12. Қанды бактериологиялық зерттеуге шприцпен алу техникасы. Қолданылған заттардың утилизациясы.
Көк тамырдан бактериологиялық зерттеуге және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін қанды алу
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, астаушаларды, мақта шариктерін, салфеткаларды, тері антисептигін, бетпердені, қолғапты, штативтегі пробиркаларды, су өтпейтін тығындарымен резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі: Пациентке емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Пациенттен таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.
Көктамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.
Көктамырды толтыру үшін пациенттің жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз.
Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
Тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.
Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ - иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.
Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.
Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (пациенттің жұдырығы қысылған).