35
Дескриптор
Білім алушы
- автордың бейнесін анықтайды.
Оқу мақсаты
10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы
белгілі бір оқиғадағы
көрінісін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарма оқиғасындағы автор бейнесін анықтайды
Жоғары
деңгей дағдылары
Тапсырма
О.Асқардың «Шетте жүрген бауырластарға» өлеңіндегі автор бейнесін анықтаңыз.
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,
Құтты
орын тепсеңдер де ауырласып,
Атажұрт шақырады тұқымым деп,
Құшағын байтақ дала, тауың да ашып.
Бөленіп онда бәрің байлық, баққа,
Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,
Бірге
ұрпақ барсын жарқын болашаққа,
Бұрыңдар көшті атамекен жаққа.
Қазағың жетті ежелгі арманына,
Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына,
Ілінбеу үшін елдік бірлік керек
Ешқашан енді ешкімнің қармағына.
Уақытша көрсендер
де қиыншылық,
Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып,
Қожа боп өз жеріңде өз еліңе
Не жетсін тер төгуге соны ұғып.
Астында өз аспаның, өз туыңның,
Өз ауа,
нәрін жұтып өз суыңның,
Қандастар қапы қалма, орны
бөлек
Күнде өз әнұраныңмен оянудың.
Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін,
Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін.
Бәріміз ұйымдасып көркейтейік
Қазақтың бейбіт, дербес мемлекетін.