Аубакиров А. Б. Сүлейменова Ф. М



бет21/27
Дата25.10.2022
өлшемі7,58 Mb.
#45314
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
Тірек қимыл аппараты111

Шап аймағы
Шап аймағының анатомиясы мен топографиясы көптеген авторлармен зерттелген, бірақ олардың көзқарастары қарама- қарсылық тудырады. Сондықтан, қателік жібермеу үшін мына анықтамаларды білуіміз керек: шап аймағы, шап үшбұрышы, шап аралығы.
1. Шап аймағы (regio inguinalis) немесе мықын-шап аймағы, ол алдыңғы құрсақ қабырғасының төменгі-бүйір сегменті. Ол төменгі және латералді жағынан шап қатпарымен, жоғарғы жағынан-мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қырлары аралығындағы өтетін сызықтың сыртқы бөлігімен, ішінен іштің тік бұлшықетінің сыртқы шетімен шектеледі. Шап аймағының пішіні үшбұрышқа сәйкес немесе жеке адамның жамбасы мен ішінің пішініне байланысты болуы мүмкін. Шап аймағы тұсында алдыңғы қабырғасының құрылысы қабатты болып келеді. Тері мен тері асты майлы клетчаткасынан соң, ең беткей іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің (m. obliguus externus abdominis) апоневрозы (кең жалпақ сіңір), оның астында ішкі қиғаш бұлшықет, одан терең іштің көлденең бұлшықеті орналасқан. Одан тереңірек көлденең шандыр (fascia transversalis), кейін ішперде алды клетчаткалық кеңістігі және париеталді ішперде (peritoneum parietale) орналасады.
2.Шап үшбұрышы-шап аймағының бір бөлігі, және онымен төменгі-латералді шекаралары бір болып келеді. Үшбұрыштың жоғарғы шекарасы шап жалғамасының сыртқы және ортаңғы үш бөлігі шекарасынан іштің тік бұлшықетінің сыртқы шетін қиып өтетін горизонталді сызыққа тең.

22
Сурет-13


1.foramen ischiadicum major; 2- linea arcuata; 3- canalis obturatorius; 4- symphusis; 5-membrana obturatoria; 6-foramen ischiadicum minus; 7- lig.sacrotuberalie; 8-lig.sacroariale.
VI. Артқы кұрсақ қабырғасының әлсіз жерлері


14.Бел үшбұрышы, trigonum lumbale
Бел үшбұрышы, trigonum lumbale -бел аймағының әлсіз жері болып саналады, себебі; бұл үшбұрышқа ішперде арты клетчаткалық іріңдері өтуі мүмкін және сирек жағдайда бел кірнелері пайда болады.
Бел үшбұрышының қабырғалары:
------------------------------------------------------------------------------
Медиалді-m. lattisimus dorsi;
Латералді-т. obliquus externus abdominis;
Төменнен- crista iliaca.
-------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет