Қауіпсіздігі мектеп оқушыларына арналған көмекші қҰрал 2022 2023 оқу жыл Өмірің өз қолыңда


Көшеде жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережесі



бет2/13
Дата31.10.2022
өлшемі176 Kb.
#46422
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Көшеде жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережесі
1. Көшеде жүру тәртібін орындамау транспорттың жүріп-тұруына
кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс.
Егер бар болса, жер асты жолын пайдаланған жөн.
3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, қарсы кездескен үлкен кісіге жол бер.
4. Тротуармен келе жатып қақпадан көрінген машинаны байқасаң өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.

Ауылда
Біз Ешім ауылында тұрамыз. Алтын ұя мектебіміз ауылдың ортасында орналасқан. Орталық жерден өтетін ерсілі-қарсылы машиналар саны көп. Сондықтан әрбір оқушы күнделікті мектепке келерде көшеде жүру тәртібін жақсы білуі керек.
1. Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.
2. Алдыңнан машина шықса жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3. Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе.
4. Жер тайғақ болса, жолда абайла.
5. Ауылымызда тротуар жоқ, сондықтан жолдың оң жақ шетімен жүр.
Мектептегі өрт қауіпсіздік ережелері
Мектепте өрт болған жағдайда қауіпсіздіктің алғы шарттары орындалуы тиіс.
Өрт болып жатқан бөлменің есігін жабу қажет. Өрт болып жатқаны туралы дабыл қағыңыз. Барлығы белгіленген жерге жиналып, адамдарды түгелденіп отырыңыздар. Дабылдан кейін өрт сөндірушілерді шақыру қажет.
Өрт сөндірушілер келгенде мынаны білу керек: Қай жерде, қай бөлмеде өрт болып жатқандығын бәрі құтқарылғандығын білу керек.
Мектептегі өрттен құтқару тәртібі:
1.Дабыл қағу
2.101 телефонына қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді шақыру
3.Құтқару
4.Жинақталу
5.Түгендеу
Дабыл: Кез-келген адам (мұғалім, оқушы,күзетші) өртті көргенде жедел дабыл қағу керек.
Құтқару: Дабылды естісімен, оқушылар сынып жетекшілердің бағыттауымен бір – бірлеп сыныптан шығып, белгіленген жерге жинаулары қажет. Құтқару кезіндегі қажетсіз есіктерді жабу керек.
Жиналыс: Жиналу жерді алдын ала белгілеу қажет. Жиылыс орнына келгендер сынып немесе адамдар тобы анық бір жерді белгілеп, шашырамай сол жерде болулары қажет. Сосын әр сынып жетекші түгендеу жүргізеді.
Өрт кезіндегі тәртіп
ЕРЕЖЕСІ: Өрт болып жатқан бөлменің есігін жауып кетіңіз. Өрттен қашқанда басқа адамға да айтыңыз.Әсіресе өрт жайлы мұғалімге айтыңыз. Эвакуация жасаңыз.
Егер өрт қауіпті болмаса өзіңіз өрт сөндіру құралдарын қолданыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет