Ұзын бұтақша, тақтай, сырық немесе арқан алыңыз. Шарф, белбеу немесе киімді де алуға болады.
Құтқару құралдарды алдыңызға салып, аяқ пен қолдың арасын ашып, жылымға қарай абайлап еңбектеу керек.
Суға батушы адамға бірнеше метр жетпей тоқтап, оған жіп, киімнің шетін лақтырып, таяқ немесе тақтай беріңіз.
Зардап шеккен адамды абайлап мұз үстіне шығарып, қауіпті жерден жорғалап шығыңыз.
Келген жағыңызға қарай жылжу керек.
Зардап шеккен адамды жылы жерге жеткізіңіз. Оған көмек көрсетіңіз: зардап шеккен адамның су киімін шешіп, арақ немесе спиртке малынған шүберекпен немесе қолыңызбен денесін сылаңыз, ыстық шай ішкізіңіз.
Суда құтқару қызметі ескертеді: Көктемгі тасқын және сең жүру кезінде қайғылы оқиғалар көп болады. Оның себебі су қоймаларындағы абайсыз жүріс-тұрыс. Көктемде мұз мықты болып көрінгенімен әлсіз болады. Мұндай мұз асьтына түсіп кетуіңіз мүмкін. ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН:
Еріген су пайда болғанда су қойма бетіне тұруға қауіпті;
Су, газ, электр тоғын өшіріңіз, есік және терезелерді жабыңыз, алғашқы медициналық қобдишасын, артық азық-түлікті, жылы киім, ақша, құжаттарды дайындап қойыңыз;
Ғимараттың жоғарғы қабатына немесе жақын жерде орналасқан қырға көтеріліңіз, жүзу құрал ретінде пайдалануға болатын барлық жарамды заттарды (шина, тақтай, пластикалық бөтелкелер, камералар, пенопластар)жинаңыз.
Егер көмекке мұқтаж болсаңыз – апат дабылын беріңіз. Суға құлау қауіпі болған жағдайда киімнің астынан жеңіл суда батпайтын заттарды (пластикалық бөтелке, доп, пенопласт кесектері) байлап алыңыз;