«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері


Антисептика, асептика анықтамалары. Антисептика әдістері



бет17/29
Дата12.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#100733
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
16. Антисептика, асептика анықтамалары. Антисептика әдістері.
Асептика дегеніміз пациенттің ағзасына микроорганизмдерді түсірмеудің алдын алуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Ол зарарсыздандыру және залалсыздандыру жолымен микробтар мен оның спораларын жою арқылы жүзеге асады.
Антисептика дегеніміз жараға түскен микробтарды жоюға арналған іс-шаралар жиынтығы. Антисептиканың екі түрі бар: профилактикалық және емдік антисептика.
Профилактикалық антисептика микроорганизмдерді жараға немесе ағзаға түсірмеу мақсатында жүргізіледі (медициналық қызметкерлердің емдік емшара алдында қолын антисептикалық ерітіндімен тазалауы, ине егетін орынды антисептикалық ерітіндімен тазалауы т.б.)
Емдік антисептиканың мынандай тәсілдері бар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және аралас.
Механикалық антисептика: жарадағы өлі және езілген ұлпаларды, ұйыған қанды, бөгде затты тазалау, жараны көп мөлшердегі сұйықтықпен жуу және тазалау жатады.
Физикалық антисептика: жарада микробтардың өмір сүруі үшін жағымсыз жағдай туғызу, яғни жараны кварцтау, УКС-пен емдеу, жараға дренаж, турундаларды гипертониялық ерітіндіге малып қолдана отырып жарадағы іріңді, басқа да сұйықтықты сыртқа шығару.
Химиялық антисептика: микробқа қарсы әсері бар түрлі дәрілік заттарды қолдануға негізделген. Бұл дәрілік заттарды антисептиктер (этил спирті, хлоргексидин биглюконат, сутегінің асқын тотығы, йод, бриллиант жасылы, фурациллин ерітіндісі, лизоформин, эросан т.б.) деп атайды. Антисептик – микробтарды жою мақсатында теріге немесе тінге қолдануға арналған микробқа қарсы химиялық агент.
Биологиялық антисептика: антибиотиктерді, сарысуларды, вакциналарды қолдану.
Аралас антисептика дегеніміз антисептиканың бірнеше түрін бір мезетте қолдану.


17. Пациентті Фаулер қалпында жатқызу.Көрсетпелері, іс-әрекет алгоритмі.
(жартылай жату және жартылай отыру қалпы
аралығындағы жағдай)
Пациентті жатқызу бір медбикемен орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет