ДАУЫЛ ТҰРҒАНДА, КҮШТІ ЖЕЛ СОҚҚАНДА
Дауылдың соғатынын қалай білуге болады
Табиғи белгілері:
-Үкен-үлкен ұлпа бұлттардың бір жерге шамадан тыс жиналуы, ұйысуы, шоғырлануы. Дауылдан немесе найзағайдан белгі береді.
- Қатты дауыл немесе қара нөсердің тағы бір белгісі 36 сағат бойы ай айналасының қорғаланып тұруы немесе күн батып бара жатқанда, күн шығып келе жатқанда аспанның алқара көк түске боялуы.
- Күннің сәл сарғайып батуы немесе ақ бұлттардың тым биікке үйір-үйір болып көшіп жүруі жақын арада жел, дауыл тұратынын білдіреді.
- Танның қызарып атуы немесе күннің қызыл шапағы ауа райының көп кешікпей бұзылатыны туралы хабар береді.
Дауыл тұратының байқағаннан кейін
1.Есік терезелерді түгел жауып таста.
2.Шырықтар дайында/электр жарығы өшіп қалуы мүмкін/
3.Электр құралдардын және сыртқы телеантеннаны ағыт.
4.Далада ешнәрсе қалдырма,жел ұшырып кетуі мүмкін.
5.Дауыл соғарын сезгеннен бастап теңіз, өзен,көл жағасынан кетіп қал, әйтпесе тасқынның астында қалуын мүмкін.
6.Ауылда тұрсаң, бір қауіпсіз орынға жайғас, дұрыс жер астындағы жертөлеге тығыл.
7.Ашық алаңда қалып қойсаң сая болар жер ізде.
8.Асықпай,тұрған орның қауіпсіз болс, тұра бер, себебі қайтадан қайталануы мүмкін.
СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ
1.Газды сөндір.
2.Жарықты өшір.
3.Қажетті құжаттарды ал.
4.Азық – түлік дайындап ал.
5. Дәрә дәрмекті ұмытпа.
6.Судан өту үшін тайыздау тұсын ізде.
7.Қолыңдағы немесе арқаңдағы дорбаны жоғарылау ұста.
8.Судың тереңдігін өлшеу үшін қолыңа ұзын ағаш ұста.
9.Егер бір топ болып өзеннен өтіп бара жатсаңдар, алдымен біреулерің жағалауға жетіп алыңдар.
10.Ұзын арқанның бір ұшын жағалаудағы ағашқа не тасқа байлап, екінші ұшын судан өтпегендерге бер.
11.Бір қолында таяқ,екінші қолыңда арқанның бір ұшы болсын, таяқпен судың тереңдігін байқайсың да, арқанның ұшынан ұстап алға жылжисың.
12.Егер де бір топ балаболсаңдар, бір-біріңнің арқаларыңнан немесе иықтарыңнан ұстап алға жылжыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |