45. Аталық із кросстары деп қандай малдың шағылыстыруын атайды? Табындағы және тұқымдағы әрбір жануардың өзіндік ерекшеліктері болады, олар дене бітіміндегі, өнімділік сиипаты мен деңгейіндегі айырмашылықтарға ғана емес, сондай ақ мұндай қасиеттерді ұрпағында сақтай алу қаблетіне де байланысты. Әдетте шаруашылыққа ппайдалы бағалы қасиеттерін ұрпағына сақтай алу қаблетіне де байланысты. Әдетте шаруашылыққа пайдалы бағалы қасиеттерін ұрпағына жақсы бере алатын жануарлар жаппай жақсы пайдаланылады, олардың ұрпағы да табынға, тұқымға өзгелерден гөрі күшті жақсартушы әсер етеді. Жануар неғұрлым бағалы болса, оның еркек және ұрғашы төлдерін, немере төлдерін тұқымға қалдырады, Сұрыптау және жұп құру арқылы бағалы аталықтың ұррпағын шебер пайдаланудан жануарлардың өнімділігі ұқсас тобы -аталық іздер алынады. Егер осындай көрнекті жануар аналық болып шықса. Онда оның ұрғашы ұрпағын, ұрғашы немерелері мен ұрғашы шөберелерін тұқымға қалдыра отырып, мал топтайды. Осындай ерекше өнімділігі мен жақсы қасиеттері бар бір аналықтан таралған, соған өнімділігі мен қасиеттері жөнінен ұқсас және осы қасиеттерін ұрпағына тұрақты бере алатын ұрғашы мал тобын аналық ұя деп атайды. Тұқымға тән құндылықтардың бәрін әрбір жануардың бойында түгел қалыптастыру мүмкін емес. Тұқымның түрліше артықшылықтары оның құрлымына кіретін аталық іздер мен раналық ұяларда жинақталады да, алдағы уақытта тұқымды жетілдіру үшін қажет болатын икемділіктерді қалыптастырады. Аталық іздер мен аналық ұяларды шығару- баяу әрі машақатты шаруа. Ол кейбір жануарлардың артықшылықтарын жануарлар тобының артықшылықтарына айналдыруға мүмкіндік беретін терең, мақсатты тұқым асылдандыру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Малды аталлық іздер арқылы өсіруді қолданғалы 100 жылдан астам уақыт өтті, оның кейбір элемпенттері тіпті XVII ғасырда белгілі болған. Тұқым тасылдандыру ісінің теориясы мен практикасының дампуына қарай бұл тәсіл барған сайын жетілдіріліп, қазіргі уақытта жануарларды аталық іздер мен аналық ұялар бойынша өсіру тұқыммен жұмыс жүргізудің ең тиімді әдісі болып табылады.
46.Мал өсірудің қай әдісінде аталық із бойынша өсіру қолданылады? Малды аталық іздер жүйесі бойынша өсіру Аталық іздің мынадай түрлерін ажыратады; генеалогиялық топ; генеалогиялық немесе формальдық із, туыстық топ; инбредтік аталық із; жалған аталық із; зауыттық аталық із. Генеалогиялық топ бір көрнекті ата-тектен шыққан бірнеше буындық ұрпақтардан құралған көптеген жануарлардан тұрады. Мұндай топтың жануарлары олардың негізін салушыларға туыстығына қарамастан, әр текті болып келеді. Оларды шежіре бойынша аталық жағынан шығу тегі ғана біріктіреді, ал топтың негізін салушы олардың арғы ата-тегі болып табылады. Генеалогиялық топ деп аталатын бұл терминді әдетте екі жағдайда қолданады. 1.Тұқымға генеалогиялық талдау жасауда жекелеген туыстық топтар мен бір кезде бағалы және кең таралған ескі, бірақ қазіргі кезде жойылып кеткен зауыттық аталық іздердің арасындағы шығу тегі жөніндегі байланысты анықтайды. Мысалы, қара-ала тұқымның шығу тегі жөнінен голланд тұқымының әйгілі ескі аталық іздерінің негізін салушы осы заманғы аталық іздері мен туыстық топтары бар. Сондықтан аталық іздерді, туыстық топтарды және шежіре кестесеінің оң жағында Адема атты мал бар барлық басқа да жануарларды Адеманың генеалогиялық тобына жатқызуға болады. Қырдың қызыл сиыры тұқымында Премьера бұқасының генеалогиялық тобы 20 зауыттық аталық ізді қамтиды. 2. Белгілі бір бағалы аталықтың бірнеше ұрпақта көбейтілген, бірақ әлі де айтарлықтай жетілдіреілмеген және селекцияланбаған, зауыттық аталық із ретінде әлі танылмаған ұрпағы. Генеалогиялық немесе формальдық аталық із дегенміміз – белгілі жоспарсыз, мақсатты сұрыптау мен таңдаусыз алынған бір бағалы аталықтың бірнеше буынға жататын ұрпағын қамтитын жануарлардың тобын білдіретін ұқсас ұғымдар. Мұндай топта біртектілік байқалмайды және мұндай жануарларды байланыстырып тұратын жалғыз белгі- бұл тікелей әкесінің шежіресі жағынан бір ата -тектен шығуы. уарларды аталық іздер бойынша өсірудің негізгі мақсаты- олардың ата-тегінің тұқым қуалайтын артықшылықтарын сақтау ғана емес, сонымен бірге бірнеше буын ойында бағалы жаңа нәсілдік қасиеттерді жинақтау жолымен іздерді байыта түсу. Аталық іздер бойынша өсіру
47.Мал өсірудің қай әдісінде аналық ұя бойынша өсіру қолданылады? Малды аталық іздер және аналық және аналық ұялар жүйесі бойынша өсіруТабындағы және тұқымдағы әрбір малдың өзіндік ерекшеліктері болады, олар дене бітіміндегі, өнімділік сипаты мен деңгейіндегі айырмашылықтарға ғана емес, сондай-ақ мұндай қасиеттерді ұрпағында сақтай алу қабілетіне де байланысты. Әдетте шарушылыққа пайдалы бағалы қасиеттерін ұрпағына жақсы бере алатын мал жаппай пайдаланылады, олардың ұрпағы да табынға, тұқымға өзгелерден гөрі күшті жақсартушы әсер етеді. Мал неғұрлым бағалы болса, тұқымда оның тұқым қуалайтын қасиеттері соғұрлым көбейе, беки түседі. Егер осындай көрнекті мал аналық болып шықса, онда оның ұрғашы ұрпағын ,ұрғашы немерелері мен ұрғагшы шөберелерін тұқымға қалдыра отырып, мал топтайды. Осындай ерекше мол өнімділігі мен жақсы қасиеттері бар бір аналықтан тараған, соған өнімділігі мен қасиеттері жөнінен ұқсас және осы қасиеттерін ұрпағына тұрақты бере алатын ұрғашы мал тобын аналық ұя деп атайды.Мал тұқымын асылдандыру жұмысына әрбір табында және тұтас алғанда тұқымда малды аталық іздер мен апалық ұялар бойынша өсірудің айрықша зор маңызы бар. Тұқымға тән құндылықтардың бәрін әрбір малдың бойында түгел қалыптастыру мүмкін емес. Тұқымның түрліше артықшылықтары оның құрылымына кіретін аталық іздер мен аналық ұяларда жинақталады да, алдағы уақытта тұқымды жетілдіру үшін қажет болатын икемділіктері қалыптастырады. Аталық іздер мен аналық ұяларды шығару – баяу әрі машақатты шаруа. Ол кейбір малдың артықшылықтарын мал тобының артықшылықтарына айналдыруға мүмкіндік беретін терең, мақсатты тұқым асылдандыру жұмыстарын жүргізуді талап етеді.