15.Нәжісті бактериологиялық зерттеуге алу мақсаты («ашық нәжістен») көрсетпелері, іс әрекеттері. Қолданылған заттардың утилизациясы. Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері:ішектің микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы аурулары.
Дайындаңыз: қоректі ортасы бар Петри табақшасын, ішінде залалды тік ішектік ілгегі бар залалсыздандырылған пробирканы, дәрет ыдысын немесе горшокты, қолғапты, бетпердені, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарындашты), биксті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі: Пациентке емшара барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Халатты, бетпердені және қолғапты киіңіз.
Жолдама нөмеріне сәйкес нөмерді қоректі ортасы бар Петри табақшасына стеклографпен жазыңыз.
Пациентті горшокқа немесе дәрет ыдысына отырғызыңыз.
Оң қолыңызбен пробиркадан тік ішектік ілгекті алыңыз.
Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әртүрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).
Петри табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз.
Петри табақшасының қоректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен егіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті қоректі ортаның бетіне 1,5-2 см көлемді «тегістік жер» жасап, (ептеп, қоректі ортаны тырнамай) бір қалыпты жағыңыз.
Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «тегістікке» қоректі ортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызықтармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл-мезгіл өз-өзіне айналдыра бұрыңыз, Петри табақшасының қақпағын жабыңыз.
Петри табақшасын өсіндімен бірге 37°С температурасындағы термостатқа немесе бикске поролонмен тығыздап салыңыз.
Биксті «кілтке» жабыңыз.
Қолғапты,бетпердені шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бірге бактериологиялық лабораторияларға апарыңыз.