ТӨРТІНШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ Бірнеше ақуыздық тізбектердің қосылысы "суперглобулда" ақуыздың төртіншілік құрылымы деп аталады. Мысал: гемоглобин екі b және екі a тізбектен тұрады. Егер ақуыздың төртіншілік құрылымы бірдей тізбектерден құралған болса, онда ол әдетте симметриялы болып келеді.
Барлық биохимиялық ақуыздар ақуыз-ферменттерімен катализденеді. Барлық ферменттер химиялық құрылысы бойынша ақуыздар болып табылады.
Биологиялық емес катализаторларға қарағанда ферменттердің тиімділігі Ферменттердің маңызды қасиеттерінің бірі олардың ретелушілігі болып табылады.
Құрылыстық, құрылымдық функция.
Ақуыздар кез келген тірі клетканың протоплазмасының негізін құрайды, олар липидтермен кешен құрған кезде барлық жасушалық мембраналардың, барлық органелдердің негізгі құрылымдық материалы болып табылады.
Қорғаушы функция
Иммунитеттің – антиденелер мен комплемент жүйелерінің маңызды факторлары ақуыздар болып табылады.
Ағзаны көп қан жоғалтудан қорғайтын қанның ұйылу үрдісі тағы да ақуыздар болып келеді.Олар фибриноген, тромбин және басқа да факторлар.
Анат пен асқазанның ішкі қабырғалары сілемейлі ақуыздар– муциндердің қорғаушы қабаттарымен жамылған.