Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі соөЖ 6 Тақырыбы


Қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер



бет5/5
Дата24.12.2022
өлшемі67,77 Kb.
#59419
1   2   3   4   5
Байланысты:
қәоә Дүйсен Динара 6сөж,соөж 309

Қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер :
1) ауқымды мәнмәтін бойынша топтық зерттеу жұмысын жүргізу және белгілі бір мәселе бойынша автордың көзқарасын талдау;
2) жанрларды түрлендіру (драманы хикаятқа немесе хикаят тарауларын драмалық шығармаға айналдыру) және оның әсерін бағалау;
3) рөлдік ойындар арқылы автордан сұхбат алып, сұрақтар қою (мүмкін болса, авторлармен, фильмді түсірушілермен кездесулер ұйымдастыру);
4) оқушылардың сөйлеу және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған пікірталас, ми шабуылы, дебат, стратегияларды қолдану;
5) оқушының бүгінгі қоғамға лайық жеке тұлғалық қасиеттерін, оның рухани жан дүниесін байытатын қазақ тілінің этно-мәдени лексикасын, даналық сөздерін меңгерту, ана тіліндегі қарым-қатынас жасаудағы сөз әдебіне баулу, жағдаяттық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда ізгілендіру технологиясын қолдану;
6) оқу үдерісінде түрлі жағдаяттар, рөлдік ойындар, «дөңгелек үстел», «брифинг», баспасөз конференциялары, «Көңілділер, тапқырлар клубы» және монолог пен диалогке, әңгімелесуге жағдай жасау;
7) оқу үдерісінде түрлі үнтаспаларды, бейнетаспаларды, медиаматериалдарды, бейнероликтерді, интернет материалдарын, электронды оқулықтарды, компьютер мен лингафондық аппараттарды, белсенді оқыту әдістері мен пәнаралық байланыс сабақтастығын кеңінен қолдану.


Пайдаланылған әдебиет: Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016 ж Нұсқаулық

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет