Қазақ әдебиеті Пән мұғалімі


Бұқаралық ақпарат құралдары дегенiмiз - түрлi хабар-ошарды көпшiлiкке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрi жария түрде жеткiзу үшiн құрылған мекемелер



бет4/6
Дата17.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#50748
1   2   3   4   5   6

Бұқаралық ақпарат құралдары дегенiмiз - түрлi хабар-ошарды көпшiлiкке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрi жария түрде жеткiзу үшiн құрылған мекемелер.

Бұқаралық ақпарат құралдарына: баспасөз, радио, теледидар: кино, видео, үн-таспа және көпшiлiкке арналған анықтамалар жатса, соңғы кезде олардың қатарына ғылым және техниканың соңғы жаңалықтары — спутниктик байланыс, кабельдi теледидар және түрлi компьютерлiк интернет байланыс жүйелерi қосылып отыр.

Бұл сала адамнан тек шығармашылық, интеллектуалды және шешендік қабілеттерді ғана емес, сонымен қатар, этика мен адамгершілікті талап ететін, жауапкершілігі жоғары сала болып табылады. ХХІ ғасырда бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрлері толығып, интернет басылымдар да қатарға қосылды. Заманауи баспасөз құралдары күн санап жаңарып келеді, соның ішінде телеведение мен әлеуметтік желілер өте қарқынды дамуда. Онлайн журналистика жақсы дамып келе жатқанымен, газет – журналдар өз маңызын жойған жоқ. Оқитын оқырман болса баспасөз газеттері еш уақытта назарсыз қалмайды. 


Кейде тәжірибелі сөйлеуші «жарқын көркем образдарды, әралуан бояулар мен сезімдерді, адам жанының өте нәзік тербелістері мен өрнектерін» тек дауыстың көмегімен ғана жеткізе алады. Әрбір адамның сөйлеуіндегі вокалдық ерекшелік оның жеке даралығын білдіреді. Сондықтан да, эфирде әртүрлі адамдар айтқан белгілі бір грамматикалық құрылымның өзі аудиторияға әртүрлі әсер қалдыруы мүмкін, олай болса,тыңдалған ақпарат әртүрлі көзқарастар туындатуы да мүмкін.
Көпшілік алдында сөйлеуші “дауыс қою” үшін жасалатын жұмыстар:
(Маликова А. М)
Дауыстың тембрлік қанықтығын, иекемділігін, биіктігін дамыту
Шешендік өнерін жетілдіру
Кадрдағы немесе кадр сыртындағы мәтіндерді дайындау кезінде оны дауыстап айтатын, әрбір сөзді мұқият саралау
Дауыстың интонациясын, мәтіннің айтылу қарқыны мен ырғағын тексеру керек.
Бұл қазақы мәдениеттегі «Құлақтан кірген суық сөз, көңілге барып мұз болар», «сөз самал», - дейтін шешенлік мәдениеттегі ұстанымдық өлшемдерге сәйкес келеді десек болады. Міне, сондықтан да «жанды сөзді» сапалы түрде меңгеру өте маңызды, өйткені телерадиоэфирде «мұқият дайындалған импровизациядан», жаттанды сөзден, жасандылықтан қорқынышты ештеңе жоқ». Бүгінгі таңда ақпараттық бағдарламалары бар барлық эфирлерде «Live» (жанды ) хабар жүргізуді қолданады, осының өзі де телерадиотарату коммуникациясы мәдениетінің ерекшелігіне жатады.
Нартай Аралбай
“Мәселе” бағдарламасы
“Мәселе мақұлмен емес, ақылмен шешілуі тиіс”
Дина Төлепберген
“Астарлы ақиқат” бағдарламасы
“Әркімнің өз шындығы бар, ақиқат қашанда ақтарылуы тиіс”
Бейсен Құранбек
“Харекет” бағдарламасы
“Харекет түбі - берекет”
Үлкен аудиторияда сөз сөйлегенде көзге көрініп, құлаққа естілетін бір дүние- микрофон. Есіңізде болсын, микрофонды дұрыс қолдана білу де оратордың сәтті сөйлеп шығуының бірден-бір шарты.
Бірінші, өз дауысыңыздың ерекшелігіне үйренуіңіз қажет. Қатты динамиктен шығатын даусыңызды қабылдңыз.
Микрофонды екі қолмен және барлық алақаныңызбен ұстап қажет емес.
Даусыңыз анық шығу үшін, микрофонның корпусынан ұстаңыз.
Ара-қашықтықты сақтаңыз, микрофон сол сұқ саусақтың бойында тұруы қажет.
Микрофонды дауыс шығаратын колонкаға бағыттап ұстамаңыз.
Кейде микрофонның қосылып тұрғанына күмән келтіретін кездер болады, сол кезде үстінен соғып немесе «бір, екі» деп санаудың қажеті жоқ, жәй ғана халықпен амандассаңыз жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет