Қауіпсіздігі мектеп оқушыларына арналған көмекші қҰрал 2022 2023 оқу жыл Өмірің өз қолыңда


Су қайтқаннан кейін іргетастың бүтіндігін, қабырға, терезе, еден жағдайын тексеріңіз



бет8/13
Дата31.10.2022
өлшемі176 Kb.
#46422
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
өмір қауіпсіздігі ВАЖНО

Су қайтқаннан кейін іргетастың бүтіндігін, қабырға, терезе, еден жағдайын тексеріңіз.

  • Газ және жарықты мамандарға қосқызыңыз.

  • Үлкен материалдық зиян келтірілген жағдайда жергілікті атқарушы органдарға жүгініңіз.

    Су тасқыны болған жағдайда қайғылы оқиғалар жиі балалармен болады.
    Көктемгі су тасқыны уақытында балалардың өзенге баруына тыйым салыңыз.
    Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары
    Күн суытып, мұз қату мерзімі келді. Балалар коньки киіп, бірер сағат мұзға шығуға шыдамсыздық танытады. Бірақ тоған, өзен, көл бетіне шығуға асығуға болмайды. Бірінші мұз өте қауіпті. Біздің облыста қараша-желтоқсан айларында мұз қата бастайды. Мұз бұл кезде жұқа, ауырды көтере алмайды,абайламасаң бұл қайғылы жағдайға әкеліп соғады.
    Есте сақтаңыздар! Балаларда тәжірбие жоқ, қауіпсіздік шараларын білмейді, өйткені әуестік сезімінен қауіпсіздік сезімі төмен, мұз үстіндегі ережені толық білмейді, сол себептен тез қайғыға ұшырайды, кейде өмірімен қоштасады.
    Қайғылы окиға болдырмау үшін, балаларға қамқорлық білдіріңіздер! Балалардың өмірін сақтаныздар! Тек мұз үстінде болудың ережесін сақтап қана, қайғылы жағдайдан сақтануға болады.
    Тыйым салынады:

    • Қалыңдағы 7 сантиметрден жұқа болса, мұз үстіне шығуға;

    • дұрыс қатпаған, бетін қар басып калған мұз үстінде сырғанауға және топталып тұруға;

    • мұз үстіндегі білмейтін жерлерге жаға-жайдағы жардан сырғанып түсуге;

    • тез су ағымы бар жерлерде, бұлақты жерлерде ойнауға;

    • мұз үстінен қауіпсіздік белгілері жоқ жерден өтуге;

    • мұздың қалыңдағы 25 см-ден аспайтын болса, мұз айдынын жасауға;

    • егер де тәулік бойы ауаның температурасы құбылып тұрса, мұз үстіне шығуға, әсіресе түнгі уақыттарда.

    Балалар!
    Мұз қатар кезінде су айдындарында сақ болыңдар!
    Жұқа мұздың үстінде шаңғы және коньки теппеңдер!
    Өмірлеріңе қауіп төндірмеңдер!
    Жұқа, толық қатпаған мұз үстіне шықпаңдар.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет