Шап өзегі (canalis inguinalis)
Шап өзегі, шап жалғамасының медиалді бөлігінде орналасқан. Шап өзегінің құрамына тұқымдық шылбыр (немесе жатырдың дөңгелек жалғамасы), шап нервісі, жыныс-сан нервісінің жыныстық тармағы, қоймалжың клетчатка кіреді.
Шап өзегінің бағыты қиғаш: жоғарыдан төмен, арттан алға, сырттан ішке. өзектің бүгілуі жамбастың пішініне және құрылысына байланысты, әсіресе, оның биіктігіне: жамбастың биік кезінде (ер кісілерде) өзектің бағыты горизонтальді болып келеді. Өзек терең (ішкі) тесікпен басталып, беткей (сыртқы) тесікпен аяқталады. Ерлерде өзектің орташа ұзындығы 4-5 см. Өзектің төрт қабырғасы бар: жоғарғы, төменгі, алдыңғы, артқы. Бірнеше анатомия пәндерінде авторлар өзектің қабырғаларын былай жазады.
-----------------------------------------------------------------------------
Төменгі-шап жалғамасы
Жоғарғы-іштің ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттерінің төменгі шеті Артқы-көлденең шандыр қабық
Алдыңғы-іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы.
----------------------------------------------------------------------------
Бұл схема шап өзегін жете түсінуіне мүмкіндік бермейді.
Шап өзсгінің төменгі қабырғасы
Тұқымдық шылбыр шап өзегінің сан доғасында жатады. Шап жалғамасы алдыңғы жоғарғы мықын қырынан шат сүйегінің шат төмпешігіне дейін созылады. Іштің сыртқы
26
externa; 8-сан кірнесі; 9- жапқыштық кірне; 10- a. et n. obturatorius; 11- membrana obturatoria; 12- fossa supravesicalis; 13-қуық; 14-fossa inguinalis medialis; 15-шат сүйегінің қыры; 16- lig. lacunare; 17- a. epigastrica inferior 18- m. iliopsoas; 19- сан доғасы; 20- fossa inguinalis lateralis; 21- plica umbilicalis lateralis.
Сурет-12
Шап өзегінің беткей сақинасы (схема түрінде)
1 -aponeurosis m. obligii externi abdominis; 2-crus laterale; 3-fibrae intercrurales; 4-crus mediale; 6-anulus inguinalis superficialis; 7-lig. reflexum; 8- symphysis pubica; 9- funiculus spermaticus; tuberculum pubicum; a.et v. femorale; 12- arcus iliopectineus; 13- lacuna musculorum; 14-lig. inguinale; 15-spina iliaca anterior superior.
11. Іштің ақ сызығы, linea alba
Іштің ақ сызығы іштің жұп жалпақ бұлшықеттері апоневроздарының сіңірлі талшықтарының қиылысынан түзілген сіңірлі табақ болып есептеледі. Ол іштің тік бұлшықеттерінің арасында орналасып, семсер тәрізді өсіндіні шат симфизімен байланыстырады. Ересек адамдарда іштің ақ сызығының ұзындығы 30 см-ден 40 см-ге дейін, ал оның
39
Шап кірнелерінің жалпы қасиеті болып, олардың кұрсақ қуысынан шап жалғамасының үстінен шығуы болып табылады.
Сурет-11
Алдыңғы құрсақ қабырғасының артқы беткейі (париеталдік ішперде алынып тасталған)
1- іштің тік бұлшыкеті; 2- іштің қиғаш және көлденең бұлшықеттері; 3-алдыңғы құрсақ қабырғасының париеталді ішпердесі; 4- plica umbilicalis medialis 5- plica umbilicalis mediana; 6- ductus defferens et a. testicularis; 7- a. et v. iliaca
38
қиғаш бұлшықеті апоневрозының төменгі шеті шап науасының алдыңғы бөлігін құрайды. Ал науаның артқы бөлігін шап жалғамасына ұқсас «мықын шат жолы» құрайды. Мықын шат жолының түрі талшықты жолаққа ұқсас, алдыңғы жағынан шап жалғамасымен, артынан көлденең шандырмен шектеледі. Артынан, құрсақ қуысы жағынан «мықын шат жолы» көзге және пальпаторлы (көлденең шандырды алып тастағанда) қатты немесе тығыз созылған арқа ретінде көрініп, ол шап жалғамасымен бірге бұлшықет және қан тамыр лакуналарына асылып тұрады. Мықын шат жолының талшықтары латералді бағытталып, мықын сүйегі қырының ерніне дейін жалғасады. Мықын шат жолы мен шап жалғамасының медиалді шеттері шат төмпешігіне бекіп, қырлық жалғамаға қосылады. Осы жерде олардың төменгі талшықтары ұршық тәріздес кеңейіп, төмен қисайып, лакунарлы жалғаманың түзілуіне қатысады (қараңыз , сан өзегі, лакуналар). Көріп отыргандай, сан доғасын құрайтьш шап жалғама мен мықын шат жолының орналасуы мен құрылымы бекитін орны және паралельді жолы бірыңғай.
Мықын-шат жолынан (шан жағамасынан ерекше) желпеуіні тәрізді төменгі, жоғарғы және латералді өсінділер тармақталады. Бұл өсінділер терең ш ап сақинасы мен сопақша шұңқырдың түзілуіне көмектеседі (сурет-9). Төменгі өсінді шан жалғамасының артында санға өтіп, санның жалпақ шандыр қабыгының беткей табағына жалғасады. Осы төменгі өсіндінің доға тәрізді өтетін талшыктары сопакша шұңқырдың орақтық шетін түзеді (сан өзегін қараңыз). Жолдың ортасынан жоғарғы өсінді әртүрлі көлемді буда ретінде бағытталады. Ол көлденең шандырға, терең шап сақинасының медиалді жартылай аймағын бейнелеп, доға тәрізді сызыққа немесе дуглаев сызығы-іштің бұлшықеті қынабының артқы апоневроз қабырғасының төменгі шетіне жалғасады. Латералді өсінді терең шап сақинасын төменнен
27
айналып өтіп, оның төменгі латералді шетін түзуге қатысады. Сонымен қатар, желпеуіш тәрізді тарамдалып, көлденең фасцияны сақинадан сыртқары бекітіп тұрады. Сонымен, шап өзегінің төменгі қабырғасы деп, (вентралді) шап жалғамасынан және (дорсалді) мықын-шат жолынан құралған сан доғасының медиалді бөлігін санауға болады. Осы туындылар бірігіп, фиброзды науаны құрайды, оған тұқымдық шылбырдың (жатырдың дөңгелек жалғамасының)
Сурет-7
Шап аймағының парасагиталді кесіндісі 1-іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы; 2-іштің ішкі қиғаш бұлшықеті, 3-тұқымдық шылбыр, 4- шап жапғамасы; 5-іштің көлденең бұлшықеті; 6-терең шап сақинасы; 7-көлденең шандыр қабық; 8-мықын-шат жолы.
28
ішінде тұқымдық шылбыр жатады, оны қысуға мүмкін емес.
Сіздер осы сұрақ бойынша түпкілікті мағлұматтарды хирургия оқулығынан ала аласыздар. Шап кірнесінің туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Егер ішперденің қынаптық өсіндісі туғанға дейін бітігі кетпесе, ол ішкі мүшелерді енге әкелетін өткізгіш болып саналады, соның әсерінен бала туғанда немесе алғашқы күндері туа пайда болған шап кірнесімен туады. Іштен туа пайда болған шап кірнесі қиғаш болады. Жүре пайда болтан шап кірнесі өмір бойы қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар, шап кірнесі қиғаш және тік деп бөлінеді. Қиғаш шап кірнесінде кірне қабының салбырауы ішкі шап сақинасы арқылы өтеді, латералді шап шұңқырына сәйкес келетін (сурет-11).
Осындай кезде кірне қабы толық шап өзегі (қиғаш бағыты бар, сондықтан кірне қиғаш деп аталады) және оның екі тесігі арқылы өтеді. Кірне қабы көлденең шандыр есіндісінің ішінде байқалып, тұқымдық шылбырдың элеменітерімен қоршалады. Сонымен, қиғаш шап кірнесінде кірне қабы тұқымдық шылбырдыћ ішінде орналасып, сол арқылы енге түсіп, кірненің ендік ішін қалыптастырады. Оны қарапайым пальпаторлы әдіспен анықтауға болады.
Тік шап кірнесінде кірне қабы шап өзегінің медиалді шап шұңқырына сәйкес келетін сыртқы шап сақинасы арқылы өтеді. Сондықтан оның жолы тік болады. Тік шап кірнелеріне кірне өзегінің ұзындығы қиғаш шап кірнесіне қараганда бірталай қысқа. Кірне қабы тұқымдық шылбырдан ішке қарай орналасып, онымен ешқандай байланыста болмайды және де ен қуысына түспейді. Тік шап кірнесі, көбінесе, екі жақты. Сонымен қатар, өте жиі кездесетін шап кірнесінің бір түрі-қуық үсті кірнесі (әдеби оқулықтарда 1990ж. Г.В.Володарскийдің зергтеуімен осындай кірненің түрі 78 адамда байқалған). Ол куық үсті шұңқыры арқылы шығады, содан соң тік шап кірнесінің жолына сәйкес келеді. Шап
37
апоневрозы көрінеді. Сізді сол жағынан ішперде алды клетчаткасынан көлденең шандыр бөліп тұрады. Жоғарыдан іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің төменгі бос шеті асылады. Төменгі қабырғасы өзгермейді.
4.Кейін тағы жылжи отырып, сіз өзектің ішкі үштен біріне түсесіз. Бұл жерде сіздің сол жағыңызда мықын-шат жолы мен шап жалғамасының аралағына көлденең және ішкі қиғаш бұлшықеттерінің созылған апоневрозы қосылып тіреліп орналасады. Шап орағы сізді көлденең шандырдан бөледі. Сізден жоғары-іштің сыртқы қиғаш және ішкі бұлшықеттері апоневрозының аралығында орналасқан, майлы клетчаткаға толы, жоғарыға кететін саңылау. Осыдан іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы латералді аяқпен көрсетілген, ал төменгі қабырғасы өзгермейді.
5.Кішкене алдына және оңға қарай беткей шап сақинасы тәрізді өзектен шығу жері болады. Соған бұрып, сіз іштің сыртқы бұлшықеті апоневрозының латералді (Сізден сол жоғары) және медиалді (Сізден оң төмен) аяқтарының арасында боласыз. Жоғары оң аяқ аралық талшықтар ілініп, төмен сол және кішкене артта қайырылма жалғама қалады. Төменнен-шап жалғамасы мен шат сүйегінің шат төмпешігінің байланысқан орны. Кейін енге кіру.
Шап кірнелері (жарықтары).
Хирургияда құрсақ қабырғасының кірнесі деп, (травмадан немесе операциядан кейін) ішкі мњшелердің ішперденің париеталді табағымен алдын-ала пайда болған тесіктер, саңылаулар, өзектер немесе бұлшықет апоневрозы қабатының деффектілері арқылы шығуын айтады (Г.Е.Островерхов).
Хирургиялық аурулар ішінде шап жарығы жиі ауру, ал кірнелер арасында бірінші орын алады. Шап кірнесі ер кісілерде жиі кездеседі. Оларда шап өзегі кішкене қысқалау, екі сақинаның саңылауы (ішкі және беткей) жалпақтау, оның
36
Сурет-8
Шап өзегі
(оң, алдыңғы көрініс, схема түрінде)
1 -ішперде; 2-көлденең шандыр қабық; 3-іштің көлденең бұлшықеті; 4- мықын-шат жолы; 5-іштің сыртқы қиғаш бұлшықегінің апоневрозы; 6-іштің ішкі қиғаш бұлшықеті; 7- шап жалғамасы; 8-тұқымдық
шылбыр.
Сурет-9
Мықын-шат жолының
қурылысы (Иоффе бойынша, 1968, өзгертілген)
1 -іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті; 2-іштің ішкі қиғаш бұлшыкеті; 3-іштің сырткы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы көтеріліп тасталған; 4-терең шап сақинасы;
29
5- іштің көлденең шандыр қабығы; 6-іштің тік бұлшықеті; 7- теріасты саңылауы, 8-үлкен тері асты венасы; 9-мықын-шат жолының төменгі өсіндісі; 10-мықын-шат жолы; 11-мықын-шат жолының медиалді өсіндісі; 12-шап жалғамасы; 13-мықын-шат жолының латералді өсіндісі; 14- көлденең шандыр қабық.
Достарыңызбен бөлісу: |