147
… сіздің мекемеге тәжірибе алмасу мақсатында жіберіліп
отыр; мекемеде орын алып отырған қазіргі қаржы тапшылығына
байланысты; туралы шешімнің қабылдануына байланысты;
жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты; алдын ала қол
жеткізген келісімге сәйкес; Сіздің талабыңызға орай; қарамастан
әлі де орын алып отыр; экономикалық жағдайдың қиындығына
орай және т.б.
Адам өз іс-әрекетінің қай түрін болмасын жүзеге асыру
барысында нәтижеге қол жеткізу үшін мүмкіндігінше аз күш
жұмсап, көп нәтиже шығаруға, мүмкіндігінше істеп жүрген
іс-әрекетін жеңілдету, ыңғайлы ету жолдарын қарастыруға
тырысады. Ісқағаздарын жазу барысында бір күннің, бір айдың
немесе бір жылдың емес, ғасырлар тәжірибесі, бір тілдің немесе
бір ғана мемлекеттің емес бірнеше тілдің, бірнеше мемлекеттің
тәжірибесі қолданылады. Себебі ісқағаздары әр тілде жазылып,
әр мемлекетте қолданылғанымен оның принциптері, теориясы
ортақ. Ісқағаздарында қолданылып жүрген, қалыптасқан стандарт
тілдік бірліктер бір тілдің, бір күннің, бір елдің ғана жемісі емес.
Адамдардың ортақ тәжірибесінің, ми қызметінің жемісі. Тек ол әр
тілде әр формада, әр елде түрлі факторларға байланысты қоғам
дамуының әр кезеңінде қалыптасуы мүмкін. Бүгінгі қызметтік хат
дайындаушы кез келген тұлға өзіне дейінгі уақыт тәжірибесі, өзінен
басқа құжат дайындаушылар тәжірибесі ретінде кейбір маңызды
мәселелер жөнінде мәлімет беру үшін төмендегі құрылымдарды
қолданады:
Достарыңызбен бөлісу: