Ескерту: материалды апарғанға дейін t4-60С тоңазытқышта сақталуы қажет.
7. Қозғалыс белсенділік тәртіп түрлері. Емдеу мекемелерінде қозғалыс белсенділігінің 4 тәртібі қолданылады:
1. Қатаң төсек тәртібі - бастапқыда қатты ауырып түскен пациенттерге
тағайындалады. Пациенттерге төсегінде қозғалуға рұқсат етілмейді.
2. Төсек тәртібі - біршама қозғалыс белсенділігімен сипатталады,
бұрылуға, белгілі бір уақытта аяқты түсіріп, төсектің шетіне отыруға
рұқсат беріледі.
3. Палаталық тәртіп - төсек жанындағы орындыққа отыруға, тұруға және
белгілі бір уақытта палатаның ішінде жүруге рұқсат етіледі. Емделушіні
палатаның ішінде тамақтандыру, дәрет алу, жуу шаралары жүргізіледі.
4. Жалпы тәртіп - дәліздің ішінде еркін жүруге, баспалдақпен көтерілуге,
аурухананың ауласында демалуға рұқсат беріледі. Емделушілер өздеріне
жеке қызмет жасайды.
Төсек тартып жатқан пациенттердің төсекте жату қалпының 3 түрі бар:
белсенді;
енжарлы;
мәжбүр.
Белсенді немесе еркін қалып – жеңіл ағымды аурулармен ауырған пациенттерде кездеседі. Ол кезде пациент өздігінен қимылдап өз денесінің қалпын еркін қозғалта алады, өзін-өзі күте алады.
Енжарлық қалып – пациент қимылсыз, жағдайы ауыр, өз-өзіне күтім жасай алмайды.
Мәжбүрлік қалып – ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалып. Пациент өзін мазалайтын ауырсыну сезімдерін азайту үшін немесе мүлдем тоқтату үшін қолданады. Клиникада мәжбүр қалыптың бірнеше түрі кездеседі:
амалсыз бір бүйірінде жату қалпы – асқазан ауруларында, жүрек ауруларында байқалады, пациент амалсыз оң бүйіріне жатады, сол бүйіріне жатқанда, жүрегі қысылады;
амалсыз шынтақ пен тізеге отыру қалпы – бұл экссудативті плеврит ауруына тән;
амалсыз етпетінен жату қалпы – асқазан жара ауруларына тән. Етпетінен жату қалпы – науқас төсекте ішімен, етпеттеп жатады. Мысалы, люмбалды пункция жасағаннан кейін аз уақыт етпетінен жатады.
арқасымен жату қалпы – шалқасынан жату миокард инфарктісінде қолданылады.
Пациенттердің қозғалыс белсенділігінің тәртібін бұзуы пациенттің өзіне зияны тиюі мүмкін, тіпті өлімге дейін апарады. Пациенттің белсенділік тәртіпті сақтауын қадағалау медбикенің міндеті болып саналады. Тәртіпті сақтамау әр түрлі асқынуларға алып келуі мүмкін. Сондықтан пациент емдеуші дәрігер тағайындаған қимыл белсенділігін қатаң сақтауы қажет (әсіресе төсектік және қатаң төсектік тәртіпте).
Дәрігер тағайындаған қозғалыс белсенділігі пациент үшін физиологиялық болып есептеледі, егер ол:
ауырсынудың азаюына;
дренаждардың тиімділігіне;
ұлпа гипоксиясының жойылуына;
гипотрофия және контрактуралардың алдын алуға алып келсе.
Пациенттің қимыл-әрекетсіз жатуы көптеген мүше, жүйелерінің қызметінің бұзылуларына алып келеді. Пациенттің иммобильдігі (қозғалыссыздығы) алып келеді:
тыныс алу кезінде өкпе экскурсиясының төмендеуіне;
ойылудың дамуына;
зәрдің жиналуы, бүйректерде тастың түзілуіне және инфекциямен зарарлануына;