылады. Екіншіден, қазақ
тілін түріктілді студенттерге оқытуда түркі тілдес халықтар арасындағы әлеуметтік-мәдени
үдерістердің, оның ішінде білім беру саласындағы үдерістердің жағдайы мен динамикасы
танылуы көзделеді. Үшіншіден, қазақ тілін түріктілді студенттерге тілдік құбылыстар
сәйкестігінің тіл үйренудегі маңыздылығынан әлеуметтік-мәдени таным әрекеттерін
меңгертудің заңдары, принциптері, механизмі мен технологиясы қарастырылады.
Төртіншіден, қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту барысында Қазақстан
Республикасының Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу, өсу жылдарындағы (1996-2006
жж.) саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, мәдениет салаларына байланысты
қарыштап дамыды.
Түрік студенттерінің ұлттық психологиясын қазақ тілін оңай әрі ұғымды оқытуға
бейімдеу үдерісін мынадай үш кезеңге бөліп қарастыру керек деп ойлаймын. Бірінші
кезеңде, түрік студенттер қазақ тілі сабақтары мен қазақ тілін оқыту, тәрбиелеу үдерісінің
тек қазақша өтуіне іштей болса да қарсылық білдіруі мүмкін. Сондықтан бұл кезеңде қазақ
тілін оқыту барысында оған үлкен педагогикалық ептілік пен икемділік керек. Екінші
кезеңде, қазақ тілін оқытып тәрибелеу барысы бірқалыптылыққа түсе бастайды. Осы
кезеңде түрік студенттеріне тілді үйрену үшін әр қайсысына өз бетінше тапсырманы мол
орындауды тапсырып, соларды жүйелі қадағалап отыруымыз тиіс. Үшінші кезеңде, түрік
студенттер қазақ еліне, қазақ тіліне, қазақ мәдениетіне сыйластықпен қарай бастады. Ол
сыйластық саналылық арқылы келеді. Түрік студенті өзінің ұлттық психологиясына зиян
келтірмей, қазаққы мәдениетті танып, тілін меңгеріп, таным өрісі кеңігенін білімі, білігі,
дағдысы арқылы дәлелдеуі керек.
Түріктілді студенттерге қазақ тілін оқытуда оқытушы мен студент, студент пен студент
арасындағы тілдік-сөйлеу қарым-қатынасы жаңа мәліметтер берудегі, алудағы, басқа ұлт
өкілін қабылдауда ізгілік пен достық, теңдік, төзімділік сезімнің шынайылығы мен биіктігі
ауадай қажет. Қазақ тілін үйренушілердің өзара және оқытушымен тең дәрежедегі
қатынасының қалыптасуы көзделеді. Қазақ және түркі тілдері туыс тілдер болғандықтан,
барлық туыс тілдерге ортақ құбылыс оларда да бар. Екі тілге де ортақ сөздер болуымен
бірге, жекелеген тұстары ұқсас, сондай-ақ әр тілдің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері бар
сөздер – екі тілге де тән құбылыс. Оны З.Н.Жұматаеваның мынадай модельде көрсетеді:
1 - сызба. Қазақ және түрік тілдеріндегі тілдік құбылыстар сәйкестігінің ЛД көрінісі:
1
Түрік тілі
Қазақ тілі
3
2
983
Мұндағы: 1 – екі тілде де құрылымымен, мағынасымен (кейбір дыбыстың ерекшеліктері
бар) толық сәйкес келетін ортақ сөздер;
2 – жартылай сәйкес келетін сөздер;
3 – тек бір тілдің ерекшелігіне тән сөздер.
Кез келген оқу-әдістемелік кешенді тиімділікпен оқу үдерісінде қолдану үшін
дидактикалық негіздердің жаңа заман талаптарына сай және көздеген мақсатқа лайық
таңдалуы маңызды болмақ. Дидактикалық заңдылықтар мен тілді оңай жағынан үйрету
мақсаттарын үйлестіре ұштастыруда арнайы жүйеленген мәтіндер жүйесі үлкен қызмет
атқарады. Қазақ тілін жоғарғы оқу орындарында оқытудың тиімді әдістерін жүйелеуде
Ы.Алтынсариннің,
А.Байтұрсыновтың,
Т.Шонанұлының,
Қ.Қадашеваның,
Ф.Оразбаеваның,
Н.Құрманованың.
Қ.Жақсылықованың,
А.С.Қыдыршаевтың,
Ж,Сүлейменованың, З.Күзекованың, З.Бейсенбаеваның, Р.Шаханованың, кейіннен
Б.А.Нұржанованың,
Г.Иембердиеваның,
И.Р.Дүйсенбаеваның,
Т.Аяпованың,
Н.Оранбаеваның, З.Н.Жұматаеваның әдістемелік зерттеулерінде дидактикалық әдістер кең
түрде әрі айқын талданған. Қазіргі таңда түріктілді студенттеріне қазақ тілін үйрету
сабақтарын жоғарғы деңгейде өткізуде – Амир Ордабаевтың алатын орны ерекше. Ол
бірінші сабағында тіл үйренушіге оңай болу үшін ұқсас сөздерді жинақтап, қазақша,
түрікше, орысша сілтемелерін жасаған. Бірінші етістік, есімдіктерді, сөздерді қарастырып,
кейін сөйлем құрауға баулыған. Мәселен:
Қазақша
Түрікше
Орысша
Алу
Almak
брать
Мен
Ben
Я
Мен бұны жасай аламын
Bu bunu yapabılıyorum
Я смогу это сделать
Сен жасағың келеді
Sen yapmak ıstıyorsun
Ты хочешь сделать
Қазақ тілін оңай түрде оқыту әдіс мәселесіне ерекше назар аударылады. Әдістемемізде
жүйеленген әдістерді анықтау үшін оларды үш қырынан танып-талдау қажет болды. Олар:
біріншіден, жүйеленген әдістер түрік студенттеріне қазақ тілін өз бетімен тереңдете
үйренуіне тірек болуы керек; екіншіден, оқытушы мен студенттердің өзара үйлескен оқыту
– оқу әрекетін нәтижелі етуге көмектесуі керек; үшіншіден, қазақ тілін тиімді әрі оңай түрде
оқыту үшін өзіндік ерекшелігі бар әдістер анықталуы керек. Мәселен, мен
З.Н.Жұматаеваның қазақ және түрік тілдеріндегі тілдік құбылыстар сәйкестігінің ЛД
көрінісі арқылы (1-сызбада көрсетілген) екі яғни, Б.А.Нұржанованың «Қазақ тілі»
қарапайым деңгейі мен Е.Орымбетовтың «Қазақша-түрікше тілашар» сөздігінде салыстыра
отырып, екі автордың түрік студентіне қазақ тілін оңай әрі тиімді түрде үйретудегі жолын
құрастырып, бір жүйеге келтірдім. Мәселен, Б.А.Нұржанованың «Қазақ тілі» оқу
құралында қазақ тілін түрік студенттеріне оңай әрі тиімді жолмен үйрету жолы – 15 сабақ
(Танысу, Бұл не? Ол кім?, Өзім туралы, Менің отбасым, Менің үйім, Уақыт, Дүкенде, Ауа-
райы, Менің елім, Мен қазақша сөйлеймін, Біздің университет, Менің сүйікті ісім, Менің
984
мамандығым, Ауруханада, Мен хат жаза аламын) бар. Кітапта әр сөзге мысал, жаттығу
жұмыстары да берілген. Ал Е.Орымбетовтың «Қазақша-түрікше тілашар» сөздігінде
барлығы – 24 тақырып (Амандасу және қоштасу, жалпы сұхбаттасу, Сұрақтар, Танысу,
Мамандық, Қайда, қалай өту? Өтініш, Әуежай, Кеден тексеру, Қонақ үйде, Мейрамхана,
Сатып алу, Аурухана, Дәріхана, Тіс дәрігері, Автокөлік, Спорт, Ойын-сауық, Пошта,
телеграф, телефон, Уақыт, Сандар) қамтылған. Мұнда тілді оңай әрі тиімді жаттау, оңай
айтылу жолдары жазылған. Екі кітапта да тіл үйренушіге қажетті мазмұндық
тақырыптарды, тілді меңгерту барысында жұмыс жасау, қазақша тілдік қатынасты жүзеге
асыратын сөйлеу үлгілерін қамтиды. Еңбек негізгі мақсаты – тіл үйренушіге қарапайым
түрде берілген тақырыптарды меңгерту арқылы күнделікті тұрмыста қолданылатын
сөздерді, сөйлеу үлгілерін ұсыну. Еңбекті пайдалану нәтижесінде тіл үйренуші:
Қазақ тілінің әліпбиін жатқа біледі;
Күнделікті өмірде қолданылатын сөздерді біледі;
Өзі туралы қысқаша мәлімет бере алады;
Мәтінді оңай түсініп, айтып бере алады.
ОСЫ ЖЕРГЕ ТІЛДІК ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ҰҚСАСТЫҒЫ ТІЛ ҮЙРЕНУШІГЕ НЕ
БЕРЕДІ?? Менің Түркиядан келген құрбыларым қазақ тілін үйренуге бар ынта-жігерін
салуда. Себебі олар қазақ тілін жетік меңгергісі келеді. Сол себептен біз ұқсас сөздерді
алып, оларға сөйлем құрау арқылы күнделікті қолданатын сөздерді жүйеледік. Осы тілдік
құбылыстардың ұқсастығы тіл үйренушіге тілді толық меңгеруге, рухани байлығын
кеңейтуге зор ықпалын тигізеді. Мен түрік құрбыларымнан қазақ тілін үйрену оларға не
беретіні туралы сұхбат жасадым. Олардың айтуынша, қазақ тіліне деген қызығушылығы
тілдің өте бай, оралымды ырғақты, теңеу-бейнелеулеріменен артты деседі. Мәселен, олар
біздің оқуға ақпан айынан бастап келген болса, екі айдың ішінде қазақ тілін 100% - 60, 70%
үйренгенін айтады. Олар А.Ж.Баяниязовтың «Түрікше-қазақша сөздігін» (Алматы, 2014,
648б) пайдаланады. Біздің жасаған констукциямыз тілді үйреушіге тілді оңай әрі тиімді
үйренуге үлкен ықпалын тигізеді деп ойлаймыз. Қазақтың бай тілін үйренеміз деген әр
шетелдің адамы біздің жасаған жұмысызбен үйренсе, ол біз үшін бақыт.
Біз
Е.Орымбетовтың «Қазақша-түрікше тілашар» сөздігіндегі әр бөлімін
З.Н.Жұматаеваның қазақ және түрік тілдеріндегі тілдік құбылыстар сәйкестігінің ЛД
көрінісі арқылы қарастырдық (1 - сызба). Яғни, екі тілде де құрылымымен, мағынасымен
(кейбір дыбыстың ерекшеліктері бар) толық сәйкес келетін ортақ сөздер; жартылай сәйкес
келетін сөздер; тек бір тілдің ерекшелігіне тән сөздер.
Төмендегі 2 – сызбада көрсетілген:
№ Бөлім
Жиы-
ны
неше
сөз
Құрылы-
мымағын
асы
жағынан
ортақ
сөздер
Жартылай
сәйкес
келетін
сөздер
Тек бір тілдің Күніне әр
ерекшелігіне сөзді
тән сөздер жаттағандағы
пайыз саны
%
985
1 Амандасу
18
3
1
14 11
2 Жалпы сұхбаттасу
39
3
5
29 11
3 Сұрақтар
27
8
6
13 22
4 Танысу
74
9
10
56 23
5 Мамандық
65
13
11
21 21
6 Қайда, қалай өту?
51
6
15
30 17
7 Өтініш
47
7
15
26 18
8 Әуежай
42
7
11
24 18
9 Кеден тексеру
33
5
10
18 16
10 Қонақ үйде
48
6
21
21 17
11 Мейрамханада
66
14
25
27 20
12 Сатып алу
75
7
14
54 20
13 Аурухана
54
2
7
45 10
14 Дәріхана
28
2
7
19 10
15 Тіс дәрігері
25
2
5
18 10
16 Автокөлік
41
3
6
32 11
17 Спорт
34
11
10
13 19
18 Ойын-сауық
43
14
10
19 10
19 Пошта,телеграф,телефон 40
1
10
29 5
20 Уақыт
55
9
15
31 20
21 Сандар
41
31
8
2 43
Егер де күніне кестедігедей көрсеткіш көрсетсе, онда түркі студенттері қазақ тілін толық
меңгеріп шығуға толық мүмкіндігі бар. Түркі студенттерінің қазақ тіліндегі тілдік
құбылыстар сәйкестігінің тіл үйретудегі маңызы арта түспек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Б.А.Нұржанова. Қазақ тілі (қарапайым деңгей). Оқу құралы. – Алматы: «Таңбалы»
баспасы, 2014. – 132 бет.
2. Е.Орымбетов. Тілашар.(түрікше-қазақша) – Алматы, Дайс-Пресс, 2009. – 240 бет.
986
3. Г.Иембердиева. Қазақша-орысша-түрікше сөздік. шолу/Г.Иембердиева. Қ.А.Ясауи
ат. ХКТУ –түрікше. 2005. – 122 бет.
4. Т.Аяпова. Қазақ тілі. Келіңіз, қазақша сөйлесейік. Алматы, Ана тілі, 2006 – 216 б.
5. И.Р.Дүйсенбаева. Кел, қазақша сөйлеуге жаттығайық! Қазақ тілін екінші тіл ретінде
меңгерушілерге арналған жаттығу жинағы. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Алматы, 2006, 113 б.
6. Н.Оранбаева. Қазақша сөйлесеміз. 2 – кітап. Тіл дамыту. ҚР БҒМ, Ш.Есенов
атындағы Ақтау мемл.университет. Ақтау, 2004, 234 б.
7. Ж.З.Жұматаева. Қазақ тілін түркітілдерге лингвоелтаным бағытында оқыту
әдістемесі. Автореферат. Қазақстан Республикасы, Алматы, 2007. 23 б.
УДК 001.12+378(57
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ТЕНДЕНЦИЯСЫ
Масалимов Ж.Е.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері
университеті
Аннотация: Бұл мақалада Қазақстан Республикасының ғылымы мен білімінің
даму,оның тенденциясы, оның мемлекет жағынан қаржыландырылуы және ғылым мен
білімнің мемлекеттік экономиканың дамуының бір факторы бола алатындығы туралы
баяндалады.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының білім жүйесі туралы сөз
қозғалған.
Кілт сөздер: Қазақстан Республикасы,ғылым,білім,технология,биоинженерия,гендік
инженерия,нанотехнология, «Болашақ», «Қазақстан-2050», «Нұрлы жол»;
Аннотация: В данной статье рассматривается об развитий и тенденций науки и
образований Республики Казахстан,и его опекунства от государства,и также говориться что
наука и образования может быть фактором развития экономики государства.
Ключевые
слова:
Республика
Казахстан,наука,образование,технология,биоинженерия,генетическая
инженерия,нанотехнология, «Болашак», «Казакстан-2050», «Нурлы Жол»;
Resume:
This article focuses on developments and trends in science and education of the
Republic of Kazakhstan, and guardianship from the state also says that science and education can
be a factor of economic development of the state.
Key words: Republic of Kazakhstan, science, education, bioengineering, genetic
engineering, nanotechnology, «Bolashak» , «Kazakhstan-2050», «Nurly Zhol»
Еліміз, Қазақстан Республикасы өзінің өмір сүру жолында талай қиындықтан
өтті.Қиындықтар көп болғанымен шаттық кезі мүлдем болмады деуге де болмады.Тарихи
өмірінде 1465-1466 жылдары құрылып, қазіргі таңда, осы жылы өзінің 550 жылдығын
тойлап жатыр.Осынау сан жылдардың ішінде қазақтың қаншама білгір, білімді, дана
адамдары дүниеден өтті.Сонау Керей мен Жәнібек, Абылай ханнан бастап, ортасында Абай
Құнанбаев,Шоқан Уалиханов,кейіннен Әлихан Бөкейханов сыңлы талай даналарымыз
болды және де айтылмағаны қаншама.Бұл кісілер қазақтың қазақтығын сақтап,еліміздің
гүлденіп, халқының сауаттылығы үшін күрескен біртуар адамдар.Бұл кісілерсіз , қазіргі
Орта Азия микроаймағының дәл ортасынан , кең байтақ, суы мол , шалғынды да құнарлы
жерді алып жатқан Қазақстан Республикасын көз алдына елестету мүмкін емес. Керей мен
Жәнібек ,өзбек-қазақтардың көшбасшылары, батыс Жетісуда, Қозыбастау деген жерде
,Қазақ хандығының негізін қалаушылар ретінде тарихта белгілі.Абылай хан атамыз
қазақтың белгілі саясаткері, солтүстікте аю, шығыста айдахардың арасынан елін қалай аман
сақтап қалсам деп қам жеген алғашты хандардың бірі.Абай Құнанбаев халқымыздың
987
тілі,қазақ тілі жазба әдебиетінің негізін салушы,халықты ғылымды сүюге өлеңдерімен
жетелеген даналардың бірі.Шоқан Уалиханов алғашқы қазақ географы.Ендігі Әлихан
Бөкейханов , қазақ халқының басына күн туған кезде , Кеңестің қанауы кезінде , Қазақ
мемлекеті дейтін атау жоғалайын деген кезде, Қазақ автономиясын құрған беделді саяси
тұлға.Мінеки осындай айналдырған 6 адамның артында қаншама еңбек, қаншама тарих
жатыр.Бұл кісілерді неге еңбегімде еске алып, жазып отырмын дейтін болсаңыз,бұған
қарапайым себеп бар.Оның мәні мынада : қандай да болмасын бір объектінің дамуы
үшін,гүлденуі үшін бір қолайлы факторлардың болуы шарт емеспе? Мысалға Раушан гүлін
алып қарайық. Оның өсіп онуі үшін, көптеген қолайлы факторлар қажет. Топырақтың
құнарлы болуы, белгілі бір мөлшерде судың болуы, күннің түсуі, бұның барлығы гүлдің
өсіп өнуіне қолайлы факторлар болып табылады.Сол секілді ғылым мен білімнің дамуы
үшінде қолайлы факторлар керек.Оның ең үлкені және маңыздысы менің ойымша, ол
ғылымның даму орны, МЕМЛЕКЕТТІҢ болуы және де , менің ойымша, мемлекеттің бодан
емес , тәуелсіз болуы да ғылым мен білімнің дамуына жақсы әсері бар.Себебі тәуелсіз
мемлекет халқының жарқын көңіл күйі , мемлекетіне деген жанашырлығы , патриоттылығы
, барлығы өздерінің мемлкетінің болашағы мен келешек ұрпағының жарқын болашақта
өмір сүруі үшін , барлығын жасайды деп ойлаймын.Мінеки жанағы айтылған
даналарымыз,аталарымыз еліміздің тұтастығы мен халқының амандығы үшін барлығын
жасады.Өмірдің сырлы оқиғаларымен еліміз өз егемендігін 1991 жылы алды.Еліміз
егемендігін ала отырып, көптеген жаңа, бұған дейін бодан халық көрмеген талай
қызықтарға көзі ашылды.Оның ішінде ғылым мен білімде бар болатын.
Бастапқы кезде елімізде ғылым мен білімнің дамуына көңіл соншалықты көп
бөлінбеді.Өйткені баршамызға белгілі саяси жағдайға байланысты тек қана шикізат көзін
өндіретін , бірде-бір өңдеу зауыты жоқ,болсадағы маман жоқ Қазақстан Республикасының
алдында, өзінің экономикалық даму жолын реттеу , жолға қою мәселесі тұрды.Көптеген
жарғылар қабылданып,саяси аренада жаңа пайда болған мемлекетті өзге мемлекеттер тани
бастады, экономикамыздың негізгі даму векторы белгіленгеннен кейін бірте-бірте
мемлекетіміз халқын ғылымға баулу , халықтың , яғни өз тауелсіз халқының сауатын аша
бастады және мемлекеттік тұрғыдан , ғылым мен білім туралы көптеген жарғылар
қабылданып , ғылым мен білімнің дамуына көптеп көңіл бөліне бастады , жаңа
университеттер салынды (1996 жылы Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
Университеті) . Еліміздің білім жүйесі мен бірге экономикасы да бірте-бірте тұрақтала
бастады.
Осыған орай ғылым мен білім қандай да болмасын,әрбір елдің экономикасының
тұрақты дамуының негізгі факторы болып табылады.Жоғарғы білім туралы XXI ғасырға
арналған Дүниежүзілік декларацияда айтылғандай,лайықты жоғарғы білімсіз,заманауи
ғылыми-зерттеу
орталығынсыз
және
жоғары
маманданған
және
білімді
адамдарсыз,ешқандай мемлекет өзінің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ете
алмайды./1/
Ғылым мен білім – әлеуметтік сала ретінде , ғылыми-техниканың даму потенциалына
негізделеді және бұл , менің ойымша , экономиканың қосалқы,қасында жүретін факторы
сияқты емес,ал экономиканың қандай да бір секторларының бірі ретінде қарауымыз
керек.Осыған орай оның өзінің ерекшеліктері , өзіне ғана тиесілі заңдылықтары және реттеу
әдістері беріледі.
Біздің мемлекетіміз ,Қазақстан Республикасы, ел басы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев
атамызбен бірге және сол кісінің арқасында азғантай осынау 24-ақ жылдың ішінде талай
белестерден асып өтті десек қателеспейміз.Осы арада еліміз индустриалды-инновациялық
даму жолының жаңа сатысына көтерілгенін қуана айтып өткен артық болмайды.Менің
ойымша, бұл этап еліміздің ғылыми жүйесінің қазіргі заманғы жаңа экономикалық
талаптарға орай қайта программалаудан өткізумен сиппатталады, жалпы айтқанда біздің
еліміздің
ғылым
,
білім
жүйесін
эволюцияландыру,
алдыға
жылжутымен
сиппатталады.Осыған орай белгілі бір нормативті көрсеткіштермен, күрделі
988
құрылымдармен,
кадрлармен,
инфрақұрылыммен
және
финанстық
қамтамасыздандырылумен реттелген және реттелетін ғылым мен білімнің дамуы,
мемлекетіміздің ғылым мен білім жүйесінде түбегейлі өзгерістерге алып келуі керек.
Мемлекетіміздің ғылым мен білімінің даму мүмкіндігін саралап көретін болсак, қазіргі
таңда елімізде 455 мемлкеттік,қоғамдық және жеке-меншік ғылыми-зерттеу
институттары,жобалық-құрастырушы ұйымдар,жоғарғы оқу орындары және тағыда басқа
ғылымы-техникалық функциялар атқаратын кәсіпорындар бар.
Ғылым мен білімді мемлекеттің экономикасын реформалаудың бір факторы ретінде
қарастыра отырып,басқа мемлекеттерге қарағанда ғылыми-техникалық потенциалды
қаржыландыруға көңіл бөлуіміз керек.Өйткені қаржыландыру ғылым-білімнің даму
болашағының,яғни тенденциясының негізгі көрсеткіші болып табылады.Сонымен,соңғы он
жылдықтың ішінде экономикасы жоғары дамыған елдерде зерттеу жұмыстарын жүргізу
мен жоғары білімді мамандарды дайындауға жұмсалған ішкі шығынды есептеп,жалпы
ЖІӨ (ВВП) алғанда 3% құрады ( оның ішінде Швецияда – 3,8% , Финляндияда – 3,5 % ,
Японияда – 3,04% , Швейцарияда – 2,73% , АҚШ-та – 2,84% , Германияда – 2,44% құрайды)
/2/.
Ғылыми-техникалық даму жөнінде жүргізілген макроэкономикалық анализ
көрсеткендей,Қазақстанда соңғы жылдары заманауи талаптарға сай ғылыми-техникалық
өнімдердің ЖІӨ (ВВП) 1,1%-дан аспайды.Кәсіп орындардың жаңа ғылыми өнімдерді
шығару белсенділігіі 2,3%-дан аспайды.Бұдан біз мемлекетіміздің экономикасының
дамуына ғылыми-техникалық фунциясының әлі де негізге қызмет атқармайтынын
көруімізге болады. /2/.
Ал еліміздің ғылыми-техникалық потенциалын айтатын болсақ, бұл жерде ең алдымен
ол ғылымның фундаменталды секторларынан , белгілі бір сала, белгілі бір бағытқа
бағытталған
ғылыми-техникалық
институттардан
қалыптасқанын
айтқанымыз
жөн.Ғылыми-техникалық потенциал барлық ғылыми білімдердің жиынтығымен , ғылыми
қызметерлердің және инженер-техникалық кадрлардың дайындық дәрежесімен және оны
практикада қолдануымен, олардың саны мен сапасынан айықындалады.Қазақстанда қазіргі
таңда ғылыми-техникалық салада,сферада ұлттық жане сала аралық (межотраслевые)
ғылыми центрлерді құру болып табылады.Және қолданбалы зерттеу жұмыстарымен қатар
, олар іргелі зерттеу жұмыстарының ауқымын кеңейтуі керек.
Қазіргі таңда мемлекетімізде қолданылып жатқан индустриалды программа еліміздегі
ғылым мен білімнің және өндірістік потенциалының дамуына септігін тигізіп жатқаны
белгілі.Қазіргі таңдағы дүниежүзілік экономикада интеллектуалды потенциалға
материалдық құндылыққа қарағанда көбірек көңіл бөлінуде.Бұл жағдайда жоғары білімді
жұмыс күші бар мемлекет саяси аренада бәсекеге қабілеттілігінің бірден бір факторы болып
табылады.
Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарды өндіру және өңдеуден және ғылыми-
техникалық өнімдерді тиімді пайдалануда жоғары білім дәрежесіне жету нәтижесінде
Орталық Азия нарық аренасында және Европа көлемінде негізге рөлде болуына
алғышарттар туғызды.
Достарыңызбен бөлісу: |