Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


Пейзаждың идеялық-көркемдік мәнін таныту



бет66/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
жауаптары

Пейзаждың идеялық-көркемдік мәнін таныту.
Табиғат суреті (пейзаж) — көркем шығарма композициясының құрамды бөлігі. Сөз шебері шығармашылық мақсатына сай пейзаж көріністерін әр түрлі маңызды функцияда қолданады.. 5-7- сыныптарда пейзаждың бірнеше түрі кездеседі. Оқушылар Абайдың пейзаждық өлеңдерімен танысады. Солардың ішінде лирикалық пейзажға тоқталайық.
Ы.Алтынсариннің «Өзенң деген өлеңі лирикалық пейзажға жатады. «Өзенң өлеңінде таудан аққан өзеннің көрінісі, ағысы, тоғай, көк шалғын шөп т.б. мал шаруашылығымен кәсіп еткен көшпелі елдің өмір тіршілігінде өзеннің қандай пайдасы, маңызы барлығын көрсету болса, екіншіден, ақынның туған өлкесінің табиғатын жылы леппен сүйсіне жырлаған сезімін, көңіл-күйін білдіріп тұр.
1.3. Жанр түрлерін таныту
Әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың маңызды саласы – жанр түрлерін таныту. Ортаңғы сыныптардың бағдарламалық материалы әр жанрлы ауыз әдебиеті түрлерінен, жеке авторлар шығармаларынан тұрады. Мұғалім көркем мәтіндердің тақырыбы мен кейіпкерлерін, идеялық мазмұнын талдап қана қоймайды. Сол мәтіннің түрін де атап, қай жанрға жататынын, сол жанрдың өзіндік ерекшелігін таныстырып отырады. Жанрлық ерекшелік деген – көркем мәтіннің өзге шығармалардан өзін айырып, танытатын ерекшелік. Ол – тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ғана емес, өзіндік табиғатынан, баяндалу, бейнелену түрінен де шығарманың образы, композициясы, тілі, көлемі жағынан да танылады.
Әдебиетті оқытудағы методикалық жұмыс түрлері көркем мәтіннің жанрлық ерекшелігіне де байланысты өзгеріп, алмасып отырады. Жанр табиғаты сабақта қандай әдіс-амалдар қолдануды күні бұрын айқындауды керек етеді.
1.3.1. Ауыз әдебиеті жанрларының ерекшелігін ұғындыру
Ертегі. Әр жанрдың өзіндік белгілерін таныту сыныбына қарай, дидактикалық заңдылықпен оқу принциптеріне негізделе жүргізіледі. «Керқұла атты Кендебай, «Толағай сияқты 4-сыныптағы халық ертегісін оқытудың екінші сабағында кейіпкерлерді ашумен бірге, ертегінің өзіндік белгілері танытылады.

  1. Ерттегі деген сөзінің этимологиялық мәні ашылады;

  2. «Керқұла атты Кендебайң ертегісінің «Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтедең деген дағдылы сөз тіркесінен басталатыны;

  3. Сол ерте заманда болған адамның әлеуметтік тегі кім екендігіне қарай айтылатын ерекшелігі;

  4. Ертегідегі хаиуанаттардың оқиғаға қатысып адамша сөйлейтіні айтылады.

Мұғалім аталған ерекшеліктерді ертегінің өзіне тән белгілері деп таныстырады.
Оқушылардың өздері белетін ертегілерін айтқызу үстінде де ертегінің ортақ, ұқсас белгілеріне назар аударылады «Толағайң ертегісі бағдарламада аңыз деп көрсетілгенімен, негізінен бұл жазба ертегі түрі болып есептеледі.
Ақын Ә.Тәжібаев «Толағай ертегісін: «Ел аузында ертеректен ертек болған қызық бір әңгіме көптен есімде барң, — деп бастайды. Ертегі кейіпкері Толағай да Кендебай сияқты асқан күш иесі болып суреттеледі. Толағай жолбарыстың құйрығынан ұстап лақтырады, тауды көтеріп әкеледі. Толағай мен Кендебайдың әрекеттері өзара ұқсасып, халық тілегіне сай асқан күшпен жақсылық істеп отырады.
Үшінші сабақта ертегінің өзіндік ерекшелігін танытуға көңіл аударған жөн:

  1. «Баяғы заманда бір жесір кемпір болыпты, кемпірдің жалғаз баласы болыптың деген дағдылы сөйлемдер көбіне ертегі бастамасы болатыны, аяқталуы: «сөйтіп жігіт пен Күнекей ел жұртына жағып барша мұратына жетіптің, — деп дағдылы жақсылықпен аяқталуы де көптеген ертегіге тән екені көрсетіледі.

  2. Ертегінің қиялдан туған ғажайып оқиғаға құрылуы, оның қиялдан туған көріністері: алтын мүйізді киік, жердің жарығын жамау, жердің астына түсі т.б.

  3. Ертегіге тән кейіпкерлер алып, таусоғар, құлағын жерге төсеп тың тыңдағыш, желаяқ, көл жұтар. Ондағы кейіпкерлердің көбіне жалпылай аталатыны, жалқы атымен Күнекей ғана аталса, басқалары жетім беле, кемпір, шал, хан, уәзір деген жалпы есіммен аталуы да ертегі жанрының сипатын білдіреді.

  4. Ертегіге тән жеке сөздер мен сөйлемдерді қайталауларға бақылау жасалады: ханның балаға тапсырмалары, «осыны тауып әкелмесең, басыңды аламынң деген сөзі бірнеше рет қайталанады; ә) баланың алыптармен кездесудегі диалогтары.

  5. Ертегідегі алтын мүйізді киік, алтын ақша, күміс құдық, алтын ағаш, алтын сарай сияқты сөз тіркестеріндегі алтын, күміс сөздерінің ертегіге тән эпитет екендігі танытылады. Осындай асыл бұйымдарды қолына түсіру үшін жауыз ханның балаға жасаған зұлымдықтары ашыла түседі. Сабақ соңында ертегі белгілері жинақталады. «Түйебай әңгімесімен салыстырып айырмашылығын көрсетуге болады.

Ертегі жанрының айырмашылықтарын, өзіндік ерекшеліктерін теориялық тұрдан түсіндіру үшін салыстыру, саралау жұмыстары, кейіпкерлерге талдама жасау, сипаттама жазу, ертегі мәтінімен жұмыс түрлерін (ертегінің өзіндік ерекшеліктерін танытатын белгілерін таріп жазу т.б.) жүргізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет