«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері


Жұтқыншақтан жағынды алу мақсаты, көрсетілімдері, іс-әрекет алгоритмі



бет3/29
Дата12.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#100733
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
3.Жұтқыншақтан жағынды алу мақсаты, көрсетілімдері, іс-әрекет алгоритмі.
Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).
Дайындаңыз: дәке тампондарымен тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штативімен; материал алу үшін, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған стерильді құрғақ мақта тампондарын, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды, тасымалдауға арналған биксті; жолдама бланкісін, пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, қолғапты, бетпердені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Пациентке жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге келісімін алыңыз.

  2. Бактериологиялық лабораторияға жолдама жазыңыз.

  3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Жұтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз.

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Бетперде мен қолғапты киіңіз.

  5. Пациенттің бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.

  6. Пациентке қарама- қарсы отырыңыз.

  7. Сол қолдың IV және V саусақ арасына тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, ал шпательді басқа үш саусағыңызбен ұстаңыз.

  8. Пациенттің аузын кең ашуын сұрап, тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз.

  9. Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз.

  10. Тілдің, тістің, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына тигізбей тампонды ауыз қуысына енгізіңіз.

  11. Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей тізбектілікпен: оң жақ бадамша безі, оң жақ таңдай доғасы, тілшік, сол жақ бадамша безі, сол жақ таңдай доғасы, жұтқыншақтың артқы бетінен жағынды алыңыз.

  12. Тампонды ауыздың, тілдің, тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.

  13. Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  14. Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «кілтке» жабыңыз.

  15. Қолғапты, бетпердені шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  17. Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе бактериологиялық лабораторияға жөнелтпес бұрын 370С термостатқа орналастырыңыз.

Ескерту:

  • жұтқыншақтан жағынды таңертең, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады;

  • егер пациент дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса бактериологиялық зерттеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады;

  • егер де жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зерттеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет