18. «Қос білектен ұстау» әдісімен пациентті төсегінде отырғызу іс-әрекеті. «Қос білезікті ұстау» әдісімен пациентті төсегінде отырғызу Пациент көмектесе алады, бір медбике көмегімен орындалады
Мақсат: көмектесе алатын пациентті төсегінде отырғызу
Іс-әрекеттер алгоритмі: Пациенттің жағдайын, айналасындағы жағдайды (еденнің ылғалдылығы, бөтен заттардың болуы т.б.) бағалаңыз.
Пациентке манипуляция мақсатын түсіндіріңіз, ақпаратты түсінгеніне көзіңізді жеткізіңіз, орындауға келісімін алыңыз.
Кереуетте жатқан пациентің бүйір жағынан оған қарама-қарсы тұрыңыз, «қос білезікті ұстау» әдісімен пациенттің оң қол басын білезік тұсынан ұстаңыз (1-ші сурет).
Кереуетке жақын тұрған аяғыңызды шамалы алдынға қарай жіберіңіз, оған тіреліңіз.
Арқаңызды түзу ұстап тіректі екінші аяғыңызға қарай жіберіп пациентті төсегінде отырғызыңыз (2-ші сурет). Пациент бос қолымен төсекке тіреліп медбикеге көмек береді.
19. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация түсініктері .Дезинфекция түрлері. Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады.
Дезинсекция – жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою бойынша іс-шаралар кешені, ал дератизация – кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені.
Дезинфекцияның мақсаты: ЕСМ палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.
Зарарсыздандырудың екі түрі бар: профилактикалық және ошақтық.
Профилактикалық дезинфекция – анықталған инфекция көзі болмаған кезде алдын алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені (дезинфекция, дезинсекция мен дератизациялауды қамтиды).
Ошақтық дезинфекция – ошақтарда инфекциялық немесе паразиттік ауруларды профилактика және/немесе жою мақсатында жүргізілетін дезинфекция. Ошақтық дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті (ағымды), қорытынды, соңғы.
Күнделікті –үйде немесе емдеу сауықтыру мекемелерінде бірнеше рет ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз. Эпидемиялық ошақта күніне бір рет жасалынып отырады. Мысалы: палатада күніне 2 рет, емшара бөлмесінде 3 рет, асханада әр тамақтан кейін, әжетханада ластанған сайын, манипуляциялық бөлмеде әр бір манипуляциядан кейін зарарсыздандыру жүргізіліп отырады.
Қорытынды –пациент емделіп жақсы болып емханадан шыққан соң, пациентті бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан соң ошақта бір рет өткізілетін дезинфекция.
Соңғы – терапия бағыттағы бөлімшелерге айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлімдерге және операциялық, таңғыш таңу, босану залдары, жаңа туылған балалар, шала туылған балаларға аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі.
Дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізуге арналған аппараттар мен қондырғылар дезинфекциялық жабдықтар деп аталады.
Дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу, дезинсекциялау, дератизациялау жүргізуге арналған химиялық, биологиялық құралдар дезинфекциялық құралдар деп аталады. Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген дезқұралдар қолданылады.