Шап өзегінің жоғарғы қабырғасы
Шап өзегінің жоғарғы қабырғасын тұқымдық шылбырдың (жатырдың дөңгелек жалғамасының) үстінен асылатын іштің ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттерінің төменгі шеттері құрайды.
Сонымен қатар осы бұлшықеттердің төменгі шеттері шап аралығының да жоғарғы қабырғасын құрайды. Іштің ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттерінің төменгі шеті сан доғасынан (шап өзекшесінен немесе жатырдың дөңгелек жалғамасынан латералді) жеке кетіп медиалді бағытта бір- бірімен қосылып, шап орағын (falx inguinalis) немесе Генле жалғамасын құрайды. Ол көбінесе, сіңірлерден тұрады, сондықтан оны қосылған сіңір деп атайды. Шап орағы шап өзегінен (жатырдың дөңгелек жалғамасынан) медиалді шап жалғамасьшың медиалді шеті мен мықын-шат жолы аралығына кіре орналасып, сонымен қосылып, берік байланыс түзеді. Өзектің латералді бөлігінің жоғарғы қабырғасын іштің көлденең бұлшықетінің төменгі шеті құрайды, себебі: ол бұлшықет терең жатады. Ортаңғы бөлікте тұқымдық шылбырдың жоғарғы жартылай айналымы іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің төменгі бос шетімен қоршалады. Іштің ішкі қиғаш бұлшықетінен медиалдірек шап өзегінің жоғарғы қабырғасы практикада болмайды, оның орнына жоғарғы кететін апоневроз аралық саңылау, іштің сыртқы және ішкі қиғаш бұлшықеттері аралығындағы кеңістік болады.
30
Алдыңғы- іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы, іштің ішкі қиғаш бұлшықеті (өзектің латералді бөлігінде);
Артқы- латералді шұңқыр аралық жалғама, ортасында- көлденең шандыр;
Медиалді-шап орағы;
Жоғарғы- латералді іштің көлденең бұлшықетінің төменгі шеті, ортасында-іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің төменгі шеті;
Жоғарғы-медиалді-апоневроз аралық клетчаткалық саңылау.
Төменгі-шап жалғамасы және мықын-шат жолы (сан доғасы).
--------------------------------------------------------------------------------
Шап өзегін құрайтын бөліктердің өзара қатынасын жақсы елестету үшін және өздеріңіздің білімдеріңізді тексеру үшін сіздерге келесі түсініктерді ұсынамыз:
Сіздер көздеріңізге елестетулеріңіз керек, мысалы: құрсақ қуысынан оң шап өзегі арқылы умаға жылжуыңызды.
1.Сіздің алдыңызда шап өзегіне кіру-ішкі шап сақинасы. Онда кірген соң, сіз іштің ішкі қиғаш бұлшықетіне кезігесіз. Содан соң сіз солға төмен бұрыласыз.
2.Енді сіз шап өзегінің сырттан үшіндесіз, көлденең шандыр аралығында, осы бөлікте ол шұңқыр аралық жалғамамен (сізден сол) және іштің қиғаш бұлшықетімен (сізден сол) көрсетілген. Сол артынан терең шап сақинасы, сіздің қолыңыздың үстінде ішгің көлденең бұлшықетінің төменгі бос шеті асылып тұрады. Сіздің қолыңыздың астында - мықын -шат жолының бір-біріне жақындауынан пайда болған сан доғасы (сізден сол) және шап жалғамасы (сізден оң).
3.Кейін жылжи отырып, сіз өзектің ортаңғы ішіне түсесіз. Осы бөліктің оң жағында іштің ішкі қиғаш бұлшықеті бітеді, ал оның шетінен іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы көрінеді. Сізді сол жағынан ішперде алды клетчаткасынан көлденең шандыр бөліп тұрады. Жоғарыдан іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің
35
медиалді аяғы (crus mediale) шат симфизіне бекіп, сақинаны жоғарғы жағынан және медиалді қоршайды. Бұл аяқтың шап жалғамасына және сан доғасына ешқандай қатысы жоқ. Беткей шап сақинасы екі аяқпен шектеліп, пішіні саңылау тәрізді және іштің сыртқы қиғаш бұлшықегі апоневрозы талшыктарының жолына паралелль, саңылаудың жоғарғы бұрышы аяқ аралық талшықтармен дөңгеленеді. Төменгі, жоғарыда айтылғандай, шат сүйегінің шап жалғамасы бекитін бөлігінде жатады. Кейде сақинаны медиалді төмен және артынан (тереңірек) тұрақсыз қайырылма жалғама (lig. reflexum) шектейді немесе Колза жалғамасы. Кейін ол жалғама іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті апоневрозының латералді аяғының ішкі талшығына (қарама-қарсы жағына) көшеді. Сыртқы шап сақинасы іштің алдыңғы қабырғасының ішкі беткейінде орналасқан медиалді шап шұңқырына проекцияланады (Привес бойынша). Сонымен, сыртқы шап сақинасының даекаралары болып:
-------------------------------------------------------------------------------
Төменнен латералді-іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті апоневрозының латералді аяғы;
Жоғарыдан және медиалді-іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті апоневрозының медиалді аяғы;
Жоғарыдан және латералді-аяқ аралық талшықтар;
Медиалді төмен және артынан-қайырылма жалғамасы (тұрақсыз).
------------------------------------------------------------------------------
Саңылауды тексеретін мүмкіндіктер:
Тексерістерде қалыпты жағдайда ересек ер адамдарда саңылау бармақтың шетін өткізеді деп саналады, бірақ, оның көлемі орта есеппен 1,2х2,5-тен 1,5x3,5 см. аралығында өзгеруі мүмкін. Сонымен, шап өзегінің қабырғаларының құрылысы ұйғарылған схема бойынша былай көрсетіледі.
34
Достарыңызбен бөлісу: |