Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы


ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ



бет6/8
Дата31.05.2022
өлшемі78,88 Kb.
#36016
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8
2.ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

Бердібек Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» романында көркемдік-шеберлігі жағынан өсе түскені байқалады. Жазушының көркемдеуіш құралдарды, әсіресе, теіеу мен метафораның бұрын басқа жазушылар қолданбаған бірнеше нұсқаларын көрсете отырып, әдебиетімізді байыта түсті. Оның кейіпкелер бейнесін жасаудағы ерекшелігі осындай көркемдегіш құралдар арқылы көрініп отырады.


Жазушы образдарды сомдауда түрлі суреттеу құралдарын кең қолданған. Портреттер, мінездеулер, диалог, монологтар образды шебер ойнатады. Әсіресе, портреттік сипаттауға шеберлігін Соқпақбаев бұл романында да жақсы аңғартқан. Портреттердің романның баяндау жүйесінде берілу тәсілдері әртүрлі. Жазушы кейіпкерлерінің кескін-келбетін, мүсін-тұлғасын бірден үйіп-төгіп бере салмайды. Оның қолдануында портрет кейіпкердің жан дүниесімен, іс-әрекетіммен, мінез-құлқымен астасып жатады. «Жазушы сонымен қатар, адам тағдырын шебер суреттеп қана қоймай, суреткерлік қабілетімен де танылады. Мәселен, бір кейіпкерін «Бұл адамның киім киісі де болбиған денесіне лайық: үстінде етегін шалбарланбай, сыртқа салып қоя берген, бір жеңіне бір адам сыйып кететіндей дабы жейде. Аяғында басы бұзаудың басындай ауыр жұмысшы етік. Омырау түймелері салынбаған, алпамыстай төсі жүн-жүн», – (Ысқақ) деп берсе, енді бір суреттеуінде: «Шашын тікірейтіп ежик етіп қырыққан, көздері өлген малдың көзіндей жымбысқы су көз», – (тергеуші) деп келтіреді. Адамның бейнесін ашудағы шеберлікті мына жолдардан да байқауға болады: «Семіздігі ме, жоқ екіқабат па, қарны шермиген, үстіне салтақ-салтақ ескі сұр фуфайка кие салған, өңі жап-жас, тіпті сұлуша деуге болатын сары әйел есік ашты»; «Мектеп директоры орта бойлы, шашы мықтап сұйылған, шақша бас тарамыс қара сұр кісі жылан көзіндей кішкене суық көздерімен үңіле қарап қарсы алды»; «Стол иесі қара костюм киген, қара галстук таққан, шашын қисайтып жылтыратып тараған кертпек мұрын жалпақ сары жігіт». Осыдан байқайтынымыз, адам портретін беруде жазушының палитрасы бояуға бай. Құдды сол адам көз алдыңда тұрғандай әсерде бола­сың. Ал мына кішігірім бөлмені суреттеу де көріністі тірілтіп жіберердей көрініс: «Едені жермен жер, алакөлеңке тапал бөлмеге кіріп келген бетте погребтегі шіріген картоп иісі тәрізді ұнамсыз сыз иіс мұрынға лап ете қалды. Оң жақта бір кісілік арзанқол темір кереует. Сол жақта шағын тақтай стол. Екі ескі ағаш орындық. Есік жақ босағадағы керогаз, ыдыс-аяқты айтпағанда, үйдегі көзге түсер мүлік мүкәмалдар осы»[8].
Роман композициясынан бірсарындылық басымырақ. Оның себебі де айқын. Негізгісі – шығарманың тек өмірбаяндық сипат алуында. Тек Еркіннің басынан өткен оқиғаларды сипаттау арқылы оқырманды жалықтырып алуы басым болады. Оқиға тек Еркіннің баяндауымен және тек соның ғана сезімдері мен өмірі баяндалатындықтан композицияда кішкене бірсарындылық көрініс табады. Бірақ жазушының суреткерлігі, қаламгерлік шеберлігі бұл қателіктердің алдын алып отырады. Адамды ойландыратын, еріксіз күрсіндіретін халдерді жазушы көз алдыңызға әкеледі.
Жазушы пародия, гротеск, иронияны шебер пайдаланады. Астар, емеурін мол. «Асқақтату» ұғымы «гротекстің» баламасы. Гротекс – адам тіршілік ететін ортаның шындығын әдейі өсіре немесе әдейі кеміте айту, суреттеу.
Романның кейбір эпизодтары тұнып тұрған комедия. Мәселен, түрмеде кешкен күндерінің бірінен мына тұсты қарап көрелік:
«Музыкасы да, сөзі де былапыт адамның ар-ұятын белден басып қорлайтын да ән, өлеңдер бар. «Ансамбльдің» әр мүшесіне Арыстан әр түрлі ат қойып, айдар тағып алған.
– Көкқұтан, сен жөндеп айтпай отырсың!
– Қисықауыз, көңілдірек шырқа! Басың салбырап, немене про­курордың алдында отырмы­сың?
– Әй, ешкібас, барқырама!
Ол осылай әркімге зекіп, ескерту жасаумен болады. Ескерту алғандар әнін жанын салып айтып бағады. Арыстан биле десе, билемейтін жан жоқ. «Цыганочка», «Лезгинка», «Гоппак» секілді кілең құтырынған жылдам билер биленеді, ілмиген арық денелер көрден тұрған аруақ тәрізденіп селкілдеп бұраң-бұраң етеді».
«Кітап стиліне зер салыңыз: ақ қағазға қара қарындашпен сызып түсірген суреттей айқын бейнелер көз алдыңызға келеді. Мағына тереңдігі, мазмұн тереңдігі бар. Шымыр тұжыру, нысананы дөп ату разы етеді. Соқпақбаев шындықтың қасықтай бояуын бір шелек суға тастап жіберіп, оқырманды алдарқататын жасандылықтан іргені аулақ салған. Кітаптағы негізгі қаһармандар – Еркін, Нұралы, Қайша, Ғалия, Дүйсен - әрқайсысы өз қалпында – біреуі тайша тулаған асау жүрегімен, біреуі өлімді жерде семірген қара жүрегімен, біреуі ерінен айрылған азалы жүрегімен, біреуі парықсыз жүрегімен, біреуі абзал жүрегімен сыр шертіп тұр. Ықшамдылық, төселген шеберлік бар.
Құрғақ фактілер дәлдігін, сырт сурет, жадағай көрініс сәйкестігін құнттайтын натурализм мен құбылыстың диалектикалық күрделілігін ашатын реализмді шатастырмау керек. Реализм – қат-қабат өмір қайшылықтарын көрсетуді, даму бағдарын айқындауды талап етеді. Жазушы осы биіктен табылуға күш салған. Еркіннің лагерьдегі өмірінің шолақ қайырылуы, Еркін мен Нұралы арасындағы тартыстың асқынып барып, жеңіл шешілуі – кітап кемшіліктері. Тұтастай алғанда, қазақ қырының соғыс кезіндегі қайғылы аспанын, азалы жерін, күрсінген адамдарын сенімді бейнелеген “Өлгендер қайтып келмейді” хикаятының арқалаған әлеуметтік салмағы, көркемдік-эстетикалық күші бұл шығарманың әдебиетіміздің соңғы жылдардағы бір олжасы екенін айғақтайды»[4].
Жазушы суреткерлігінің бір көрінісі ретінде осынау қиын қыстау кезеңді трагедия етіп көрсетуде емес, оқырманының көңілін қалдырмас үшін юморларды қолдануын айта аламыз. Ащы мысқылмен кейіпкерін сынап немесе сол сәтті юмормен көрсету арқылы трагедияны лиризмге бас ұрғызады. Сатира мен юморға басымдық берілмесе де, оны қолдана алуы, трагедиялық шығармаға ерекше мән береді. Юморлық дәстүрді дамыту барысында жемісті еңбек еткен Б. Соқпақбаевтың осы бір шығармасында осы әдісті қолдана алуын жетістік деп айта алған болар едік.
А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде эпиттеті айқындау деп атайды да, оған мынадай анықтама береді: «Бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтқымыз келгенде, ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөз қосып айтамыз. Мәселен, «Қара Мұқан», «Сары Мұқан», «Болыс Мұқан» дейміз. Мұнда Мұқандардың бірінен-бірін айырып, әрқайсысын айқын шығару үшін, Мұқан деген сөзге басқа сөздер қосып отырамыз. Бұлар тек қана айқындау болады. Сарыарқа, сары қымыз, шалқар көл, самал жел, алалы ақты, әділ би деген айқындау болады. Бұл айқындау - көркейту үшін айтылған айқындаулар. Көркейте айқындау ақындар сөзінде көп келеді. Асылында айқындау нәрсені лақаптау үшін, я көркейту үшін айтылады» [9] - деп көрсетеді
Эпитет жалпы көркем туындыларда сөздің мағыналылығын, әсерлілігін, суреттілігін күшейтуге қызмет етеді. Сондықтан әрбір суреткер эпитетті шығарманың көркемдік шырайын арттырудың тиімді құрал-тәсілінің бірі деп есептейді. Суреткердің эпитет сөздерді қолдануы өзінің дүниетанымынағ стиліне, идеялық-көркемдік мақсатына, эстетикалық талғамына, өзі бейнелеп отырған өмір құбылыстарына қарым-қатынасына, көркем бейненің жағымды-жағымсыз сипатына байланысты [9,69-72 б].
Ғалым Зейнолла Қабдолов «Сөз өнері» атты еңбегінде эпитетке мынадай тұжырым жасайды: «Айқындау, яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсенді нақтылау қиын» [10, 200] - дейді. Эпитет үш үзіндіге де айырықша өң беріп, өмір суреттерін дәл өрнектеуге қызмет етіп тұр. Мұндай өң, рең болмаған жерде суреткердің тілі де көрер көзге солғын тартқан болар еді [10,214-216 бет].
Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» шығармасынан төмендегідей эпитеттерді көре аламыз:
1.Қашан жазғы демалысымыз біткенше, біз, оқушы балалар, калхозда жұмыс істейміз[7,3].
2.Қызып алған соң олардан көңілді, олардан батыр халық жоқ, шулап өлең айтады, би билейді, басқаларға тиісіп, басынғандық көрсетеді [7,74].
3.Күндіз-түні жүрек дүрсілі бір тоқтамайтын өмірлі қала [7,87].
4.Барақтың ырсиған еден тақтайының ара-арасынан күзде молшылық кезде түсіп, кептеліп қалған шикі арпа,шикі бидай дәндерін шұқып шығарып алып, жеп отырады [7,112].
5.Барақта төрт-бес адам жуан білек зорлықшыл топ бар [7,113].
Мысалы, үшінші мысалдағы «өмірлі қала» тіркесін алып қарсақ болады. Көп кездеспейтін эпитеттің бірі. Жазушының суреткерлік қабілетінің бірден бір көрінісі. Қаланың ешқашан тоқтамайтынын, жүрек секілді қағысынан босай алмайтын, дамылсыз күйдегі бейнесін өмірмен байланыстыруындағы ерекшелікті байқай аламыз. Қала мен өмірдің теңдігін көрсетеді, ешқашан халқы ұйықтамай, құмырсқалар секілді еңбек ететінін, бұл жерде уақыт деген ұғым жоқтығын көрсетіп отыр. Ал қалалардың да тыныш, ауыл өмірі секілді кеш батысымен үнсіздікке ұласатыны туралы да нақтылық жоқ. Демек, жазушы бұл тіркес арқылы Еркіннің атынан беріп отқанына, яғни, автор ретінде емес, сөздерін кейіпкер атынан сөйлете алғандығын байқаймыз.
Бесінші мысалдағы «жуан білек зорлықшыл топ» тіркесін алып қарастырсақ та жазушының жаңа тіркестерді, жаңаша эпитеттерді қолданғанын байқаймыз. Екі бөлек тіркесті бір етіп, жуан білек жəне зорлықшыл екенін айғақтап, одан сайын оларға күш беріп отыр. Оқырманын одан сайын жуан білектілерден именуге, оларға деген негатив сезім тудыруға алып келеді.
Шығарма композициясы жазушының соғыс жылдарының шындығын ашу идеясына, образдың өсу логикасынақызмет етеді. Мазмұнға лайық форма табылған. Жазушы образдарды сомдауда түрлі суреттеу құралдарын кең қолданған. Портреттер, мінездеулер, диалог, монологтар образды шебер ойнатады. Әсіресе, портреттік сипаттауға шеберлігін Соқпақбаев бұл романындада жақсы аңғартқан. Портреттердің романның баяндау жүйесінде берілу тәсілдері әртүрлі. Жазушыкейіпкерлерінің кескін-келбетін, мүсін-тұлғасын бірден үйіп-төгіп бере салмайды. Оның қолдануында портреткейіпкердің жандүниесімен, іс-әрекетімен, мінез-құлқымен астасып жатады. Мысалы, мектеп директорыныңпортретіне назар аударайық: «Мектеп директорын кабинетінен таптық. Орта бойлы. Шашы мықтап сұйылған,шақша бас тарамыс қара сұр кісі жылан көзіндей кішкене суық көздерімен үңіле қарап қарсы алды».
Академик З.Қабдоловтың «Сөз өнері» атты еңбегінде теңеу туралы былай дейді: «Әдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы әдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдарының бірі – теңеу. Мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей – ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді» [10, 217 бет].
Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» шығармасында төмендегідей теңеулер қолданылған:
1.Ін ауызын баққан мысықтай Қалидың баққаны Ғалия екеуміз [7,61].
2.Біздің қазіргі кездегі түріміз қайыршының түріндей [7,100].
3.Малды ауылдың иттері сақ келетіні белгілі, көлеңкедей қозғалып, ешқандай дыбыс бермей жеткенім соншалық, солардың өзі сезбей қалды [7,143].
4.Талдырмаш денесі жыланша бұратылып, шиыршық атады, ат үстінен құлай жаздап созылып, пружинадай серпіліп, бұрынғы қалыбына қайта келеді [7,154].
5.Керуеттің аяқ жағына, қабырғаның дәл орта тұсына ит байлайтын қазықтай дәу қара шеге қағылған [7,309].
Теңеу - жансызға жан бітіріп, оқырманды елітіп əкететін əдебиеттегі ең керемет көркемдегіш тəсілдің бірі. Автор да осы тəсілді осы шығармада өтімді қолдана білген. Бұл сөзімізге негіз ретінде жоғарыдағы мысалдарды айта аламыз. Мысалы, үшінші мысалда «көлеңкедей қозғалып» дегені бар. Бір оқығанда, көлеңке қозғала ма деген ой қалыптасуы мүмкін. Бірақ, автор көлеңкеге жан бітіріп, көлеңкенің ешқандай үнсіз екендігін, көрінбейтіндігін басты назарға алып жазған секілді деген ой туды. Бұл тіркесті осы мағынасында алып қарастырсақ, талдануға жəне де қолдануға тұрарлық теңеу ретінде айта аламыз.
Төртінші мысалда айтылған «жыланша», «пружинадай» тіркестері - жазушының суреткерлік шеберлігі. Бұл теңеулерді сəтті қолдану арқылы оқырманның алдына сол сəтті эмоциямен жеткізе білді. Пружинадай серпілген тұста қалай созыла түскені, жыланша бұратылғанын көз алдымызға елестете түседі.
Белгілі ғалым- Зейнолла Қабдолов өзінің «Сөз өнері» атты еңбегінде Кейіптеу ұғымына мынадай түсініктеме береді. Құбылтудың (троптың) мұндай түрі – кейіптеу (грекше prosopopeia, орысша олицетворение). Шығармада жансыз табиғат құбылысы кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттеледі. Абайдың Лермонтовтан аударған «Теректі сыйы» деген өлеңіндегі бейнелеу тәсілі – түп-түгел кейіптеу: асау теректің долдануы, буырқануы, бұйра толқынның айдаһардай бүктелуі, Кавказдан азан-қазан, у-шу арқырап шыға бере қалың қайратын бойына жасырып, беті күле момынси қалуы - бәрі де өзен емес, адам мінезіне ұқсайды. Кейіптеу – ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл.Кейіптеу – қазіргі әдеби туындыларымызды да құбылта, құлпырта қолданылып келе жатқан әдемі тәсіл [10, 222-223б].
1.Қабағы салбырап күз келді [7,38].
2.Паровоз мен келдім дегендей өңешін созып, ақырып-ақырып қояды. Келсең, қайт дейсің, келе бер дегендей боп, басқа паровоздар ақырады [7,91].
3.Өзі бұрыннан да ескі,бірнеше жерінен қырсау салынып, әзер жүрген дөңгелек екен. Дүниені кезіп-кезіп келіпті де,дәл осы араға жеткенде, жантапсырыпты [7,133].
4.Көбігін аспанға атқан асау өзен. Алтын кені өзеннің , жағасына таяу төскей жүрекшеде [7,169].
5.Терезенің ар жағы дала. Етек-жеңі далиған, көз тоқтар бұлдыры жоқ. Қазақтың жайдақ кең даласы. Жер танабын қуырған жүрдек поезд даланың осы кеңдігін жеңе алмағанына ызы болғандай оқтың-оқтың құлақ тұндырып ақырады [7,147].
Зейнолла Қабдолов «Сөз өнері» атты еңбегінде кейіпкер образын ашуда портреттің алатын орнының ерекше екенін айтады.
Әдебиетте адам образын жасаған кезде біз оны екіге бөліп қарастырамыз. Бірінші ішкі портрет және сыртқы портрет. Ішкі пртрет арқылы кейіпкердің негізгі характері көрініс берсе, сыртқы портрет арқылы оның негізгі сыр-сипатын, түр-келбетін оқырмман алдына бейнелеп береміз.
Портрет тәсілінің тууына оқырманның өзі оқып отырған кейіпкерлерінің тек ішкі мінезін ғана біліп қоймай, оның сыртқы түрін де, бет-бейнесін, кескін-келбетін көру маңыздылығы себеп болған.
Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» атты шығармасынан кейіпкердің портреттері:
1. Мысалы, Қанышаның портретін берген кезде бірден оның білімді, қаланың көзі ашық қызы екенін, тəрбиесі бойынан көрінгенетінін байқаймыз. «Төсекке қарсы, терезе жақта өз алдарына оқшау топ боп шүйіркелесіп бірнеше қыз-келіншектер отырған. Солардың арасынан мен бұрын көрмеген, үстіне қонымды су жаңа көкшіл кастюм, аппақ ақ кофта киген, басына бір байлам үлбіреген жұп-жұқа орамал байлаған, тіп-тік сұңғақ бойлы, күлім көз, қара торы біреуісі орнынан өте сыпайы түрегеліп, маған қарай жүрді»[7,6].
2.«Бір төрдің қақ төбесінде, ауыл совет председателі Нұралымен қатарлас, еркекше малдас құрып отырған жалпақ кеуделі, денелі, мосқал жастағы қара әйел. Аты Балжан, Қаныша жеңгемнің бірге туған әпкесі» [7,6]. Бұл екі мысал арқылы Қаныша мен әпкесі Балжанның екі түрлі екенін, екеуін айыратын ерекшелік бар екенін көреміз. Малдас құрып отырғандығынан оның бірден барлық нәрсеге көне бермейтін даналығы мен сабырлығы бойынан табылатын Балжанды байқаймыз.
3. Ысқақты бейнелеуі ерекше. Көбірек мəнді осы кісіге қойғандай. Еркіннің де ерекше тағқалысқан кісісі Ысқақ болғандықтан ба, таңқалысындағы портрертті жазушы ерекше береді. «Мынау дөңкиген ақ сары адам, сірə, Балжанның күйеуі болар. Бұрын көрмесем де, Қаныша жеңгемнің айтувынан білем. Аты Ысқақ, калхозда жылқы бағады. «жездем еңбекқор, жақсы адам. Тек байғұстың құлағы мүкіс естиді» дейтін Қаныша.
Ысқақ бəрімізбен қол беріп амандасты. Екі қолын бірдей ұсынады, əр қолы күректің басындай.
Бұл адамның киім киісі де болбиған денесіне лайық: үстінде етегін шалбарланбай, сыртқа салып қоя берген, бір жеңіне бір адам сыйып кеткендей дабы жейде. Аяғында басы бұзаудың басындай ауыр жұмысшы етік. Омырау түймелері салынбаған, алпамыстай төсі жүн-жүн» [7,29].
4. Ілияс сұңғақ бойлы,танауы жалпиған, момындау сары бала. Бір сөзді. Нені де болса, төбесінен тоқ еткізіп тура айтады. Іш қатпары аз, пəлендей қулық-сұмдық бүкпесі болмайды [7,67].
5.Біздің тіреу қоюшылар тобының мастері Ахметов дейтін жасы қырыққа кеп қалған адам. Орта бойлы, жауырынды, тығыз, мығым денелі.Жарау, аттай сергек жүріп, сергек тұрады. [7,77].
6.Тұйық жетіжылдық мектебінің осы күнгі директоры Несіпбаев Алыбай өңі апиыншының өңіндей сап-сары, өндіршегі сорайған көксау біреу.Қора толған қойы бар [7,92].
7.Адамшылық қасиеттері сом алтыннан құйылып жасалған бұл жігіттің аты-жөні Александр Заславский, ұлты украин. Ындыны өте жуас биязы ғажап адам. Соғыстан бұрын педогог екен. Армияға алынып, соғыста болған, немістерге қолға түскен. Тұтқыннан қашып, партизан болады, одан өзімізге өтеді.Мұнда келген соң əскери трибунал он жылға соттап жібереді. Он жылды арқалаған арестант [7,109].
8.Басында қара былғарымен тысталған малақайы, үстінде су жаңа қара көк қыстық пальтосы бар, орта бойлы, толықша денелі, əдеміше қара сұр жігіт іші дүрс-дүрс еткен завод үйінен шығып, аяғын жайлап басып, бізге қарай келе жатыр. Екі қолы қалтада [7,181].
9. Бергі көше жақтағы басқа екі бөлме мектеп болғанда, арғы қора жақтағы басқа екі бөлмеде Сегізбай дейтін, қас-қабағы түксиген, тұлғасы аю тəріздес шалдау адамның семьясы тұрады.
Мектеппен Сегізбай үйінің есіктері бөлек.
Сегізбай живсырьенің осы төңіректегі бірнеше калхозды
қамтитын агент-қабылдаушысы. Киімді қатып кинеді. Үстінде жаңа фуфайка, шалбар. Аяғында сықырлаған хром етік. Баста базар қалпақ. Алғашқыда мен бұл адамды онша ұнатпай жүрдім. Кісіге сүзетін бұқа тəрізденіп, иегін алқымына тығып алып, ежірейе қарап тұрғаны. Амандассаң, жөнді амандаспайтын тəкаппар. Ернін болар-болмас жыбыр еткізеді де қояды. Соңғы кезде осы үшін мен де онымен жөнді амандаспайтын болған [7,221].
10.Менің көз алдымда бұрнағы жылы Ғалия үйінің есігінің алдында онымен ат үстінен алысып ойнайтын, шашы желп-желп еткен, үстінде солдат киімі бар талдырмаш мырза жігіт. Мен анадай дөң үстінен ішім қызғаныштан қыз-қыз қайнап, қарап тұрған едім. Сибирьден азып-тозып келіп жатқан бетім. Ғалияның күйеуі міне сол жексұрын болуға керек [7,285].
Метафораға мысал:
1.Осы кезде біздің үйдегі шаңырақ иесі үлкен адам – шешем Бибісара[7,7].
2.Күншілдік жаман ауру [7,25].
3. Соғыс деген ол сұмдық!
Соғыс ол апат!
Соғыс ол адамды қор ету! [7,69]
4.Төбеміз ашық – көк аспан, жан-жағымыз бітеу [7,91].
5.Оның үстіне қиын кез – соғыс уақыты. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 107-бет)
6. Жолдың ендігі қалған бөлігі міне осындай – мен тәрізді арық, елсіз адамға жаяу жүріп өтуге әрі қиын, әрі қатерлі. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 129-бет)
7.Су – айна дір-дір етіп, онсыз да оңып тұрмаған түр-тұрпатымды одан бетер мазақтап, бұзып көрсетеді. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 145-бет)
8.Ғалияның аузынан айтылған бұл қорлық сөз – шемен боп жүрегіме байланды да қалды. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 147-бет)
9. Ауыр жүкпен еңістен төмен түсу – бұл дозақтың дозағы екен. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 179-бет)
10. Менің сендерге беретін базарлығым – тәттілерім бар. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 193-бет)
11.Қалың солдаттың сонау шет жағында, орысша оқылған сценариді шала ұғып, сонда да зейін сала ұйып тыңдап отырған, беті –басы шытанап күнге күйген кішкене қара солдат – болашақ дырдай қазақ жазушысы екенін сірә, Эйзенштейн де білмесе керек. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 209-бет)
12. Ондай ұғым тамаша өнер – киномотографияның ерекшелігін бізге жеткізіп, түсіндіріп айта алмаудан туады екен. ( Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 210-бет)
13. Әнеугі түн – бақыт түні бір көрген түсім ғана тәрізді. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 244-бет)
14. Әскерде мықты командир – қатал командир деген ұғым бар. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 252-бет)
15.Бүгін мен сондаймын – батырмын. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 289-бет)
16. Осы жолы оның және бір қырымен – ақындық өнерімен танысқаннан кейін соны да жоғалтып алған тәріздімін. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 300-бет)
17.Бүгін педучилищеде бізбен - практикант студенттермен, қоштасуға арналған сауық кеші. (Б.Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 319-бет)
18.Көкөзекке жетсек, өз үй – өлең төсегімізді жеткендей бәрі болар деп, ойлап едік. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 363-бет)
19. Оқу ісін басқаратын Ілясов – Жақыпбаевтың көлеңкесі тәрізді. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 380-бет)
20.Мен үшін ең бірінші қымбат адам – ол баспаның директоры. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 390-бет)
21.Өз үйім – ол кассаға салып қойған ақшамен тең. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 397-бет)
22. Біздің үйде той – жаңа қоныс тойы. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 404-бет)
23. Алматыдан шеттеп, алыстауым – әдебиеттен шеттеп, алыстау болатынын бір кезде жөнді ескермеген тәріздімін. (Б.Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 417-бет)
24.Кешегі педого Зағипа - бүгін студентка. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 441-бет)
25. Қабілеті бар жанға нағыз жазатын кезі – жас кез. (Б.Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 440-бет)
26.Өйткені, заңды жолмен сексеуіл, көмір алу деген – ол азаптың азабы. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 449-бет)
27.Ресторан, сыраханалардың есігінен ешқандай қысылып-қымтырылмай, еркін кірсем, - курорт деген мен үшін, міне сол. (Б.Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 455-бет)
28.Киноға қызметке келгенде көрген бір ғана жақсылығым – ол үлкен қызым Жамалды мекеменің балалар бақшасына орналастырдым. (Б.Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 464-бет)
Ғалым З. Қабдолов «Сөз өнері» атты еңбегінде мегзеу туралы жазған болатын. Мегзеу – алмастырудың бір түрі – бүтіннің орнына бөлшекті немесе керісінше, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану.
«Синекдоха арқылы адамның орнына оның сақалы ғана алынған. Қараңыз, қаптап жүрген синекдоха және әрқайсысы-ақ өз орнында ойнап кеткен. Жетпіс, сексен, жүз... Бетпақдала басынан қанша жыл өткенін ақын, әрине, санаған жоқ және санай алмайды. Сөйтсе де мына мегзеулер біз үшін – нақты ұғым, затты дерек. Көктем бе, күз бе, - бәрібір... Демек, бұл екі мегзеуге қарағанда, Бетпақ шөл - жылдың төрт мезгілінде де және бір жыл емес, мың жылдың төрт мың мезгілінде міз бақпайтын қу медиен, құла түз. Ақын бір ғана сексеуіл арқылы біздің көз алдымызға Бетпақ даланың барлық жұтаң табиғатын елестетсе, бір ғана тентек жел арқыл күллі қылтымыр, қатал мінезін танытады. Мегзеу тәсілімен аз сөйлеп, көп аңғарту деген осы болды»[10].
Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» атты шығармасындағы синекдохалардың қолданылуына мысалдар:
1. Бірақ оның Абайды ұғынуы тым таяз, үстірт ұғыну [7, 48].
2.Калхоз аты төртінші рет өзгерерде тірі мықтылардан көңілі қалып, залы болған жұрт коммунизм идеясының түп атасы Карл Маркстың өз атына бір-ақ жабысады [7, 218].
3.Таныс жүз, таныс көзқарас [7, 285].
4.Жер қайысқан қалың қолға жалғыз өзім қарсы шабудан тайынбаймын [7, 289].
5.Жайшылық уақытта сен бар жерде шеніне жолай алмайтындар не бір қыпша бел, нәркес көздің белінен қымқыра қысып алып, дөңгеленіп кете барады [7, 320].
6.Сау да емес, кілең ішіп алған мас бастар [7, 335].
7.Ақ жалақ сары былқ етпейді [7, 368].
8.Ал енді бірі сен тимесең, мен тимен бадырақ көз дейді [7, 387].
9.Тоғышарлар пәлен өстіп бүлдірді мектепті [7,425].
10. Қызыл көз жабысқақпәледен құтылғанымызға біз қуаныштымыз [7,32].
Жазушы ерекшелігін танытатын көрсететін – сөз қолданысы. Көркем шығарманың толық ашылар қасиеті оқиғалардың таңдап алынуымен, шебер композициясымен, характерлердің шыншылдығымен ғана шектеле бермейді. Оқырман керемет сезім ала алу үшін тілдің көркемділігі өте маңызды болып саналады. Көркем шығарма болғандықтан көркемдеуіш құралдардың болатыны онсызда мәлім. Ендеше жазушының негізгі тілдік қолданысын қарап, салыстырып көрелік.
Б.Соқпақбаев басқа шығармалары секілді, осы шығармасында да оқырманын тілдік көркемдігімен баурап алады. Бұл романнан жоғарыда айтып өткен бірнеше жаңа теңеулер мен метафорларды байқамыз. Әрқайсысы өз орнымен, қисынымен қойылған. Оны біз кейіпкердің қимылы мен диалогтарында берілген тілдік қолданыстар арқылы біле аламыз.
Роман бірінші жақтан жазылғандықтан, яғни, Еркіннің баяндауымен жазылғандықтан көркемдік қуаты жағынан біршама алдыға шыққандығын байқаймыз. Сонымен бірге Бердібек Соқпақбаевтың психологиялық тұрғыдан кейіпкерді сөйлете алуында да ерекшелік бар. Себебі өзін кейіпкер ретінде сезіне алу көп жазушының қолынан келмес еді.
Бұл тәсілдің қиындығы – автор реті келген жерде еркіндік ала алмай, көбіне бас қаһарманың көрінерортасына қарай ойыса береді. Романның сюжеттік желісіне арқау болар оқиғаларды өрбіту, ондағы жасалмақ образдардың нақышын өрнектей түсу, іс-әрекеттердің ситуацияға сай келіп, жанды бейнелерді жасау жазушыдан айрықша көркемдік шеберлік шешімін қажет етеді.
Жалпы Соқпақбаев шығармаларында оқиғалардың реті әртүрлі болғанымен оның ішіндегі кейіпкерлер мен образдар, характерлер, ішкі және сыртқы портрертердің өзара үйлесімдік табуы арқылы оқырманын жалықтырмай, өзіне баурайды. Оқушының қиялына ерік беруге көмектеседі.
Бұны біз “Өлгендер қайтып келмейді”, “Балалық шаққа саяхат” туындыларынан байқай аламыз. Аталған үш шығарманы да бір-бірімен байланыстырып тұрған тек жазушы емес, олардың оқырманға ұсынатын негізгі идесы мен тақырыбы. Жазушының әрбір романдағы басты кейіпкерлерінің оқиғалары әртүрлі болғанымен, барлығының көздеген мақсаты – бір. Өйткені қаламгер өзін жазады. Өзінің қоғамға деген шындығын, ішінде жатқан назын, айта алмай ж.рген ойын жазады. Сол арқылы әртүрлі бейнеде бірнеше шығармалары жарық көреді. Қандай кейіпкері болмасын автордың өзінен көрініс беріп тұрады. Өзін жазу – жазушыға берілген бақ десе де болады. Себебі көбіне баяндау стилінде жазатын жазушылар көп. Ал мұнда барлық жауапкершілікті кейіпкерге беріп, рөлді өзі ұстап отырады.
Қорыта айтқанда, Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романындағы ажарлау мен айшықтаудың жəне құбылту түрлерінің айтарлықтай кездеспегенін байқаймыз. Құбылту түрлерінің ішінде ең көп кездескені – метафора жəне синекдоха. Ал айшықтау түрлерінен ең көп кездескені – эпитет.
Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романы жазушының ең сəтті туындыларының бірі дей аламыз. Себебі шығарма тілі өте көркем, əрі жазушы сөздік қорының өте бай екенін көреміз.
«Шығармада ең көп кездескен теңеу. Көркемдік-бейнелегіш тəсілдер де жақсы қолданылған. Жазушы өз ойын анығырақ əрі нақты түрде жеткізу үшін теңеуді де барынша қолданған. Метафоралар мен синекдохалар да орынды қолданылған. Шығарма эпитетке бай. Бұл көркемдегіш құралдар арқылы тілдің қарапайымдылығымен қоса əдеби жанрына қосымша реңк қоса алған, тілге жеңіл, жүрекке жеңіл еткен шығарма жасай алды» [11].
Б.Соқпақбаев шығармаларындағы тілдік ерекшеліктер жазушының суреткерлік қарымын одан сайын байыта түскен жəне оқырманына анық көрсете білген. Көркемдегіш тəсілдерді қолдана отыра оқырманын жалықтырмай, құр баяндау етпей, оған көркемдік мəн үстей алған. Негізгі идеяға тұздық ретінде қосқан бұл тəсілдер шығармаға ерекше мəн беріп тұр. Автордың əсіресе, жансызға жан бітіріп, кейіптеу мен теңеуге келгенде ашыла түсетіні байқалады. Əдебиетімізге жаңа тіркестер əкелумен оқырманын жалықтырмаған автордың осы шығармасы жаңалыққа бай деп айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет