Мақсат: көмектесе алатын пациентті сүйемелдеу және орнынан ауыстыру.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
Пациенттің жағдайын, айналасындағы жағдайды (еденнің ылғалдылығы, бөтен заттардың болуы т.б.) бағалаңыз
Пациентке манипуляция мақсатын түсіндіріңіз, ақпаратты түсінгеніне көзіңізді жеткізіңіз, орындауға келісімін алыңыз.
Кереуетте (отырғышта) отырған пациентің бүйір жағынан оған қарама-қарсы тұрыңыз, бір аяғыңызды кереуетке қатар қойыңыз, екінші аяғыңыздың басын отырғышқа қарай сәл бұрып, пациенттің аяқтары алдына қойып, тізелерін тірей бекітіңіз.
Пациенттің белдегі белбеуіне екі қолыңыздың бас бармақтарын қойыңыз, барлық саусақтарыңызбен киімінен ұстаңыз.
Пациенттен сіздің беліңіз тұсынан ұстауды немесе белбеуіңізден ұстауды сұраңыз.
Пациентті жүрген кезде сүйемелдеу Пациент көмектесе алады, бір медбике көмегімен орындалады
Мақсат: әлсіз пациенттерге жүру кезінде көмектесу (мысалы инсульт алған кезде, жарақаттардан соң т.б.)
Іс-әрекеттер алгоритмі: