Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет55/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

рапорт түрінде де, баянат түрінде де қолданылып жүр. Рапорт 
ауызша да, жазбаша да беріледі. Көбінесе өзінен қызмет-лауазымы, 
шені жоғары адамның алдында бір тапсырманың орындалуы, 
оқиғаның, істің жағдайы туралы мәлімдейтін болғандықтан, 
рапорттың орнына мәлімдеме терминін қолданған ыңғайлы әрі 
қазақша айтуға да, жазуға да тиімді, түсінікті. 
Кез келген мекемеде жиі жазылатын құжаттың бірі – іссапар 
куәлігі (командировочное удостоверение). «Екі тілде іс жүргізу» 
атты сөздік-анықтамалықта Іс сапарының куәлігі деп берілген [69, 
112-б.]. Іссапар деп екі сөзді қосып жіберсек, біріншіден - ның 
деген артық жалғаудан құтылар едік, екіншіден, іссапар куәлігі 
дегенде құжат атауы қысқа, нұсқа болып нақтылана түсер еді. Осы 
жерде айта кететін тағы бір ұсыныс Шәкәрім шығармасында:
Банкрот боп күйресек.
 Бұл расхотқа еріксіз
 Бізді біреу сұқты ма?
 Билет, жолхат, куәлік қағазыңды
 Сатар ма едің он мың сом ақшаны алсаң? – 
деген өлең жолдары бар [70, 438-б.]. Осы мәтіндегі жолхат 
сөзін іссапар куәлігінің орнына қолданысқа енгізсек, біріншіден, іс 
сапарының куәлігі деген шұбалыңқы атаудан гөрі айтуға да жазуға 
да ыңғайлы болар еді, екіншіден, куәлік сөзін кез келген жерге 
тықпалай беруден құтылар едік, үшіншіден, жолхат сөзі қолхат, 
сенімхат, кепілхат сияқты ісқағаз атауларымен үндес, әрі бір үлгі 
бойынша жасалып тұр.
Тілімізде хат сөзінің тіркесуі арқылы жасалған құжат атаулары 
көп. Олардың қолхат, сенімхат, жеделхат т.б. түрлерін біріктіріп 
жазамыз да, құттықтау хат, қызметтік хат, нұсқау хат т.б. 
түрлерін бөлек жазу қалыптасқан. Тілдің жазу нормасындағы 
бірізділік сақталу үшін хат сөзімен келетін құжат атауларының 
барлығын біріктіріп жазу дәстүрін қалыптастыру керек. 
Тіл тазалығы үшін күрес дегеніміз – тілді тек кірме сөздерден 
тазарту емес, тілге сіңе алмай жүрген түрлі жасанды элементтерден 
тазарту, сөзді қазақ тілінің заңдылығына сай қолдану, тіл мәдениетін 
арттыру. Әкімшілік, басқару саласында жиі қолданылып жүрген 


163
жасанды сөздердің бірі – төрайым. Кеңес үкіметі орнағаннан 
кейін қазақ тіліне енген сөздердің бірі – председатель. 1920-1930 
жылдары қазақ тіліне құрметті бастық, ардақты бастық, төбе 
басы, кеңес ағасы, аға, басшы, бастық, басы деп 8 түрлі нұсқада 
аударылып қолданылып жүрген председатель сөзін сол кездегі 
Білім кеңесінің жиынында С.Сейфуллин төраға деп алайық, 
мәжіліске төбе басылық еткен, мәжілістің құрметті бастығы 
болған т.б. нұсқада қолданылып жүрген председательствовал 
сөзінің аудармасы ретінде төрағалық ету сөзін алайық деп ұсыныс 
жасайды. Бұл сөздердің сөздік құрамымызға емес, сөздік қорымызға 
да енгені мәлім. Тәуелсіздік алған жылдары сөз жасаушылардың 
да саны көбейді. Төрағаның құрамындағы аға сөзінің айым деген 
«женский род вариантын» тауып төрайым сөзін жасап алдық. Бірақ 
төраға сөзінің құрамындағы аға сөзінің мағынасы, қолданысы 
жасы үлкен ер адам, еркек деген мағына емес басшылық ету, 
басқару, жетекші, жетекшілік ету екенін ескеріп жүрген ешкім 
жоқ. Ал айым сөзінде басқару, жетекшілік ету ұғымдары жоқ, 
әйел, жұбай мағынасы ғана бар. Аға сөзінің басшы, жетекші 
мағынасына Сүгір ақынның: Кешегі өткен Ер Сырым, Кіші жүздің 
ағасы – деген өлең жолдары мен ертеректе қалыптасқан ел ағасы, 
от ағасы, ауыл ағасы, жігіт ағасы тіркестері дәлел бола алады 
[71, 11-б.]. Төрайым сөзінің председатель сөзіне балама бола 
алмайтындығына сопредседатель, председательствовать деген 
сияқты әрі қарай түрлене алмайтындығы да дәлел бола алады. Тең 
төраға, төрағалық етті деп қолдана аламыз, ал тең төрайым, 
төрайымдық етті деп қолданылмайды. Сондықтан ойланбай, 
сөздің мән-мағынасына, қолданысына жете үңілмей жасалған 
мұндай жасанды сөздерді байқап қолданғанымыз, дұрысы мүлдем 
қолданбағанымыз абзал. Мұндай жасанды сөздерді қазір тықпалап, 
тілге зорлап енгізгенімізбен уақыт өте келе, әйтеуір бір күні мұндай 
өз табиғатына жат элементтерді тілдің өзі қолданыстан шығарып 
тастайды. Бұған бір кезде орыс тіліндегі род категориясының 
ықпалымен жасалып, тілге күштеп енгізілген мұғалімнің «женский 
род» нұсқасы мұғалима, азаматтың «женский род» нұсқасы 
азаматша сөздерінің бүгінгі күні қолданыстан шығып қалуы 
дәлел.
Термин сөздер қоғам өміріндегі өзгерістермен тікелей 


164
байланыста өзгеріп, қалыптасып, дамып отырады. Себебі қоғамда 
болып жатқан өзгеріс, жаңалық, соған байланысты туып жатқан 
жаңа ұғымдардың тіл арқылы бейнеленіп отыратыны белгілі. 
Ресми-ісқағаздары терминдерін жасауда қазақ тілінің сөзжасам 
тәсілдері актив қызмет атқарады. Мәселен, ресми-ісқағаздар 
тіліне қатысты кейбір терминдерді жасауда лексика-семантикалық 
тәсіл, яғни, сөздердің мағыналарын тарылту немесе кеңейту 
тәсілі қолданылады. Ал морфологиялық тәсілдің термин жасауда 
қолданылатын басты құралы қосымшалар екені белгілі. Ресми-
ісқағаздар тілінде қолданылып жүрген термин сөздердің бірқатары 
осы тәсіл арқылы яғни түрлі сөзтудырушы қосымшалардың 
қызметі нәтижесінде пайда болған. Сөздерді біріктіру, тіркестіру 
амалдары да ресми-ісқағаздар терминдерін қалыптастыруда актив 
қызмет атқарып отыр. Ресми-ісқағаздары тілінде қолданылатын 
терминдер мен стандарт тілдік бірліктердің көпшілігі калькалау 
тәсілі арқылы жасалған. Өзге тілдегі терминдік ұғым мен 
түсініктің идеясы мен мазмұнын ұлттық тілдің құралдары, 
тәсілдері арқылы беру де іс қағаздар терминдерін жасауда өнімді 
қызмет атқарған, қазір де қолданылып отыр. Ресми-ісқағаздары 
терминдерінің де өзіндік қалыптасу, даму жолы, құрылымдық 
модельдері мен жасалу тәсілдері, заңдылықтары бар. Бүгінгі қазақ 
ресми-ісқағаздар терминдері әлі де толық қалыптасып, сараланып 
біткен жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет