Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары


Жасына қарай жұп тандаудың ең қолайлы варианты



бет37/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73
42. Жасына қарай жұп тандаудың ең қолайлы варианты
Қойлардың жасына қарай жұптау: Ата-анасынан қай жаста туғанына қарай ұрпағының сапасы әр түрлі болатынын селекционерлер баяғы кезден дәлелдеп білген. Бұл өзгерістер генотиптік негізде ме, жоқ фенотиптік негіздеме.
Жас аталықты жас аналықпен жұптағанда, екі қарт малды жұптағанда, ал өте жас малды өте ересек аталық пен жұптағанда алынған ұрпақтар әдетте нашарлау болып шығады. Орта жастағы малдарды жұптағанда көрсеткіш тәуірлеу болады.
Қой шаруашылығында жұп таңдау жеке – жеке де және топта жүргізіледі. Бұл әдісті таңдау селекционердің алдына қойған мақсатына байланысты. Жеке-жеке жұптау жоғары деңгейдегі асыл тұқымды зауыттарда, шаруашылықтарда ата із шығару мақсатында, аталық мал өсіру мақсатында жүргізіледі.
Топтап жұп таңдау – жалпы өнімділігі ұқсас бір топ саулыққа бір немесе екі ұқсас қошқар тағайындалады.
Қазіргі генетикалық ғылым аталық пен аналық өз ұрпағына тең әсер етеді дейді. Санымен бірге сіздерге белгілі кейбір ген доминантты, кейбірі – рецессивті, сондықтан жалпы қағида өзгермей де тұрмайды. Оның сыртында саулық ғұмырынды 8-10 ұрпақ берсе, қошқар 1 жылда 3000-5000 дейін оданда көп ұрпақ бере алады. Сондықтан аталық малдың ұрпаққа беретіні көп. Аталық малды табынға әсері мол болғандықтан, оған қойылған талапта жоғары, күтіміде жақсы болуы тиіс. Аталықтаң қазіргі кезде 70-90 пайызға дейін ұрпақ беретіні рас.
Іріктеу мен жұптау малдың жағымды, қажетті шаруашылық қасиеттерімен көрсеткіштеріне қарай әр кезде әртүрлі талаптар мен жүргізіледі.
Жүн өндіру мақсаты үшін жүндес, жүн сапасы жақсы малды жұптайды. Пәрменді селекция нәтижесінде 6-8-10 жылдар қой шаруашылығындағы жүн өнімділігін әр қойдан 1,0-1,5 кг дейін жоғарлатуға болады. Жүннің қоюлығы, ұзындығы, иректігі сан бауыр жүн өсімі.
Қойдың тірі салмағын ет өнімділігін арттыру үшін ерекше іріктеу – жұп таңдау жұмысын жүргізу керек. Бұл бағыттағы жұмыстарды жақсы ұйымдастырғанда 6-8 жылда қой отарларындағы саулықтың салмағын 5-8 кг дейін арттырып, тиісінше ет өнімділігін 15-17 пайыз көтеруге болады.
Қойды жұптау. Қойды таңдау мен бірге оған алға қойған селекциялық міндетке жеткізетін малды жұптаудың маңызы зор. Себебі сол жұптаудың нәтижесінде аталық пен аналықтың ең жақсы, ең қажетті қасиеттерін, өнім көрсеткіштерін беретін жаңа ұрпақ алынуы тиіс. Қой тұқымын асылдандыру жұмысының алдына қойған міндеті ұрпақтан-ұрпаққа қойдың жақсаруы, оның қажетті өнімділігін артуы. Сондықтан да жұптау аса жауапты жұмыс.
Жұптаудың, әдетте екі түрін ажыратады. Бірі бір текті (гомогенді) жұптау – өнімділік қасиеттері ұқсас қойларды жұптау, екіншісі – әр текті (гетерогенді) жұптау – өнімділік қасиеттері әр түрлі, айырмашылығы бар қойларды жұптау.
Бір текті жұп таңдау арқылы селекционер аталық және аналық қойлардың ұнамды ұқсас қасиетерін ұрпақтан-ұрпаққа бегіту, ұнамды қасиеттері бар малдарды көбейту, олардың біртектілігін арттыру арқылы құнды белгіні одан ары жетілдіру және ұнамды мал тобын көбейту міндетін орындайды.
Әдетте бір текті (гомогенді) жұптауға шыққан тегі бір, не өте жақын малдар қатынасады. Бұл жағдайда селекционер өз алдына 3 мақсат қоюы мүмкін.

  1. Аса жоғары өнімді (элита, бірінші класс), бір біріне көп көрсеткіштері мен ұқсас жүні де, ұзындығы да, еттік қасиеті де конституциясы да жақын болады. Осы қасиеттерді жоғалтпау, керісінше байыту үшін жұптайды. Мұндай мал көп болмайды және олардан аталық немес аналық басы болатын мал алуға тырысады.

  2. Бір қасиетімен немесе 1-2 шаруашылық өнімділік көрсеткіштерімен бір текті малдарды жұптағанда селекционер өз алдына осы көрсеткіштерден аса жоғары сапалы мал алу үшін жұптайды.

  3. Бір текті жұптау таңдаудың ұнамсыз жақтары да бар. Әдетте ұнамды қасиеттері ұқсас малдың ұнамсыз қасиеттері де ұқсас болады. Ол ұнамсыз қасиеттерді жою үшін басқа тектес малды пайдалануға тура келеді.

  4. Бір текті жұптау асыл тұқымды шаруашылықта, нақты бір атаның өсіретін фермада өлшемді жүргізіледі. Мұндағы отарлар негізінен бір текті болып келеді, не жүн түсімімен, не жүн ұзындығынан.

Гетерогенді жұптаудың пайдалы мүмкіндігі – ол малдың тұқымдық қорын көбейтеді, байытады, кейбір пайдасыз, қажетсіз қасиеттерден арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан әр текті жұптаудың малдың қажетті кемшілігін түзетуге; ата-анасының көрсеткіштерінен шығатын ортақ қасиеттері бар мал өсіруге; өмірлік күшін, өміршеңдігін (гетерозис арқылы) жақсыртуға бағытталып жүргізіледі.
Қой жұптағанда селекционер:

  1. ұқсас малдардын ұқсас мал өседі;

  2. жақсы мен жақсы малды жұптағанда олардың ұрпағы жақсара түседі;

  3. малдың асыл нәсілін бекіте түсу үшін гомогенді, ал нәсілін байытып өзгерту үшін – гетерогенді жұптау қолданылады.

Мысалы, 2-класс биязы жүнді қойдың жүні қысқа болады соны ұзарту үшін жүнді қошқармен жұптайды.
Ал 3-класта жүні сиректеу және денесінде әр жеріндегі жүн әркелкі болады. Міне осыларды түзеу үшін ол қойларға қою жүнді, денесіндегі жүні біркелкі аталық бекітеді.
Әдетте қойдың бірімен-бірін жұптау малдың басты шаруашылық көрсеткіштеріне қарай жүргізіледі. Жүннің жалпы түсіміне қарай жұптау арқылы қойдың (отардың) жүн өнімділігін арттыруға әбден болады. Жалпы жүннің салмағы мен таза талшық шығымының арасында оң корреляция бар. Сондықтан селекция жұмысын жүргізуде жүн түсіміне қарай жұптау арқылы жетістікке жетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет