1. РОМАННЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ...................8
1.1. Шығарманың негізгі идеясы мен тақырыбы.................................................8
1.2 Кейіпкерлер бейнесіне шолу..........................................................................12
2.ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ................................20
3.ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................31 4.ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................33
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бердібек Соқпақбаев – ұлттық әдебиетімізге соғыстан кейінгі жылдары келіп қосылған, өзіндік келбеті мен дара болмысы бар талантты жазушыларымыздың бірі. Бұл уақыт қазақ прозасының ерекше жемісті, өнімді тұстарының бірі болғандығы көп айтылып жүр. Нақ осы кезеңде қазақ көркемсөзінің биігіне көтерілген Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, С.Шаймерденов, Б.Соқпақбаев, З.Қабдолов, Н.Ғабдуллин т.б. бір топ қарымды қаламгерлер ұлттық прозаға жаңа тақырыптар мен идеялар, мінездер ғана алып келген жоқ, сонымен қатар оның поэтикалық өрісін кеңейтті.
Б.Соқпақбаев шығармашылық жолын өлең жазудан бастағанымен қаламгердің суреткерлік қарымы прозада танылды. Жазушы шеберлік мектебі саналатын әңгіме жанрында едәуір еңбектенді. Жазушының әңгімелері нәрлі идеясымен де, көркемдік құнарлығымен де назар аударады. Қаламгердің көптеген әңгімелері қарапайым оқиғалалардан да көңіл аударарлық келелі ой айта алатындығымен және оны айқын жасалған адам образы арқылы ұғымға жеңіл, түсінікті етіп жеткізетіндігімен ерекшеленеді. Ол туралы қазақ балалар әдебиетінің бірден-бір білгірі, академик С. Қирабаев былай дейді: «Эпизодтарының өзінде характерлерді кең таныта алу, баланың іс-әрекеті арқылы өмірдің тұтас бір шынайы суретін елестете білу Бердібектің жазушылық стилінің елеулі өзгешелігі. Ол ылғи бірінші жақтан – автордың өз атынан әңгімелейді. Бұл автор мен геройдың бірігіп өмірдің, бақыт үшін күрестің мән-мағынасын түсінуіне қолайлы жағдай жасайды, олар ылғи бірге ізденеді. Автор идеалы герой идеалына айналады. Сондықтан да оның геройы оқушыны елітіп отырады, өзін-өзі таныстырып көрсетеді. Бірақ ол ісін, әрекетін оқушыға танбайды».
Жазушы Б. Соқпақбаевтың қай шығармасын алсақ та кейіпкерлер образы үндес болып келеді. Ол кейіпкерлердің табиғатындағы адамгершілік, аңғалдық, арманшыл қасиеттерін із жазушының өз бойынан көре аламыз. Былай қарасақ, жазушы шығармаларындағы басты кейіпкер – автордың өзі. Кей образдар автордың өзінің өмірінен де алынғандығын көптеген сұқбаттар дәлелдейді..
Б. Соқпақбаев – қазақ әдебиетінде ойып орын алатын жазушылардың бірі. Оның суреткерлік қабілетін анықтап көрсететін шығармаларының ішінде озық деп «Жекпе-жек», «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар?» повестері мен «Өлгендер қайтып келмейді» романдарын айта аламыз. Ол жерде жазушының қаламгерлік қарымы, образдар бейнесін жазудағы суреткерлігі анық көрініс табады. Аталмыш туындылардың көркемдік-эстетикалық деңгейлері туралы орнықты пікір қалыптаса қойған жоқ. Осы мәселеге байланысты ғылыми жобама негіз етіп жазушының «Өлгендер қайтып келмейді» романы алынды.