Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


Көркем бейненің танымдық және эстетикалық мәні



бет17/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71
Байланысты:
жауаптары

21. Көркем бейненің танымдық және эстетикалық мәні.Әдебиет туралы ілімнің ең басты зерттеу объектісі – көркем шығарма мен образ. Өйткені образ – көркем шығармашылықтың әмбебап категориясы. Өмір құбылыстарының эстетикалық әсерінен туындаған образ – туындыгердің болмысты тануы мен көркем игеруінің формасы әрі көркем бүтіннің бір бөлшегі. Сондай-ақ образдың мазмұндылығы, эмоционалды-экспрессивтілігі туындының өмір сүруіне аса қажетті тәсілдер. Туындыгер тудырған туынды әдебиетке әркез қайталанбайтын көркем образ әкеліп отырады. Жаңа образ сипаты соны ізденістер мен зерттеулерге түрткі болатыны да заңдылық. Әдеби образ – көркемдіктің үлгісі. Көркем шығармашылықта маңызды қызмет атқаратын көркем образ табиғатын, оның поэтикалық әлемін зерттеу қай кезде де әдебиеттанудың өзекті мәселесі болып қала беретіні сөзсіз. Болмысы үнемі жаңарып, күрделеніп отыратын осы бір әмбебап әдеби категорияның поэтикасын зерттеудің нәтижелері көркем образ табиғатын жаңа аспектілер тұрғысынан танып білуге бағдар беретіні анық. Қазіргі эстетикада образ жалпы мен жеке тұлғаның ажырамас бірлігі ретінде түсіндіріледі. Әдебиеттану терминдер сөздігінде: «Көркем образ – әдебиетте, өнер салаларында өмір шындығын, қоғамдық құбылыстарды, табиғатты, адам тағдырын бейнелеп көрсету тәсілі».Сан ғасырлық тарихы бар көркем образдың пайда болу, даму, жаңғыру процесі жайындағы мәліметтерді әлемдік және ұлттық әдебиеттерді салыстыру, поэтикалық әлеміне контекстік талдау жасау әдістері арқылы сөз етуге тырыстық. Әдебиет өмір құбылыстары мен өмір шындығын көркем образ арқылы бейнелеп танытады. Алайда көркем шығарма – өмірдің көшірмесі емес, оны образды түрде көркем игеру. Қаламгердің танымы мен көркемдік амалтәсілдері арқылы баяндалатын көркем шындық оқырманға эстетикалық әсер дарытып, рухани ләззатқа бөлейтіндей деңгейде суреттелуі тиіс. «Әдебиеттану терминдерінің сөздігіндегі» (Әдебиеттану. Терминдер сөздігі, 1998: 193) анықтамалармен толықтырар болсақ, көркем шындық – өмірді образды түрде бейнелеп, оны озық көзқараспен, жоғары эстетикалық мақсат тұрғысынан терең ашу. Адам үшін маңызды деген жайларды типтік дәрежеге көтеріп, бейнелеу. Демек адам өмірінің шындығы әдебиеттің мазмұны болса, көркем образ – туындыгердің шындық жайындағы объективті танымы мен көркем ойлауының нәтижесі екен. Әдеби образды жасауда көркемдіктің атқаратын қызметі аса маңызды. Көркемділік – өнердегі эстетикалық сұлулық, болмысты бейнелеп, өрнектеп сипаттау. Ол көркем шығарма мен образдың сапалық қасиетін айқындайды. Көркем образ эстетикалық, танымдық, тәрбиелік, коммуникативтік және басқа мүмкіндіктерді қамтиды. Кейде тамаша сомдалған әдеби образ өмірдегі жағдайларға әсер ететініне мысалдар жеткілікті. Мысал келтірер болсақ, қайғылы нәтижемен аяқталған махаббат хикаясы мотиві баяндалатын В. Гетенің «Жас Вертердің қайғысы» (Goethe, 1974) романындағы кейіпкер Вертерге еліктеп өз-өзіне қол жұмсаған жастардың болғандығы бір ғана дәлел. Шығарманың көркемдік әлемі дегенде жазушының көркемдік ойлауын, идеясын, көркем қиялын т.т. ұғамыз. Әдебиет туралы ғылымның аса маңызды эстетикалық категориясы – образ және образдылық. Өйткені көркем образдың табиғаты көп қырлы, мағыналық аясы кең. Образ тек шындықты бейнелеп қана қоймай, оны жинақтайды. Образдың мақсаты – көркем тілмен кез келген жансыз құбылысқа, затқа, дерексіз ұғымдарға да жан бітіру, сөйлету, сурет салу. Әдебиет теориясында образ деген ұғымның екі түрлі мағынасы бар: 1) көркем бейне, кейіпкер, тип, яғни адам образы. Оған заттық сипат тән. 2) суретті сөз, сөзбен салынған сурет, яғни образдылық. Оған бейзаттық тән. Образдылық – суретті, бейнелі сөз. Осы екеуінің де туындауына өмірлік құбылыстар мен объективтік шындықтар ықпал ететіні, бастау алар негіз болып табылатындығы анық. Көркем образ – көп қырлы және күрделі әдеби-философиялық категорияның бірі. Образ көркем шығарманың сюжеттік-фабулалық құрылымын құрайды. Әдебиетте оқиғалар, ситуациялар, характерлер – бәрі де адам бейнесімен танылады. Ол жануар не құс болсын, я қиялдан туындаған тіршілік иесі болсын – бәрібір адами мәнге толы гуманизацияланған образ болуы мүмкін. Мұның бәрі де адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын анықтайды. Көркем образ белгілі бір дәуірдегі көптеген адамдарға тән моральдық белгілерді жинақтап қамтиды. Образ әлемінен жазушының шындық пен адам туралы көзқарасы анықталады. Образ ой мен көңіл-күйдің таңбалануы болғандықтан, ол заттық және сезімдік нұсқаға ие. Көркем образдың таңбалану, жасалу амалтәсілдері алуан түрлі. Көркем образды классификациялау (жіктеу) үшін тектік, тақырыптық, жинақтық, архаикалық, семантикалық, құрылымдық, стильдік сияқты бірнеше негіздерге жүгіну керек. Өйткені әр образ – өз заңдылықтары мен даралық сипаты бар өзіндік жүйе. Мысалы, әдеби тек бойынша эпикалық, лирикалық, драмалық деп жіктелсе, ал стильдік, тәсілдік тұрғыдан реалистік, романтикалық, сюрреалистік, трагедиялық, комедиялық, юморлық, сатиралық, фантастикалық, геройлық т.б. түрлерге жіктеледі. Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге: эпикалық, лирикалық, драмалық болып бөлінсе, жасалу әдісіне қарай: романтикалық, реалистік; ал амал-тәсіліне қарай комедиялық, юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық, т.б. болып бөлінеді. Образдың жіктелуі мазмұндық сипатына қарай көріністі суреттейтін детальдықобраз пейзаждық, анималистік шындыққа жанасымдылығына қарай шартты, абстракты, реалистік жағымды, жағымсыз гуманистік, геройлық Оқырман шығарма мәнін образ арқылы таниды. Ежелгі адамның дүние мен өзін тану формасын мифтен, мифтік образдардан көреміз. «Миф – адамның болмысты, өзін қоршаған ортадағы өмірдің мәнін тануға ұмтылудағы бірінші бастау көз боп табылады» (Мәуленов, 2015: 18). Мифологияны адамның дүниені образды түрде игерудің, шығармашылық қабілеттерін көрсетудің ең алғашқы формасы деп те түсінеміз. Мифологияда діннің, моральдың, өнер мен ғылымның да алғашқы элементтері біріктірілгендіктен (синкреттелген) ондағы психологиялық ойларды заттардың бастапқы қасиеттері ретінде қабылдайды. Ежелгі адамның барлық психикалық процестері архетип деп аталатын ұжымдық бейсаналық күйінде болды. Санаға ене отырып, алғашқы бейне (образ) мазмұнды сипаттамаға ие болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет